ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұратжан Бердіғалиұлы
ТЕҢІЗБАЕВ
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның мұнай және газ өндірудің үздік операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

ҚМГ-ның 2022–2031 жылдарға арналған Даму стратегиясы

Біздің басты міндетіміз – орнықты дамудың күн тәртібі шеңберінде құн тізбегін кеңейту, негізгі бизнестен ақша ағындарының тұрақтылығы.

ПАЙЫМЫ

Қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына және орнықты даму қағидаттарына сай келетін, қаржылық нәтижені барынша арттыруға бағдарланған тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы.

МИССИЯСЫ

Біз энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстанның дамуы мен өркендеуі үшін болашақ ұрпаққа деген қамқорлықпен табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды игереміз.

Сыртқы және ішкі сын-қатерлерді ескере отырып, ҚМГ мұнай, мұнай-химия және жасыл жобалар арасындағы теңдестірілген стратегияны іске асырады

2018 жыл

  • 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясы
  • Әлемдік стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес өндірістік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету
  • Экологиялық жауапкершілікті арттыру
  • Комплаенс бағдарламасын енгізу

2019 жыл

  • Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріндегі көшбасшылық пен бейілділік, парниктік газдар шығарындыларын басқару және газды алаулатып жағуды азайту, су ресурстарын басқару, топырақ құнарлығын қалпына келтіру және энергия тиімділігін арттыру, өндіріс қалдықтарын басқару басым мақсаттар болып қала береді
  • ҚМГ-да орнықты дамуды басқару жүйесі әзірленді
  • Орнықты даму бойынша Жобалық кеңсе құрылды

2020 жыл

  • Құрамында көміртегі бар шығарындылар деңгейі төмен болатын өндірістік жағдайларға көшу
  • БҰҰ ОДМ Компанияның бизнес-процестеріне интеграцияланған
  • Компанияның жалпы ESG рейтингін айқындайтын 28 корпоративтік көрсеткіштің деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін қызметтің жаңа корпоративтік негізгі көрсеткіші енгізілді
  • 2020 жылы Компания алғаш рет Sustainalytics халықаралық рейтинг агенттігінің ESG рейтингі бойынша бағаланды және мүмкін болатын 100-ден 69 балл жинады

2021 жыл

  • 2021 жылдың 3 қарашасында ҚМГ Директорлар кеңесі Компанияның 2022–2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті.
  • Қызметтің барлық бағыттары бойынша орнықты даму
  • Стратегиялық мақсаттарды ESG қағидаттары тұрғысынан жүзеге асыру
  • Төмен көміртекті даму жөніндегі жобалық кеңсе құрылды
  • 2022–2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасы бекітілді.
  • Қызметті күкіртсіздендіру мен энергия ауысуға ұзақ мерзімді пайым

2022 жыл

  • ЖЭК жобаларын іске асыру
  • Парниктік газдардың жанама шығарындыларын азайту мақсатында ҚМГ I-REC (International Renewable Energy Certificate) жаңартылатын энергияның халықаралық сертификаттарын алып, оларды 8,5 млн кВт*сағ-қа сөндіруді жүзеге асырды
  • 2031 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді

№ 1 стратегиялық мақсат.
Компанияның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база

Өндірістің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету үшін алдағы онжылдықта ҚМГ Каспий құрлығында да, қайраңында да геологиялық барлау жобаларын іске асырады.

Осы стратегиялық мақсат шеңберінде ҚМГ органикалық және бейорганикалық өсу арқылы дәстүрлі қызмет үшін де, перспективалы бағыттар үшін де жеткілікті қорлардың өсуін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

ҚР-да барлау мен жаңа қорларды әзірлеуді ҚМГ, оның ішінде халықаралық мұнай-газ компанияларымен стратегиялық әріптестік арқылы іске асырады.

2023 жылы біз «Жеңіс», «Абай» теңіз жобалары, «Торғай Палеозой», «Каратон Тұзасты», «Тайсойған» құрлықтағы жобалар бойынша белсенді кезеңге көшеміз. Қашағаннан кейінгі теңіздегі ірі кен орындарының бірі Қаламқас-Хазар теңізі кен орнын жайластыру бойынша FEED әзірлеуге кірісеміз. 2023 жылы Қашаған кен орнын одан әрі кеңейту жөнінде шешім қабылдау маңызды болып табылады.

