«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ-НЫҢ
2024 ЖЫЛДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
icon 0
icon 1
icon 2
icon 3
icon 4
icon 5
icon 6
icon 7
icon 8
icon 9
icon 10
icon 11
icon 12
icon 13
icon 14
icon 15
icon 16
icon 17

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз қызметінде орнықты дамуға қол жеткізуге ұмтыла отырып, бизнес-стратегиясына БҰҰ-ның негізгі қағидаттарын, жаһандық үрдістерді, Қазақстанның даму басымдықтары мен жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялайды. Компания БҰҰ-ның барлық 17 Орнықты даму мақсатына (ОДМ) бейілді және оларды іске асыруға белсенді қатысады.

Стратегиялық бағыттар мен негізгі міндеттерді ескере отырып, ҚМГ 10 басым ОДМ мен оларға сәйкес келетін 24 міндетке қол жеткізуге үлес қосуға басымдық береді. Бұл мақсаттар Компанияның тиімділігін арттыруға және өндірістік қуаттарды дамытуға, еңбек жағдайларын жақсартуға, қызметкерлерге мүмкіндіктер жасауға, жергілікті қауымдастықтарды қолдауға, қоршаған ортаны қорғауға және инновацияларды дамытуға бағытталған стратегиялық бастамалар арқылы іске асырылады.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау және халықаралық стандарттарды сақтау Компанияға орнықты болашаққа дәйекті түрде ілгерілеуге мүмкіндік береді.

Міндеттер

ҚМГ салымы

Жақсы денсаулық және әл-ауқат

3.6. Жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болғандар мен жарақаттар санын қысқарту

3.8. Денсаулық сақтау қызметтерімен қамтуды, оның ішінде сапалы негізгі медициналық-санитарлық қызметтерге қол жеткізуді және қауіпсіз, тиімді, сапалы және арзан негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға қол жеткізуді қамтамасыз ету

3.9. Қауіпті химиялық заттар мен ластанудың, ауаның, судың және топырақтың улануының салдарынан болатын өлім мен аурудың санын едәуір азайту

Басымдық

Саламатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста әл-ауқатты болуға ықпал ету

2024 жылғы нәтижелер:

  • ҚМГ-нің 7 ЕТҰ-да көлікті басқару диагностикасы жүргізіліп, «Сапарларды басқару» жобасын тираждау бойынша жол карталары бекітілді.
  • ҚМГ ЕТҰ-ның 3 837 қызметкері және мердігер ұйымдардың 2 106 қызметкері «Defensive driving» курсы бойынша оқытылды.
  • ҚМГ ЕТҰ-ның 18 265 қызметкері және мердігер ұйымдардың 1 490 қызметкері қауіпсіздік белдігін пайдалану бойынша практикалық көрсетілімге қатысты.
  • ҚМГ қызметкерлерінің 100 %-ы медициналық сақтандыру бағдарламасымен қамтылды.

Негізгі бастамалар:

  • «Сапарларды басқару» жобасы – қозғалыс қауіпсіздігіне басымдық бере отырып, көлікті басқару жүйесін енгізу.
  • 2024–2028 жылдарға арналған персоналды сауықтыру бағдарламасы – созылмалы аурулары бар қызметкерлердің жағдайын бақылау, алдын алу, ауысым алдындағы тексерулердің инновациялық әдістері, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту.
  • Медициналық сақтандыру – қызметкерлерге тұрақты медициналық тексерулер мен вакцинация жүргізу.
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі қызметкерлердің көшбасшылығы мен адалдығы кодексі.
  • «Қорғау» картасы – еңбек жағдайындағы қауіпті жағдайларды анықтау және алдын алу.

Гендерлік теңдік

5.1. Барлық әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою

5.5. Әйелдердің жан-жақты және нақты қатысуын және олар үшін саяси, экономикалық және қоғамдық өмірде шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде көшбасшылық үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету

Басымдық

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту

2024 жылғы нәтижелер:

  • Жұмысқа қабылдау кезінде конкурстық рәсімдер кемсітушілікке жол бермейді.
  • ҚМГ-нің Директорлар кеңесі мен Бақылау кеңестеріндегі әйелдердің үлесі: 2024 жылы – 13 % (мақсат – 2030 жылға қарай 30 %).

Негізгі бастамалар:

  • ҚМГ тобы компанияларының жоғары басқару құрамындағы әйелдердің үлесін 2030 жылға дейін 30 %-ға дейін арттыру.
  • WEP’s бастамасын енгізу, оның ішінде гендерлік алшақтыққа өзіндік бағалау жүргізу және гендерлік құрам бойынша деректерді ашу.
  • ҚР еңбек заңнамасының кемсітушілікке жол бермеу бөлігін қатаң сақтау.

