ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Нұрбек Жексенбайұлы
ЖЕКСЕНБАЕВ
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның үздік электр газбен дәнекерлеуші
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

ҚМГ компаниялар тобы қоршаған ортаға әсерді азайтуға және биоәртүрлілікті сақтауға, сондай-ақ табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағдарланған.

Біз табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану және біз қатысатын өңірлерде қолайлы экологиялық жағдайды сақтау үшін қоғам алдындағы жауапкершілік дәрежесін түсінеміз. Біз табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаға әсерді азайтуға және энергия мен ресурстарды үнемдеуге, ең аз қалдық мөлшерін жасауға және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін технологияларды, жабдықтар мен материалдарды енгізуге міндеттенеміз. Сонымен қатар біз климаттың өзгеруіне бейімделу және қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу бойынша шаралар қабылдаймыз.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар іске асырылды, мысалы, тарихи мұнай қалдықтарын кәдеге жарату және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жөніндегі жұмыстар, қызметкерлер арасында қоршаған ортаны қорғау мәселелерін насихаттау жөніндегі жұмыстарды күшейту, ағаш отырғызу жөніндегі акцияларға қатысу, атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру және т.б. іс-шаралар.

Компанияның бірқатар еншілес және тәуелді ұйымдарында санитарлық-қорғау аймағында, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты көрсететін шығарындылар көздерінде атмосфералық ауаның сапасын автоматты бақылау жүйелері орнатылған.

«Экологиялық мониторингтің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» жобасы

Жобаның мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру; Әлеуетті экологиялық айыппұлдарды болдырмау үшін ашықтықты, жеделдікті және адам қателіктерін барынша азайту.

ЭМААЖ негізгі міндеттері:

  • Мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы есептілікті қалыптастыру процестерін автоматтандыру;
  • Нормативтік рұқсат беру құжаттарының деректер базасын жүргізу және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдерді есептеу;
  • Технологиялық процестерде туындаған ақауларды өндірістік құрылымдармен уақтылы түзету арқылы әлеуетті нормативтен тыс эмиссияларға жедел ден қою;
  • Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша қоршаған ортаның жай-күйіне жедел мониторинг жүргізу;
  • HSE KMG жүйесімен синхрондау арқылы корпоративтік есептілікті қалыптастыру.

2022 жылғы өндірістік көрсеткіштер

  • SОx шығарындыларының қарқындылығы – 0,21 (IOGP – 0,20)
  • NOx шығарындыларының қарқындылығы – 0,31 (IOGP – 0,33)
  • Ілеспе мұнай газын (ІМГ) жағу қарқындылығы – 1,5 (IOGP – 9,4)
  • ІМГ пайдалану коэффициенті – 98,8 %
  • Тарихи қалдықтар мен мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру: 693,7 мың тонна (2021 жыл – 540,5 мың тонна)
  • CDP климаттық рейтингі: «С»
  • CDP су қауіпсіздігі рейтингі: «С»
Экологиялық көрсеткіштер, КСШ өндірудің 1 мың тонна м.б. шаққанда, тонна

Жыл

SOx шығарындыларының қарқындылығы

NOx шығарындыларының қарқындылығы

Шикі газды жағу қарқындылығы

Шикі газды кәдеге жарату деңгейі, %

2020

0,23

0,22

2,20

98

2021

0,22

0,24

2,09

98

2022

0,21

0,31

1,5

98,8

Атмосфералық ауаны қорғау

ҚМГ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударады, өйткені бұл халықтың денсаулығы мен әл-ауқатымен тікелей байланысты. Экологиялық саясат шеңберінде ҚМГ компаниялар тобының міндеттерінің бірі цифрландыру арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы процестерді үздіксіз жақсарту болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау бөлігінде ҚМГ үшін басым бағыттарға атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын басқару, шикі газды алаулатып жағуды қысқарту, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқару және топырақ құнарлығын қалпына келтіру, биоәртүрлілікті сақтау жатады.

Газды алаулатып жағу көлемін азайту арқасында біз ҚМГ компаниялар тобы бойынша атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын азайта алдық.

Қоршаған ортаға әсерді барынша азайту жөніндегі негізгі бағыттардың бірі Компанияның өндірістік қызметі барысында атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту болып табылады. Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:

  • Мұнайды жылыту пештеріндегі техникалық ескірген оттықтарды кезең-кезеңімен ауыстыру жүргізілуде.
  • Газды кешенді дайындау және өңдеу қондырғылары салынуда.
  • Көмірсутектердің булануын болдырмау үшін мұнайдың тік резервуарларына арналған понтондарды орнату жұмыстары жүргізілуде.
  • Мұнайды жылыту пештерінде ластаушы заттар шығарындыларының каталитикалық түрлендіргіштерін орнату және т.б. жүзеге асырылады.
  • Режимдік-реттеу жұмыстарының кестесіне сәйкес пештердің жанарғы құрылғыларының жай-күйіне жүйелі бақылау жүргізіледі.
  • Ұңғымаларды өндіруші қордан айдау қорына ауыстыру арқылы су айдау жүйесін кеңейту жүргізілуде.
  • Өндіруші мұнай ұңғымаларының сағалық жабдықтары жаңартылды.
  • Бу генерациясы мен ұңғымалардың жаңа алаңдары пайдалануға берілді.
  • Орнатылған орташа қысымды алауаралық инжекциялық жанарғы мұнай және ілеспе газдарды қазандықтардың оттықтарында және мұнай мен суды жылыту пештерінде жағуға арналған.

Компаниялар тобында бірінші кезекте елді мекендердің маңында немесе шекараларында орналасқан өзінің өндірістік объектілерінен қоршаған орта мен табиғи ресурстардың шығарындыларын мониторингтеуге ерекше назар аударылады. ҚМГ экологиялық компоненттердің (атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ жамылғысы және басқалар) мониторингі барысында және өндірістік қызмет барысында қоршаған ортаға қолайсыз әсерді тиімді төмендету бойынша үздіксіз жұмыс жүргізеді.

Экологиялық мониторинг – бұл қоршаған ортаның сапасына қатысты алынған деректерді бақылау, өлшеу, жинау, жинақтау, сақтау, есепке алу, жүйелеу, жалпылау, өңдеу және талдаудың, сондай-ақ олардың негізінде экологиялық ақпарат жасаудың мемлекет қамтамасыз ететін кешенді жүйесі.

Елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасын қамтамасыз ету үшін ҚМГ компаниялар тобы атмосфералық ауаға ластаушы заттардың деңгейін төмендету жөніндегі жобаларды іске асырады, сондай-ақ ауа сапасын бақылау жүйелерін ұйымдастыру және санитарлық-қорғау аймақтарының шекараларында ауа сапасын бақылаудың стационарлық бекеттерін орнату жөнінде шаралар қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 418-бабының 16-тармағына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – МАЖ) міндетті түрде болуы туралы талап қолданылады. «Нақты уақыттағы МАЖ шығатын газдардағы азот оксиді мен диоксидтің, көміртегі оксидінің құрамын бақылауға, ағын жылдамдығын, температураны, қысымды және салыстырмалы ылғалдылықты өлшеуге мүмкіндік береді».

2 мұнай-газ өндіруші ЕТҰ ҚМГ компаниялар тобы арасында алғашқылардың бірі болып МАЖ іске қосты. Мысалы, «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының газтурбиналық электр станциясында (ГТЭС) МАЖ кешенді жабдығы орнатылып, тестілеу сынақтарынан сәтті өтті. Осындай бірегей жүйелерді іске қосу – бұл кәсіпорындарды жаңғыртудың маңызды кезеңі ғана емес, сонымен қатар экологиялық тиімділік пен ашықтықты арттыру.

ҚМГ компаниялар тобы бойынша атмосфералық ауаға барлық ластаушы заттар шығарындыларының нормативтік көлемі 2022 жылы 120,6 мың тоннаны (2021 жылы 110,2 мың тоннаны) құрады.

ҚМГ компаниялар тобының операторлары жаңа Экологиялық кодекске сәйкес Объект операторының қызметімен технологиялық тікелей байланысты және олардың аумағында жұмыстар жүргізетін мердігерлік ұйымдардың эмиссиялары үшін жауапты болады. Мердігерлік ұйымдардың эмиссияларының деректері әсер етуге бірыңғай экологиялық рұқсатта есепке алынып, Операторлардың есептілігіне енгізілді, осыған байланысты атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындылары 2021 жылмен салыстырғанда 8,6 %-ға өскені байқалады.

Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобаларының нәтижесінде Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4-К5 кластарына сәйкес келетін еуропалық сапа стандарттарына сай мұнай өнімдерін өндіру арқылы зауыттар шығаратын отынның экологиялық көрсеткіштері жақсарды.

ҚМГ компаниялар тобында атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындылары, мың тонна

2020

202114

2022

Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, барлығы, оның ішінде:

247,2

110,2

120,6

NOx шығарындылары

17,6

12,7

16,0

SOx шығарындылары

12,7

12,2

10,5

басқа ластаушы заттардың шығарындылары

216,9

85,3

94,1

14 Ескертпе: 2021 жылдан бастап деректер ҚТГ есебінсіз ұсынылады.

