КОРПОРАТИВТІК ЖӘНЕ ESG-БАСҚАРУ











1-қағидат. Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жария етілген адам құқықтарын қорғауды қолдап, құрметтеуге тиіс.
3-қағидат. Іскерлік топтар бірігу еркіндігін және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауы тиіс.
8-қағидат. Іскерлік топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.
10-қағидат. Іскерлік топтар бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы тұруға тиіс.
Корпоративтік басқару жүйесі
ҚМГ корпоративтік басқару жүйесі мемлекетті, стратегиялық серіктестерді, контрагенттерді, инвесторларды, қызметкерлерді, муниципалитеттерді, жергілікті қауымдастықтарды және Компания қатысатын өңірлердің тұрғындарын қоса алғанда, акционерлер мен негізгі мүдделі тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге негізделген.
ҚМГ корпоративтік басқаруы қазақстандық және халықаралық стандарттарды, сондай-ақ үздік тәжірибелерді ескере отырып, үнемі жетілдіріліп отырады. Жүйенің маңызды элементі стратегиялық және операциялық процестерде ұзақ мерзімді құндылықты құруға, тәуекелдерді тиімді басқаруға және экологиялық, әлеуметтік және басқару (ESG) факторларын есепке алуға ықпал ететін тұрақты даму принциптерін біріктіру болып табылады.
Корпоративтік басқару құрылымы
ҚМГ корпоративтік басқару құрылымы мынадай:
- Акционерлердің жалпы жиналысы – Компания қызметінің стратегиялық бағытын айқындайтын жоғарғы орган.
- Директорлар кеңесі – Акционерлердің жалпы жиналысына есеп беретін басқару органы, Компания қызметінің жалпы басқарылуын қамтамасыз етеді.
- Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер – негізгі мәселелерді қарастыру және шешімдер дайындауды қамтамасыз ететін мамандандырылған органдар:
- Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет – кадр саясатына, еңбекақы жүйесіне және персоналды дамытуға жауапты.
- Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитет – стратегиялық даму, инвестициялық саясат және бизнесті трансформациялау мәселелерімен айналысады.
- Аудит жөніндегі комитет – қаржылық есептілікке, ішкі бақылауға және тәуекелдерді басқаруға бақылау жүргізеді.
- Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитеті – орнықты даму қағидаттарын енгізу және Компанияның экологиялық әрі әлеуметтік аспектілерін бақылауды қамтамасыз етеді.
- Басқарма – Директорлар кеңесіне есеп беретін атқарушы орган, Компанияның жедел басқаруына жауапты.
- Ішкі аудит қызметі – Директорлар кеңесіне есеп беретін тәуелсіз бақылау органы, ішкі бақылау жүйесін және тәуекелдерді басқаруды бағалауға жауапты.
- Корпоративтік хатшы – корпоративтік басқаруды іске асыру мен бақылауды қамтамасыз ететін тәуелсіз лауазымды тұлға.
- Комплаенс қызметі – Директорлар кеңесіне есеп беретін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар мен іскерлік этика қағидаттарының сақталуын бақылайтын орган.
- Омбудсмен – қызметкерлерге кеңес беретін, еңбек даулары мен іскерлік этика мәселелерін реттеуге жәрдемдесетін тұлға.
Директорлар кеңесінің құрамы
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына мыналар кіреді:
- Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
- Хасенов Асхат Ғалымұлы Атқарушы директор, ҚМГ Басқарма төрағасы
- Холланд Филип Малкольм Тәуелсіз атқарушы емес директор
- Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы Атқарушы емес директор, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
- Отыншиев Елжас Мұратұлы «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі
- Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы Тәуелсіз атқарушы емес директор
- Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы Тәуелсіз атқарушы емес директор
- Мыңшарипова Сая Найманбайқызы Тәуелсіз атқарушы емес директор
- Шәкіров Асқар Оразалыұлы Тәуелсіз атқарушы емес директор
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, АДАМ

Тәуелсіздік
Директорлар Кеңесі тәуелсіз директорлар саны бойынша корпоративтік басқару кодексінің талаптарына сәйкес келеді, олардың үлесі жалпы құрамның 50 %-дан астамын құрайды. Директорлар Кеңесінің барлық комитеттерін тәуелсіз директорлар басқарады, ал оның төрағасы «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі болып табылады.
