Есеп туралы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ орнықты даму саласындағы өз қызметі туралы есептілікті дайындауды 2008 жылдан бастап жыл сайынғы негізде жүргізіп, 2012 жылдан бастап есептілікті Жаһандық есептілік бастамасына (Global Reporting Initiative – GRI) сәйкес жариялап келеді. Мүдделі тараптар алдында өз қызметінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ жыл сайын орнықты дамуға, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жауапкершілікке өзінің көзқарасын жариялайды.
2024 жылға арналған есеп GRI стандарттарына, соның ішінде GRI 11: Мұнай және газ секторы 2021 салалық қосымшасына сәйкес дайындалған. Есепті кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін.
Есепте ұсынылған деректердің объективтілігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында құжат сыртқы верификациядан өтті. Верификаторды таңдау «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу рәсіміне сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Есептің шекаралары дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында ҚМГ-ге тікелей немесе жанама түрде тиесілі ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарын, сондай-ақ ҚМГ қызметін бақылауға құқылы заңды тұлғаларды қамтиды (толығырақ « Көрсеткіштерді есептеу периметрі» бөлімін қараңыз).
Көрсеткіштер бойынша деректерді салыстыру және салыстырмалау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ақпарат бірнеше жыл ішіндегі динамикада ұсынылған.
ҚМГ Орнықты дамуы туралы есебі ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі және корпоративтік интернет-сайтта жариялау және баспа нұсқасын тарату арқылы мүдделі тараптардың назарына жеткізіледі.
ҚМГ-ның орнықты дамуы туралы есептер электрондық форматта мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚМГ веб-сайтында қолжетімді: https://www.kmg.kz/ru/sustainable-development/. Есептің интерактивті нұсқасы ҚМГ сайтында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған: https://www.kmg.kz/ru/sustainable-development/.
ҚМГ-нің есептілігі GRI тұрақты даму стандарттарына сәйкес дайындалып, әртүрлі есепті кезеңдер бойынша деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.
Тұрақты даму саласындағы халықаралық бастамаларды басшылыққа ала отырып, ҚМГ БҰҰ-ның Жаһандық шартындағы қағидаттарды ұстанады және Тұрақты даму мақсаттарын өз қызметіне біріктіреді. Аталған есеп ҚМГ-нің осы бастамалар шеңберіндегі ілгерілеуі туралы баяндайды.
Осы есепті дайындаудың мақсаты – Компанияның стратегиялық басымдықтары, тұрақты даму және ESG бастамалары саласындағы күш-жігері туралы мүдделі тараптарды хабардар ету, сондай-ақ қоғам мен бизнес үшін ұзақ мерзімді құндылық құруға бағытталған қызметті көрсету болып табылады.
Есептіліктің шекаралары
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның есептілік шектері Компанияның тікелей немесе жанама түрде дауыс беру акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 %-ы және одан да көп мөлшеріне иелік ететін еншілес және тәуелді ұйымдарын, сондай-ақ ҚМГ-нің қызметін бақылау құқығы бар заңды тұлғаларды қамтиды.
Шоғырландырылған есептілік
2024 жылғы 31 желтоқсан жағдайына шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізілген ұйымдар:
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ |
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС |
«ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС |
Cooperative KazMunayGas PKI U.A. |
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС |
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС |
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС |
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС |
KMG Kashagan B.V. |
KMG International N.V. |
Dunga Operating GmbH |
«KMG Drilling&Services» ЖШС |
«ҚазТрансОйл» АҚ |
|
Бөлімдер мен көрсеткіштер бойынша есептіліктің шекаралары
- Корпоративтік басқару: меншік үлесіне қарамастан, ҚМГ-ның барлық еншілес және тәуелді ұйымдарын қамтиды.
- Қаржылық және өндірістік нәтижелер: пхалықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес жасалған шоғырландырылған есеп негізінде ұсынылған.
- Персоналды басқару: ең үлкен штаты бар ұйымдарды қамтиды.
- Әлеуметтік саясат: әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысатын негізгі еншілес ұйымдарға қолданылады.
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау – негізгі өндірістік ұйымдарды қамтиды.
- Су ресурстарын қорғау: су ресурстарын елеулі көлемде пайдаланатын кәсіпорындарды қамтиды.
- Парниктік газдар шығарындылары: мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу салаларында жұмыс істейтін ірі ұйымдарды қамтиды.
- Атмосфералық ауаны қорғау: ошығарындылар көлемі ең жоғары ұйымдарды қамтиды.
- Шикі газды ұтымды пайдалану: ілеспе мұнай газының ең көп көлеміне ие компанияларға қолданылады.
- Энергия ресурстарын пайдалану және энергия тиімділігін арттыру: энергияны ең көп тұтынатын өндірістерді қамтиды.
- Қалдықтарды басқару: мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу салаларындағы ірі ұйымдарды қамтиды.