ҚМГ компаниялар тобындағы ластаушы заттардың үлестік шығарындылары

2020

2021

2022

КСШ өндіру, т/1 000 т.м.б. өндірілген көмірсутек шикізаты

1,9

1,9

2,1

Мұнай өңдеу, т/1 000 т өңделген мұнай

2,9

2,8

3,1

Мұнай тасымалдау, т/1 000 т тасымалданатын мұнай

0,5

0,5

0,5

2022 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша мұнай баламасында көмірсутек шикізатын өндірудің жалпы көлеміне қатысты NOx шығарындыларының орташа көрсеткіші КСШ өндірудің мың тоннасына 0,31 тоннаны құрады, IOGP орташа көрсеткіші – 0,33. 2021 жылмен салыстырғанда NOx меншікті шығарындылары 29 %-ға өсті, бұл бұрын атап өтілгендей, мердігерлік ұйымдардың жаңа көздерін қосумен байланысты. SОx шығарындыларының мұнай баламасында көмірсутек шикізатын өндірудің жалпы көлеміне қатынасының орташа көрсеткіші ҚМГ компаниялар тобы бойынша КСШ өндірудің мың тоннасына 0,21 тоннаны құрады, IOGP орташа көрсеткіші – 0,20. 2021 жылмен салыстырғанда ЅОх үлестік шығарындыларының 4,5 %-ға төмендегені байқалады.

Компания өз қызметінде тұрақты органикалық ластағыштар эмиссиясын шығармайды.

Шикі газды ұтымды пайдалану

ҚМГ мен оның еншілес компаниялары үшін басым міндеттердің бірі атмосфераға зиянды заттар мен парниктік газдар шығарындыларын басқару, сондай-ақ газды алаулатып жағуды азайту болып табылады. Экологиялық саясатқа сәйкес, біздің компания газды алаулатып жағудың нөлдік деңгейіне жетуге және алау шығарындыларын азайтуға тырысады. Біз алдымызға шикі газды пайдалану мен кәдеге жаратуды арттыру, сондай-ақ алаулатып жағуды азайту міндетін қойып отырмыз. Шикі газды дамыту және өңдеу бағдарламаларының арқасында біз жылу және электр энергиясын өндіру үшін газ пайдалануды арттырдық, бұл шикі газды жағу және шығару кезінде пайда болатын зиянды заттар мен парниктік газдар шығарындыларының төмендеуіне әкелді.

2022 жылы шикі газды кәдеге жарату 98,8 % құрады. Шикі газды алаулатып жағу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 89 %-ға (2017 жылғы көлем – 315,8 млн м3) қысқарды. Газды жағу көрсеткіші өндірілген КСШ-ның 1 мың тоннасына 1,5 тонна деңгейінде (2021 жылы – 2,1, 2020 жылы – 2,2), бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 29 %-ға төмен және IOGP орташа салалық көрсеткішінен 84 %-ға төмен.

2015 жылы ҚМГ Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын тұрақты жағуды толық кәдеге жарату» бастамасын қолдады. Компания шикі газды жағу көлемін барынша азайтуға тырысады. Осы бастама шеңберінде шикі газды жағу көлемі бойынша есептілік жыл сайын Дүниежүзілік банктің ҚР өкілдігіне тапсырылады.

Шикі газды алаулатып жағу көлемі

Көрсеткіш

2020

2021

2022

Шикі газды алаулатып жағудың жалпы көлемі, млн м3

57,6

52,5

35,7

Шикі газды тиімді пайдалану деңгейі, %

98

98

98,8

Шикі газды жағу қарқындылығы, өндірілген 1 мың КСШ-ға тоннаға шаққанда

2,2

2,1

1,5

Бұл бөлімде шикі газды өндіруге және тиімді пайдалануға байланысты үдерістер бар өндіру секторындағы ҚМГ компаниялары бойынша мәліметтер көрсетілген.

Су ресурстарын қорғау және суды ұтымды пайдалану

Суды жауапкершілікпен пайдалану Компания құндылықтарының ажырамас бөлігі болып табылады. Компания су тапшылығы жоғары өңірлерде КСШ барлау мен өндіруді жүзеге асырады және су ресурстарын ұтымды пайдалануға ұмтылады. ҚМГ өз қызметінде тұщы судың баламаларын да пайдаланады: қайта пайдаланылатын және айналымдағы сумен жабдықтау суы, өңделген ақаба сулар және тұщыландырылған су. Су тапшылығы жоғары өңірлерде ҚМГ тұщы суды аз пайдалану, айналымдағы суды ұлғайту және суды пайдалануды мұқият мониторингілеу үшін су ресурстарын басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.

ҚМГ ЕТҰ-да су ресурстарын басқару тәсілін жүйелейтін «Сегіз су қағидаты» – су ресурстарын пайдалану бөлігіндегі ҚМГ-ның негізгі қағидаттары болып табылады. Бұл қағидаттар Су ресурстарын басқарудың корпоративтік стандартында көрсетілген: https://www.kmg.kz/sustainable-development/corporate-governance/corporate-documents/

Компанияда төгінділерді азайтуға және табиғи көздерден су алуды азайтуға бағытталған жобалар іске асырылуда. Су ресурстарын пайдалану мен қорғау тиімділігін арттыру және су алуды азайту, айналымдағы сумен жабдықтауды ұлғайту бойынша шараларды, мақсатты көрсеткіштерді белгілеу мақсатында 2023 жылы ҚМГ компаниялар тобында Су ресурстарын басқарудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр.

Компания өз қызметін халықаралық талаптарға, экологиялық және су заңнамасына толық сәйкестікте жүргізеді. Ластаушы заттарды төгу нормативтерінің жобаларын әзірлейді, Уәкілетті орган бекіткен әдіснамаларға сәйкес есептеулер жүргізеді, ластаушы заттарды төгуді жүзеге асыру бөлігінде әсер етуге экологиялық рұқсат алады, су пайдалануға арнайы рұқсат алады.

2020 жылдан бастап Компания өзінің су ізін есептейді және Су қауіпсіздігі сауалнамасы аясында Carbon Disclosure Project алаңында суды басқару туралы ақпаратты орналастырады.

Толығырақ ақпаратты ҚМГ-ның жарияланған есептерінен алуға болады, олар мына сілтеме бойынша ашық қолжетімді: CDP су қауіпсіздігі жөніндегі сауалнама. https://www.cdp.net/en/responses?utf8=%E2 %9C%93&queries%5Bname%5D=Kazmunaygas

Сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобалар туралы ақпарат «Инвестициялық жобаларды іске асыру» бөлімінде берілген.

Су ізі

ҚМГ компаниялар тобы бойынша бөліністе су алудереккөздер бойынша, 83 707 мың м3
2022 жылы ҚМГ компаниялар тобындағы операциялар түрі бойынша су ресурстарын пайдалану, %17

ҚМГ компаниялар тобы бойынша су жинау 2022 жылы 83,71 млн м3 құрады, оның ішінде: жер үсті көздері – 36,76 млн м3, Жер асты көздері – 19,51 млн м3, қалалық сумен жабдықтау жүйелері – 9,7715 млн м3, теңіз – 17,58 млн м3, басқа кәсіпорындардың ақаба сулары – 0,09 млн м3. 1 000 мг/л дейін минералдану санаты бойынша өндірістік қажеттіліктерге арналған су тұтыну көлемі 38,02 млн м3, ал 1 000 мг/л немесе одан да көп минералдану санаты бойынша – 45,69 млн м3 құрады.

Компания сондай-ақ Каспий теңізі, Сырдария және Орал өзендерінің бассейндеріне жататын WRI Aqueduct16 су стресі көрсеткішіне сәйкес су тапшылығы жоғары өңірлерде орналасқан ҚМГ ЕТҰ-ның объектілеріне талдау мен есепке алуды жүргізеді. Осы ұйымдардың су жинауының жалпы көлемі 29,81 млн м3 (ҚМГ компаниялар тобы бойынша су жинау 36%-дан) құрады.

2022 жылы ҚМГ компаниялар тобы 10,69 млн м3 ақаба су бөлді. Ақаба суларды тазарту қондырғыларында тазартқаннан кейін нормативті тазартылған су мамандандырылған қабылдағыштарға жіберіледі: сақтау тоғандары, булану далалары және сүзу далалары. Тазалау имараттарында сарқынды суларды тазалау келесі ең басымдықты ластаушы заттар бойынша жүзеге асырылады, мысалы: қалқымалы заттар, ОХТ, ОБТ, мұнай өнімдері, хлоридтер, сульфаттар, темір, нитриттер, нитраттар, аммоний азоты, СББЗ және т.б. Ластаушы заттар төгіндісінің нормативтері Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне» сәйкес есептеледі. Тазалау имараттарында сарқынды суларды тазартудан кейін нормативтік тазартылған су мамандандырылған қабылдағыштарға төгіледі: су жинауыш тоғандарға, булану алаңдарына және сүзгілеу алаңдарына. Жер үсті су объектілеріне төгу және жергілікті жердің рельефі жоқ. Өз жинақтағыштары жоқ кәсіпорындар жасалған шарттарға сәйкес сарқындарды арнайы компанияларға тазарту және төгу үшін береді. Берілген ақаба сулардың жалпы көлемі – 0,38 млн м3 (минералдануы 1 000 мг/л-ден астам). 1 000 мг/л дейін минералданған ақаба суларды төгу – жоқ.