Қымбат емес және таза энергия

7.1. Арзан, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға қол жеткізуді қамтамасыз ету

7.b. Заманауи және орнықты энергиямен жабдықтау үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту

Басымдық

  • Өндірістің энергия тиімділігін арттыру
  • Таза энергия үлесін ұлғайту

2024 жылғы нәтижелер:

  • 2024 жылы энергия үнемдеу саласында 70 іс-шара іске асырылып, 2,36 млн ГДж отын-энергетикалық ресурстары үнемделді, бұл парниктік газдар шығарындыларын 174,9 мың тонна CO2-ге азайтуға тең.
  • Технологиялық жабдықтарға энергетикалық аудит жүргізілді.
  • 2023–2024 жылдары 20 000 «жасыл» I-REC сертификаты сатып алынды.
  • ҚМГ тобы компанияларында Энергетикалық саясат және Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруды басқару регламенті бекітілді.

Негізгі бастамалар:

  • Жабдықты жаңғырту және автоматтандырылған есепке алу жүйелерін енгізу арқылы энергия тиімділігін арттыру.
  • ЖЭК дамыту: Total Eren компаниясымен бірлескен ЖЭС жобалары (1 ГВт) және Eni компаниясымен бірлескен гибридтік электр станциясы (247 МВт).
  • «Жасыл» электр энергиясын сатып алу (2031 жылға қарай жалпы көлемнің 15 %-ы).
  • Этанол негізінде тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру.

Лайықты жұмыс және экономикалық өсу

8.5. Әйелдер мен ерлер, соның ішінде жастар мен мүгедектер үшін толық және нәтижелі жұмыспен және лайықты еңбекпен және бірдей еңбекақымен қамтамасыз ету

8.6. Жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дағдыларды игермейтін жастардың үлесін айтарлықтай азайту

8.8. Еңбек құқықтарын қорғау және барлық жұмысшылар үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Басымдық

Үдемелі, толық қамтылған және орнықты экономикалық өсуге, толық және нәтижелі жұмыспен қамтуға және лайықты жұмысқа жәрдемдесу

2024 жылғы нәтижелер:

  • ҚМГ 49 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
  • «Жас маман», Дуальді оқыту, «Стажер», «KMGE School» сияқты жас мамандарды дамыту бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Негізгі бастамалар:

  • Жастарды тарту бағдарламалары, түлектерді оқыту және жұмысқа орналастыру, тар бағыттағы мамандарды даярлау және тәжірибеден өткізу.
  • Ұжымдық шарттар арқылы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау (50-ден астам жеңілдік түрі).

Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым

9.1. Адамдардың экономикалық дамуы мен әл-ауқатын қолдау мақсатында өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, орнықты және тұрақты инфрақұрылымды негіздеу

9.4. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза және экологиялық таза технологиялар мен өндірістік процестерді кеңінен қолдану арқылы оларды орнықты ете отырып, инфрақұрылымды жаңарту және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау

Басымдық

Тұрақты инфрақұрылым құру, орнықты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу

2024 жылғы нәтижелер:

  • Өндіру деректері мен процестерін басқару тиімділігін арттыру үшін ABAI ақпараттық жүйесінің 6 модулі енгізілді.
  • Енгізілген шешімдер нәтижесінде қосымша мұнай өндірілді және ұңғымаларды жөндеу саны азайтылды.
  • «Цифрлық азамат» курсы әзірленді.

Негізгі бастамалар:

  • ҚМГ тобының барлық өндірістік ақпаратын орталықтандыру және оны жасанды интеллект пен машиналық оқыту арқылы өңдеу үшін ABAI ақпараттық жүйесін дамыту және енгізу.
  • Қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған «Цифрлық азамат» бағдарламасы.
  • Энергия тұтынуды оңтайландыру және технологиялық жабдықты жаңғырту.

