«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ-НЫҢ
2024 ЖЫЛДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
icon 7
icon 8
icon 9
icon 10
icon 13

3-қағидат. Іскерлік топтар бірігу еркіндігін және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауы тиіс.

Қазақстан экономикасына қолдау көрсету

GRI 201-1

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ секторының тұрақты жұмыс істеуін, қызмет жүргізілетін өңірлерді қолдауды және орнықты даму жобаларын іске асыруды қамтамасыз етеді. Компания инвестициялық қызметі, тұрақты қаржылық нәтижелері, салық төлемдері, жұмыс орындарын құру, әлеуметтік жобалар және отандық өндірушілерді қолдау арқылы мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді экономикалық құн қалыптастырады.

Мұнай-газ саласын дамыту

ҚМГ еліміздің мұнай-газ секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, энергия ресурстарын өндіру мен қайта өңдеудің артуына ықпал етуде. 2024 жылы Компания келесі нәтижелерге қол жеткізді:

Мұнай мен конденсат өндіру (2023 жылмен салыстырғанда 1,3 %-ға өсті)
Мұнай мен конденсат өндіру (2023 жылмен салыстырғанда 1,3 %-ға өсті)
Мұнай тасымалдау (4 %-ға өсті)
Мұнай тасымалдау (4 %-ға өсті)
Табиғи және ілеспе газ өндіру (1 %-ға өсті)
Табиғи және ілеспе газ өндіру (1 %-ға өсті)
Битум өндірісі
Битум өндірісі

Қосымша құны жоғары өнім шығару мақсатында мұнай-химияны дамыту – стратегиялық бағыттардың бірі. 2024 жылы KPI-де өндірілген полипропилен көлемі 249 мың тоннаны құрап, 37 %-ға артты.

Фискалдық үлес

ҚМГ – елдегі ең ірі салық төлеушілердің бірі. 2024 жылы Компания 1,08 трлн теңге салық төлеп, бұл қаражат мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға және экономиканы дамытуға бағытталды.

Салық саясаты және салық төлемдері туралы ақпарат Компанияның сайтында орналастырылған.

Инвестициялық қызмет

ҚМГ мұнай-газ секторының негізгі сегменттеріне, инфрақұрылымға және орнықты даму жобаларына белсенді инвестиция салуды жалғастыруда. 2024 жылдың соңында ҚМГ инвестициялық портфелінің құны 51,3 трлн теңгеге бағаланды (оның ішінде ҚМГ үлесі – 19 390 млрд теңге). Бұл жобалар Қазақстан экономикасының дамуына мультипликативтік әсер етеді.

Компания, сондай-ақ, акционерлер үшін табыс әкеледі, олардың едәуір бөлігі мемлекет пен Қазақстан азаматтарына тиесілі. ҚМГ акцияларының биржадағы құны бастапқы орналастырудан бері 60 %-ға өсті.

«Инвестициялық қызмет» бөлімін толығырақ қараңыз.

Жұмыс орындарын құру және әлеуметтік қолдау

ҚМГ еліміздегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Компанияның штаттағы қызметкерлер саны шамамен 50 мың адамды, ал мердігерлік ұйымдарды есептегенде 80 мың адамды құрайды. ҚМГ жұмыс орындарын ұсынып қана қоймай, қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсететін және олардың кәсіби өсуі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарламаларды іске асырады. Жас мамандарды дамытуға, білім алуға және мансаптық өсуге жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

«Инвестициялық қызмет» бөлімін толығырақ қараңыз.

Өңірлердің дамуына қосқан үлес

ҚМГ өз қызметін жүргізетін өңірлерді белсенді түрде қолдап, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен инфрақұрылымға инвестиция салады. 2024 жылы өңірлік инфрақұрылымды дамытуға және қолдауға 3,7 млрд теңге бағытталды. Бұл қызмет аясында Компания өңірлер үшін маңызды экономикалық инфрақұрылым, білім беру және спорт мекемелерін салуға қаржы бөледі, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтарды дамытуға атсалысады.

«Біздің қауымдастықтарымыз» бөлімін толығырақ қараңыз

Отандық өндірушілерді қолдау

ҚМГ отандық кәсіпорындардың өнімдеріне тұрақты сұранысты қамтамасыз ете отырып және импортты алмастыруға ықпал етіп, ұзақмерзімді оффтейк-шарттар арқылы қазақстандық бизнестің дамуына жағдай жасайды. 2024 жылы Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдары жалпы сомасы 58,7 млрд теңгеге 137 оффтейк-шарт жасасты.

«Инвестициялық қызмет» бөлімін толығырақ қараңыз

Орнықты даму жобаларын дамыту

ҚМГ Қазақстанның төменкөміртекті экономикаға көшуін қолдай отырып, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды белсенді түрде іске асыруда. Негізгі бастамалардың қатарында – Жамбыл облысында қуат жинақтау жүйесімен жабдықталған 1 ГВт қуаттылықтағы жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысы және Маңғыстау облысындағы гибридті электр станциясы жобасы бар. Бұл жоба жаңартылатын энергия көздерінен (жел, күн) және 247 МВт қуаттылықтағы газ электр станциясынан (бұдан әрі – ГазЭС) біріктірілген электр энергиясын өндіруді көздейді. Аталған жобалар еліміздің энергетикалық балансындағы таза энергия үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

«Климаттың өзгеруі және төменкөміртекті даму» бөлімін толығырақ қараңыз

ҚМГ – еліміздің жетекші мұнай-газ компаниясы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды экономикалық агент болып табылады. Компания инвестициялар, табыс пен салық төлемдері, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік бастамаларды қолдау арқылы елдің экономикалық өсуіне, халықтың әл-ауқатын арттыруға және өңірлерді дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Сонымен қатар, экономикалық міндеттер экологиялық және әлеуметтік аспектілермен өзара байланыста қарастырылып, мұнай-газ саласы мен жалпы қазақстандық экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз етеді.