Бұл ретте, су тапшылығы өңірлеріндегі кәсіпорындардың сарқынды суларын төгу 2,65 млн м3 құрады, оның ішінде 2,54 млн м3 өз қабылдағыштарына төгіліп, мамандандырылған компанияларға (қабылдаушы объектілерге) – 0,11 млн м3 берілді.

Біздің кәсіпорындардағы тазарту қондырғылары мұнай өнімдерімен және тоқтатылған заттармен ластанған ақаба суларды тазартуға арналған. Мысалы, мұнай өңдеу зауытында ақаба сулар құм ұстағыштарда, мұнай ұстағыштарда, радиалды тұндырғыштар мен флотаторларда қатарынан механикалық және физика-химиялық бөлек тазартудан өтеді. Флотаторлардан кейінгі тазартылған өндірістік ағындар биологиялық тазартуға жіберіледі.

15 Қалалық СЖ жүйелерінен су алудың артуы және тиісінше жер асты көздерінен су алудың азаюы су алу көздері арасындағы қайта жіктелумен байланысты: осылайша, 2022 жылы қалалық СЖ жүйелерімен алынған жер асты көздерінің суы қалалық СЖ жүйелерінен су алу ретінде жіктелді, ал 2021 жылы ол жер асты көздерінен су алу ретінде жіктелген болатын.

16 WRI Aqueduct бойынша: жоғары санат – жалпы су жүктемесі 40-80 %, өте жоғары санат – > 80 %

17 ҚМГ компаниялар тобы үшін суды тұтыну туралы деректерді жинау кезінде тікелей әдіс қолданылды.

Мұнай өңдеу бағыты бойынша операциялар түрі бойынша су ресурстарын пайдалану 2022 ж., 15,81 млн м3, %
2022 жылы барлау және өндіру бағыты бойынша операциялар түрі бойынша су ресурстарын пайдалану, 43,02 млн м3, %

Тазартудан кейінгі ақаба судың бір бөлігі көлікті жуу, шаңды басу және өртке қарсы жүйелерді толтыру үшін қайта пайдаланылады. Бұл ретте тазартылған ақаба судың айтарлықтай көлемі мұнай өңдеу зауыттарында ғана екінші рет пайдаланылады, онда 2022 жылы 4,33 млн м3 тазартылған ақаба су қайта пайдаланылған, негізінен бұл су айналымдық сумен жабдықтау блоктарын толықтыру үшін пайдаланылады. ҚМГ зауыттарында суды қайта пайдалану пайызы («Мұнай өңдеу» бағыты бойынша су жинау көлемінен) 27 % құрайды.

2022 жылы ҚМГ МӨЗ айналымдағы сумен жабдықтау жүйелерінде барлығы 451,27 млн м3 пайдаланды (айналымда).

ҚМГ МӨЗ-де айналымдағы сумен жабдықтау жүйелерінде айналғаны

2020

2021

2022

Айналымдағы су көлемі, млн м3

430,62

389,99

451,27

Мұнай өндіру барысында ілеспе-қабаттық сулар деп аталатын үлкен көлемдер пайда болады – жер бетіне су-мұнай эмульсиясы алынады, ол кейіннен су мен мұнайға гравитациялық әдіспен бөлінеді. Осылайша тұнған су қабатқа айдауға жіберіледі.

2022 жылы өндірілген 136,52 млн м3 ілеспе-қабаттық судың 99 %-ы қабаттық қысымды ұстап тұру үшін кері айдалды.

Қойнауқат қысымын ұстап тұру үшін қойнауқатқа айдалғаны

2020

2021

2022

Өндірілген ілеспе-қабаттық су, млн м3

125,37

131,05

136,52

Компанияның қызметі ерекше экологиялық, шаруашылық, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар Қазақстанның батыс өңірінің су объектілеріне (Жайық, Қиғаш өзендері, Көкжиде құмдары) айтарлықтай әсер етеді. Сезімтал экожүйелерге теріс әсердің алдын алу үшін бақылаушы органдар қоршаған ортаға тұрақты экологиялық мониторинг жүргізеді.

Қалдықтарды өңдеу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру

ҚМГ өндірістік қызметі барысында мынадай өндіріс және тұтыну қалдықтары түзіледі: бұрғылау қалдықтары (бұрғылау ерітінділері мен қоқырлар), мұнай құрамды қалдықтар (түбіндегі тұнбалар, мұнаймен ластанған топырақ, мұнай қоқыры, ұңғымаларды кері жуу қалдықтары), пайдаланылған катализаторлар мен химиялық реагенттер.

Барлық объектілер бойынша қосалқы қызметтен де қалдықтар түзіледі, мысалы: құрылыс қалдықтары, майланған шүберек, пайдаланылған жаққыш майлар және т.б.

ҚМГ қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясат қағидаттарын мүлтіксіз сақтауға, сондай-ақ қалдықтарды басқару бөлігінде ҚМГ Экологиялық саясат қағидаттарын іске асыруға және енгізуге ұмтылады:

  • Қалдықтардың түзілу көлемін қысқартуды және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету.
  • Топырақтың, атмосфералық ауаның немесе су ресурстарының қайталама ластануын болдырмайтындай қалдықтарды қалпына келтіру технологияларының жиынтығын қолдану.
  • Ресурстарды үнемдейтін, қалдықтары аз, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу.

Объектілерде түзілетін қалдықтар олардың пайда болуының бастапқы кезеңінде бөлек жиналады, түзілетін қалдықтар өлшеу жабдығындта өлшенеді, сұйық қалдықтар үшін қалдықтар көлемін өлшеу стандартталған немесе градуирленген ыдыстарда жүзеге асырылады.

ҚМГ-ның барлық объектілерінде қалдықтардың түрлері, саны мен қасиеттері бойынша есепке алу жүзеге асырылады, қауіпті қалдықтардың паспорттары әзірленеді, өндіріс және тұтыну қалдықтарының есебі қалдықтардың пайда болуына және олардың қалпына келтіруге немесе жоюға берілуіне қарай қалдықтарды есепке алудың тиісті журналында жүргізіледі. Барлық өндірістік объектілерде қалдықтарды басқаруға жауапты тұлғалар тағайындалды.

Қалдықтарды есепке алу нәтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттамалар түрінде ұсынылады: өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептер (тоқсан сайын), қалдықтарды түгендеу жөніндегі есептер (жыл сайын), ластауыштардың шығарындылары мен тасымалы тіркелімі (жыл сайын), сондай-ақ HSE KMG ақпараттық жүйесі арқылы ҚМГ-ға ұсынылады.

Қалдықтар пайда болған сәттен бастап ҚМГ ЕТҰ қалдықтарды жинауды, қалдықтарды көмуді немесе оларды өз күшімен қалпына келтіруге және/немесе жоюға жіберуді немесе қалдықтарды басқарудың бекітілген бағдарламасына сәйкес қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырады.

ҚМГ ЕТҰ қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету мүддесінде пайда болған қалдықтарды олардың артықшылығының кему тәртібімен басқару жөніндегі шаралардың мынадай иерархиясын қолданады:

  1. қалдықтардың пайда болуын болдырмау;
  2. қалдықтарды қалпына келтіру (өңдеу немесе кәдеге жарату);
  3. қалдықтарды жою.

Қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою бойынша тартылатын мамандандырылған ұйымдарда міндетті түрде барлық қажетті рұқсат беру құжаттары болады:

  • Тиісті қауіпті қалдықтарды өңдеуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға арналған лицензия.
  • Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпті емес тиісті қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою қызметінің басталғаны туралы хабарлама.
  • Әсер етуге экологиялық рұқсат.

Тасымалдау кезінде қалдықтардың әсерін азайту мақсатында ҚМГ ЕТҰ мамандандырылған ұйымдарға қалдықтардың ең аз орын ауыстыруы немесе оларды ҚМГ ЕТҰ аумағында қалпына келтіру туралы талаптар белгіленеді.

Тартылатын мамандандырылған ұйымдар ҚМГ ЕТҰ қалдықтарын қалпына келтіру жөніндегі операцияларды олардың экологиялық рұқсаттарында көзделген әдістермен жүргізеді, ҚМГ ЕТҰ аумағында қалдықтарды қалпына келтіру әдістерін таңдау кезінде қалдықтарды қалпына келтірудің қазіргі заманғы технологияларына, оның ішінде қоршаған ортаны қайта ластамайтын технологияларға басымдық беретінін атап өткен маңызды.

ӨМГ қоқыр жинағышы – тазалауға дейін және тазалаудан кейін

Мамандандырылған ұйымдар жаңадан түзілген және бұрын жинақталған қалдықтарды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды ҚМГ ЕТҰ тарапынан жасалған шарттың техникалық ерекшелігіне, сондай-ақ қалдықтарды қалпына келтіру мен жоюдың, оның ішінде қалдықтарды қалпына келтіру жөніндегі объектілерге барудың жобалық шешімдеріне сәйкестігін бақылайды, қажет болған жағдайда қалпына келтірілген қалдықтарға бақылау зертханалық талдаулар жүргізіледі.