Тұрақты қалалар және елді мекендер

11.2. 2030 жылға қарай жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, атап айтқанда, осал жағдайдағы адамдардың, әйелдердің, балалардың, мүгедектердің және қарттардың қажеттіліктеріне ерекше назар аудара отырып, қоғамдық көлікті пайдалануды кеңейту негізінде барлығының қауіпсіз, арзан, қолжетімді және экологиялық тұрақты көлік жүйелерін пайдалана алуын қамтамасыз ету

11.6. 2030 жылға қарай қалалардың жан басына шаққандағы теріс экологиялық әсерін азайту, оның ішінде ауа сапасына және қалалық және басқа да қалдықтарды жоюға ерекше назар аудару арқылы азайту

Басымдық

Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету

2024 жылғы нәтижелер:

  • «Таза Қазақстан» акциясына қатысу:
    • Тазалау және абаттандыру бойынша 75 іс-шара өткізілді.
    • 10 мыңнан астам адамның қатысуымен 235 сенбілік ұйымдастырылып, 240 тонна қалдық жиналды.
    • 60 жасыл желектерді әктеу іс-шарасы өткізіліп, шамамен 170 мың ағаш қамтылды.
  • Ластаушы заттар шығарындыларын автоматтандырылған мониторингтеу жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
  • 2021 жылдан бастап ҚМГ тобы бойынша жалпы саны 200 000-ға жуық ағаш отырғызылды, оның ішінде 2024 жылы – 97 мыңнан астамы.

Негізгі бастамалар:

  • Электромобильдерге арналған қуаттау инфрақұрылымын дамыту.
  • Қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңімен азайтуға бағытталған қолжетімді ең озық технологияларды енгізу.
  • Ластаушы заттар шығарындыларын азайту бағдарламасын әзірлеу.
  • Дүниежүзілік банк бастамасы – «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын жүйелі түрде факелде жағуды толық тоқтату» жобасын іске асыру.
  • «Жасыл белдеу» құру – көгалдандыру жобалары.
  • Қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту мақсатындағы «Таза Қазақстан» бастамасына қатысу.

Жауапты тұтыну және өндіріс

12.4. Келісілген халықаралық қағидаттарға сәйкес химиялық заттарды және олардың бүкіл өмірлік циклі бойындағы барлық қалдықтарды экологиялық тұрғыдан ұтымды пайдалануға қол жеткізу және олардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа түсуін айтарлықтай азайту

12.5. 2030 жылға қарай қалдықтардың пайда болуын болдырмау, оларды азайту, өңдеу және қайта пайдалану бойынша шаралар қабылдау арқылы олардың көлемін едәуір азайту

12.6. Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық компанияларға тұрақты өндіріс әдістерін қолдануға және өз есептерінде ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ақпаратты көрсетуге кеңес беру

Басымдық

Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету

2024 жылғы нәтижелер:

  • 2018–2024 жылдар аралығында 4,5 млн тонна тарихи мұнай қалдықтары қайта өңделді.
  • Су ресурстарын басқару бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Негізгі бастамалар:

  • Тарихи жинақталған мұнай қалдықтарын кәдеге жарату бағдарламасы.
  • АМӨЗ-дегі ағынды суларды тазартуға бағытталған «Тазалық» жобасы.
  • Қалдықтарды басқару стандартының енгізілуі.
  • Су ресурстарын басқару бағдарламасы.
  • «Жасыл» кеңселерді және қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамыту.

Климаттың өзгеруімен күрес

13.2. Климаттың өзгеруіне ден қою шараларын саясатқа, стратегияларға және жоспарлауға енгізу

13.3. Климаттың өзгеруінің ауырлығын азайту және әлсірету және адамдар мен мекемелерді оларға бейімдеу және ерте алдын алу бойынша ағарту жұмыстарын жақсарту, ол туралы ақпарат тарату

Басымдық

Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы шұғыл шаралар қабылдау

2024 жылғы нәтижелер:

  • ҚМГ-нің 2060 жылға дейінгі төменкөміртекті даму бағдарламасы бекітілді.
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның парниктік газдар шығарындыларын мониторингтеу және есептілік жүргізу бойынша корпоративтік әдістемесі өзектендірілді. Бұл әдістеме Scope 1, 2 және 3 санаттарын толық қамтиды және түгендеу, есепке алу мен есептілік тәсілдерін қамтиды.
  • Сутек Атласы әзірленіп, жасыл сутек бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Лабораториялық жұмыстар аясында сутекті сақтауға арналған темір мен титан қорытпаларының үлгілері алынды.
  • Air Astana компаниясымен және ЕҚДБ қолдауымен Қазақстанда тұрақты авиаотын (SAF) өндіру әлеуеті бойынша технико-экономикалық зерттеу аяқталды.
  • Павлодар облысында орман-климаттық жобаны іске асыруға арналған учаскелер анықталып, парниктік газдарды сіңіру әлеуеті бағаланды және көгалдандыру бойынша Жұмыс жобасы әзірленді.
  • OGMP 2.0 бастамасына қосылып, UNEP ұйымына метан шығарындылары бойынша алғашқы есеп ұсынылды.
  • ҚМГ мамандары метан ағып кетулерін басқару бойынша оқытылып, ҚМГ-нің екі еншілес ұйымында метан ағып кетуінің далалық өлшемдері жүргізілді.
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобы үшін метан шығарындыларын басқаруға арналған Нұсқаулық бекітілді.
  • COP-28 конференциясында ҚМГ мұнай-газ секторын декарбонизациялау жөніндегі Хартияға қосылды.

