СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ДАМУ








1-қағидат. Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жария етілген адам құқықтарын қорғауды қолдап, құрметтеуге тиіс.
8-қағидат. Іскерлік топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.
9-қағидат. Іскерлік топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс.
Корпоративтік стратегияны іске асыру
2024 жылы мұнай-газ саласы жаһандық экономикалық және геосаяси факторлардың ықпалын сезінуді жалғастырды, бұл өз кезегінде бағаның тұрақсыздығына, инвестициялардың шектелуіне және көмірсутек ресурстарына деген сұраныстың өзгеруіне алып келді. Осындай жағдайда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиялық күш-жігерін энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, геологиялық барлауды күшейтуге, экспорттық бағыттарды әртараптандыруға, мұнай-газ химиясы саласын дамытуға және жаңартылатын энергия көздерін енгізуге жұмылдырды. Компания инвестицияларды дәстүрлі мұнай-газ қызметі мен тұрақты даму арасында теңгерімді ұстауды жалғастыруда, бұл ҚМГ-нің 2022–2031 жылдарға арналған ұзақмерзімді стратегиясында көрініс тапқан.
2024 жылғы стратегиялық мақсаттар мен нәтижелер
№ 1 стратегиялық мақсат:
Компанияның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база
ҚМГ ағымдағы қызметті де, перспективалы жобаларды да қамтамасыз ететін көмірсутектер қорларын ұлғайтуға күш салады. Мақсатқа жетудің негізгі құралдары – органикалық өсу, стратегиялық серіктестіктер және жаңа активтерді сатып алу.
2024 жылғы нәтижелер:
- Төрт жоба бойынша (Торғай Палеозойы, Қаратон Тұзасты, Қаражар, Тайсойған) барлау ұңғымаларын терең бұрғылау басталды.
- ЖҚГЗ 1.0 жобасы аясында бес болашағы зор учаске (Мұғаджар, Березовский, Жарқын, Болашақ, Солтүстік Өзен) анықталып, далалық жұмыстар аяқталды және серіктестер анықталды.
- ЖҚГЗ 2.0 жобасы бойынша 2025–2026 жылдарға арналған жоспарлармен үш жаңа учаске (Береке, Шығыс, Оңтүстік Шу-Сарысу) айқындалды.
№ 2 стратегиялық мақсат:
Компанияның құн тізбегінің тиімділігін арттыру
ҚМГ операциялық тұрақтылыққа ерекше назар аудара отырып, мұнай өндірудің, өңдеудің, тасымалдаудың және өткізудің барлық кезеңдерінде барынша тиімділікке ұмтылады.
2024 жылғы нәтижелер:
- Жаңа технологияларды енгізудің арқасында қосымша 418 мың тонна мұнай өндіру.
- Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасын іске асыру қосымша 157,7 мың тонна мұнай өндіруге мүмкіндік берді.
- Рожковское, Шығыс Өріктау, Ақсай Южный кен орындарында газ өндіру басталды.
- Қаламқас Теңіз-Хазар жобасы бойынша ерте дайындық жұмыстары.
- Қарашығанақта 5-ші газды кері айдау компрессоры іске қосылды.
- ТШО-да СҚБЖ жобасының объектілері пайдалануға берілді.
- Экспорттық маршруттар кеңейтілді: Баку-Тбилиси-Джейхан (+34 %) және Дружба (+50 %) құбырлары бойынша жеткізілімдердің өсуі.
- 3 МӨЗ-да жеңіл мұнай өнімдерін өндіру 370 мың тоннаға ұлғайтылды, шығарындылар мониторингінің автоматты жүйесі енгізілді.
- Caspi Bitum және Шымкент МӨЗ кеңейту жобалары жалғасуда.
№ 3 стратегиялық мақсат:
Бизнесті әртараптандыру және өнімдер портфелін кеңейту
ҚМГ мұнай-химия өнімдеріне жаһандық сұранысқа бағдарлана отырып, мұнай-газ химиясын дамытады.
2024 жылғы нәтижелер:
- KPI интеграцияланған газ-химия кешені 249 мың тонна полипропилен шығарды (10 маркасы игерілді, ішкі сұраныс толығымен жабылды).
- СИБУР және Sinopec бірлесіп полиэтилен өндіретін газ-химия кешенінің құрылысы басталды (жылына 1,2 млн тонна). Полиэтилен жобасы бойынша түпкілікті инвестициялық шешімдер қабылданды, құрылыс жұмыстары басталды.