2022 жылы ҚМГ-ның түзілген және жинақталған қалдықтарды қалпына келтіруге жұмсаған шығыстары 14,37 млрд теңгені құрады.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

«Ембімұнайгаз» АҚ-да жүк көліктері мен жеңіл автокөліктердің пайдаланылған шиналарын, сондай-ақ арнайы техника шиналарының кейбір түрлерін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін пайдаланылған автошиналарды қайта өңдеуге арналған «ATR-300» кешені жұмыс істейді. Шығаруда резеңке үгіндісінің үш фракция түрі пайда болады. Кешен – ретімен орнатылған жұмыс агрегаттары бар технологиялық желі, олардан өткен бастапқы материал дайын өнім түрін алады.

Үдеріс қалдықсыз өндіріс болып табылады:

  • автошинаны қайта өңдеу кезінде резеңке үгіндісінің соңғы өнім шығарылуы 60% құрайды;
  • корд пен бүйір сақинаның металл қалдықтары 30% мөлшерінде кейіннен темірбетон бұйымдарын өндіруде пайдаланылады;
  • кордтың тоқыма қалдықтарының 10% жылытатын материалдар ретінде пайдаланылады.
ММГ аумағында салынған мұнай қалдықтарын кәдеге жарату кешені

2019 жылғы 6 тамыздағы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚМГ арасындағы «Ынтымақтастық туралы меморандум» шеңберінде ММГ, ӨМГ және ҚБМ объектілерінде құрамында мұнайы бар тарихи қалдықтарды кәдеге жарату және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Меморандумды орындау шеңберінде 2019 жылғы қыркүйектен бастап ММГ, ӨМГ және ҚБМ келісімшарттық аумақтарына түгендеу жүргізілді, олардың шеңберінде қалдықтардың сипаттамалары, қалдықтардағы мұнай өнімдерінің құрамы және олардың көлемі айқындалды. Жүргізілген түгендеу негізінде мұнаймен ластанған топырақтың құнарлығын қалпына келтірудің тиісті жобалары әзірленіп, мемлекеттік органдармен келісілді, жобалар шеңберінде мұнай бар қалдықтарды кәдеге жаратудың қауіпсіз және тиімді технологиялары іріктеліп, ұсынылды, мұнай қалдықтарын кәдеге жарату кешендері салынды, тиісті рұқсаттар мен лицензиялар алынды.

Сонымен қатар ЕМГ және КТМ Меморандум бойынша міндеттемелер периметріне кірмегеніне қарамастан, мұнда тарихи ластануды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл компаниялар 2022 жылы келісімшарттық аумақтар шегінде тарихи мұнаймен ластанған жерлерді тазарту бойынша жұмыстарды аяқтады.

2022 жылы ҚМГ ЕТҰ объектілерінде 693,7 мың тонна тарихи қалдықтар кәдеге жаратылды, оларды орналастыру орындарының учаскелері қалпына келтірілді.

Қалпына келтіруге және жоюға жіберілген қалдықтар (тонна)

 

ЕТҰ аумағында

Мердігер аумағында

Барлығы

Қауіпті қалдықтар

 

 

 

Қалдықтарды қалпына келтіру (өңдеу/кәдеге жарату)

727 469

362 315

1 089 784

оның ішінде бұрғылау қалдықтары (бұрғылау ерітінділері мен қоқыр)

--

220 380

220 380

Қалдықтарды жою (көму/орналастыру)

7 615

--

7 615

оның ішінде бұрғылау қалдықтары (бұрғылау ерітінділері мен қоқыр)

--

--

--

Қауіпсіз қалдықтар

 

 

 

Қалдықтарды қалпына келтіру (өңдеу/кәдеге жарату)

1 604

17 899

19 503

Қалдықтарды жою (көму/орналастыру)

1 015

14 430

15 445

Барлығы

1 132 347

Қалдықтардың құрамы (тонна)

 

Түзілетін қалдықтар

Қалпына келтіруге жіберілген қалдықтар

Жоюға жіберілген қалдықтар

Қауіпті қалдықтар

382 37718

1 089 78419

7 615

оның ішінде бұрғылау қалдықтары (бұрғылау ерітінділері мен қоқыр)

222 191

220 380

--

Қауіпсіз қалдықтар

37 170

19 503

15 445

Барлық қалдықтар

419 547

1 109 287

23 060

2022 жылы бұзылған топырақ құнарлығын қалпына келтірудің жалпы ауданы – 109 гектар.

Кәдеге жаратылған қалдықтар санының жинақталған және жаңадан пайда болған қалдықтар санына қатынасы, т/т
Кәдеге жаратылған қалдықтар санының жаңадан пайда болған қалдықтар санына қатынасы, т/т
Жыл соңындағы ластанған жерлер алаңының жыл басына қатынасы, га/га
Жыл ішінде қалпына келтірілген жерлер алаңының жыл ішінде ластанған жерлер алаңына қатынасы, га/га

18 Түзілетін қалдықтардың саны ҚМГ ЕТҰ объектілерінің аумағында жұмыстарды орындайтын мердігерлік ұйымдар қалдықтарының түзілу көлемі ескеріліп ұсынылған.

19 Тарихи қалдықтарды кәдеге жарату көлемін, сондай-ақ өткен жылдың ауыспалы көлемін ескергенде.

Жұмыс алаңдарын жабу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру

Белгілі бір келісімшарттардың талаптары бойынша, заңнамаға және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, ҚМГ кен орындарының әрқайсысында негізгі құралдарды бөлшектеу мен тарату және жер учаскелерін қалпына келтіру бойынша заңды міндеттемелер алады. Атап айтқанда, ҚМГ міндеттемелеріне барлық өндірістік емес ұңғымаларды біртіндеп жауып, құбырларды, ғимараттарды бөлшектеу және келісімшарттық аумақты қалпына келтіру, сондай-ақ пайдаланудан шығару сияқты қызметті түпкілікті тоқтату іс-қимылдары және өндірістік учаскедегі қоршаған ортаны ластамау жөніндегі міндеттемелер жатады.

Компания активтерді шығару бойынша міндеттемелерді әрбір келісімшарт бойынша бөлек есептейді. 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың мұнай-газ активтерін тарату жөніндегі міндеттемелерге арналған резервінің баланстық құны 88,163 миллион теңгені құрады. Келісімшарттық аумақтарда қалпына келтіру және тарату процестері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI ҚРЗ кодексімен реттеледі.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес:

  • Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындылар алған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасына сәйкес жүргізіледі.
  • Жер қойнауы учаскесін консервациялау жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындылар алған жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасына сәйкес жүргізіледі.
  • Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезінде консервациялау және тарату қағидаларында көзделген ұңғымалардың жекелеген санаттарын қоспағанда, технологиялық объектілер жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған технологиялық объектілерге сәйкес таратылады немесе консервацияланады, тарату немесе консервациялау тарату және консервациялау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ұңғымаларды тарату жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығымен бекітілген көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіру кезінде консервациялау және тарату қағидаларында белгіленеді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 маусымда № 17094 болып тіркелді (4-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде әртүрлі мақсаттағы мұнай, газ және айдау ұңғымаларын тарату).

МАГИСТРАЛЬДЫ МҰНАЙ ҚҰБЫРЛАРЫ

2012 жылғы 4 шілдеде күшіне енген «Магистральдық құбыр туралы» ҚР Заңына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ-ның (бұдан әрі − ҚТО) пайдалану аяқталғаннан кейін магистральдық құбырды тарату және кейіннен қоршаған ортаны қалпына келтіру, оның ішінде топырақ құнарлығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу бойынша заңды міндеттемесі бар. Құбырларды тарату және топырақ құнарлығын қалпына келтіру міндеттемесіне арналған резерв бөлшектеу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің Топ есептеген құны негізінде бағаланады. 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құбырларды тарату және топырақ құнарлығын қалпына келтіру жөніндегі міндеттемесі бойынша Топ резервінің баланстық құны 40,6 миллион теңгені құрады (2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша: 34,5 миллион теңге).

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

2022 жылы «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ-мен бірлесіп дайындық жұмыстары жүргізіліп, желтоқсан айында «Жеңіс» учаскесінде барлау ұңғымасын бұрғылау басталды. «Жеңіс» блогы Каспий теңізінің қазақстандық секторында 75-100 м тереңдікте орналасқан. Блоктан Ақтау портына дейінгі қашықтық 180 км, лицензиялық учаскенің ауданы – 6 848 шаршы км. Қол қойылған келісімшартқа сәйкес ең аз негізгі міндеттемелер бір барлау ұңғымасын бұрғылау және 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл жобаның операторы «Жеңіс Оперейтинг» бірлескен кәсіпорны болып табылады, ол компаниялардың әрқайсысына 50 % тиесілі.

Каспийдегі жобалар айтарлықтай жинақталған құзыреттері болатын, Компания үшін стратегиялық өңірде ресурстық базаны кеңейтудегі маңызды қадам болып табылады. 2023 жылы Жеңіс учаскесіндегі барлау ұңғымасын бұрғылауды, Абай учаскесінде бұрғылауға дайындық жұмыстарын жүргізуді, Әл-Фараби учаскесінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуді аяқтау жоспарланған.