Негізгі бастамалар:

  • Ішкі көміртекті баға белгілеу жүйесін енгізу.
  • Carbon Disclosure Project (CDP) шеңберіндегі қатысу және TCFD стандарты бойынша климаттық тәуекелдерді ашып көрсету.
  • Метан шығарындыларын басқару бойынша халықаралық серіктестермен бірлескен жұмыс (Carbon Limits, International Finance Corporation, Tetra Tech Inc).
  • ҚМГ – БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының OGMP 2.0 метан бастамасының қатысушысы.
  • Мұнай-газ секторын декарбонизациялау жөніндегі Хартияның қатысушысы.
  • Chevron корпорациясымен бірлесіп Павлодар облысында орман-климаттық офсет жобасы іске асырылуда.

Құрлық экожүйелерін сақтау

15.3. Шөлейттенуге қарсы күрес жүргізу, тозуға ұшыраған жерлер мен топырақты, соның ішінде шөлейттену, құрғақшылық және су тасқынынан зардап шеккен жерлерді қалпына келтіру және жердің жағдайын нашарлатпауға тырысу

15.5. Табиғи мекендеу орындарының тозуын тежеу, биологиялық әртүрліліктің жоғалуын тоқтату және жойылып кету қаупі төнген түрлердің сақталуын және жойылып кетуін болдырмау үшін маңызды шаралар қабылдау

Басымдық

Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері қайтару және биологиялық әртүрліліктің жоғалу процесін тоқтат

2024 жылғы нәтижелер:

  • Арал теңізінің құрғаған табанында 15 мың га аумақта 4,5 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.
  • АМӨЗ-дағы булану алқаптарын қалпына келтіру және ағын каналдарын қайта жаңарту жобасы іске асырылуда.
  • Ластанған жерлерді қалпына келтіру және ластаушы заттардың төгінділерін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Негізгі бастамалар:

  • Күн сайын 50 мың м³ су өндіретін Кендірліде тұщыландыру зауытын салу.
  • Жерлерді қалпына келтіру.
  • Биологиялық алуантүрлілікті сақтау бағдарламасын әзірлеу және табиғатты қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық.
  • Қоршаған ортаға әсерді азайту бойынша шаралар иерархиясы қағидаттарын енгізу (алдын алу, азайту, қалпына келтіру, өтеу).
  • Қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту мақсатында «Тазалық» экологиялық жобасын іске асыру.

Орнықты даму үшін серіктестік

17.1. Салықтар мен басқа да кірістерді жинау бойынша ұлттық мүмкіндіктерді арттыру мақсатында ішкі көздерден алынатын, оның ішінде дамушы елдердің халықаралық қолдауының арқасында алынатын ресурстарды жұмылдыруды күшейту

17.16. Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау үшін білімді, тәжірибені, технологияны және қаржылық ресурстарды жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен серіктестіктермен толықтырылған орнықты даму мүдделерінде Жаһандық серіктестікті нығайту

17.17. Серіктестіктердің ресурстарын пайдалану тәжірибесі мен стратегияларына сүйене отырып, мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік және жеке секторлар мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы тиімді серіктестікті ынталандыру және көтермелеу

Басымдық

Орнықты даму мүддесінде Жаһандық әріптестік шеңберінде жұмысты жүзеге асыру құралдарын нығайту және жандандыру

2024 жылғы нәтижелер:

  • ҚМГ жыл сайын салықтар, мемлекетке төлемдер және өзінің қызметі туралы ақпаратты ашып көрсетеді, бұл ретте ашықтықтың үздік стандарттарын ұстанады.
  • Компания орнықты даму саласындағы жобаларды іске асыруда халықаралық агенттіктермен және мемлекетаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Негізгі бастамалар:

  • Салық есептілігін ашу, соның ішінде GRI стандарты және OECD Action 13 ел бойынша есептілік бастамасы бойынша.
  • Орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және шығарындыларды азайту жөніндегі халықаралық бастамаларға қатысу.
  • Корпоративтік басқарудың ашықтығын арттыру.