ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұрат Бақытжанұлы
БАҒЛАНОВ
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің үздік техникалық қызмет көрсету операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

Инвестициялық портфель ҚМГ үшін дәстүрлі болып табылатын геологиялық барлау, мұнай тасымалдау және өңдеу бағыттарындағы бірқатар жобалармен ұсынылған. Сондай-ақ Компания баламалы энергетикадағы жаңа жобаларды бағалау және ҚМГ-ның қолданыстағы операциялық активтеріндегі көміртегі ізін азайту бойынша жұмыс жүргізуде.

2022 жылға арналған инвестициялық портфельдің жалпы құны 51 311,6 млрд теңгені құрайды, оның ішінде ҚМГ үлесі – 18 516,1 млрд теңге. 23.

Қызмет бағыты

2022 жылы инвестициялық портфельдің құнын бөлу, млрд теңге

2022 жылы инвестициялық портфельдің құнын ҚМГ үлесіне бөлу, млрд теңге

Мұнай мен газды барлау және өндіру

44 448,2

14 608,6

Инфрақұрылым жобалары

405,1

387

Мұнай тасымалдау

424,2

163,1

Мұнай өңдеу және мұнай өнімдері маркетингі

271

215,7

Мұнай-газ химиясы

5 581

2 959,6

Өзгесі

182,1

182,1

Жиыны

51 311,6

18 516,1

23 2022 жылғы Жылдық есепте ҚМГ инвестициялық портфелі бойынша жедел деректер көрсетілді.

Мега жобалар – Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ

ҚМГ стратегиялық инвесторлармен бірлесіп Теңіз (20 %), Қашаған (16,87 %) және Қарашығанақ (10 %) ірі кен орындарындағы жобаларға қатысады.

  • Теңіз компаниясында «Сағалық қысымды басқару жобасы/Болашақ кеңейту жобасы» іске асырылады. 2023 жылға негізгі құрылыс жұмыстарын аяқтау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланған. СҚБЖ объектілерін пайдалануға беру 2023 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Жоба мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.
  • Қарашығанақ кен орнында өндіру сөресін қолдау жобалары белсенді іске асырылуда. 2021 жылы «Қарашығанақ өңдеу кешеніндегі газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы (KGDBN)» және «4-ші газды кері айдау компрессорын орнату жобасы (4IC)» сәтті аяқталды. Қазір «5-ші газды кері айдау компрессорын орнату жобасы» белсенді құрылыс сатысында, ол бойынша 2023 жылдың соңына қарай жұмысты 85 %-ға ілгерілетуге қол жеткізу жоспарлануда.
  • Сондай-ақ 2022 жылы «Газды кері айдаудың 6-шы компрессорын орнату жобасын» іске асыру бойынша инвестициялық шешім (FID) қабылданды.
  • Қашаған кен орнында 2022 жылдың қыркүйек айында «Қолданыстағы шикі газ айдау компрессорларын жаңғырту жобасы» пайдалануға берілді. 2041 жылға дейін ШГА компрессорларын жаңғыртудан күтілетін қосымша мұнай өндіру шамамен 8,5 млн тоннаны құрайды.
  • Қазіргі уақытта кен орнында өндіру 1-ші игеру кезеңі шеңберінде жүргізіледі. 2-кезең үш бөлек жоба шеңберінде қаралады, олардың ішінде ең көп зерттелгендері келесі 10 жыл ішінде мұнай мен конденсат өндіру деңгейін тәулігіне ~710 мың баррге дейін (тәулігіне~89,5 мың тонна) арттыруға бағытталған 2 «А» кезеңі және 2 «Б» кезеңі болып табылады. Бұл жобаларға инвестиция салудың түпкілікті шешімі 2023–2024 жылдары күтілуде.

Мұнай мен газды барлау және өндіру

2022 жылы ҚР-дағы мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында Үкімет шетелдік инвесторлар мен ҚМГ-ның қатысуымен қосымша ынталандыруды қажет ететін күрделі жобалар (құрлықтағы жаңа күрделі жобалар, теңіз жобалары мен газ жобалары) үшін бірқатар реттеушілік және фискалдық преференциялар беретін Жақсартылған модельдік келісімшарт (бұдан әрі – ЖМК) тетігін әзірледі. 2022 жылғы желтоқсанда Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске және Салық кодексіне тиісті түзетулер топтамасына ҚР Мемлекет басшысы қол қойды. Бұл түзетулер ҚМГ-ның бірқатар жобаларын қозғайды және Каспий теңізінің қайраңында да, құрлықтағы бірқатар күрделі және газ жобалары бойынша да жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді.

