Мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл
2024 жылы ҚМГ өндірістік объектілердегі тәуекелдерді анықтау, бағалау және азайтуға бағыттала отырып, мердігер ұйымдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жұмысын жалғастырды.
Осы жұмыс шеңберінде ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ салаларында мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі корпоративтік стандарт енгізіліп, оны еншілес және тәуелді ұйымдарда қолдану ұсынылды. Бұл қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарды қалыптастыруға және мердігерлердің функциялық міндеттерін нақтылауға мүмкіндік берді.
Жыл бойы ҚМГ-нің Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаменті 18 ЕТҰ-да аудит жүргізіп, қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған 824 ұсыным берді. Сонымен қатар, ДЗО мен олардың филиалдарында мердігер ұйымдарға қатысты 5 883 өнеркәсіптік қауіпсіздік тексерісі өткізілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 941 мердігер ұйым ЕТҰ-ға қызмет көрсетті және жұмыс орындады.
Негізгі бағыттар:
- Жабдықтарды қызмет көрсету және жөндеу – 15,73 %;
- Көлік қызметтері – 22,02 %;
- Клининг және тазалау – 9,89 %;
- Санитарлық қызметтер – 9,44 %;
- Мұнайсервистік қызметтер – 26,5 %.
2024 жылғы 1 қарашада мердігер ұйымдармен өткізілген HSE-форум әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға және қауіпсіздік саласындағы негізгі мәселелерді талқылауға ықпал етті.
Форумның негізгі тақырыптары:
- ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласында мердігерлермен өзара іс-қимыл;
- Процестік басқарудағы проблемалық мәселелерді талдау;
- Өзара іс-қимылды арттыру құралдары.
ҚМГ-нің мердігер ұйымдардың қауіпсіздігін басқаруға арналған кешенді тәсілі тәуекелдерді азайтуға, қауіпсіз еңбек мәдениетін арттыруға және Компания нысандарындағы апаттардың алдын алуға бағытталған.
ҚМГ-нің 2025 жылға арналған мердігер ұйымдармен жұмысының негізгі бағыттары:
- ЕТҰ-да корпоративтік талаптарға сәйкестігіне аудит жүргізу;
- Шарттар шеңберінде ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ талаптарының сақталуын бақылау;
- Мердігерлердің мобилизацияға дейінгі аудитін күшейту;
- Мердігер ұйымдар бойынша есептілікті цифрландыруды дамыту;
- Қауіпсіздік көрсеткіштері негізінде мердігерлерді рейтингтеу.
МЕРДІГЕР ҰЙЫМДАР АРАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУШЫЛЫҚ
Көрсеткіш |
2022 |
2023 |
2024 |
IOGP11 |
---|---|---|---|---|
Жұмыс уақытының шығынына әкелген жарақаттану коэффициенті 1 млн адам-сағатқа шаққанда |
0, 52 |
0, 15 |
0, 32 |
0, 24 |
Өлім-жітім коэффициенті 100 млн адам-сағатқа шаққанда |
1, 28 |
5, 08 |
3, 86 |
0, 90 |
Жол-көлік оқиғаларының коэффициенті 1 млн жүріп өткен шақырымға шаққанда |
0, 17 |
0, 28 |
0, 05 |
0, 058 |
11 2023 жылға арналған IOGP қолжетімді көрсеткіштері (https://www.iogp.org/).