«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ-НЫҢ
2024 ЖЫЛДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
GRI 403-1GRI 403-2GRI 403-3GRI 403-4

ӨҚ, ЕҚ ЖӘНЕ ҚОҚ САЛАСЫНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент жүйесі (МЖ) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, ISO 14001 және ISO 45001 халықаралық стандарттарына, сондай-ақ Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленген. Жүйенің негізіне әлемдік озық тәжірибелер, Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығының (IOGP) ұсынымдары мен салалық стандарттар алынған. МЖ 10 негізгі элементтен тұрады және мақсат қою, көшбасшылық, тәуекелдерді басқару және үнемі жетілдіру сияқты іргелі қағидаттарға негізделген.

2006 жылдан бастап ҚМГ-де сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбекті қорғау саласындағы ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 талаптарына сәйкес келетін интеграцияланған басқару жүйесі (ИБЖ) енгізілген. Энергия тұтыну деңгейі жоғары еншілес және тәуелді ұйымдар ISO 50001 стандарты бойынша сертификатталған. ИБЖ тиімділігі тәуелсіз аудиттер арқылы тұрақты түрде расталып отырады. Менеджмент жүйесін жетілдіру мақсатында оны ISO 45001 халықаралық стандартына сәйкес сертификаттау жүзеге асырылады.

Менеджмент жүйесі ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді тиімді басқаруға бағытталған. Жүйенің жұмыс істеу нәтижелері ретінде жарақаттанудың алдын алу, қызметкерлер денсаулығына зиян келтіру деңгейін барынша азайту және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қарастырылады. Компанияның басты мақсаты – ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы тәуекелдерді жою немесе азайту үшін тиімді алдын алу шараларын іске асыру арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

ҚМГ-де басшылар мен қызметкерлердің еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне қатысу деңгейін арттыру мақсатында екі деңгейлі комитеттер жүйесі жұмыс істейді:

  • Бірінші деңгей – ҚМГ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі комитеті (ҚЕҚҚОҚОДК);
  • Екінші деңгей – еншілес және тәуелді ұйымдардағы ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ комитеттері.

2024 жылы менеджмент жүйесін жетілдіру және өзектендіру шеңберінде ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласында келесі корпоративтік құжаттар бекітіліп, жаңартылды:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы мен мердігер ұйымдар бойынша өндірістік қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіштері жөнінде есептілікті ұсыну қағидалары;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы қалдықтарды басқару жөніндегі стандарт;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы жоспарланып отырған қызметке экологиялық бағалау жүргізу жөніндегі стандарт.

ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы, соның ішінде климаттың өзгеруі мен су ресурстарының тапшылығына байланысты экологиялық тәуекелдерді қоса алғанда, тәуекелдерге тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. ҚМГ қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштерін талдайды және оларды жетекші халықаралық мұнай-газ қауымдастықтарының (IOGP, CDP) көрсеткіштерімен салыстырып, бенчмаркинг жүргізеді. Ерекше назар экологиялық аспектілерге және экологиялық тәуекелдерді бағалауға аударылады.

ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы ҚМГ компаниялар тобының бас директорларының жыл сайынғы форумы – Департамент тарапынан ұйымдастырылатын маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.

Компания ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы тәуекелдерді басқаруға басшылық пен қызметкерлердің жоғары деңгейдегі қатысуын қамтамасыз ете отырып, еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздік стандарттарын үздіксіз жетілдіруде, сондай-ақ озық тәжірибелерді енгізуде.

Практикалық мысал

Практикалық мысал

«Қауіпсіздік мәдениетін дамытудағы көшбасшылық» IX жыл сайынғы форумы

2025 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдарының бас директорларының IX жыл сайынғы форумы өтті. Форум «Қауіпсіздік мәдениетін дамытудағы көшбасшылық» тақырыбында ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, еншілес кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ жетекші мұнай-газ компаниялары – NCOC, Теңізшевройл және Карачаганак Петролиум Оперейтинг өкілдері қатысты.

Форум барысында 2024 жылғы ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы қызмет нәтижелері ұсынылып, өзекті мәселелер талқыланды. Өз сөзінде А. Хасенов қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қызметкерлердің денсаулығын қорғау және экологиялық тепе-теңдікті сақтау Компанияның басым бағыттары болып табылатынын атап өтті.

Форум аясында NCOC, ТШО және КПО мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ ҚМГ еншілес ұйымдарының еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жетістіктері атап өтілді.

«Қорғау» бағдарламасы: озық тәжірибелерді ынталандыру

Іс-шара барысында қауіп-қатері жоғары әлеуеті бар жағдайлардың алдын алуға үлес қосқан үздік «Қорғау» қауіпсіздік карталарының бақылаушылары марапатталды:

  • Барлау және өндіру бағыты – Руслан Ажгереев, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС өндірістік-техникалық департаментінің слесарь-электрі;
  • Тасымалдау бағыты – Батыржан Айбеков, «Қаражанбас» НҚС автокөлік жөніндегі жетекші механигі, «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы;
  • Қайта өңдеу бағыты – Амангелді Демеген, «ҚазГПЗ» ЖШС газ және газ конденсатын тасымалдау учаскесінің бастығы;
  • Мұнайсервистік қызметтер – Ануарбек Сабихов, «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС жедел-диспетчерлік топтың аға инженері.