- «Полиэтилентерефталат» жобасы бойынша ТЭН алдындағы нәтижелер мақұлданды, стратегиялық серіктес іздестірілуде.
- CNPC-мен «Карбамид» жобасы үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.
№ 4 стратегиялық мақсат:
Орнықты даму және өндірістің көміртекті сыйымдылығын үдемелі төмендету
ҚМГ қоршаған ортаға теріс әсерді азайта отырып, орнықты даму қағидаттарын біріктіреді.
2024 жылғы нәтижелер:
- Жаңартылған ESG-тәуекел-рейтингі 2023 жылы 32,8 балды құрады, оны жақсарту жоспары іске асырылуда.
- «Климаттың өзгеруі» және «су қауіпсіздігі» блоктары бойынша Carbon Disclosure Project халықаралық есептілігі шеңберінде 2024 жылы ҚМГ «B» рейтингін алды. Алдыңғы жылдары баға «С» болды.
- 2060 жылға дейінгі Төменкөміртекті даму бағдарламасы бекітілді (мақсаты – парниктік газдар шығарындыларын 2031 жылға қарай 15 %-ға және 2060 жылға қарай 64 %-ға төмендету).
- OGMP 2.0 шеңберінде метан шығарындылары бойынша UNEP-ке есеп берілді.
- Eni-мен бірлесіп гибридті электр станциясының құрылысы (газ және ЖЭК) басталды.
- Total Eren-мен «Мирный» жобасы (1 ГВт) бойынша келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойылды, 1,4 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру тартылды.
- Жаңаөзенге тұщыландырылған су беру үшін 201 км магистральдық су құбырын салуды қоса алғанда, Кендерлидегі тұщыландыру зауыты бойынша негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды.
- 1 099 мың тонна тарихи қалдықтар кәдеге жаратылды.
- Кадр саясаты жаңартылды.
- 5,1 млрд теңге қызметкерлерді оқытуға бағытталған.
- Түрлі ЕТҰ-да 64 қосымша Электрондық медициналық тексеру жүйесі орнатылды.
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес Бірыңғай үлгілік өндірістік санитариялық бақылау бағдарламасы бекітілді.
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы қызметкерлерін сауықтыру бағдарламасы бойынша 2025–2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қызметтің негізгі көрсеткіштері
2024 жылы ҚМГ-нің Корпоративтік қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша негізгі іс-шаралар іске асырылып, жоспарланған мақсаттарға қол жеткізілді.
«Компанияның құн тізбегінің тиімділігін арттыру» |
|
Инвестициялық жобаларды іске асыру |
100 % (2023: 80 %) |
Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі |
23 837 тыс. тонн (2023: 23 490 тыс. тонн) |
Трейдингті есепке алмағанда EBITDA margin |
44 % (2023: 41,1 %) |
TSR (акционердің жалпы кірісі) |
28,55 % (2023: 43,1 %) |
ҚМГ компаниялар тобы сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер елішілік құндылық үлесі |
ҚМГ тобының сатып алатын тауарлар елішілік құндылық үлесі 55 % құрады, ҚМГ тобының сатып алатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер елішілік құндылық үлесі 89 % құрады (көрсеткіш 2023 жылы енгізілген). |
«Орнықты даму және өндірістің көміртекті сыйымдылығын үдемелі төмендету» |
|
Өндірістік қауіпсіздік бойынша кешенді көрсеткіш |
125 % (2023: 156 %) |
Қызмет тиімділігін бағалау
ҚМГ-дағы басшылардың тиімділігін бағалау
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару жүйесі аясында басшылардың қызметтің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) олардың Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін бағалау құралы болып табылады. Бұл көрсеткіштер дамудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін, сондай-ақ корпоративтік басқару элементтерін қамтиды.
Басшылардың қызметінің тиімділігін бағалау процесі ҚМГ-нің Даму стратегиясының орындалуын бақылауға бағытталған және мыналарды қамтиды:
- Қызметкерлердің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесінің нәтижелілігін бағалау.
- Сыйақыны есептеуде уәждемелік ҚНК-ің пайдалану.
- Ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ететін ҚМГ қызметкерлері үшін ҚНК және мақсат қою жүйесін қолдану.
