ESG-тәуекелдерді басқару
«ҚазмұнайГаз» ҰК АҚ-тағы тәуекелдерді басқару жүйесі корпоративтік басқарудың негізгі элементі болып табылады және Компанияның стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғаларды уақтылы анықтауға, бағалауға және азайтуға бағытталған. Тәуекелдерді басқару бас компанияны да, еншілес және тәуелді ұйымдарды (ЕТҰ) да қамтитын ұйымның барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады.
ҚМГ тәуекелдерді басқарудың танылған халықаралық стандарттарын, атап айтқанда корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінде бекітілген «Қорғаныстың үш желісі» тұжырымдамасын ұстанады. Бұл модель функциялар мен жауапкершіліктерді операциялық бөлімшелер, тәуекел-менеджмент және ішкі аудит арасында нақты бөлуге мүмкіндік беріп, тәуекелдерді бақылау және алдын алу үшін сенімді жүйе қалыптастырады.
Орнықты даму ҚМГ-нің 2031 жылға дейінгі Даму стратегиясында бекітілген стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. ESG-тәуекелдерді басқару жалпы тәуекел-менеджмент жүйесіне интеграцияланған және Компанияның сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімделу қабілетін арттыру, ықтимал теріс салдарды барынша азайту және стейкхолдерлер мүдделерін ескере отырып, ұзақ мерзімді өсуін қамтамасыз ету құралы ретінде қызмет етеді.
2024 жылы ҚМГ орнықты дамуға әсер ететін факторларды ескере отырып, консолидирленген Тәуекелдер тіркелімін өзектендірді. Басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында тәуекелдер туралы ақпаратты тиімді пайдалану белгісіздікті төмендетуге, орнықты операциялық модель құруға және қарқынды өзгеріп жатқан экономикалық, экологиялық және әлеуметтік орта жағдайында бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

ESG-тәуекелдер
Тренд (бір жыл ішінде) |
Тәуекелдің сипаттамасы |
Тәуекелді азайту үшін қолданылатын шаралар |
---|---|---|
Экологиялық аспект |
||
Климаттық тәуекелдер және төменкөміртекті даму |
||
|
ҚМГ үшін климаттық тәуекелдер төменкөміртекті экономикаға көшу және климаттың физикалық өзгерістерімен байланысты. Олардың қатарына мыналар жатады: Энергетикалық көшу тәуекелдері – реттеушілік талаптардың күшеюі, технологиялық өзгерістер, нарықтық және бедел тәуекелдері. Климаттың физикалық тәуекелдері – төтенше ауа райы құбылыстары (тасқындар, құрғақшылықтар) және климаттың созылмалы өзгерістері (су тапшылығы, температураның жоғарылауы). 2024 жылы Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын қоса алғанда, ҚМГ қатысатын өңірлерде су тасқыны төтенше жағдайға алып келді, бұл залалды барынша азайту жөніндегі жедел шараларды талап етті. Потенциалды әсері Климаттық тәуекелдер шығындардың өсуіне, кірістің төмендеуіне, нарықтық мүмкіндіктердің шектелуіне, қызметкерлердің денсаулығына әсер етуі және жарақат алу ықтималдығының артуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, бұл Компания өніміне деген сұраныс пен бизнес тұрақтылығына әсер етуі мүмкін. |
ҚМГ климаттық тәуекелдерді төмендету бойынша белсенді жұмыс істейді, оның ішінде:
ҚМГ климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын жетілдіруді жалғастырып, климаттық тәуекелдердің Компания қызметіне әсерін азайтуда. |
Экологияға теріс әсер ету тәуекелі |
||
|