Құзыреттілік теңгерімі
Директорлар кеңесінің құрамында ҚМГ мүддесі мен орнықты даму қағидаттарын ескере отырып, объективті әрі тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ететін құзыреттердің, тәжірибенің және кәсіби білімнің теңгерімі қамтамасыз етілген.
Өкілеттік мерзімі
Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі үш жыл. Мүшелерді қатарынан алты жылдан асатын мерзімге қайта сайлау арнайы қарастырылған жағдайда мүмкін болады. Тәуелсіз директор қатарынан тоғыз жылдан артық Директорлар кеңесіне сайлана алмайды. Ерекше жағдайларда 9 жылға дейінгі мерзімге сайлауға рұқсат етіледі.
Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну және іріктеу тәртібі
Директорлар кеңесіне кандидаттарды ұсыну және іріктеу процесі ҚМГ Жарғысы мен ішкі нормативтік құжаттармен реттеледі және ашықтық, әділеттілік пен кәсібилік қағидаттарын қамтамасыз етеді.
Кандидаттарды Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің төрағасымен және Тағайындаулар және сыйақы жөніндегі комитеттің төрағасымен бірлесіп іріктейді. Кандидаттар тиімді басқаруға қажетті білімге, дағдыға және тәжірибеге ие болуы, Компанияның ұзақ мерзімді дамуына үлес қоса алуы және мінсіз іскерлік беделге ие болуы тиіс.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету саясатына сәйкес, тағайындаулар мен сабақтастық жоспарлары жетістіктерге және объективті өлшемшарттарға негізделуі тиіс, сондай-ақ жыныстық, әлеуметтік және этникалық әртүрлілікті, когнитивтік және жеке күшті жақтарды ескере отырып, әртүрлілікке ықпал етуі қажет.
Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері Акционерлердің жалпы жиналысында сайланады. Тәуелсіз директорлар «Самұрық-Қазына» АҚ бекіткен Директорлар кеңесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес тағайындалады.
Корпоративтік нормалар мен қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, Басқарма төрағасы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.
Директорлар кеңесінің дағдыларын дамыту
Директорлар кеңесінің мүшелері өз дағдылары мен кәсібилігін, соның ішінде экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді басқару бөлігінде ұдайы арттыруға ұмтылады. Тағайындаула және сыйақы жөніндегі комитет құзыреттер мен білімдердің теңгеріміне талдау жүргізіп, олардың Компанияның стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Өткізілген оқыту шаралары туралы ақпарат ҚМГ веб-сайтында жаңартылып отырады.
2024 жылғы Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитеттің қызметі
2024 жылы Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитет (ҚЕҚОҚОДК) 10 отырыс өткізіп, ҚМГ-да орнықты даму қағидаттарын енгізуге байланысты 55 мәселені қарастырды.
Комитет жұмысының негізгі бағыттары:
- Орнықты дамуды ҚМГ негізгі бизнес-процестеріне интеграциялауға басшылық ету.
- ESG саласындағы стратегиялар мен бастамалардың іске асырылуын бақылау.
- Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мониторингі.
- Ішкі құжаттаманы және орнықты даму жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту.
Комитеттің 2024 жылғы күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
- Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология мәселелері бойынша есептер.
- ҚМГ-дың 2022–2031 жылдарға арналған төменкөміртекті даму бағдарламасын іске асыру.
- Компанияның ESG-рейтингіне баға беру және оны жақсарту жөніндегі шаралар.