Корпоративтік ҚНК
Орнықты даму міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін келесі корпоративтік ҚНК бекітілді:
- Орнықты даму саласындағы жобаларды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды іске асыру (мысалы, Кендерлиде тұщыландыру зауытының құрылысы және Жаңаөзен қаласында жаңа ГӨЗ құрылысы)
- Жазатайым оқиғалар коэффициентін төмендетуге және қауіпті жағдайларды анықтауға бағытталған өндірістік қауіпсіздік бойынша кешенді көрсеткіш
Басқарма мүшелері (Басқарма төрағасының орынбасарлары) және ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары деңгейіндегі уәждемелік ҚНК арасында орнықты даму саласындағы келесі ҚНК анықталды:
- 2024 жылға арналған ҚМГ ЕТҰ мердігерлік ұйымдарында жүргізілген IR-скринингтердің нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру
- 2024 жылға арналған ҚМГ ЕТҰ әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жақсарту бойынша ЕТҰ жол карталарын іске асыру
- Жетекшілік ететін бизнес-бағыт бойынша 2022–2031 жылдарға арналған ҚМГ Төменкөміртекті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау
- ЖЭК жобаларын іске асыру
- Тарихи мұнай қалдықтарын қалпына келтіру
- «Сапарларды басқару» жобасы шеңберінде көліктік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесін енгізу
- ӨҚ, ЕҚ және ҚО мәселелері бойынша ЕТҰ-да кешенді тексерулер жүргізу
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында 2025–2028 жылдарға арналған персоналды сауықтыруға бағытталған Корпоративтік бағдарламасын әзірлеу
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадр саясатын өзектендіру
- ҚМГ тобы бойынша әлеуметтік тұрақтылық индексі
Жекелеген ЕТҰ басшылар деңгейінде ҚНК айқындалды:
- Өндірістік қауіпсіздік бойынша кешенді көрсеткіш
- Көміртегі ізінің мөлшерін азайту
- Ішкі коммуникациялар жүйесі арқылы корпоративтік мәдениетті дамыту
Орнықты даму аспектілерін басқару жүйесін дамыту
2024 жылы ҚМГ экологиялық тәуекелдерді төмендетуге, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және корпоративтік басқаруды жетілдіруге бағытталған ESG-практикаларын белсенді дамытуды жалғастырды. Есепті кезеңде декарбонизация, су ресурстарын басқару, еңбекті қорғау, адам құқықтары және персоналды басқару жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылды. Төменде Компанияның орнықты даму тәжірибесін дамыту саласындағы негізгі іс-шаралары туралы ақпарат берілген.
Іс-шаралар | Орындалу мәртебесі | |
---|---|---|
Экологиялық аспект (Environmental) | ||
Парниктік газдар шығарындыларын басқару және төменкөміртекті даму | ||
ҚМГ-дың 2060 жылға дейін Төменкөміртекті даму бағдарламасын өзектендіру | Бағдарлама 2024 жылғы қарашада ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді | |
Төменкөміртекті даму жөніндегі іс-шаралар жоспарын өзектендіру және іске асыру | Жоспар 2025 жылғы 5 наурызда ҚМГ Басқармасының шешімімен бекітілді | |
TCFD ұсынымдары бойынша ақпаратты ашу | 2024 жылға арналған Орнықты даму есебінде ашылады | |
CDP Climate Change сауалнамасындағы деректерді ашу | CDP сауалнамасы толтырылып, тапсырылды. «B» рейтингі алынды | |
Климаттық тәуекелдер туралы ақпаратты корпоративтік сайтта және есептілікте ашу | Ақпарат 2024 жылға арналған Жылдық есепте ішінара ашылған. Толық ақпарат 2025 жылғы есепте ұсынылады | |
МӨЗ-дегі технологиялық шығындар мен жағу нормаларын қайта қарау | АМӨЗ, ПМХЗ және ПҚОП өндірістерінің жаңартылған паспорттары Энергетика министрлігімен бекітілді | |
Су ресурстарын басқару | ||
Су ресурстарын басқару бағдарламасын әзірлеу | Бағдарлама әзірленді | |
Су балансы мен су тұтыну қарқындылығы бойынша деректерді ашу | Ақпарат ҚМГ есептілігіне және CDP-ге енгізілді | |
Су тұтыну көрсеткіштерін есептеу және есептілікте ашу | Су қауіпсіздігі бойынша бөлім CDP корпоративтік сауалнамасына енгізілді | |
CDP Water Security сауалнамасындағы ақпаратты ашу | Деректер CDP сауалнамасында көрсетілді. «B» рейтингі алынды | |
