ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Тұрлан Салауатұлы
МЕЛЕКЕЕВ
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның үздік жерасты ұңғымаларын жөндеу бригадасы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

ТКДБ іске асыру жоспарында жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға және офсеттік саясатты іске асыруға көп көңіл бөлінеді, бұл көміртегі ізін 550 мың тонна СО2-ге қысқартуға мүмкіндік беруі тиіс.

ҚМГ Total Eren S. A. және «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, қуаты 1 ГВт жел станциясының құрылысын жоспарлау үшін Жамбыл облысында техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге және жел әлеуетін зерттеуге кірісті. Болашақ ЖЭС станциясының бірлік қуаты елдегі барлық қолданыстағы ЖЭК объектілерінің жалпы көлемінің жартысын құрайды.

ҚМГ Маңғыстау облысында Eni-мен бірлесіп 120 МВт гибридті станция (күн+жел) салу бойынша осындай жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар біз өзіміздің өндіруші ЕТҰ-да меншікті шағын СЭС салуды жоспарлап отырмыз.

Қуаты 1 ГВт жел станциясын салу жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы үкіметаралық келісімге қол қою.