- ҚМГ-дың бизнес-бірліктерінде орнықты даму жүйесін енгізу.
- БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге Компанияның қосқан үлесі.
- ҚМГ-нің 2060 жылға дейінгі Төменкөміртекті даму бағдарламасын әзірлеу және бекіту.
- Денсаулық, қауіпсіздік және өнеркәсіптік тәуекелдерге байланысты елеулі оқиғаларды талдау.
Комитет ҚМГ-нің 2023 жылға арналған Орнықты даму есебін қарап, мақұлдады.
Комитет жұмысына ҚМГ-нің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тұрақты түрде қатысып отырды, ал Комитет әзірлеген ұсынымдар Директорлар кеңесі тарапынан қабылданды.
Директорлар кеңесінің қызметін бағалау
ҚМГ-нің Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, Директорлар кеңесі, оның комитеттері және мүшелері жыл сайын бағалаудан өтеді. Әр үш жыл сайын бағалауға тәуелсіз консультант тартылады.
2024 жылы 2023 жылдың қорытындылары бойынша Директорлар кеңесі мүшелерінің өзін-өзі бағалауы жүргізілді. Бағалау кеңестің құрамы, процестері және мінез-құлық аспектілерін талдауды қамтыды. Нәтижелері Директорлар кеңесінің отырысында қаралды, онда әртүрлілік және сабақтастық мәселелерін қоса алғанда, жетілдіру салалары анықталды. Осы негізде Директорлар кеңесінің жұмысын жетілдіру бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді.
2024 жылғы желтоқсанда 2025 жылы сыртқы бағалау жүргізу туралы шешім қабылданды. Бағалау Директорлар кеңесін, оның комитеттерін, төрағаны, кеңес мүшелерін және Корпоративтік хатшыны қамтитын болады. Бұл бағалау ҚМГ-нің корпоративтік басқаруын диагностикалауға және ішкі аудит жүйесінің тиімділігіне аудит жүргізуге біріктіріледі. 2025 жылдың бірінші тоқсанында консультациялық қызметтерді сатып алуға арналған техникалық сипаттама әзірленіп, бейінді комитеттер мен Директорлар кеңесінде қаралды.
Сыйақы
Директорлар кеңесінің сыйақысы
ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшері Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен бекітіледі және тәуелсіз директорлар мен «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдеріне төленеді. Сыйақы мөлшері тіркелген түрде белгіленеді және Компания қызметінің ауқымын, міндеттемелерін және стратегиялық мақсаттарын ескере отырып айқындалады.
Сыйақы төлеу тәсілі «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының Директорлар кеңесін/қадағалау кеңестерін құру ережесіне сәйкес келеді және білікті мамандарды тартуға және сақтауға бағытталған. 2024 жылы ҚМГ сыйақыны анықтау үшін сыртқы кеңесшілерді тартпады.
Тағайындаулар және сыйақы жөніндегі комитет сыйақы мәселелерін қажеттілікке қарай, оның ішінде Директорлар кеңесінің тиімділігін бағалау шеңберінде қарайды.
Басқарма сыйақысы
ҚМГ Директорлар кеңесі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының адами ресурстарды басқару корпоративтік стандартына сәйкес ҚМГ Басқарма мүшелеріне сыйақы төлеу саясатын және олардың қызметінің тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.
Жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы Басқарма мүшелеріне өлшенетін, өзара байланысты, логикалық тұрғыда құрылған және теңгерімді уәждемелік ҚНК карталарында көрсетілген стратегиялық және басым мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыру мақсатында қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша төленеді. Уәждемелік ҚНК картасы корпоративті және функционалды ҚНК-ден тұрады.
Сыйақы жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, осы мәселелерді алдын ала қарау үшін Директорлар кеңесінің жанынан Тағайындаулар және сыйақы жөніндегі комитет құрылған.