Қосымша жаңа активтерді іздестіру мен сатып алуды ҚМГ M&A мәмілелері бойынша, олардың құны және нарықтың жалпы конъюнктурасы бойынша ұсыныстар болған кезде жүзеге асыратын болады.

№ 2 стратегиялық мақсат.
Компания құн тізбегінің тиімділігін арттыру

ҚМГ мұнай өндіру, өңдеу, тасымалдау және маркетинг жөніндегі қызметтен түсетін пайданы барынша арттыру және барлық негізгі сегменттердегі операциялық қызметті жақсарту мақсатында негізгі қызметке назар аударады.

Операциялық активтердегі өндіру деңгейінің табиғи төмендеуін өтеу мақсатында Компания мұнай алу коэффициентін және жөндеуаралық кезең көрсеткіштерін ұлғайту, сондай-ақ ұңғымалардың максималды өнімділігіне қол жеткізу үшін өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі басқа да шараларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Компания жаңа Каратон Тұзасты және Торғай Полеозой кен орындарын іске қосуды жоспарлап отыр.

Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған ірі жобалары бойынша Компания өндіру сөресін кеңейту, ұзарту және қолдау жобаларын табысты іске асыруға назар аударады.

Компания экспорттық және транзиттік құрамдас бөлікті ұлғайту үшін құрылған мұнай тасымалдау инфрақұрылымын тиімді пайдалануға ниетті. Сыртқы факторлар мен геосаяси сын-тегеуріндерді ескере отырып, ҚМГ қазақстандық мұнай үшін қосымша экспорттық маршруттар құру бойынша жұмыс жүргізуде. Біз серіктестерімізбен Оңтүстік дәлізді ашу және Қытайға тасымалданатын көлемді ұлғайту туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) бағыты бойынша жылына 1,5 млн тонна мұнай транзиті туралы Socar-мен Келісім жасалды.

ҚМГ-ның маңызды міндеті – МӨЗ-дің үздіксіз жұмысын және ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда ел аумағындағы МӨЗ-ді жаңғырту есебінен Компания ел үшін осы стратегиялық мақсатты орындап келеді, сонымен қатар мұнай өнімдерінің бір бөлігін экспортқа жеткізеді. Атап айтқанда, қара мұнай өнімдерінің экспорты 694 мың тонна, мұнай химиясы (бензол, параксилол) – 35 мың тонна, жеңіл мұнай өнімдері (Аи-92 бензині) – 7 мың тонна, кокс пен күкірт – 85 мың тоннаны құрады.

Компания операциялық шығындарды оңтайландыру және жеткізу тізбегінің тиімділігін арттыру үшін үздіксіз жұмыс істейді.

№ 3 стратегиялық мақсат.
Бизнесті әртараптандыру және өнімдер портфелін кеңейту

ҚМГ отандық мұнай-газ химиясы саласын дамытудағы ҚР Үкіметінің қолдауы есебінен отандық мұнай-газ химиясы саласын дамыту процесіне белсенді түрде тартылатын болады, ол ұлттық экономиканың өсуінің тағы бір қуатты ынталандырғышына айналуға тиіс, өйткені мұнай-газ химиясы бүкіл ел үшін мультипликативтік әсер етеді.

Мұнай-газ химиясы мұнайға әлемдік сұраныстың ірі драйверіне айналуда. Компания мұнай-газ химиясы жобаларын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді перспективада мұнайға әлемдік сұранысты қайта бөлу жағдайында жаңа бөліністер өнімін шығару үшін қолда бар қосымша көмірсутек ресурстарын пайдаланатын және тартатын болады, мынадай екі стратегиялық бастаманы іске асыратын болады.

Мұнай-газ химиясы жобалары туралы толығырақ «Инвестициялық жобаларды іске асыру» бөлімінде.

№ 4 стратегиялық мақсат.
Орнықты даму және өндірістің көміртекті сыйымдылығын үдемелі төмендету

ҚМГ экономикаға, экологияға және қоғамға өз ықпалының маңыздылығын сезінеді және экономикалық, экологиялық және әлеуметтік басымдықтардың, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы міндеттердің келісімділігін қамтамасыз ету мақсатында Компанияның негізгі бизнес-процестеріне орнықты даму қағидаттарын интеграциялауды жалғастырады.