Ластаушы заттардың шығарындыларын басқару | ||
Ластаушы заттар (ЛЗ) шығарындыларын азайту мақсаттарын әзірлеу | Ағымдағы жағдай туралы ақпаратты жинау және талдау жүргізілді. Мақсаттар әзірлену сатысында | |
ЛЗ шығарындыларын азайту бағдарламасын әзірлеу | Бағдарламаның бөлімдері әзірленді. Аяқтау 2025 жылға жоспарланған | |
Ілеспе газды жағу бойынша іс-шараларды ашу | Ақпарат Орнықты даму есебінде көрсетілген | |
Дүниежүзілік Банктің ілеспе газды жағуды тоқтату бастамаларын іске асыру | Шикі газды факельмен жағу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 89 %-ға қысқарды. Ақпарат Орнықты даму есебінде қамтылған | |
Биоалуантүрлілік | ||
Биоалуантүрлілік бағдарламасын әзірлеу | Бағдарлама әзірлену сатысында. Аяқтау 2025 жылға жоспарланған | |
Жерді қалпына келтіру | ||
Бұзылған жерлерді жабу және қалпына келтіру ережелерін әзірлеу | Құжат әзірленді, бекіту 2025 жылға жоспарланған | |
Жерді жабу және қалпына келтіру туралы ақпаратты ашу | Деректер есептілікке енгізілген | |
Тұрақты өнімдер мен технологияларды дамыту | ||
CO2 ұстау, сақтау және пайдалану (CCUS) бойынша пилоттық жоба | Шығарындылар көздерінің скринингі жүргізілді, әрі қарай жұмыстар жалғасуда | |
Көгілдір сутек өндірудің техникалық-экономикалық есептеу әзірлеу | Зерттеулер жүргізілуде | |
Жасыл сутек өндіруге арналған су ресурстары Атласын әзірлеу | Атлас әзірленді | |
SAF (экологиялық таза авиаотын) жобасы бойынша техникалық-экономикалық зерттеу | Зерттеулер Air Astana және ЕҚДБ-мен бірлесіп жүргізілуде | |
Әлеуметтік аспект (Social) | ||
Жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл | ||
Жергілікті қауымдастықтарды дамыту және тарту бағдарламасын әзірлеу | Бағдарлама әзірленуде | |
Жергілікті қауымдастықтарды тарту бойынша ақпаратты ашу | Ақпарат жыл сайын есептілікте ашылады | |
Адам құқықтары | ||
Адам құқықтары жөніндегі саясатты жаңарту | Саясат Директорлар кеңесінің бекітуіне жолданды | |
Адам құқықтары бағдарламасын әзірлеу | 2025 жылға жоспарлануда | |
Адам құқықтарына әсерді бағалауды жүргізу | 2025 жылға жоспарланған | |
Адами капиталды дамыту | ||
ҚМГ Кадр саясатын өзектендіру | Саясат жаңартылып, 2024 жылғы желтоқсанда ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді | |
Адами капитал туралы ақпаратты ашу | Деректер есептілікте ұсынылған | |
«Жасыл кеңсе» жобасын іске асыру | Ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша бірқатар бастамалар енгізілді | |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау | ||
Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Жол картасын өзектендіру | Құжат бекітілді | |
Қауіпсіздік бойынша есептілікті ұсыну ережелерін жаңарту | LTIR және FAR есептеу ережелерін қоса алғанда, есептілік беру қағидалары өзектендірілді | |
Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша деректерді ашу | Деректер жыл сайын ашылады | |
Корпоративтік басқару (Governance) | ||
Директорлар кеңесі | ||
ДК құрамы мен тәуелсіздігі туралы ақпаратты ашу | Деректер есептілікте ұсынылған | |
ДК-дегі әйелдердің үлесін кезең-кезеңімен 30 %-ға дейін ұлғайту | Іске асыру Жол картасына сәйкес жүргізілуде | |
Сыйақы ашықтылығы | ||
ДК және басшылық құрамының сыйақысы туралы ақпаратты ашу | Деректер Жылдық есепке енгізілген | |
Сыйақы жөніндегі комитетке тәуелсіз директорларды сайлау | Комитет толығымен тәуелсіз директорлардан құралған | |
Басшы қызметкерлер мен басқарушы қызметкерлер, ІАҚ басшысы, КХ басшысы, Комплаенс қызметінің басшысы, Омбудсмен қызметінің тиімділігін бағалау қағидаларын орнықты даму бойынша ҚНК ескере отырып өзектендіру және бекіту. | Қағидалар өзектендірілді | |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс | ||
ISO 37001 стандарты бойынша сертификаттау | Дайындық аяқталды, аудит 2025 жылға жоспарланған | |
GRI және OECD Action 13 стандарттары бойынша салықтық ақпаратты ашу | Деректер жыл сайын ҚМГ сайтында жарияланады |
