Орнықты дамуды басқару














1-қағидат. Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жария етілген адам құқықтарын қорғауды қолдап, құрметтеуге тиіс.

2-қағидат.. Іскерлік топтар адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс.

4-қағидат. Іскерлік топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық нысандарын жою үшін әрекет етуге тиіс.

6-қағидат. Іскерлік топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдауы тиіс.

8-қағидат. Іскерлік топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.

10-қағидат. Іскерлік топтар бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы тұруға тиіс.
Компанияның орнықты дамуды басқару тәсілі
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өзінің экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға тигізетін ықпалын толық сезіне отырып, қызметінің ұзақ мерзімді орнықты дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады және орнықты даму қағидаттарын негізгі бизнес-процестерге интеграциялайды. Компаниядағы орнықты дамуды басқару халықаралық стандарттар талаптарын, атап айтқанда, БҰҰ Жаһандық шартын, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексін және ҚМГ-нің Орнықты даму саласындағы тұжырымдамасын ескере отырып жүзеге асырылады. Компания сонымен қатар БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) қолдайды және оларды стратегиялық жоспарлау мен операциялық үдерістерге енгізеді.
ҚМГ-дың 2022–2031 жылдарға арналған Даму стратегиясы орнықты дамуды негізгі стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде айқындайды. Осы стратегия аясында Компания мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге, шешім қабылдау үдерістеріне ESG-факторларды интеграциялауға және орнықты даму саласындағы нәтижелілік бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге міндеттеме алады.
Орнықты дамуды басқару жүйесі
ҚМГ-дағы ОД басқару жүйесі келесі негізгі элементтерден тұрады:
- Стратегия, саясат және мақсаттар – ОД ұзақ мерзімді көрінісін қалыптастыру, оның қағидаттарын корпоративтік басқару мен операциялық қызметке интеграциялау.
- Тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтау және басқару – ESG-тәуекелдерді корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінде есепке алу, сондай-ақ орнықты дамумен байланысты мүмкіндіктерді бағалау.
- Орнықты даму қағидаттарын бизнес-процестерге интеграциялау – орнықты даму аспектілерін стратегиялық және операциялық жоспарлауға, инвестициялық қызметке, персоналды басқаруға және жеткізу тізбегін басқаруға енгізу.
- Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл – негізгі стейкхолдерлермен тұрақты диалог жүргізу, олардың күтулері мен мүдделерін шешім қабылдау үдерісінде ескеру.
- Есептілік және бақылау – ОД жөніндегі жыл сайынғы есепті халықаралық стандарттарға сәйкес дайындау және қаржылық емес есептілікке тәуелсіз верификация жүргізу.
- Корпоративтік мәдениет пен құзыреттерді дамыту – ESG саласындағы қызметкерлердің құзыреттерін дамытуға бағытталған оқыту бағдарламаларын енгізу және орнықты даму қағидаттарына бағдарланған корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.
Орнықты даму саласындағы жоғары басқару органдарының рөлі
ҚМГ Директорлар кеңесі орнықты дамуды басқару бойынша стратегиялық жауапкершілікке ие болып, корпоративтік саясаттарды және орнықты даму жөніндегі біріктірілген есепті бекітеді.
Орнықты даму мәселелері тұрақты түрде Директорлар кеңесінің отырыстарында, сондай-ақ орнықты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы жеке отырыста және Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитеттің (ҚЕҚОҚОДК) отырыстарында қарастырылады. Бұл алаңдарда өзекті ESG мәселелері мен бастамалар талқыланады.
ҚЕҚОҚОДК осы саладағы процестерді үйлестіреді, негізгі нәтижелілік көрсеткіштерін қалыптастырады және олардың орындалуын бақылайды.
Сонымен қатар, Директорлар кеңесі орнықты даму саласындағы есептілікті қарайды және бекітеді.
Орнықты дамуды басқаруға келесі құрылымдар да қатысады:
- Басқарма – орнықты даму қағидаттарын енгізуді қамтамасыз етеді, мақсаттар мен ҚНК қол жеткізуді бақылап, орнықты даму саласындағы іс-шаралардың орындалуын бағалайды.
- Орнықты даму мәселелеріне жетекшілік ететін Басқарма төрағасының орынбасары – мақсаттар мен ҚНК-ге қол жеткізу тәсілдерін үйлестіреді, корпоративтік стандарттардың орындалуын және есептілікті дайындау процесін қадағалайды.
- Орнықты даму жөніндегі жауапты құрылымдық бөлімше – орнықты дамуды басқару жүйесін бастамалайды, үйлестіреді және енгізеді, әдіснамалық қолдау көрсетеді, есептілік пен осы саладағы тәуекелдерді басқару процестерін үйлестіреді.
- Мүдделі құрылымдық бөлімшелер – орнықты даму саласындағы бастамаларды іске асырады, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдауға қатысады, стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлейді және есептілікке қажетті ақпаратты дайындайды.
Орнықты даму саласындағы бастамаларды іріктеу және іске асыру
ҚМГ орнықты даму саласындағы бастамаларды тәуекелдерді, мүдделі тараптардың күтулерін және Компанияның стратегиялық мақсаттарын талдау негізінде әзірлейді. Бастамаларды іріктеу және іске асырудың негізгі кезеңдері мыналарды қамтиды:
- Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілер бойынша тәуекелдер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, маңызды тақырыптарды анықтау.
- Мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып, басым бастамаларды айқындау.
- Бастамалардың экономикалық мақсатқа сайлығын және технологиялық іске асырылу мүмкіндігін бағалау.
- Мақсаттар, нәтижелілік көрсеткіштері, орындалу мерзімдері мен жауапты тұлғаларды анықтай отырып, іске асыру жоспарын әзірлеу және енгізу.
- Іске асырылған бастамалардың тиімділігін мониторингтеу және бағалау, стратегия мен іс-шараларды түзету.
Орнықты даму саласындағы нәтижелілікті бағалау
ҚМГ тұрақты негізде іске асырылып жатқан бастамалардың тиімділігін мониторингтеу мен бағалауды жүзеге асырады, бұл ретте орнықты даму саласындағы ҚНК пайдаланылады (экономикалық, экологиялық және әлеуметтік көрсеткіштерді қоса алғанда). ҚНК Компанияның стратегиялық мақсаттарын ескере отырып әзірленеді.
Орнықты даму басқару жүйесін бақылау және жетілдіру
ҚМГ орнықты даму басқару жүйесінің тиімділігіне тұрақты талдауды жүзеге асырады, оның ішінде:
- Мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуді бақылау,
- Басшылық тарапынан талдау жүргізу,
- Есептілік бойынша ішкі және сыртқы аудит жүргізу,
- Орнықты даму басқару жүйесінің жетілу деңгейін бағалау,
- Жетілдіруді қажет ететін салаларды айқындау және түзету шараларын әзірлеу.
Талдау нәтижелері стратегиялық басымдықтарды түзетуге, ОД басқару жүйесін жетілдіруге және жаңа бастамаларды әзірлеуге пайдаланылады