«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ-НЫҢ
2024 ЖЫЛДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

Мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және өткізу

2024 жылы ҚМГ 23 837 мың тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді (тәулігіне 490 мың баррель), бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 %-ға артық. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 1,0 %-ға ұлғайып, 9 554 млн м3-ге жетті.

Мұнайды магистральдық және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 3,9 %-ға өсіп, 83 478 мың тоннаны құрады.

Меншікті өндірілген мұнай мен газ конденсатын өткізу көлемі 1,4 %-ға 24 019 мың тоннаға дейін ұлғайды, оның 64,5 %-ы экспортталды.

Ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеу мақсатында ҚМГ-ның меншікті мұнайы мен газ конденсаты бойынша жеткізілім көлемі 8 519 мың тоннаны құрады, оның ішінде: 5 224 мың тонна шикі мұнай (операциялық активтерден – «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПетроҚазақстан Ойл Продактс – ПҚОП) одан әрі қайта өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу үшін бағытталды.

Мұнай өнімдерін қайта өңдеу және өткізу

Қазақстандық және румындық зауыттардағы мұнай өнімдерін өндіру көлемі 17 949* мың тоннаны құрап, 1,3 %-ға1 төмендеді.

ҚМГ-ның меншікті мұнай өнімдерін көтерме өткізу көлемі 6,7 %-ға артып, 5 272 мың тоннаға жетті. Бұл өсім «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ тарапынан мұнай жеткізілімі көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ 2023 жылдан өткен дизель отынының қалдықтары есебінен қосымша көлемдердің өткізілуімен байланысты.

1 Мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі орнықты даму есептердегі деректер 2024 жылғы өндірістік нәтижелерге (жедел есепте) енгізілмеген өзге де мұнай өнімдерін (Нафта, газойл және басқалар) қамтиды.