«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ-НЫҢ
2024 ЖЫЛДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстар

Компанияның экологиялық шығындарына мыналар кіреді:

  • нормативтік эмиссиялар үшін салық төлеу;
  • қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына жұмсалатын шығындар;
  • экологиялық тәуекелдерді сақтандыру;
  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы өтемдік іс-шаралар;
  • қоршаған ортаға әсерді болдырмауға бағытталған инвестициялар.

2015 жылдан бастап мұнай қалдықтарын қайта өңдеуге салынған инвестициялар көлемі үш есеге артты.

2024 жылы қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар 45,4 млрд теңгені құрады. Қаржыландырудың негізгі бағыттары:

  • қалдықтарды қалпына келтіру (қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, кәдеге жарату) және тарихи ластануларды жою;
  • мұнаймен ластанған жерлерді рекультивациялау;
  • өндірістік мониторинг жүргізу, оның ішінде теңіз акваториясында;
  • ластаушы заттардың шығарылуы мен төгінділерін азайту мақсатында тазарту құрылыстарын жаңғырту;
  • тазарту құрылыстары нысандарын жөндеу;
  • шығарылымдарды азайтуға бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар, соның ішінде жанарғылар мен сүзгілерді ауыстыру және орнату, катализаторларды қолдану және өзге де технологиялық шешімдер.

Қоршаған ортаны қорғау заңнамасының талаптарына сәйкестік

GRI 2-27

Компания өндірістік нысандарында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкестікті жүйелі түрде бақылап отырады. Бұл жұмыс шеңберінде ықтимал сәйкессіздіктер анықталып, проблемалық мәселелер талданады және экологиялық тәуекелдер басқарылып отырады, бұл өз кезегінде бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЫППҰЛДАР, МЛН ТЕҢГЕ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЫППҰЛДАР, МЛН ТЕҢГЕ

2024 жылы жалпы сомасы 33 203,2 млн теңге мөлшерінде айыппұл санкциялары ұсынылды, оның ішінде 196 млн теңге төленді. Аталған сомаға ҚМГ-нің бір еншілес ұйымына қатысты 32,3 млрд теңге көлемінде айыппұл енгізілді, қазіргі уақытта бұл талап сот тәртібімен дауланып жатыр.

Компания экологиялық талаптарға толық сәйкестікті қамтамасыз ету, экологиялық тәуекелдерді барынша азайту және қоршаған ортаға әсерді төмендету үшін ең озық қолжетімді технологияларды енгізу бағытындағы жұмысын жалғастыруда.