ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұрат Бақытжанұлы
БАҒЛАНОВ
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің үздік техникалық қызмет көрсету операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

Бәсекелестікке қарсы мінез-құлық

Есепті кезеңде ҚМГ компаниялар тобындағы ұйымдарға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты 34 әкімшілік іс қозғалды (барлығы ЕТҰ-ға қатысты).

Оның ішінде: 2 әкімшілік іс ЕТҰ пайдасына қаралды, 1 әкімшілік іс ішінара ЕТҰ пайдасына қаралды, 31 әкімшілік іс ЕТҰ пайдасына қаралмады.

Сондай-ақ соттар монополияға қарсы заңнамамен байланысты 2 азаматтық істі қарады (соттардың ЕТҰ пайдасына шешімдері).

Бәсекелестікке қарсы мінез-құлыққа, трастылыққа қарсы заңнаманы бұзуға байланысты азаматтық істер жоқ.

Әлеуметтік-экономикалық сәйкестік

Әлеуметтік және экономикалық реттеу саласындағы заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкессіздік, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтармен даулар нысана болған азаматтық және әкімшілік істер жоқ.

Экологиялық төлемдер мен шығындар

Экологиялық шығындарға нормативтік эмиссиялар үшін салық төлеу, табиғатты қорғау іс-шараларына арналған шығындар, сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өтемақы шаралары, қоршаған ортаға әсерді болдырмауға арналған инвестициялар және т.б. кіреді. 2015 жылдан бастап мұнай қалдықтарын өңдеуге салынған инвестициялар 3 есе өсті және қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған барлық шығындардың үштен бірінен астамын құрайды. 2022 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар 32,4 млрд теңгені құрады. Шығындардың негізгі бөлігі мұнай қалдықтарын өңдеуге, таза технологияларды енгізуге және тазарту қондырғыларын жаңартуға жұмсалды.

Экологиялық заңнама талаптарына сәйкестік

Компания өндірістік объектілерде Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасына сәйкессіздіктерді айқындау бойынша, заңнама талаптарына қандай да бір сәйкессіздікті болдырмау бойынша іс-шараларды жүргізу үшін проблемалық мәселелерді айқындау және тәуекелдерді басқару бойынша жұмыс жүргізеді.

Бұл кестеде айыппұл санкцияларының сомалары көрсетілген.

ҚМГ компаниялар тобы бойынша экологиялық төлемдер мен шығындардың динамикасы, млрд теңге
Примечание: Данные 2020 года представлены с учетом АО «КазахГаз»
Экологиялық айыппұлдар, млн теңге
2021 жылдың желтоқсан айында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ға 5,9 млрд теңге залал үшін айыппұл талабы қойылды, шағымдану жұмыстары жүріп жатыр.