2022 жылдың желтоқсан айының басында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жеңіс учаскесінде тереңдігі 3 300 м ұңғыманы жұмылдыру және іздестіру бұрғылау басталды. Іздеу ұңғымасын бұрғылауды 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

2023 жылы Қаламқас теңіз – Хазар учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қол қою жоспарлануда. Осы кен орны бойынша қорлар расталды, келесі қадам «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ стратегиялық серіктесімен бірлесіп жайластыру тұжырымдамасын таңдауға бағытталған.

Сондай-ақ ҚМГ құрлықта барлауды белсенді жүзеге асырады. 2022 жылы «Торғай Палеозой» және «Каратон Тұзасты» учаскелерінде барлау ұңғымаларын бұрғылауға дайындық жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы осы учаскелерде тереңдігі 5,5 мың метр ұңғымаларды бұрғылау жоспарланған.

2022 жылғы желтоқсанда Атырау облысындағы Тайсойған-1 және 2 учаскелерінде барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар жасалды. Аталған учаскелер бойынша, бұған дейін 2019 жылы 300 млн тоннадан астам геологиялық ресурстар бөлуге мүмкіндік берген Қазақстан үшін бірегей ауқымды жоғары шешімді 3Д сейсмикалық барлау жүргізілді.

2022 жылы 5 учаске (Мұғалжар, Березовский, Жарқын, Болашақ және Солтүстік өзен) бойынша Жер қойнауын геологиялық зерттеу (ЖГЗ) лицензиялары алынды. Негізгі шөгінді бассейндерді модельдеу бойынша жүргізілген талдамалық жұмыс шеңберінде жете зерттеуді қажет ететін ең перспективалы 5 учаске бөлінді. Осылайша, 2023 жылы жер қойнауын геологиялық зерттеу бағдарламасы шеңберінде «озық» сейсмикалық барлау жүргізілмек.

Құрлықтағы жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау есебінен қорларды ұлғайту бойынша жұмыс жалғасуда. Атап айтқанда, 2022 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ «С. Нұржанов», «Уаз Солтүстік» және «Новобогат Оңтүстік-Шығыс» кен орындары барлауды аяқтағаннан кейін өндіру кезеңіне ауыстырылды. Тағы бір «Қарасор-Батыс» кен орны бойынша жұмыстар жалғасуда және өндіру кезеңіне ауыстыру 2024 жылы күтілуде. «Шығыс Өріктау» және «Рожков кен орнын дамыту» жобалары бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жұмыстары жалғасуда, 2023–2024 жылдары өндіруді бастау жоспарлануда.

Мұнай тасымалдау

2021 жылы мұнайды жылына 6 млн тоннаға дейін реверс режимінде тасымалдау мүмкіндігімен «Кеңқияқ – Атырау мұнай құбыры учаскесінің реверсінің бірінші кезеңі» жобасы аяқталды. 2022 жылы реверс бағытта 4,3 млн тонна мұнай тасымалданды.

КҚК құбырының өткізу қабілетін жылына 80 млн тоннаға дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ақтау кентінен Каспий теңізі арқылы өтетін балама бағыт бойынша экспорттық әлеуетті арттыру мәселесі қосымша пысықталуда.

Мұнай өңдеу және мұнай өнімдері маркетингі

Алдағы жылдарға арналған ҚМГ алдындағы басты міндеттердің бірі тұтынудың болжамды өсуі салдарынан Қазақстанның ішкі нарығын отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып табылады.

ҚР солтүстік және шығыс өңірлерінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ПМХЗ-да СКГ тазарту және қысқы дизель отынын өндіру жобалары іске асырылуда. Қондырғыларды іске қосу тиісінше 2024–2025 жылдары жоспарланып отыр.

Сонымен қатар қазіргі уақытта отандық МӨЗ – «ПКОП» ЖШС және «CASPI BITUM» БК» ЖШС қуаттарын кеңейту мәселелері зерттелуде. 2023 жылы алдын ала ТЭН нәтижелері алынбақ, оның қорытындысы бойынша одан әрі шешімдер қабылданатын болады.

KMG International N.V. Қазақстан-Румын инвестициялық қоры шеңберінде 2021 жылы Румынияда мұнай өнімдерін сатудың бөлшек сауда желісін кеңейтудің бірінші кезеңін іске асыру аяқталды: 25 ЖҚС салу кезеңі. 2023 жылы 44 жанармай құю станциясын кезең-кезеңімен салу арқылы Румынияда жанармай құю станцияларының бөлшек сауда желісін кеңейтудің келесі кезеңі аясында жанармай құю станцияларын салуды жалғастыру жоспарлануда.

Мұнай-газ химиясы

«Мұнай-газ химиясы – бұл біздің компаниямыздың жаңа басым бағыты. Біз қосылған құны бар өнімдердің кең ауқымын жасау үшін мұнай мен газ өңдеу саласындағы өндірістерді белсенді дамытуға ниеттіміз».