Компания өзінің ESG көрсеткіштерін жақсартуға және менеджерлердің стратегиялық және орта мерзімді ҚНК жүйесіне ESG мақсаттарын интеграциялауға тырысады. ҚМГ қызметкерлермен және кәсіподақтармен әріптестік қағидаттарына негізделген жоғары әлеуметтік жауапкершілік нормаларына ұмтылады.

Компания сонымен қатар қызметкерлердің денсаулығын тиімді басқару деңгейін және қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыруға ұмтылады, үш негізгі бағытты назарында ұстайды:

  • Пандемиямен және оның салдарымен күресу.
  • Кәсіптік аурулардың алдын алу.
  • Қызметкерлердің салауатты өмір салты туралы хабардарлығы мен уәждемесін арттыру.

Бірыңғай тәсілдерді енгізу және қызметкерлердің денсаулығын сақтау көрсеткіштерін жақсарту мақсатында ҚМГ компаниялар тобында Персоналдың денсаулығын басқару бағдарламасы әзірленді.

Климаттық күн тәртібінің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Компания ҚМГ климаттық өршіл мақсаттарын, көміртегі ізін азайту жөніндегі негізгі тәсілдер мен шараларды айқындайтын 2022–2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асырады.

2019 жылмен салыстырғанда 2031 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15 %-ға қысқартуды мақсат тұтып, ҚМГ Компанияның көміртегі ізін төмендетудің салмақты тәсілін таңдайды. Сонымен қатар Компанияда жалпы қуаты кемінде 300 МВт ЖЭК жобаларын іске асыру жоспарлануда.

Төмен көміртекті дамыту бағдарламасы туралы толығырақ «Төмен көміртекті саясат» бөлімінде.

Белгіленген төрт стратегиялық мақсатты іске асыру нәтижесінде ҚМГ ұлттық экономиканы әртараптандыруға және Қазақстан Республикасының көміртегі ізін азайтуға үлес қосады, осылайша Компанияның өсуіне және қазақстандықтардың әл-ауқатына, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін экологияның сақталуына ықпал етеді.

ҚМГ даму стратегиясы, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері корпоративтік сайтта (https://www.kmg.kz/company/strategy/) жариялау арқылы барлық мүдделі тараптарға жеткізіледі. ҚМГ тобы бойынша компанияның қызметіне әсер ететін жүйелі және ұзақ мерзімді мәселелерді шешу үшін жыл сайын стратегиялық сессиялар өткізіледі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметінің 2022 жылға арналған корпоративтік негізгі көрсеткіштері

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі
  • IPO-ға дайындық: Жол картасында көзделген IPO өткізуге дайындық бойынша негізгі іс-шараларды орындау
  • Инвестициялық жобалардың іске асырылуы
  • Бос ақша ағыны (FCF)
  • Еңбекке байланысты жазатайым оқиғалардың коэффициенті (LTIR)
  • ESG тәуекел рейтингі

2022 жылға Компанияның топ-менеджменті үшін (ҚМГ Басқармасының 4 мүшесі), сондай-ақ Төмен көміртекті даму бағдарламасы шеңберіне кіретін компаниялар үшін 2022–2031 жылдарға арналған ҚМГ Төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге байланысты функционалдық және корпоративтік ҚНК әзірленіп, белгіленді.

ҚМГ компаниялар тобы бойынша парниктік газдар шығарындылары бойынша болжамдар негізінде күкіртсіздендіру жөніндегі шараларды жүйелі іске асыру үшін 2022 жылдан бастап өндірістің көміртегі сыйымдылығын төмендетуге және күкіртсіздендіруге байланысты жыл сайын мынадай ҚНК белгіленетін болады:

  • парниктік газдардың жиынтық шығарындылары көлемінің бөлігі бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ бас компаниясы белгілеген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік ҚНК (Scope 1 + Scope 2);
  • ҚМГ Төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және жетекшілік ететін еншілес және тәуелді кәсіпорындардың іс-шаралар жоспарларын орындауға қатысты ҚМГ Басқарма төрағасының 4 орынбасарының (Басқарма мүшелері) функционалдық ҚНК;
  • Scope 1 + Scope 2 қамтуы бойынша ПГ шығарындыларының жиынтық көлемі бойынша нысаналы көрсеткіштерді белгілейтін, ТКДБ қамтуына кіретін 11 еншілес және тәуелді кәсіпорынның корпоративтік ҚНК.