«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да Іскерлік этика кодексі (бұдан әрі – Кодекс) қолданылады, ол 2025 жылдың басында жаңартылды. Кодекс ережелері Компанияның барлық қызметкерлері, соның ішінде басшылық құрам үшін міндетті болып табылады. Құжат еншілес және тәуелді ұйымдарға, сондай-ақ іскерлік серіктестер мен мердігерлерге де қолданылады.
Кодекс Компанияның корпоративтік мәдениетінің негізі болып табылатын этикалық мінез-құлықтың негізгі қағидаттарын айқындайды:
- Этикалық мінез-құлық – жоғары моральдық және этикалық нормаларды сақтау, дәстүрлерге, мәдени ерекшеліктер мен заңнамаға құрметпен қарау.
- Кәсібилік – құзыреттерді үнемі жетілдіру, қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарау және үздіксіз даму.
- Әділдік пен меритократия – барлық қызметкерлер үшін тең мүмкіндіктер, ашық іріктеу және мансаптық өсу рәсімдері.
- Құрмет – әріптестермен, серіктестермен, акционерлермен, мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі тараптармен сыпайы әрі сындарлы қарым-қатынас.
- Ашықтық – іскерлік үдерістердегі адалдық пен айқындық, еркін ақпарат алмасуды және сындарлы диалогты қамтамасыз ету.
- Экологиялық жауапкершілік – қоршаған ортаны қорғау стандарттарын сақтау, ресурстарды ұқыпты пайдалану.
- Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік үшін жауапкершілік – қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалар қаупін азайту.
- Тұрақты даму қағидаттары – Компанияның, қоғамның және келешек ұрпақтың ұзақ мерзімді мүдделерін ескеру.
- Дискриминация мен қысым көрсетуге жол бермеу – кез келген нысандағы қысымға, қорқытуға немесе әдепсіз мінез-құлыққа тыйым салу.
Кодекстің сақталуын бақылауды Компанияда комплаенс және омбудсмен қызметтері жүзеге асырады. Әрбір қызметкер Кодекспен танысып, оның ережелерімен келісетінін растауға міндетті. Кодексті бұзу ішкі нормативтік құжаттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Компания Кодексті бұзушылықтар туралы хабарлауға арналған құпия және қолжетімді тетіктерді қамтамасыз етеді. Жақсы ниетпен жасалған өтініштер үшін қызметкерлердің қуғын-сүргінге ұшырамауына кепілдік береді және ашық әрі этикалық корпоративтік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