Теңіз ұңғымаларын басқару

ҚМГ Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы стратегиялық әріптестерімен бірлесіп «Жеңіс», «Абай», «Әл-Фараби» және т.б. жер қойнауын пайдалану учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға және бірлескен қызмет туралы келісімдерге сәйкес теңіз жобаларында геологиялық барлау жұмыстарын халықаралық әріптестермен (ENI, Лукойл және т.б.) арнайы құрылған бірлескен кәсіпорындар жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпорындарда теңізде ұңғымаларды бұрғылау және теңіз сейсмикалық барлау жұмыстары процестері бойынша басқарушылық шешімдерді ҚМГ және әріптестер Операциялық комитеттер мен олардың кіші комитеттері (қаржылық, техникалық, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша, сатып алу бойынша) шеңберінде халықаралық стандарттар мен ҚР заңнамасының талаптарына толық сәйкес қабылдайды. Теңіз ұңғымаларын басқаруға байланысты барлық міндеттер Операциялық комитет туралы ережелерде және бірлескен қызмет туралы келісімде көрсетілген.

Мұнай төгілуінің алдын алу және жою

Мұнайдың авариялық төгілуін жоюға (бұдан әрі – МАТЖ) ұдайы дайын болу біз үшін сөзсіз басымдық болып табылады.

Каспий теңізі бірегей табиғи объект болып табылады, оның нәзік экожүйесі оның тұйықтығына байланысты мұнаймен ластануға ерекше сезімтал. Біз теңіздегі мұнай операцияларын жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікке жоғары талаптар қоямыз: кез келген жұмыс түрі басталғанға дейін келісімшарттық аумақтарда фондық экологиялық зерттеулер жүргіземіз және біздің әлеуетті әлеуметтік және экологиялық әсерімізді бағалаймыз, сондай*ақ әсер ету мониторингін, эмиссиялар мониторингін және авариялық жағдайлардың мониторингін – операциялар жүргізу кезінде де және одан кейін де жүзеге асырамыз.

Теңіздегі бұрғылау операцияларын бастамас бұрын біз мұнайдың барлық ықтимал авариялық төгілулерін жоюға ұдайы дайын болуды қамтамасыз етеміз. Жұмыстар аяқталғаннан кейін біз жойылған ұңғымаларға үздіксіз экологиялық мониторинг жүргіземіз. Келісімшарттық аумақтардағы таратылған ұңғымалардың мониторингі мыналарды: атмосфералық ауаның сапасын, теңіз суы мен түптік шөгінділердің ластануын, биоалуантүрліліктің жай-күйін, сондай-ақ зертханалық-талдамалық жұмыстарды, жойылған ұңғымалардың сағаларын фото және бейнетүсіруді бақылауды қамтиды.

Теңіздегі операциялар кезінде біз мынадай қағидаттарды қатаң ұстанамыз:

  • Жобалық шешімдерді қатаң сақтау
  • «Нөлдік төгу» қағидаты – барлық қалдықтар мен ақаба сулар жағаға шығарылады
  • Барлық жүзу құралдарын балық қорғау құрылғыларымен қамтамасыз ету және ляльді сулардың болмауын қамтамасыз ету
  • Уылдырық шашу кезеңінде өндірістік операцияларды жүргізуге тыйым салу – 1 сәуірден бастап 15 шілдені қоса алғанда
  • Өндірістік кемелерден балық аулауға тыйым салу
  • Түнгі мезгілде ұңғымаларды сынауға және көмірсутек шикізатын жағуға тыйым салу
  • Арнайы пайдалану режимін сақтау
Мұнайдың төгілу көлемі (тонна)

Компанияда мұнайдың төгілуінің негізгі себебі – коррозиялық процестердің әсерінен кәсіптік мұнай құбырларының тесілуі болып табылады. Төгілулер коллектордың жарылуынан және құбырдың болат бөлігінің тозуып, содан кейін төгілуінен болады.

Компаниялар кейін сырт ұйымдарға өңдеуге беру үшін су-мұнай эмульсиясын дренаждық ыдыстарға тасымалдай отырып, аумақты ластанған топырақтан тазарту бойынша жедел жұмыс жүргізеді. Топырақ құнарлығын биологиялық қалпына келтіру процесінде белгілі бір түрдің құрамына сәйкес келетін көпжылдық шөптер отырғызылды.

Бұл ретте барлық жағдайлар жер объектілерінде, көмірсутек шикізатын өндіру барысында тіркелді. Теңізде мұнайдың төгілу жағдайлары болған жоқ.

Компания құбырлардың бүтіндігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған құбырларды диагностикалау, қайта жаңарту, ауыстыру, тежеу және тазарту бойынша іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау арқылы кәсіптік мұнай құбырларының істен шығуы мен тесілуі санын төмендету бойынша жұмысын жалғастырды.

Құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ Компанияның құбырларына кесекірумен байланысты заңсыз қылмыстық жағдайды өзгертті. Соңғы 3 жылда магистральдық құбырларға қылмыстық кесекіру фактілері нөлдік көрсеткішке дейін азайтылды (2019 жылы 2 кесекіру анықталды, залал 6,4 млн теңгені құрады; 2020 және 2021, 2022 жылдары қылмыстық кесекіру фактілері тіркелген жоқ).

Осы көрсеткіштерге мынадай іс-шараларды орындау арқасында қол жеткізілді:

  • GPS-жүйелер бойынша мобильді топтардың жұмысына мониторингті және мобильді топтардың мұнай құбырларын шолып өтуді және шолып тексеруді уақтылы жүзеге асыруына бақылауды күшейту;
  • Optosense мониторинг жүйесі арқылы мұнай құбырларын қорғау.

Мұнайдың авариялық төгілуін жоюға (МАТЖ) ұдайы дайын болу біз үшін сөзсіз басымдық болып табылады.

Мұнайдың авариялық төгілуін жою кезінде еріктілер қозғалысын дамыту бастамасы

ҚМГ компаниялар тобы МАТЖ кезінде еріктілерге көңіл бөледі. «KMG Systems&Services» ЖШС компаниясы «Атырау және Маңғыстау облыстарында МАТЖ кезінде еріктілерді дамыту бағдарламасын» (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырады, оның шеңберінде «KMGSS» ЖШС 2022 жылы Маңғыстау облысы Баутино кентіндегі Теңіз операцияларын қолдау базасында (ТОҚБ) «Kaspiige qamqorlyq/Каспийге қамқорлықпен» еріктілер қозғалысы үшін мұнайдың ықтимал авариялық төгілуінің салдарын жою бойынша 4 тренинг өткізді. 67 ерікті мен Маңғыстау облысы ТЖД-ның 4 қызметкері оқудан өтті. Сондай-ақ Атырауда ЖОО студенттері үшін семинар өткізілді.

Оқыту қоршаған ортаның мұнаймен ластануын жоюдың негізгі теориясы мен тәжірибесін қамтыды. Атап айтқанда, еріктілер төгілулерді жою үшін арнайы жабдықты қолдануды үйренеді, соның ішінде бондарды – мұнай дақтарын тарту үшін арнайы қоршауларды орналастыруға қатысады. Жобаның негізгі мақсаты – еріктілерге МАТЖ бойынша білім беру, МАТЖ негіздеріне және жабайы табиғатты құтқаруға үйрету.

Биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау

Біздің орналасқан аймақтардағы қорғалатын табиғи аумақтар және флора мен фаунаның шалынатын түрлері

Солтүстік Каспий Каспийдің ең өнімді бөлігі болып табылады. Теңіздің осы бөлігінің биологиялық ресурстары өте үлкен. Негізгі кәсіптік ихтиофауна объектілері 25 түрінен тұрады, олардың ішінде ең құндысы – бассейнде әлемдік қордың 70-80 %-нан астамын құрайтын бекіре тұқымдастары.

Еділ (ҚР шегінде) және Орал өзендерінің атырауларымен Солтүстік Каспийдің шығыс бөлігінің акваториясы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағына кіреді. Каспийдің солтүстік бөлігіндегі сулы-батпақты алқаптар, әсіресе Еділ, Орал және Ембі өзендерінің атыраулары, сондай-ақ теңіз жағалауы мен акваториясы іргелес жатқан Еуразиялық құрлықтағы аса маңызды алқаптар болып табылады, олар ұя салу, түйреу, маусымдық көші-қон және қыстау кезеңінде миллиондаған суда жүзетін және су маңындағы құстарды қолдауды қамтамасыз етеді. Солтүстік Каспий арқылы Еуразиядағы ең ірі, Сібір-Қара теңіз-Жерорта теңізі аралық жолының бірі өтеді.

Аялық зерттеулердің материалдары бойынша, жағалаудан 20-60 км қашықтықта орналасқан Солтүстік-Шығыс Каспийдің ашық учаскелері арқылы құстардың 70-тен астам түрі қоныс аударады (оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін 5 түрі). Жағалау аймақтарында кіші ақ құтан, жалбағай, бірқазан, сұңқылдақ аққу, алакөз қара ала үйрек және қарабас өгізшағала ұялайды. Сондай-ақ осы аралықта сұлтанбалық, аққұйрық субүркіт және балықшы тұйғын байқалды.

Жер бетіндегі ценозда ҚР Қызыл кітабына енген құстардың 5 түрі ұя салады. Ең көп мекендейтін құстар – дала қыраны. Сирек құстардан бізтұмсақ, қарала шалшықшы, кіші ақ құтан кездесуі мүмкін.

