«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ-НЫҢ
2024 ЖЫЛДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

2006 жылдан бастап ҚМГ БҰҰ-ның Жаһандық шартына мүше және оның белсенді қатысушысы болып табылады. Компанияның жыл сайынғы орнықты даму есебі – БҰҰ Жаһандық шарты қағидаттарын іске асыру бойынша ілгерілеу туралы есебіміз болып табылады.

Сала

Қағидат

Адам құқықтары

1. Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жария етілген адам құқықтарын қорғауды қолдап, құрметтеуге тиіс.

2. Іскерлік топтар адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс.

Еңбек қарым-қатынастары

3. Іскерлік топтар бірігу еркіндігін және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауы тиіс.

4. Іскерлік топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық нысандарын жою үшін әрекет етуге тиіс.

5. Іскерлік топтар балалар еңбегін толық жоюды қолдауы тиіс.

6. Іскерлік топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдауы тиіс.

Қоршаған орта

7. Іскерлік топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдауы тиіс.

8. Іскерлік топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.

9. Іскерлік топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

10. Іскерлік топтар бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы тұруға тиіс.

Аталған қағидаттар ҚМГ-дың орнықты дамуға және мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді құндылықты қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бастамаларының негізі болып табылады.