ҚМГ ҰК АҚ Басқарма төрағасы
Мағзұм Мырзағалиев

Полипропилен

2022 жылғы 8 қарашада қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленге дейін өндіретін ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (бұдан әрі – КРІ) ауқымды интеграцияланған газ-химия кешені іске қосылды. Кәсіпорын жұмысын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына сапары кезінде ашты.

Кәсіпорындағы өндіріс барлық экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді. Кешен үшін алынатын шикізат – өндірістік тізбек бойынша пропиленге, содан кейін полипропиленге айналатын, зиянды қоспалардан тазартылған пропан. Бұл процесте күкіртсутек, күкірт ангидриді, хош иісті көмірсутектер және т.б. сияқты қауіпті зиянды заттар түзілмейді.

Кешен сыртқы су тұтыну бөлігінде де экологиялық таза болып табылады – технологиялық процестердің қажеттіліктері үшін айналымдағы сумен жабдықтаудың тұйық циклі ақаба суларды жүз пайызға жуық кәдеге жарату және оларды қайтарылатын су түрінде қайта пайдалану («Karabatan Utility Solutions» ЖШС (бұдан әрі – «KUS») тазарту құрылыстары кешенімен интеграциялау) есебінен су тұтынуды азайту міндетін шешуге мүмкіндік береді. «KUS» ЖШС ақаба суларды тазарту процесі нөлдік сұйық төгінділерді (ZLD) қамтамасыз етуді көздейді. Бұл процесс сұйық қалдықтардың қоршаған ортаға төгілуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Өндірісте газдар мен жану өнімдерін жағу нәтижесінде пайда болатын жылуды жою үшін Hamon Deltak кәдеге жарату қазандығы қолданылады. Кәдеге жарату қазандығы аммиак беру арқылы NOx шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беретін каталитикалық жүйемен жабдықталған. Жүйе нақты уақыттағы NOx, CO, HC, NH3 және O2 шығарындыларының деңгейін өлшейтін түтін газының ағынды анализаторымен басқарылады. Кәдеге жарату қазандығының жұмыс қағидаты экологиялық таза болып табылады: жағу кезінде атмосферада қауіпті шығарындылар пайда болмайды.

Регенеративті ауа және шикізатты жылыту пештері O2, CO, HC, NOx, CO2 құрамын айқындайтын онлайн түтін газының анализаторымен жабдықталған, ол шығарылатын газдардың құрамын бақылауға мүмкіндік береді.

Пропанды сусыздандыру қондырғысы үшін негізгі шикізат «Теңізшевройл» ЖШС мұнай кен орнының ілеспе газынан бөлінетін пропан болып табылады. Пропан жеткізу Теңіз кен орнынан теміржол көлігімен жүзеге асырылады. Әрбір пропан сақтау ыдысы герметикалық бітеу әрі бақылау және құлыптау жүйелерімен жабдықталған.

Бұл жоба қазақстандық компаниялар үшін үлкен мүмкіндік берді: жобаны іске асыруға 43 қазақстандық компания қатысты, құрылыс кезеңінде 4 300-ден астам жұмыс орны ашылды.

Қазіргі уақытта KPI-де қызметкерлердің штат саны – 628 адам, олар компаниядан әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ қызметкерлерге тұрғын үй беру бағдарламасы іске асырылады. Бағдарлама бойынша 98 қызметкер пәтер алды. Тұрғын үй бағдарламасы өндірістік персонал арасынан перспективалы қызметкерлерді тарту және ынталандыру үшін іске қосылды.

KPI жобасында заманауи технологиялар қолданылды – бұл кәсіпорынның толық цифрлық болуына мүмкіндік береді, мамандандырылған IT-шешімдер мен корпоративтік есепке алу жүйелері операцияларды жоспарлаудан бастап дайын өнімді түпкілікті тұтынушыға сатуға дейінгі барлық деректердің жоғары дәлдіктегі есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

KPI елдегі алғашқы толық цифрлық зауыт болмақ. Кәсіпорынды цифрландыру жолындағы маңызды қадам SAP S/4HANA жүйесін кешенді енгізу болып табылады. SAP S/4HANA-ны KPI-ге кешенді енгізу тәжірибесі «ҚазМұнайГаз» тобының басқа компанияларына да тарату үшін қарастырылуы мүмкін.

Жобаны іске асырудан болатын әсер:

  • Қазақстанның полипропиленге ішкі қажеттілігін (импортты алмастыру) жабу (Қазақстан нарығының сыйымдылығы жылына 50 мың тоннаға жуық).
  • Полипропиленнен құрылыс, медицина, автомобиль жасау, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі және т.б. салаларда одан әрі қайта бөлу бұйымдарын өндіруде мүмкіндік.
  • өнеркәсіптің аралас салаларында қосымша жұмыс орындарын ашу.
  • Елдің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 1 %-ға дейін болады.