Каспий теңізінде мекендейтін жалғыз ірі теңіз сүтқоректілері (жарғақтабандылар тобы) Каспий итбалығы (Phoca caspica) болып табылады. Бұл сүтқоректілердің эндемиялық түрі. Итбалық бүкіл Каспий теңізі бойында таралған, бірақ солтүстік бөлігіндегі олардың саны маусымға байланысты өзгеріп отырады. Теңіз акваториясы бойынша жануарлардың маусымдық таралу сипаты жылдық циклдің үш негізгі фазасымен: көбею, түлеу және айдауыл кезеңімен айқындалады. Көбейетін жерлері қыста қататын Солтүстік Каспийде орналасқан. Сәуір мен қыркүйек айлары аралығында итбалықтар көбінесе Орта және Оңтүстік Каспийді мекендейді. Жазда Солтүстік Каспийде аздаған жануар (30 000-ға жуық дара) өмір сүреді, популяцияның негізгі бөлігі Оңтүстік Каспийдің терең және суық суларында орналасқан. Күздің соңында олар су қататын Солтүстік таяз су аймағына қоныс аударады. Популяцияның басым бөлігі Солтүстік Каспийде қазан-қараша айларында жиналады.

Қазақстанның және бүкіл Еуразия құрлығының биоалуантүрлілігін сақтау үшін осындай маңызды аумақ тұрақты мониторингті және қорғау іс-шараларын уақтылы жүргізуді қажет етеді. Солтүстік Каспийдегі өз қызметінің басынан бастап ҚМГ осы аймақтың табиғатын қорғау мәселелеріне көңіл бөліп келеді.

«Исатай» учаскесі Маңғыстау облысындағы Бозашы түбегінің жағалауынан солтүстікке қарай 45 км қашықтықта Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан.

Өлі Құлтық (Үстірт) бұрын солтүстік-шығыста кең таралған және әлі күнге дейін осы теңіз бөлігін пайдаланатын, Комсомол және Өлі Құлтық пен Қайдақ соры шығанағында түлейтін және ұшатын құс, Каспий өкілі – фламинго мекендейтін жер болып табылады. Фламинго (Phoenicopterus roseus) – жергілікті ұя салатын түрі. Қазақстан фаунасындағы түрдің жалғыз өкілі. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстандағы ұя салатын негізгі орындары – Теңіз көлі, Шалқар көлі және Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауы.

Комсомол шығанағының ауданын, Өлі Құлтық және Қайдақ сорларын осы күнге дейін жаз бойы тұрақты түрде мыңдаған құстер мен түлейтін құстар пайдаланады. Орталық Қазақстанның колония құстары осы аудандар арқылы ұшады, осылайша сәуір және тамыз–қыркүйек айларында ұяламайтын жергілікті құс басын көбейтеді. Жыл сайын Комсомол шығанағы арқылы 35 мыңға жуық түр көшіп-қонады.

«Абай» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік-батыс бөлігінде Каспий теңізінің акваториясында Бозашы түбегінің жағалауынан солтүстікке қарай 60-70 км жерде орналасқан және аумақтық жағынан Атырау облысына жатады. Учаске Каспий қорық аймағында орналасқан.

«Әл-Фараби» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының оңтүстік бөлігінде орналасқан және аумақтық жағынан ҚР Маңғыстау облысына жатады. «Әл-Фараби» учаскесінің батыс шекарасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Орта Каспий су айдынындағы мемлекеттік шекараға іргелес.

Маңғыстау облысы. Маңғыстау облысының аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кең желісі, оның ішінде Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мен Республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан қорық аймағы, сондай-ақ 8 қорық және 1 өңірлік бағыныстағы табиғи парк бар. Маңғыстау облысының аумағында мекендейтін рептилия түрлерінің ішінен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына (2010) Elaphe sauromates абжыланы енгізілген. Маңғыстау аумағында кәдімгі, кең таралған және кей жерлерде көп таралған ортаазиялық тасбақа, соған қарамастан, Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл тізімінің критерийлері бойынша осал түр мәртебесін иеленеді.

Республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан қорық аймағы жек дуадақ пен ителгінің тіршілік ету ортасын сақтау және табиғи өсімін молайту мақсатында құрылған. Белгіленген режимдер: қорықтық режим, тапсырыс режимі, реттелетін режим.

Қаражамбас кен орны Бозашы түбегінің солтүстік-батыс бөлігінде, Каспий маңы ойпатының шегінде, батыстан Каспий теңізіне іргелес аумақта орналасқан. Кен орнының батыс жағынан Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағымен шектеседі. Өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде жылына екі рет флора мен фаунаға мониторинг жүргізіледі.

Ақтөбе облысы. Жергілікті маңызы бар «Көкжиде-Құмжарған» мемлекеттік табиғи кешенді қорықшасы. Осы қорықтың аумағында республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының екі объектісі орналасқан: республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық объектілерінің тізбесіне енгізілген Көкжиде құмдары мен Көкжиде жерасты сулары.

Өріктау, Әлібекмола және Қожасай кен орындары ҚР Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан. Өріктау кен орнының келісімшарттық аумағының солтүстік-батыс бөлігі Көкжиде құмында орналасқан, сондай-ақ кен орындары жергілікті маңызы бар «Көкжиде – Құмжарған» мемлекеттік табиғи кешенді қорықшасымен шектеседі. Жер асты суларының ластануына жол бермеу мақсатында Компания тобының қызмет аймағында, сондай-ақ келісімшарттық аумаққа іргелес Көкжиде құмды алабында қоршаған ортаның жай-күйін тұрақты бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен осы жер қойнауы учаскесін басқару және одан әрі қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша қажетті шараларды әзірлеу бойынша консультациялар жүргізіледі.

Шекаралар шегінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жанында орналасқан өндірістік алаңдар

ЕҚТА түрі

Шекара ішінде

Іргелес шекаралар (аумақтың бөлігі кіреді)

Шекаралардан тыс (1-10 км жақын орналасқан)

IUCN I-IV санат

IUCN V-VI санат

Исатай

Өлі Құлтық (Үстірт)

Абай

Өріктау

Әлібекмола

Қожасай

Қаражамбас

Рожков

Дүниежүзілік мұра объектілері

Рамсар алқаптары

2022 жылы биоәртүрлілікті сақтауға қосқан үлесіміз

Экологиялық саясат аясында біз:

  • сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлардың бағалы түрлерінің тіршілік ету ортасы ретінде ерекше құндылығы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметті жүзеге асырмауға, экологиялық сезімтал аумақтарда жұмыстарды іске асыру кезінде тәуекелдерді бағалауға;
  • өндірістік қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде ықтимал елеулі тікелей әсерлердің алдын алу, азайту, қалпына келтіру және өтеу сияқты төрт негізгі әрекетті ескере отырып, биоәртүрлілікке әсердің салдарын азайту жөніндегі шаралар иерархиясын қолдануға;
  • қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті қорғау саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеу және одан әрі білім жинақтау үшін зерттеу бағдарламалары мен салалық әріптестіктерге қатысуға;
  • келісімшарттық аумақтарда өз қызметкерлеріміздің, сондай-ақ мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйым қызметкерлерінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулауына, балық аулауына және басқа да пайдалануына жол бермеуге міндеттенеміз.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

2022 жылы «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК-мен бірлесіп 1,4 млн теңге сомасына 28 123 дана көлемінде 1,5 гр салмақта бекіре құртшабақтарын өсіру жұмыстарын жүргізіп, оларды кейіннен Жайық өзеніне шығарды. Бұл жұмыс Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін толықтыру және балық ресурстарына келтірілген сөзсіз залалды өтеу мақсатында жүргізілді. Балық аулау орны, мерзімі, әдісі мен тәсілі Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының ғылыми ұсынымдарына сәйкес жүргізілді.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында орналасқан учаскелерде аялық экологиялық зерттеулер, ұңғыманы бұрғылау және сынау жүргізілді. Қызметтің қазіргі кезеңінде осы аудандардағы техногендік әсер шамалы, және жабайы жануарлар мен құстардың өз мекендеу ортасында еркін жүріп-тұруына кедергі келтірмейді. Бұрғылау барысында қоршаған ортаға мынадай жұмыс түрлері әсер етеді: бұрғылау қондырғысын орнату, ұңғымаларды бұрғылау және сынау, кеме қатынасы. Әсер ету факторлары мыналар: теңіздегі құрылыс кезеңінде суда жүзінділер концентрациясының артуы, су түбіндегі шөгінділердің табиғи құрылымының бұзылуы, соның ішінде қарқынды кеме қатынасы, шуылдың физикалық әсері.

Қоршаған ортаға, жойылған ұңғымаларға өндірістік экологиялық мониторинг және гидрология, гидрохимия, гидробиология және ихтиология бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) жүргізу өндірістік операциялар кезінде балық ресурстарына келтірілген сөзсіз залалды өтеу шеңберінде жүргізіледі.

Биоәртүрлілікке әсер ететін өндірістік қызметтің жағымсыз әсерлерінің бірі – орнитофаунаға үлкен қауіп төндіретін электр желілері. Сымдармен соқтығысу және электр тогының соғуы нәтижесінде болатын құстардың өлімі жануарлар әлемін қорғаудың ең өткір проблемаларының біріне айналуда, әсіресе елдің дала және шөлейт аймақтарында, ағаш өсімдіктері болмағандықтан, жыртқыш құстардың көптеген түрлері үшін электр берудің әуе желілерінің бағандары ұя салуға және тынығуға тартымды болады.