Басқарма құрамы
2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша ҚМГ Басқармасының құрамына кірген тұлғалар:
Хасенов А.Ғ. |
Басқарма төрағасы |
Eсқазиев Қ.О. |
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары |
Брекешев С.А. |
Басқарма төрағасының орынбасары (газ жобалары және төменкөміртекті даму) |
Абайылданов Б.Қ. |
Басқарма төрағасының орынбасары (барлау және өндіру) |
Балықбаев Р.А. |
Басқарма төрағасының орынбасары (ірі мұнай-газ жобалары) |
Мағауов Ә.М. |
Басқарма төрағасының орынбасары (мұнай өңдеу және мұнай-химия) |
Закиров Б.Қ. |
Басқарма төрағасының орынбасары (мұнайды тасымалдау және халықаралық жобалар) |
Абдулғафаров Д.Е. |
Басқарма төрағасының орынбасары (стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту) |
Арысова Д.А. |
Басқарма төрағасының орынбасары (экономика және қаржы) |
Лавренов В.С. |
Басқарма төрағасының орынбасары (құқықтық қамтамасыз ету және корпоративтік қауіпсіздік) |
Директорлар кеңесін сыни маңызды мәселелер туралы ақпараттандыру
ҚМГ Директорлар кеңесі Компания қызметі туралы тұрақты түрде есептер алып отырады. Бұл есептер стратегиялық, қаржылық және операциялық негізгі аспектілерді, сондай-ақ сыни маңызды мәселелер бойынша ақпаратты қамтиды. Олардың қатарында:
- Басқарма төрағасының есебі – Компания қызметіндегі негізгі өзгерістер мен жалпы жағдай туралы.
- Қаржылық және операциялық есептер – алдын ала нәтижелер, инвестициялық жобалар және стратегияны іске асыру барысы туралы.
- Еңбекті қорғау және экология бойынша есептер – елеулі оқиғалар мен олардың алдын алу шаралары туралы ақпаратты қамтиды.
- Тәуекелдер және корпоративтік басқару бойынша есептер – Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуы, комитеттердің есептері және корпоративтік мәмілелерді талдау.
Қаржылық көрсеткіштер, елеулі инциденттер немесе ҚМГ-дегі жедел жағдайлар сияқты сыни мәселелер туындаған жағдайда, Директорлар кеңесіне дереу хабар беріледі.
Мүдделер қақтығысы
ҚМГ-де мүдделер қақтығысын реттеу Директорлар кеңесі бекіткен Мүдделер қақтығысын реттеу саясаты мен Іскерлік әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Әрбір қызметкер мен лауазымды тұлға осы саясат талаптарының сақталуына жеке жауапты. Жұмысқа қабылдау, тағайындау немесе жаңа лауазымға ауысу кезінде ықтимал мүдделер қақтығысы туралы міндетті түрде ақпарат ашылады, оған мыналар кіреді:
- ҚМГ контрагенттерінің немесе бәсекелестерінің үлестік қатысуы.
- Контрагенттердің немесе бәсекелестердің басқару органдарына қатысу.
- ҚМГ контрагенттерімен өзара іс-қимыл.
- ҚМГ активтерін немесе бағалы қағаздарын сатып алу ниеті.
Тексеру рәсімі ықтимал аффилиирленген байланыстарды талдауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарының сақталуын бақылауды қамтиды.
Мүдделі тараптармен консультациялар
ҚМГ-дың корпоративтік басқарудың жоғарғы органдары экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша мүдделі тараптармен тұрақты диалогты қолдайды.
Консультациялар түрлі арналар арқылы жүргізіледі, оның ішінде ресми веб-сайт, Баспасөз қызметі және ішкі әрі сыртқы стейкхолдерлермен өзара іс-қимылдың негізгі құралы болып табылатын жыл сайынғы Орнықты даму есебі бар.
Сонымен қатар, ҚМГ мақсатты өзара әрекеттесу үшін арнайы платформаларды пайдаланады:
- Инвесторлар үшін – өзекті ақпаратпен қамтамасыз етілген портал https://www. kmg.kz/ru/investors/.
