ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Рустам Талғатұлы
ӘСІЛОВ
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің технологиялық қондырғылардың үздік операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

2022 жылы ҚМГ елімізде 44 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыды.

Қызметкерлердің нақты саны (есепті кезеңнің аяғында Компанияның нақты жұмыс істейтін тұрақты және уақытша орнын басатын қызметкерлері) 2022 жылдың аяғында ҚМГ Компаниялар тобы бойынша 44 688 адамды құрады (2021 жылы – 44 650, 2020 жылы – 57 073), аутстаффинг – 2 838 адамды құрады (2021 жылы – 2 787, 2020 жылы – 3 100). Компаниялар қызметінің бағыты ауыр, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларымен байланысты екенін ескергенде, ерлер үлесі 82 %, әйелдер үлесі 18 % құрайды.

2020–2022 жылдардағы жынысы бойынша бөліністегі қызметкерлер, %

жылдар

2020

2021

2022

ерлер

81

82

82

әйелдер

19

18

18

Есепті кезеңдегі қызметкерлер, жынысы мен санаттар бойынша бөліністе, %

Қызметкерлер санаттарының атауы

Ерлер

Әйелдер

Қызметкерлердің жалпы санындағы әр санаттағы қызметкерлердің үлесі, %

Басшылар

82

18

10

Мамандар

61

39

22

Жұмысшылар

88

12

67

2022 жылы ҚМГ компаниялар тобында басшы әйелдердің үлесі ҚМГ компаниялар тобындағы басшылар жалпы санының 18 %-ын, мамандардың жалпы санының 39 %-ын, жұмысшы кәсіптердің жалпы санының 12 %-ын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда әйелдердің үлесі 1%-дан аз өзгерді.

Жас санаты бойынша қызметкерлердің негізгі үлесі 31-ден 50 жасқа дейінгі топта – 59 %-ды құрайды, бұл ретте ерлер үлесі 81 %-ды, әйелдер үлесі 19 %-ды құрайды.

50 жастан асқан қызметкерлердің саны персоналдың жалпы санының 30 %-ын құрайды, бұл ретте ерлердің үлесі 81 %-ды, әйелдердің үлесі 19 %-ды құрайды.

30 жасқа дейінгі жастардың үлесі қызметкерлердің жалпы санының 11 %-ын құрайды, бұл ретте ерлердің үлесі 86 %-ды, әйелдердің үлесі 14 %-ды құрайды.

Есепті кезең үшін жынысы бойынша бөліністегі қызметкерлер, %
есепті кезеңдегі жас топтары бойынша қызметкерлер, %
2020–2022 жылдардағы жас топтары бойынша ҚМГ қызметкерлері, %

жасы

2020

2021

2022

30 жасқа дейін

12

12

11

31-ден 50 жасқа дейін

60

59

59

50 жастан асқандар

28

29

30

2022 жылы жалданған жұмыскерлер саны 5 860 адамды немесе орташа тізімдік санның 10 %-ын құрайды.

2020–2022 жылдары жалданған қызметкерлер, %

жылдар

2020

2021

2022

қабылданған қызметкерлердің %

8

9

10

Есепті кезеңде еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлер саны – 3 697 адам немесе орташа тізімдік санаттың 6 %-ын құрады, оның ішінде жас санаттары бойынша: 30 жасқа дейін – 27 % (2021 жылы – 29 %, 2020 жылы – 24 %), 31 жастан 50 жасқа дейін – 45 % (2021 жылы – 44 %, 2020 жылы – 48 %), 50 жастан жоғары – 28 % (2021 жылы – 27 %, 2020 жылы – 28 %).

ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕ ЖАС ТОПТАРЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, %
есепті кезеңде жынысы бойынша бөлуде қабылданған қызметкерлер, %
Жас санаттары бойынша есепті кезеңде еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлер, %
Есепті кезеңде еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлер жынысы бойынша бөлінеді, %

жылдар

2020

2021

2022

ҚМГ компаниялар тобы бойынша кадрлардың тұрақтамау коэффициенті9

6 %

6 %

6 %

Компанияның барлық қызметкерлерінің 46 %-ы есепті кезеңдегі нәтижелілігін бағалаудан өтті (2021 жылы – 43 %, 2020 жылы – 54 %). Оның ішінде әйелдер – 19,57 %, ерлер – 80,5 %. Қызметкерлер санаттары бойынша бөліністе: басшылар – 10 %, мамандар – 29 %, жұмысшылар – 61 %.

Есепті кезеңнің соңында бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлердің саны 864 адамды құрады, бұл ретте әйелдердің үлесі 92 %, ерлер – 8 % құрайды.

Бала күтімі бойынша демалыстағы қызметкерлер, адам
2020–2022 жылдары декреттік демалыстағы әйелдер

Есепті кезеңде жүктілік және босану бойынша демалыстағы әйелдер – 352 адам.

9 Қызметкерлердің тұрақтамау коэффициенті = А/В*100, мұнда А – өз бастамасы бойынша, тараптардың келісімі бойынша немесе қызметкердің кінәсінен жұмыстан босатылған қызметкерлердің есепті кезеңнің соңындағы саны; В – есептті кезең ішіндегі орташа тізімдік саны.