Құстар үшін электр қондырғыларының қауіптілігі жоғары учаскелерді анықтау және зерттеу арнайы зерттеулер барысында немесе өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде жүзеге асырылады.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

2022 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырларының объектілерінде электр берудің әуе желілерінде электр тогының соғуынан құстардың өлімін болдырмау үшін 12 581,930 мың теңге сомасына құс қорғау құрылғыларын (ҚҚҚ) орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл желілік ажыратқыштарға қону кезінде құстардың өлу ықтималдығын едәуір азайтты. Жалпы қоғам бойынша Жезқазған, Шымкент, Атырау мұнай құбыры басқармаларында 242 жиынтық орнатылды.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Әлібекмола» және «Қожасай» кен орындарының ӘЖ-6 кВ-да құстар электр тогымен зақымданбауы үшін екінші әлеуеттің («фаза», «жер») жанасуын болдырмайтын қосымша оқшаулағыштар орнатты. ӘЖ-35 кВ-да құстар кернеуге түспес үшін сымдар екінші әлеуетті жанасуына мүмкіндік бермейтін аспалы оқшаулағыштарға бекітілген.

2022 жылдың желтоқсан айында ҚМГ сарапшылары «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырған «Құстар мен энергетика: орнықты дамуды іздеуде» атты дөңгелек үстелге қатысты. Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша осындай өзекті тақырыптар, орнитофаунаны дамыту саласындағы заңнама, компаниялардың ақпараттық ашықтығына шолу, құстардың өлу себептері, әуе ЭБЖ мен қосалқы станциялардың құстарды қорғау құрылғылары талқыланды.

Құрлықтағы операциялар

Теңіз операциялары

2020

2021

2022

2020

2021

2022

Биоалуантүрлілігі ҚОӘБ-мен немесе ұқсас құжатпен қамтылған учаскелер (%)

100

100

100

100

100

100

Тұрақты түрде экологиялық мониторинг жүргізілетін учаскелер (%)

100

100

100

100

100

100

Жойылған ұңғымаларға үнемі мониторинг жүргізілетін жойылған ұңғымалар бар учаскелер (%)

100

100

100

100

100

100

ҚМГ компаниялар тобы қызметінің биоалуантүрлілікке теріс әсерін азайту қорғалатын табиғи аумақтар шегінде де, одан тыс жерлерде де жүзеге асырылады. Биоәртүрлілікті сақтау саласындағы саясат тіршілік ету ортасын, жануарлардың көші-қон жолдарын сақтауды, қоршаған ортаға ықтимал залалды барынша азайтуды және өтеуді, бұзылған аумақтар ауданын азайтуды көздейді.

Теріс әсерді азайту жөніндегі шаралар мұнай өндіру және тасымалдау объектілеріндегі жұмыстардың ұзақтығын, қарқындылығын, сондай-ақ тікелей және жанама әсер ету деңгейлерін қысқартуды көздейді.

Компания биоәртүрлілікті сақтау бойынша кез келген бастамаларды, идеяларды және шараларды қарауға әрдайым ашық, және оларды hse@kmg.kz адресіне жіберуді сұрайды.

Экологиялық менеджмент мәселелері бойынша персоналды оқыту

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін оқыту ҚМГ компаниялар тобында өзекті болып қала береді. Осыған байланысты осы салаларда персоналды міндетті оқыту, даярлау және біліктілігін арттыру басым бағыт болып табылады.

2022 жылдан бастап ҚМГ КО қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт-техникалық минимум бойынша міндетті оқыту «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС платформасында өтеді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша оқыту «70/20/10» «жұмыс орнында/ішкі/сыртқы» оқыту моделі бойынша қолда бар оқу-курстық комбинаттар/орталықтар базасында жүргізіледі. Тәжірибелі қызметкерлер арасында тәлімгерлік және ішкі жаттықтырушылық жөніндегі бағдарламалар іске асырылады, шеберлік сабақтары мен тренингтер, озық қызметкерлер арасында әртүрлі конкурстар өткізіледі, бұл ішкі коммуникацияларды жетілдіруге және қызметкерлерді өз кәсіптерінде үздік болуға ұмтылуға ынталандыруға мүмкіндік береді.

Меншікті оқу-курстық комбинаттары/орталықтары бар: «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (Жаңаөзен қ.), «ҚазТрансОйл» АҚ (Ақтау қ.), «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС (Павлодар қ.) және «Oil Services Company» ЖШС (Ақтау қ.).

NEBOSH (National Examination Board in Occupational Safety and Health) – еңбекті қорғау және қызметкерлердің денсаулығы саласында біліктілік пен оқытуды ұсынатын халықаралық танылған ұйым. NEBOSH курстары мұнай-газ саласын қоса алғанда, әртүрлі салаларда жоғары біліктілігімен және сұранысымен танымал. NEBOSH курстары бойынша оқыту ҚМГ және оның ЕТҰ қызметкерлеріне тәуекелдерді бағалау, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті басқару бойынша практикалық дағдыларды алуға көмектеседі, бұл өз кезегінде жұмыс тиімділігін арттырады және өндірістік жазатайым оқиғалар қаупін азайтады.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерге арналған оқыту сессиялары, семинарлар мерзімді негізде өткізіледі. 01.07.2021 ж. бастап ҚР жаңа Экологиялық кодексі қолданысқа енгізілуіне байланысты енгізілген жаңалықтарды түсіндіру үшін, оның ішінде ҚОӘБ рәсімі, экологиялық жобалау, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өту және оның мерзімдері бойынша енгізілген жаңалықтарды түсіндіру үшін, Компания қызметкерлері семинарларға қатысып, оларда спикерлер ретінде жаңа Экологиялық кодексті әзірлеушілер және Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сөз сөйледі. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар алды.

2022 жылы ӨБ, ЕҚОҚ мәселелері бойынша оқудан өткен ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің ішінен санаттар бойынша білім алғандардың деңгейі: ӘБП – 2 894, ИТҚР – 14 236 және өндірістік персонал – 61 941 адам. 2022 жылы 7 222 әйел мен 71 849 ер адам оқудан өтті және 79 071 адамның жалпы көрсеткішіне қатысты – әйелдер – 9,1 %, ерлер – 90,9 %.

Жоспарланған шаруашылық қызметті экологиялық бағалау

Компания қоршаған ортаның компоненттеріне жоспарланған және жүзеге асырылатын қызметті экологиялық бағалау жүргізу арқылы қоршаған ортаны қорғау саясатын жүзеге асырады. Жоспарлау және жобалау барысында тікелей және жанама және жиынтық жағымсыз әсерлер ескеріледі. Өндірістік процесті дамытудың немесе жаңа жобаны құрудың әрбір ниеті ұсыныстарды жинау немесе ашық жиналыстар түрінде жұртшылықпен консультациялармен сүйемелденеді, мұнда әрбір пікір одан арғы жұмыста ескеріледі. Әрбір жоба үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен қоғамдық тыңдауларға шығарылады. Сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар тұрғылықты жеріне қарамастан, оларға қатысқысы келетін кез келген адамдар үшін ашық болып табылады. Тыңдау нәтижелері хаттамаланады және танысу үшін ашық қолжетімді түрінде жарияланады.

2021 жылдан бастап Компания өз жұмысында Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың корпоративтік стандартын басшылыққа алады. Стандарт көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау процесінің корпоративтік қағидаттарын айқындайды, ҚМГ компаниялар тобының, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері мен мердігерлерінің, оның ішінде қызметі қоршаған ортаға әсерді бағалаудың техникалық құжаттамасы мен материалдарын әзірлеумен, қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары бойынша қоғамдық пікірді есепке алуды ұйымдастырумен және жүргізумен, сондай-ақ эмиссияларға рұқсат алумен байланысты жобалау ұйымдарының қызметін регламенттейді.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

2022 жылы жергілікті қоғамдастықпен және қоғамдық ұйымдармен 17 кездесу және 100 қоғамдық тыңдау өткізілді, өндірістік объектілерге баспасөз турлары өткізілді. Қоғамдық тыңдаулар санының өсуі жаңа экологиялық заңнамаға сәйкес шешім қабылдаудағы жұртшылықтың рөлі кеңейтілгендігімен және қоғамдық талқылаулар қазір жобалаудың әрбір кезеңінде жүргізілетіндігімен байланысты. Сонымен қатар, ҚР жаңа Экологиялық кодексінің қабылдануымен мердігерлік ұйымдардың қызметінен шығатын эмиссиялар ЕТҰ-ға берілетін қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсаттарға енгізіледі, осылайша, мердігерлік ұйымдардың жобалары Оператордың қоғамдық тыңдауларын өткізу аясында талқыланады.

Қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл

2022 жылы АМӨЗ Қоғамдық экологиялық кеңесі (бұдан әрі – ҚЭК) өз жұмысын бастады. Сараптамалық топта – зауыт басшылығы, өңірдің кәсіби экологтары мен экобелсенділері, техника ғылымдарының кандидаттары, экономика ғылымдарының докторы, депутаттар, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары бар. ҚЭК құрудың мақсаты АМӨЗ өндірістік қызметінің шешімдерін қабылдау процесіне азаматтық қоғамдастықтың қатысу мүмкіндігі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы АМӨЗ қызметі туралы азаматтық қоғамның пікірін білдіру, экологиялық жобаларды іске асыру және экологиялық проблемаларды шешуде тиімді ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

2022 жылғы 15 қыркүйекте ҚЭК бірінші отырысы өтті, сұрақ-жауап сессиясы болды, мүшелер күкірт өндіру қондырғысына, механикалық тазарту құрылыстарының алаңына барды. АМӨЗ басшылығы қатысушыларды зауыттың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысымен таныстырып, Tazalyq жобасының жай-күйі, оны іске асыру барысы және зауыт аумағында МТҚ құрылысының барлық кезеңдері туралы айтып берді. ҚЭК мүшелері өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша, сондай-ақ зауытта енгізіліп жатқан инновациялар мен жаңалықтар туралы толық ақпарат алды.

