Өтініштер мен шағымдарды беру тетіктері
Компания өтініштер мен шағымдарды беру тетіктерінің қолжетімді болуына ерекше мән береді, олардың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Мүдделі тараптар үшін бұзушылықтар туралы хабарлау, кеңес алу және олардың қаралу барысын бақылау мүмкіндігін беретін бірнеше арнайы арна ұсынылған.
Өтініштерді беру бойынша негізгі арналары
Сыбайлас жемқорлық және алаяқтық мәселелері бойынша жедел желі (Hotline)
Сыбайлас жемқорлық пен комплаенс мәселелері бойынша ҚМГ-нің жедел желісін халықаралық KPMG компаниясы тәуелсіз түрде басқарады, бұл өтініш берушілердің қорғалуын және өтініштердің объективті қаралуын қамтамасыз етеді. Бұл арна арқылы сыбайлас жемқорлық қатерлері, мүдделер қақтығысы және өзге де әдепке сай емес әрекеттер туралы хабарлауға болады.
Қалай жүгінуге болады?
- Жедел желі нөмірі: 8 (800) 080-47-47
- WhatsApp: 8 (771) 191-88-16
- Email: mail@sk-hotline.kz
- Интернет-портал: www.sk-hotline.kz
Қандай өтініштер қабылданады?
- Сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілер
- ҚМГ қызметкерлері мен серіктестерінің жұмысына қатысты мүдделер қақтығысы
- Корпоративтік этика нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты бұзу
- Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу күдігі
Компания өтініш берушілердің толық құпиялылығын және қудалаудан қорғалуын қамтамасыз етеді. Өтініштерді қарау үдерісі халықаралық іскерлік этика стандарттарына толық сәйкес жүргізіледі.
Келіп түскен өтініштерді тіркеу және өтініш иесіне жауап беру процесі толық автоматтандырылған. Барлық өтініштер «жедел желі» операторынан ҚМГ компаниялар тобының комплаенс-офицерлеріне нақты уақыт режимінде жолданады.
Комплаенс қызметі тоқсан сайын келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері туралы ақпаратты ҚМГ Аудит комитетіне және Директорлар кеңесіне жеткізіп отырады.
Бірыңғай орталықтандырылған «НЫСАНА» жедел желісі
«НЫСАНА» (NYSANA) жедел желісі әлеуметтік және еңбек қатынастарына қатысты мәселелер бойынша өтініштерді қабылдау үшін құрылған. Бұл арна Компания қызметкерлеріне де, әлеуетті бұзушылықтарға тап болған өзге де мүдделі тараптарға да арналған.
Қалай жүгінуге болады?
- Жедел желі нөмірі: 8 (800) 080-30-30
- WhatsApp: 8 (778) 120 99 11
- Email: nysana@cscc.kz
- Интернет портал: nysana.cscc.kz
- ҚМГ-нің ішкі корпоративтік порталы арқылы қолжетімділік
Қандай өтініштер қабылданады?
- Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтар
- Еңбек даулары
- Әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты өзге де мәселелер
Жедел желі тәулік бойы және анонимді түрде жұмыс істейді, барлық өтініштер құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып қаралады.
Aзаматтардың барлық өтініштері үшін бірыңғай ақпараттық жүйе – E-Otinish
«E-Otinish» платформасы – Қазақстандағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өңдеуге арналған бірыңғай цифрлық жүйе. Бұл арна өтініштерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашық әрі тиімді қарауды қамтамасыз етеді.
Қалай жүгінуге болады?
Өтінішті келесі жолдармен жолдауға болады:
- Ресми сайт арқылы: https://eotinish.gov.kz
- App Store және Google Play платформаларында қолжетімді «E-Otinish» мобильді қосымшасы арқылы
- Қазақстан аумағындағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы
Жүйенің артықшылықтары:
- Әрбір өтінішке бірегей нөмір берілетін автоматты тіркеу
- Өтініштің қаралу мәртебесін қадағалау мүмкіндігі
- Белгіленген мерзімде ресми жауап беру кепілдігі
Өтініштер статистикасы
Комплаенс және этика мәселелері жөніндегі жедел желі (Hotline)
2024 жылы комплаенс бойынша жедел желіге 115 өтініш түсті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 %-ға көп. Бұл қызметкерлер мен контрагенттердің белсенділігі мен қызығушылығының артқанын, сондай-ақ жедел желінің танымалдығының артуын және ҚМГ-де комплаенс функциясына деген сенімнің нығаюын көрсетеді. Өтініштердің ең өзекті тақырыптары сыбайлас жемқорлық, еңбек даулары және сатып алулар салаларына қатысты болды.
Бірыңғай орталықтандырылған «НЫСАНА» жедел желісі
Есептік кезеңде «Нысана» байланыс арнасы, электрондық пошта және Омбудсменмен жеке кездесулер арқылы қызметкерлердің құқықтарының бұзылуы және әлеуметтік-еңбек даулары мәселелері бойынша 112 өтініш келіп түсті. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша омбудсмен тарапынан өтініш берушілерге тиісті ақпарат берілді. Бұл жұмыс өтініштердің мұқият зерттелуін және қызметкерлерге уақытылы жауап қайтаруды талап етті.
Қаралған өтініштердің қатарында:
- Басшылар тарапынан қысым көрсетуге байланысты шағымдар қаралып, тәртіптік жаза қолдану шаралары қабылданды.
- Түсіндіру кездесулері мен консультациялар өткізу арқылы еңбек даулары шешілді.
Aзаматтардың барлық өтініштері үшін бірыңғай ақпараттық жүйе – E-Otinish
2024 жылы ҚМГ-ге «E-Otinish» жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 1 289 өтініш келіп түсті.
Өтініштермен жұмыс істеу регламенті
ҚМГ-ге келіп түскен өтініштер 2024 жылы Директорлар кеңесі бекіткен Өтініштерді қарау регламентіне сәйкес өңделеді. Бұл құжат мынадай негізгі қағидаларды қамтиды:
- Өтініштерді, соның ішінде «E-Compliance» жүйесіне келіп түскен өтініштерді тіркеу.
- Өтініштерді бұзушылық сипатына қарай жіктеу (мысалы: сыбайлас жемқорлық, этика, еңбек қатынастары және т.б.).
- Қажет болған жағдайда жауапты тұлғаларды тағайындау және жұмыс топтарын құру.
- Қарау мерзімдерін белгілеу.
- Өңдеу қағидаттары: объективтілік, толықтық, құпиялылық және өтініш берушілерді қудалаудан қорғау.
- Кері байланыс тетіктері: өтініш иелері шағымды қарау мәртебесі мен нәтижелері туралы ақпарат алады.