Полиэтилен

Екінші маңызды жоба қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін «KMGPetroChem» ЖШС зауытын салу жобасы (бұдан әрі – полиэтилен жобасы) болып табылады, 2023 жылы FEED кезеңі басталады.

Полиэтилен жобасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда және ҚМГ-ның ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына жауап береді, олар сонымен қатар қосылған құн тізбегінің тиімділігін арттыруды, бизнесті әртараптандыруды және көмірсутек шикізатынан өндірілетін өнімдер портфелін кеңейтуді қамтиды. Дайын өнімді ішкі нарықта да, экспортқа да сату жоспарлануда. Қазақстандық ішкі нарықтың сыйымдылығы жыл сайын күтілетін өсім орташа есеппен 4 %-ға артумен жылына шамамен 180 мың тонна полиэтилен мөлшерінде бағаланады. Нысаналы экспорттық нарықтарға ТМД елдері, Қытай, Түркия және Еуропа елдері кіреді, оларда полиэтиленді тұтыну, оның ішінде импорт есебінен тұтыну өседі деп күтілуде.

Осы саладағы әлемдік көшбасшылар Chevron Phillips Chemical және Univation Technologies компанияларымен MarTECH® ADL және UNIPOL™ PE Process технологияларын пайдалануға лицензиялық келісімдерге қол қойылды. Полиэтилен жобасын іске асыру ел үшін айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық пайда әкеледі.

Тұрақты күйдегі полиэтилен қоршаған ортаға қауіп төндірмейді, өйткені ол қоршаған орта температурасында басқа заттар немесе факторлар болған кезде ауа ортасында және ақаба суларда улы қосылыстар түзе алмайды. Полиэтилен және оған кіретін қоспалар озонды бұзатын заттар емес.

Зауыт өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін болады. Атап айтқанда, құрылыс кезеңінде шамамен 8 000 жұмыс орны, ал пайдалану кезеңінде – 875 тұрақты орын ашылатын болады. Елдің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 1,2 % деңгейінде бағаланады.

Терефтал қышқылы

Сонымен қатар полиэтилентерефталат өндіретін зауыт салу мүмкіндігін зерделеу жөнінде шешім қабылданды.

Жоба жеке инвестициялар есебінен іске асырылатын болады. Кәсіпорынның қуаты жылына 600 мың тонна терефтал қышқылын және жылына 430 мың тонна полиэтилентерефталат өндірісін құрайды деп күтілуде. Зауыт құрылысы 2023–2024 жылдары басталмақ. Зауыттың өзі 2026–2027 жылдары жұмыс істей бастайды деп күтілуде.

Пайдалану кезеңінде 812 тұрақты жұмыс орнын, құрылыс кезеңінде – 1 300-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Қатысу өңірлерін дамытуға бағытталған жобалар

Қатысу өңірлерінде сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу: «Астрахань – Маңғышлақ су құбырын қайта жаңарту», «Кендерлиде қуаты тәулігіне 50 000 м3 болатын теңіз суын тұщыландыру зауытын салу».

«Астрахань – Маңғышлақ су құбырын қайта жаңарту» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, сондай-ақ ЕДБ-мен жобаны қаржыландыруға шарт жасалды. Жобаны 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

«Кендерлиде куаты тәулігіне 50 000 м3 болатын теңіз суын тұщыландыру зауытын салу» жобасы бойынша жобаның ТЭН-іне түзету жүргізілді (PMC консультанттың ұсынымдарына сәйкес), қазір ЕРС-мердігерді таңдау бойынша әлеуетті мердігерлердің тізімі қалыптастырылып, қорытынды шығарылуда. Жобаны 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Газды үздіксіз өңдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде өңір халқының газға қажеттілігін жабу үшін Жаңаөзен қаласында жаңа МӨЗ салу жобасы іске асырылуда.

Жаңаөзен қаласында жаңа МӨЗ салу жобасы бойынша Pre-FEED және ТЭН әзірленді, жобаны қаржыландыруға ЕДБ-мен уағдаластық бар. Қазіргі уақытта объектілердің құрылысына өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу рәсімі жүргізілуде. Пайдалануға беру 2025 жылы жоспарланып отыр.

Атырау МӨЗ тазарту құрылыстары мен булану өрістерінен Атырау қаласының атмосфералық ауасына әсерін болдырмау арқылы «Tazalyq» қоршаған ортаны жақсарту жобасы іске асырылуда.

2022 жылы механикалық тазарту құрылыстарын (МТҚ) реконструкциялаудың 1-кезеңі аяқталды, 4 булану өрісінен 2 сектор құрғатылды. МТҚ 2-кезеңі бойынша жұмыстарды толық аяқтау және булану өрістерінің құнарлығын қалпына келтіру 2023 жылдың соңына жоспарланған.