2022 жылғы 15 қарашада АМӨЗ ҚЭК кезекті отырысы өтті. Кездесуде зауыт мамандары ҚЭК мүшелерін жөндеу-алдын алу жұмыстарының барысымен, Tazalyq экологиялық бағдарламасын іске асырудың ағымдағы мәртебесімен таныстырды, сондай-ақ Атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі жол картасын таныстырды.

Жол картасына жеңіл мұнай өнімдері бойынша құю операцияларын герметикалық құю эстакадасына ауыстыру, БКҚ-да буды қалпына келтіру блогын салу және резервуарлық саябақтарда понтондар монтаждау сияқты іс-шаралар кіреді.

Отырыста Tazalyq бағдарламасы шеңберінде жұмыс кезеңдерін іске асыру қорытындылары да шығарылды: жалпы ауданы 465 га булану алқаптарының 1 және 2 секторларының құнарлығы қалпына келтірілді, нормативтік-тазартылған ағындардың арнасы реконструкцияланды. Келер жылға 3 және 4 сектордың құнарлығын қалпына келтіру жоспарланған. «Тазарту құрылыстарын жаңғырту (МТҚ)» жобасында жұмыстар жалғасуда: келесі жылы мұнай бөлгіштер, құм ұстағыш, флотаторлар торабы және ПДО-3 (қосымша тұндыру тоғаны) бөлшектеледі. Қазіргі уақытта мұнай қоқыпын сусыздандыру және алдын ала тазарту қондырғыларының құрылысы 98 %-ға аяқталды.

Барлық айтылған экологиялық іс-шаралар қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған. МТҚ қайта жаңартылғаннан кейін тазартылған судың бір бөлігі зауыт қажеттіліктеріне – Жайық өзенінен өндірістік мақсатта тұщы су алуды азайту үшін қайта пайдаланылатын болады.

ҚМГ-дағы Жасыл кеңсе тұжырымдамасы

ҚМГ барлық ресурстарды үнемді пайдалануға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға бағытталған «Жасыл кеңсе» қағидаттарын ұстанады. Біз жұмыс жағдайларын ұдайы жақсартуға, еңбектің ыңғайлылығы мен тиімділігін арттыруға, кеңселеріміздің дизайны мен архитектурасын жақсартуға, жасыл желектерді ұлғайтуға және қызметкерлерімізге демалуға мүмкіндік беретін іс-шараларды енгізу бойынша белсенді жұмыс істейміз. Біз ресурстарды тұтынуды азайтуға, қолайлы экологиялық жағдай жасауға және «Жасыл кеңсе» қағидаттарын сақтай отырып, қызметіміздің экономикалық тиімділігіне қол жеткізуге тырысамыз.

Жұмыскерлерді экологиялық салада ағарту жұмыстары жүргізіледі, ресурстарды үнемдеу (энергия үнемдеу, жылуды үнемдеу, бөлек жинау, қағазды үнемдеу және т.б.) бойынша ағарту жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ «жасыл іс-шаралар» өткізіледі.

Бүгінгі таңда мынадай бастамалар іске асырылды:

  • кабинеттерде, дәліздерде, фойеде, паркингте қағаз, пластик, шыны және металл қалдықтарды бөлек жинауға арналған экоурналар орнатылған;
  • пайдаланылған батареяларды жинауға арналған арнайы контейнерлерді орнатылған;
  • қызметкерлерге жұмыс күнінің соңына дейін компьютерлер мен техниканы өшіру қажеттігі туралы «қалқымалы терезе» хабарламасы;
  • кеңсе қызметкерлеріне ағаштарды сақтау және қағаз басып шығару көлемін азайту қажеттілігі туралы жадынама;
  • электрондық құжат айналымы енгізілген. ҚМГ корпоративтік орталығында «Жазу қағазын тұтынуды 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3 %-ға төмендету» мақсаты белгіленді. Жыл қорытындысы бойынша 2 593 бума қағаз пайдаланылды, бұл 5 710 бума мөлшеріндегі жоспарлы көрсеткіштен 54,5 %-ға төмен, сондай-ақ белгіленген мақсаттан 78,7 %-ға төмен (2019 жылы 12 228 бума пайдаланылған);
  • презентациялар үшін проекторлар пайдаланылады;
  • жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін бейімдеу курсында экоурналар бойынша ақпарат жаңартылды;
  • ҚМГ корпоративтік орталығының ғимаратында пластикалық бөтелкелер мен шыны ыдыстарды қабылдау бойынша фандамат-терминал орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

«Жер сағаты» халықаралық іс-шарасына қатысу

Жыл сайын бүкіл әлемде «Жер Сағаты» халықаралық іс-шарасы өткізіледі. Бұл табиғатты қастерлеудің нышанды әрекеті, планетаның климатын және оның шектеулі ресурстарын сақтау бойынша шаралар қабылдауға қоғамдық шақыру. 2022 жылы ҚМГ электр энергиясын үнемдеу бойынша аталған акцияға қосылды.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

Экологиялық жауапкершілікке бейілділік ҚМГ ЕТҰ-дағы көгалдандыру жұмыстарынан да көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған орман қорында 2 миллиардтан астам және елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызуға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде, сондай-ақ Кешенді жоспарды орындау шеңберінде Атырау облысында орналасқан ҚМГ ЕТҰ-да 2021–2024 жылдарға арналған «ірі мұнай компанияларының көгалдандыру жұмыстарын жүргізу» іс-шарасын іске асыру көзделген.

ҚМГ ЕТҰ-ның барлығында санитарлық-қорғау аймақтарының аумағында және қатысу өңірлерінде жасыл желектерді отырғызу жұмыстары жүргізілді. Мысалы, «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері жасыл қорды жалпы ауданы 0,2529 га жерді 562 бірлікпен толықтырды: тал, алма, айланта, үйеңкі және күл жемістері егілді. Жақсы дәстүр бойынша, ағаш отырғызылған кейін оған күтім жасалып, суарылады. «ПМХЗ» ЖШС санитарлық-қорғау аймағының аумағында 11,2 гектар аумаққа 3 369 ағаш отырғызылды. Қазақойл Ақтөбе ЖШС кен орындарының аумағына 1 126 жасыл желек отырғызылды. Бұл ауа сапасын жақсарту бойынша үлкен әрі жоспарлы жұмыстың бір бөлігі және экология жобаларының маңызды құрамдас бөлігі.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

«Ембімұнайгаз» АҚ 100 жылдық мерейтойы құрметіне Атырау қаласында Мұнайшылардың даңқ аллеясын құрды. Қала тұрғындарының демалысы мен қарым-қатынасына арналған жаңа орынның ашылуына ЕМГ басшылығы мен ұжымы, мұнайшы ардагерлер, Атырау қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Ауданы 6 300 м2 болатын аллея Жайық өзенінің жағасында, «Ембімұнайгаз» АҚ кеңсесінің жанында орналасқан. Тарихи тұрғыдан бұл аумақ «Ембімұнай» өндірістік бірлестігімен байланыстырылады, онда белгілі мұнайшылар Сафи Өтебаев, Бөлекбай Сағынғалиев, Жолдасқали Досмұхамбетов, Орынғазы Есқазиев және басқа да көптеген Жайық-Ембі бассейнінде ғана емес, Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында кен орындарын ашушылар еңбек жолын бастаған.

Аллея қалалық кеңістік болып табылады, оның ортасында сәулеттік-мүсіндік композиция – мұнайды және табиғи газ жалынын бейнелейтін тамшы орналасқан. Аймақтың тарихы мен өзгешелігін ашатын бірнеше тақырыптық композициялардан тұратын барельеф Ембі мұнайшылары – Социалистік Еңбек Ерлері мен Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының есімдері жазылған естелік тақтамен толықтырылған. Ембі кен орындарының санын 47 ұстынтізбек белгілеп тұр. 100 субұрқақтар аллея аумағында ерекше атмосфера жасайды. Аллея аумағында балалар ойын алаңы, субұрқақтар, демалуға арналған орындықтар бар. Қала тұрғындарының демалысы үшін саябақ алаңдарын жасау мақсатында қосымша 100 түп көшет отырғызылып, оларды суару ұйымдастырылды.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

2022 жылдың маусым айында ҚМГ еліміздің 180-нен астам өнеркәсіптік кәсіпорны мен халықаралық ұйымы экологтарының қатысуымен «Орнықты дамитын жауапты бизнес» тақырыбындағы конференцияға қатысты. Аталған іс-шара қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және заңнамалық реттеудің өзекті мәселелері бойынша кәсіпорындардың, халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығын нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған. Конференция 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеуге орайластырылды.

ҚМГ бастамасы бойынша компаниялар тобының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне ҚМГ Басқарма төрағасының атынан белгілер мен грамоталар табыс етілді. Осындай марапаттарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган да бастамашылық жасады.