Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару
2024 жылы ҚМГ компаниялар тобында технологиялық қауіпсіздікті арттыру және апаттық жағдайлардың алдын алу шеңберінде өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесі (PSM) дамытылуда.
Басты бағыттардың бірі – қайта өңдеу саласындағы ЕТҰ: ПМХЗ, АМӨЗ, ПҚОП және KPI ұйымдарында өзгерістерді басқару жүйесін (MOC) енгізу болып табылады. Бұл үдеріс аясында келесі құжаттар әзірленіп, енгізілді:
- Бизнес-процестер мен логикасы сипатталған MOC регламенті;
- Өзгерістерді бақылау тобының функцияларын қамтитын өзгерістерді басқару рәсімі;
- Технологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау тиімділігін арттыруға бағытталған процестердің қауіптілігін талдау (PHA) рәсімі.
2024 жылдың соңында ҚМГ мен ЕТҰ-дағы корпоративтік құжаттаманы халықаралық талаптарға сәйкестендіру мақсатында талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша құжаттарды әзірлеу жоспары қалыптастырылды, оған PSM стандарты және CCPS RBPS (Center for Chemical Process Safety – тәуекелге негізделген өндірістік қауіпсіздік) әдістемесінің 20 элементі енгізілді.
2025 жылғы маңызды жетістіктердің бірі – CCPS RBPS стандартын корпоративтік мақсаттарда қолдануға ресми рұқсат алу болмақ. Бұл ҚМГ-ге технологиялық қауіпсіздікті басқаруға әлемдік озық тәжірибелерді интеграциялауға мүмкіндік береді. CCPS мүшелігі халықаралық тәжірибе мен тәуекелдерді талдаудың озық әдістеріне қол жеткізуге жол ашады, бұл ҚМГ-ге өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және күрделі апаттардың туындау ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.
Өзгерістерді басқару жүйесі аясында келесі негізгі дерекқорларды құру жоспарланған:
- PSI (Process Safety Information) – техникалық құжаттаманы қоса алғанда, процестердің қауіпсіздігі жөніндегі ақпарат;
- Технологиялық тәуекелдер тізілімі – тәуекелдерді бағалау және жіктеу базасы;
- MOC дерекқоры – өзгерістерді басқаруға арналған орталықтандырылған платформа;
- Оқиғалар тізілімі – апаттардың алдын алу үшін оқиғаларды тіркеу және талдау жүйесі.
Сонымен қатар, ЕТҰ қызметкерлерін өзгерістерді басқарудың жаңа бизнес-процесі және HAZOP әдісімен тәуекелдерді бағалау бойынша оқыту жоспары әзірленетін болады. Компания ішіндегі құзыреттердің тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, ЕТҰ қызметкерлерін оқытатын CPSC RBPS стандарты бойынша функционалдық кеңесшілерді даярлау және сертификаттау жоспарланған.
2025 жылға жоспарланған іс-шаралар кешені қауіпсіздікті басқаруды жүйелі түрде жетілдіруге, тәуекелдерді бағалаудың заманауи әдістемелерін енгізуге және ЕТҰ қызметкерлерінің технологиялық қауіпсіздік саласындағы кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.