- Жұмыспен қамту мәселелері бойынша – бос жұмыс орындары порталы https://work.kmg.kz/#/.
- Қызметкерлердің құқықтарының бұзылуы туралы хабарламалар үшін – жедел желі: nysana@cscc.kz.
- Құпия түрде хабарлау жүйесі – портал https://www. sk-hotline.kz/.
- Функционалдық байланыс арналары:
- Омбудсмен: ombudsman@kmg.kz
- Еңбекті қорғау және экология: hse@kmg.kz
- Орнықты даму: sustainability@kmg.kz
Аталған механизмдер ақпараттың ашықтығын, қолжетімділігін және мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Заңнама талаптарына сәйкестік
Бәсекелестікке қарсы мінез-құлық
Есепті кезеңде ҚМГ және ҚМГ компаниялар тобындағы ұйымдарға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты 4 әкімшілік іс қозғалды (ҚМГға қатысты – 1, ЕТҰ-ға қатысты – 3). Бұл істердің 3-і сотта ҚМГ және ЕТҰ пайдасына шешілмеген, ал бір іс медиативтік тәртіппен реттелді.
Сондай-ақ соттар монополияға қарсы заңнамаға байланысты 2 азаматтық істі қарады (1 сот шешімі – ЕТҰ пайдасына, 1 сот іс бойынша ЕТҰ талап-арызын қайтарып алды).
Әлеуметтік-экономикалық сәйкестік
Әлеуметтік және экономикалық реттеу саласындағы заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкессіздік, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтармен даулар мәні болып табылатын азаматтық және әкімшілік істер тіркелмеген.
Сонымен қатар, соттарға еңбек даулары бойынша 29 талап арыз берілді, оның ішінде 24 іс бойынша жауапкер ретінде ЕТҰ көрсетілсе, 5 іс бойынша талапкер тарап ретінде ЕТҰ-дар әрекет етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
GRI 2-15GRI 3-3GRI 205-1GRI 205-2GRI 205-3
ҚМГ өз бизнесін заңдылық, адалдық және әдептілік қағидаттарына негіздейді. Компания адам құқықтарын қатаң сақтайды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық мүмкін әрекеттерді жасайды, мінсіз беделге қамқорлық жасайды және этика саласында жоғары халықаралық стандарттарды енгізуге ұмтылады.
Компания құрылымындағы дербес бөлімше болып табылатын Комплаенс қызметі еңбек қызметі аясындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының тәуекелдерін барынша азайтуға жауапты. Қызмет Компанияның барлық бизнес бөлімшелерімен интеграцияланған.
2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын және Компанияның ішкі құжаттарын бұзуға қатысты өтініштерді қарау регламенті жаңартылды. Аталған өзгерістер бизнесті этикалық жүргізудің жоғары стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Этика және адал бизнес стандарттарына сәйкес болу үшін Қызмет Компанияның контрагенттерін тексереді. Бұл сенімсіз серіктестермен шарттар жасасудың жолын кесуге, тауарларды жеткізбеу, жұмыстарды орындамау немесе қызметтерді көрсетпеу тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.
Сондай-ақ ҚМГ-да ұйымдық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындаумен байланысты бос лауазымдарға орналасуға үміткер кандидаттарды тексеру жүзеге асырылады. Жұмысқа қабылдау шарттарының бірі сатып алу рәсімдерімен айналысатын ізденушілер үшін психологиялық тексерулер мен полиграфиялық тестілер болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. Бұл талдау сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін факторларды, сондай-ақ бизнес-процестердегі олқылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. 2024 жылы мұндай талдау Компанияның Орталық аппаратында және 35 ЕТҰ-да жүргізілді. Оның нәтижелері негізінде ұсынымдар мен оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарлары әзірленді.
Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлықтың 6 расталған жағдайы тіркелді. Барлық 6 жағдай қызметкерлерді жұмыстан шығарумен немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жазалаумен аяқталды. Соған қарамастан, Компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын күшейтуді жалғастырып отыр. Атап айтқанда, жоғары басшылықтың қатысуымен қызметкерлер мен қарсы тараптардың сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылды. 2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренингтен өткен қызметкерлер саны 5 753 құрады.
Салық саясаты және мемлекетке жасалатын төлемдер
Салық салуға көзқарас
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да салықтық есепті жүргізуді ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарында стандарттауға бағытталған Корпоративтік салықтық есеп саясаты (Корпоративтік СЕС) қолданылады. Құжат Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (ХҚЕС) және ҚМГ ішкі регламенттерінің талаптарын ескере отырып әзірленген.
Корпоративтік СЕС мынадай қағидаттарға негізделеді:
- Салық салудың міндеттілігі – ҚМГ және оның еншілес ұйымдары Қазақстан Республикасы бюджетіне салықтарды толық әрі уақытылы төлейді.
- Салық салудың әділеттілігі – бір объектіге бір кезеңде қосарланған салық салуға жол берілмейді.
- Адал ниеттілік – салық үнемдеу мақсатында заңсыз әрекеттер арқылы пайда алуға жол берілмейді.
ҚМГ салық салу көзқарасында Топтың коммерциялық қызметінің ерекшеліктерін және әлеуметтік әсерлерін ескереді. Бұл көзқарас ҚМГ-нің 2022–2031 жылдарға арналған Даму стратегиясымен толық үйлеседі.
Корпоративтік СЕС-ті барлық еншілес ұйымдар басшылыққа алады, келесі ұйымдардан басқа:
- өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүзеге асыратын және салық салудың ерекше тұрақты режимі белгіленген ұйымдар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген ұйымдар, сондай-ақ ҚМГ мен оның еншілес ұйымдарының шетелдегі филиалдары.
ҚМГ және барлық еншілес компаниялары Корпоративтік СЕС негізінде компанияның салалық ерекшеліктерін ескере отырып, өз деңгейінде жеке Салықтық есеп саясатын әзірлеп, енгізген.
Мемлекетке жасалатын салық төлемдері бойынша ақпарат жыл сайын ҚМГ-нің корпоративтік веб-сайтында жарияланып отырады https: //www.kmg.kz/ru/investors/reporting/.
Салықтық әкімшілендіру және бақылау
Салықтық тәуекелдерді басқару тәсілі ҚМГ-дың Корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесіне (КТБЖ) интеграцияланған. Мониторинг аясында ҚМГ салық заңнамасының қолданылу мәселелерін талдайды және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл
ҚМГ ірі салық төлеушілер тізіміне енгізілген және салықтық мониторингке жатады. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде Компания келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:
- ҚМГ қызметінің салық салу жағдайларын жақсарту мақсатында салық заңнамасына өзгерістер енгізу бастамаларын көтереді.
- Акционерлермен, салалық қауымдастықтармен және мемлекеттік органдармен диалогқа қатысады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастырып, олар бойынша қорытындылар ұсынады.
- ҚМГ тобы мүдделерін қорғау мақсатында салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.
ҚМГ-дың салық саясаты салықтық әкімшілендірудің ашықтығын қамтамасыз етуге, ұлттық заңнама талаптарын сақтауға және салық салу жағдайларын жақсарту үшін реттеуші органдармен ынтымақтастыққа бағытталған.
Салық төлемдері көрсеткіштері, млрд теңге
Көрсеткіш |
2022 |
2023 |
2024 |
---|---|---|---|
Қазақстан Республикасының бюджетіне салық төлеу |
1 037, 2 |
1 039, 2 |
1 079, 7 |
ӨБК шеңберінде ҚР үлесі |
138, 7 |
123, 3 |
129, 2 |
Жалпы |
1 175, 9 |
1 162, 5 |
1 208, 9 |
