КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
Компания бейіні
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы.
ҚМГ «Ел экономикасының мұнай-газ секторында мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 248 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 ақпандағы № 811 қаулысына сәйкес құрылды. ҚМГ «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы», «Мұнай және газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарының және «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамының құқықтық мирасқорына айналды. ҚР Үкіметі атынан ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ҚМГ құрылтайшысына айналды.
Акционерлік капитал құрылымы
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ акционерлері:

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» Республикалық мемлекеттік мекемесі

«ҚР Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі

KASE және AIX биржаларындағы еркін айналымдағы акциялар
Топ құрылымы
ҚМГ тобына ҚМГ тікелей немесе жанама түрде дауыс беретін акциялардың (үлестердің) 50 %-дан астамына иелік ететін 105 компания кіреді. Оның ішінде 55 компания Қазақстанда, қалған активтер Румынияда, Грузияда, Швейцарияда, Нидерландыда, Канадада, Болгарияда, Молдовада, Ресейде, Түркияда, Ұлыбританияда, Германияда, БАӘ-де, Гибралтарда, Британ Виргин аралдарында, Маршалл аралдарында, Багам аралдарында және Мэн аралында орналасқан.
Топ құрылымындағы өзгерістер
Топтағы заңды тұлғаларды қысқарту, оның ішінде ЕТҰ тарату/қайта ұйымдастыру есебінен қысқарту жекешелендіру бағдарламалары мен дивестициялар шеңберінде жүргізіледі.
ҚМГ жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған жаңартылған кешенді жоспары мыналарды қамтиды:
- сатылатын 53 компания;
- ҚМГ IPO периметріне енгізілген 94 компания;
- Өткізу және қайта ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы белгілейтін ҚМГ тобы бойынша 7 компания.
2024 жылғы 13 қарашада ҚМГ Директорлар кеңесі 2024 жылдан 2025 жылға дейін 7 компанияны шығаруды көздейтін ҚМГ стратегиялық емес активтерінің жаңартылған тізбесін бекітті. 2024 жылғы тізімге сәйкес:
- 2 компания таратылды (Snow Leopard International Inc., «ҚМГ-Устюрт» ЖШС);
- 2 компанияда қатысу үлестері іске асырылды («Karaton Operating Ltd.» ЖК, «Силлено» ЖШС).
Бұдан басқа, 2024 жылы дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ҚМГ-ға тиесілі компаниялар тізіміне кірмейтін мынадай компаниялар шығарылды/құрылды.
- 3 компания таратылды («АктауОйлМаш» ЖШС, Caspi Meruerty Operating Company B.V., BIO ADVANCED ENERGY SAS);
- 2 компания құрылды (Mangistau Power B.V., Mangistau Renewables B.V.).

ҚЫЗМЕТ ГЕОГРАФИЯСЫ

БАС КЕҢСЕ ҚМГ
Астана қаласында орналасқан, сондай-ақ Ақтау қаласында өкілдігі бар.