ҚМГ қоршаған ортаға теріс әсер ету тәуекеліне ұшырауы мүмкін. Бұл ауаға ластаушы заттардың шығарылуы, су және топырақ ресурстарының ластануы, сондай-ақ экология саласындағы реттеуші талаптардың күшеюі секілді факторлармен байланысты. Экологиялық нормаларды сақтамау санкциялардың күшеюіне, қосымша қаржылық шығындарға және Компания беделінің нашарлауына алып келуі мүмкін. Потенциалды әсері Экологиялық тәуекелдердің жүзеге асуы айыппұлдарға, шекті нормадан тыс төлемдерге, қоршаған ортаны қалпына келтіруге арналған шығындарға және заңды жауапкершілікке алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, экологиялық көрсеткіштердің нашарлауы Компанияның инвестициялық тартымдылығына және бизнесінің орнықтылығына кері әсер етуі ықтимал. |
Қоршаған ортаға әсерді азайту үшін ҚМГ іс шаралар кешенін іске асырады:
ҚМГ экологиялық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін төмендетуге бағытталған табиғат қорғау шараларын жетілдіруді жалғастыруда. |
Теңіз операциялары кезінде мұнай төгілу тәуекелі |
||
|
Мұнай төгілулер технологиялық режимнің бұзылуы, құбырлардағы апаттар, жабдықтың істен шығуы және Каспий теңізінің күрделі табиғи жағдайлары нәтижесінде орын алуы мүмкін. Тәуекел факторларына тайыз сулар, кен орындарындағы жоғары қабат қысымы, күкіртті сутектің болуы және теңіз бетінің маусымдық қатуы жатады. Потенциалды әсері Мұнай төгілулер қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруі, өндірістік процестердің тоқтауына, салдарын жою мен өтемақы шараларына арналған айтарлықтай қаржылық шығындарға алып келуі мүмкін. |
Мұнай төгілу тәуекелін азайту үшін ҚМГ алдын алу шараларының кешенін іске асырады:
ҚМГ мұнай төгілуінің алдын алу және жою жүйесін жетілдіруді жалғастырып, экологиялық және қаржылық тәуекелдерді азайтуға бағытталған шараларды іске асыруда. |
Өндірістік нысандардағы техногендік апаттар тәуекелі |
||
|
ҚМГ-дың өндірістік қызметі жоғары қауіптілік деңгейімен сипатталады, бұл апатты жағдайлар, жарылыстар, өрттер және басқа да техногендік апаттар туындау қаупін тудырады. Мұндай жағдайлардың себептері жабдықтың тозуы, технологиялық процестердің бұзылуы, персоналдың қателіктері және қолайсыз сыртқы факторлар болуы мүмкін. Потенциалды әсері Өндірістік нысандардағы апаттар қызметкерлердің жарақат алуы мен қаза табуына, жабдық пен инфрақұрылымның бүлінуіне, қалпына келтіру жұмыстарына арналған қаржылық шығындардың артуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіруіне алып келуі мүмкін. |
Апатты жағдайлардың алдын алу үшін ҚМГ кешенді шараларды қолданады:
ҚМГ техногендік тәуекелдердің алдын алу және оларға ден қою жүйесін жетілдіруді жалғастыруда, бұл персоналды, жабдықты және қоршаған ортаны сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. |
Әлеуметтік аспект |
||
Өндірістік жарақат алу тәуекелі |
||
|
Бұл тәуекел еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы, өндірістік тәртіптің бұзылуы, сондай-ақ қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуімен байланысты. Мұндай жағдайлар жазатайым оқиғаларға, еңбекке қабілеттіліктің жоғалуына және қызметкерлер өміріне қауіп төнуіне алып келуі мүмкін. Потенциалды әсері Өндірістік жарақат ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, соның ішінде:
|
Жарақаттанудың алдын алу үшін ҚМГ еңбекті қорғаудың жүйелі тәсілін іске асырады:
ҚМГ жарақат алу деңгейін төмендетуге ұмтылады, қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша шаралар қабылдайды. |
Кәсіби аурулардың дамуы және жаңа вирустық штамдар таралу тәуекелі |
