Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласын цифрландыру
2024 жылы ҚМГ өнеркәсіптік қауіпсіздік (ӨҚ), еңбекті қорғау (ЕҚ) және қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) салаларындағы процестерді цифрландыру жұмысын жалғастырды. Бұл шаралар тәуекелдерді басқару тиімділігін арттыруға және оқиғаларды барынша азайтуға бағытталған.
«Сапарларды басқару» жобасын кезең-кезеңімен енгізу аясында ОТК, ОСК және ОКК мұнайсервистік ұйымдарында көлік процестерінің диагностикасы жүргізіліп, оны жүзеге асыру бойынша жол карталары әзірленіп, бекітілді. 2024 жылы «Сапарларды басқару» жүйесі ОСК-де пилоттық режимде іске қосылды. 2025 жылы бұл жүйені ОТК, ОКК және ОМС кәсіпорындарында енгізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 2023–2024 жылдары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласын цифрландыру шеңберінде «Ембімұнайгаз» АҚ мен «ҚазГерМұнай» БК ЖШС-де электрондық наряд-рұқсаттар жүйесі енгізілді.
2024 жылы қауіпті технологиялық операциялар мен ұңғымаларды жер асты жөндеу кезінде оқиғалардың алдын алуға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша интеллектуалды автоматтандырылған «TUMAR» жүйесі әзірленді.
ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ салаларындағы процестерді одан әрі цифрландыру ҚМГ-ге өндірістік объектілердегі қауіпсіздік деңгейін бақылауды күшейтуге, адами фактордың әсерін азайтуға және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.