||
|
ҚМГ-дың өндірістік қызметі интоксикация, ластану, діріл, шу және жоғары физикалық жүктемелер секілді қолайсыз факторлардың әсерімен байланысты. Олардың ұзақ әсері кәсіби аурулардың дамуына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, жаңа вирустық штамдардың таралу қаупі бар, бұл қызметкерлердің денсаулығына және өндірістік процестің тұрақтылығына әсер етуі мүмкін. Потенциалды әсері
|
Тәуекелді азайту үшін қолданылатын шаралар Бұл тәуекелді азайту үшін ҚМГ мынадай шараларды іске асырады:
ҚМГ кәсіби аурулар мен инфекциялық қауіптер тәуекелдерін азайту үшін еңбек пен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді жалғастыруда. |
Білікті кадрлардың жетіспеушілік тәуекелі |
||
|
Бұл тәуекел кадрлардың ауысуы, қажетті құзыреттері бар мамандардың жетіспеушілігі, сондай-ақ білікті қызметкерлерді тарту және ұстаудағы қиындықтармен байланысты. Кадр тапшылығы бәсекелестік орта, еңбек күшінің көші-қоны және кәсіптерге қойылатын талаптардың өзгеруі салдарынан туындауы мүмкін. Потенциалды әсері Компания қызметінің тиімділігі мен өнімділігінің төмендеуі. Қолданыстағы персоналға жүктеменің артуы және жұмыс процестерінің бұзылу тәуекелі. Стратегиялық жобаларды іске асыру қарқынының бәсеңдеуі. Жаңа қызметкерлерді іріктеу, оқыту және бейімдеу шығындарының артуы. |
ҚМГ кадрларды тарту, дамыту және ұстап қалу үшін іс-шаралар кешенін іске асырады:
ҚМГ кадрлық тәуекелдерді төмендету бағытында жұмыс жүргізіп, қызметкерлер үшін кәсіби дамуға қолайлы жағдай жасауда. |
Терроризм тәуекелі |
||
|
Бұл тәуекел Компанияның персоналына, мердігерлеріне және активтеріне қарсы бағытталған террористік және өзге де күш қолдану әрекеттерінің орын алу мүмкіндігімен байланысты. ҚМГ-нің қызметі қауіпсіздікке қатер төнуі ықтимал өңірлерді қамтиды, бұл қызметкерлер мен нысандарды қорғау шараларын қабылдауды талап етеді. Потенциалды әсері Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп. Операциялық қызметтің бұзылуы, Компания активтерінің зақымдануы. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды қалпына келтіруге арналған шығындардың артуы. Репутациялық және құқықтық тәуекелдер. |
ҚМГ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шараларды жүзеге асырады:
ҚМГ терроризм тәуекелдерін төмендету мақсатында қызметкерлер мен нысандарды қорғау жөніндегі шараларды жетілдіруді жалғастыруда. |
ҚМГ қызмет ететін өңірлердегі әлеуметтік тұрақсыздық тәуекелі |
||
|
Бұл тәуекел әлеуметтік шиеленістердің, рұқсат етілмеген ереуілдер мен наразылық акцияларының туындауымен байланысты. Негізгі себептерге жалақыны арттыру, әлеуметтік жағдайларды және еңбек кепілдіктерін жақсарту жөніндегі қызметкерлердің талаптары жатады. 2024 жылы Маңғыстау облысында 17 ереуіл тіркеліп, олардың 11-і ҚМГ-дың мердігер ұйымдарына қатысты болды. Компания қызметкерлер алдындағы барлық міндеттемелерін орындағанына қарамастан, әлеуметтік тұрақсыздық тәуекел факторы болып қала береді. Потенциалды әсері Компания беделіне әсер ететін тәуекелдер және сенім деңгейінің төмендеуі. Өндірістік қызметтің бұзылу қаупі. Еңбек дауларын реттеуге байланысты операциялық шығындардың артуы. Компанияның инвестициялық тартымдылығына әсер етуі мүмкін. |
ҚМГ әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру үшін кешенді шаралар қабылдауда:
ҚМГ қызметкерлермен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жалғастырып, қызмет ететін өңірлердегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. |
Корпоративтік басқару |
||
Комплаенс-тәуекелдер |
||
|
Комплаенс-тәуекелдер сыбайлас жемқорлық көріністері, заңнама мен ішкі нормативтік құжаттардың бұзылу мүмкіндігімен байланысты. Бұл тәуекелдер қаржылық шығындарға, беделге нұқсан келтіруге және құқықтық салдарға әкелуі мүмкін. ҚМГ үшін басты міндеттердің бірі, ол бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және этикалық стандарттарды сақтау. Потенциалды әсері Қаржылық шығындар және айыппұл санкциялары. Инвесторлар мен серіктестер тарапынан сенімнің төмендеуі. Компания мен оның қызметкерлерінің заңды жауапкершілігі. Компанияның орнықты дамуына әсер ететін бедел тәуекелдері. |
ҚМГ комплаенс-тәуекелдерді болдырмау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асырады:
ҚМГ заңнаманы бұзу тәуекелдерін барынша азайта отырып, бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін комплаенс-бақылау жүйесін жетілдіруді жалғастыруда. |


2024 жылғы желтоқсанда халықаралық Sustainalytics рейтингтік агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на ESG тәуекелдер рейтингісін 32,8 деңгейінде берді. Компания мұнай-газ саласындағы бағаланған 300 ұйымның ішінде 49-орынға ие болды.
Агенттік ҚМГ-нің ESG тәуекелдерді басқару деңгейін 67,3 балл деп бағалады («күшті»), бұл 2023 жылғы көрсеткішпен (67,2) салыстырғанда тұрақты деңгейді көрсетеді. Компанияның ESG тәуекелдерге ұшырау деңгейі 77 баллды құрап («жоғары»), 2023 жылғы көрсеткішпен (74,0) салыстырғанда әдістемелік өзгерістер нәтижесінде сәл артты.
Компания бірқатар негізгі бағыттар бойынша ілгерілеуге қол жеткізді. Атап айтқанда, су ресурстарын басқаруды жақсарту ESG рейтингке оң әсер етті – бұл су тұтыну көрсеткіштерінің және суды ұтымды пайдалану бойынша жаңа бастамалардың ашық жариялануымен расталады. Сондай-ақ корпоративтік басқару саласында елеулі ілгерілеу байқалды – бағалау индикаторларының кеңейтілген тізімі Компанияға басқару жүйесінің ашықтығы мен жоғары деңгейін көрсетуге мүмкіндік берді.
Компанияның позициясын нығайтуға төменкөміртекті өнімдер мен қызметтерді дамыту да айтарлықтай үлес қосты, оның ішінде CDP сауалнамасы аясында парниктік газдар бойынша қосымша ақпараттың ашылуы ерекше атап өтіледі.
Сонымен қатар, одан әрі даму үшін әлеует сақталуда, әсіресе жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл, лоббистік қызмет туралы ақпаратты ашу және мемлекеттік органдарға жасалатын төлемдер бойынша есептілікті нақтылау бағыттарында. Бұдан бөлек, әдіснамалық өзгерістер шығарындылар мен қалдықтар саласындағы бағалауға кері әсер етті. Бұл ESG агенттігінің шығарындылардың қарқындылығына қатысты талаптарының қатаюын көрсететін жаңа индикаторлардың енгізілуімен байланысты.
Sustainalytics рейтингі туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://www.sustainalytics.com/esg-rating/national%20company-kazmunaygas-jsc/1028382256

Халықаралық Sustainalytics рейтингтік агенттігі (Амстердам, Нидерланды)
Sustainalytics компаниясы – бұл экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) салаларында зерттеу жүргізетін, рейтингтік бағалау мен талдауға маманданған жетекші тәуелсіз ұйым. Компания әлемнің түкпір-түкпіріндегі инвесторларға жауапты инвестициялық стратегияларды әзірлеуге және іске асыруға көмектеседі.
Sustainalytics бағалау әдістемесі
ESG тәуекелдер рейтингі компанияның маңызды ESG-факторларға ұшырау деңгейі мен осы тәуекелдерді басқару тиімділігін талдау негізінде айқындалады. Бағалау 100 балдық шкала бойынша жүзеге асырылады, мұнда «0» – тәуекелдің жоқтығын білдіреді. 2024 жылы әдістеме жаңартылып, кейбір индикаторлардың салмақтары қайта бөлінді және жаңа бағалау параметрлері енгізілді.
MSCI бағасы
MSCI рейтингтік агенттігінің деректері бойынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2024 жылы ESG рейтингін «BBB» деңгейінде сақтап қалды, бұл саладағы орташа деңгейге сәйкес келеді. Бұл Компанияның экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік тәуекелдерді теңгерімді түрде басқаратынын көрсетеді.
Компания көміртегі шығарындыларын, биологиялық әртүрлілікті және жер ресурстарын басқару бағытында тұрақты ілгерілеу көрсетіп отыр. Атап айтқанда, көміртегі шығарындыларын басқару көрсеткіштері 1,2 баллға жақсарды, бұл осы салада операциялық және реттеушілік тәуекелдердің басқа салалық компаниялармен салыстырғанда төмен болуымен байланысты. Компания экожүйелерге теріс әсердің алдын алу бойынша қабылдаған шаралары атап өтілді. Сонымен қатар, ҚМГ жерлерді рекультивациялау және мұнай қалдықтарын кәдеге жарату технологияларын қолдану арқылы экологиялық беделін арттырып отыр.
Позитивті бағаланған маңызды бастамалардың бірі – ҚМГ-нің 2022–2031 жылдарға арналған Төменкөміртекті даму бағдарламасы, ол 2031 жылға қарай Scope 1 және Scope 2 шығарындыларын 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 15 %-ға төмендетуді көздейді.
Әлеуметтік өзара іс-қимыл саласында ҚМГ дүниежүзілік ұқсас компаниялармен салыстырғанда орташа деңгейде бағаланды. Бұл мұнай-газ саласының жергілікті экожүйелер мен қоғамға әсер етуімен байланысты. Сонымен бірге, Компанияда қызметкерлердің еңбекті қорғау және денсаулығын сақтау жүйесінің салалық стандарттарға сәйкес жоғары деңгейде сертификатталғаны атап өтілді.
MSCI халықаралық рейтингтік агенттігі (Нью-Йорк, АҚШ)
MSCI Inc. – акциялар, облигациялар, жылжымайтын мүлік бойынша жаһандық индекстерді, портфельдік талдау құралдарын, ESG өнімдері мен климаттық шешімдерді ұсынатын америкалық қаржы компаниясы. MSCI бүкіл әлем бойынша инвесторларға әртүрлі актив санаттарындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалауға арналған деректер мен аналитикалық құралдарды ұсынып, негізделген инвестициялық шешімдер қабылдауға көмектеседі.
MSCI бағалау әдістемесі
MSCI ESG рейтингі – бұл компаниялардың негізгі экологиялық, әлеуметтік және басқару (ESG) тәуекелдері мен мүмкіндіктерін басқару деңгейіне берілетін салаішілік салыстырмалы баға. Бағалау AAA (ең жоғары) мен CCC (ең төмен) аралығындағы жеті балдық шкала бойынша жүргізіледі және қаржылық тұрғыдан маңызды ESG факторларды ескереді.
Анықтама үшін
ESG-рейтинг (Environmental, Social and Governance) – бұл бизнестің экологиялық және әлеуметтік тәуекелдері, сондай-ақ корпоративтік басқару тәуекелдері бойынша берілетін баға. ESG-рейтинг инвесторлар үшін инвестициялық шешімдер қабылдауда стратегиялық құрал болып табылады және компанияның ұзақ мерзімді перспективадағы орнықтылығын бағалау үшін оның тәуекелдері мен мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.