ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұратжан Бердіғалиұлы
ТЕҢІЗБАЕВ
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның мұнай және газ өндірудің үздік операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

БАСТАМАЛАР

Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ІМГ-ні тұрақты алаулатып жағуды толық тоқтату» бастамасы

Бастама ілеспе мұнай газын (ІМГ) тұрақты алаулатып жағу тәжірибесін 2030 жылдан кешіктірмей тоқтату үшін ынтымақтасуға келіскен үкіметтерді, мұнай компанияларын және даму ұйымдарын біріктіреді. ҚМГ бұл бастаманы 2015 жылы қолдап, алдына шикі газды (ІМГ) тиімді пайдалануды арттыру және газды тұрақты алаулатып жағу көлемін 0-ге дейін азайту мақсатын қойды.

Жаһандық Метан Бастамасы

ҚМГ Жаһандық есептілік бастамасын (ЖЕБ) қолдайды және Орнықты даму туралы есеп шеңберінде өзінің экологиялық қызметі туралы ақпаратты барлық мүдделі тараптарға үнемі ашып отырады. 2017 жылы ҚМГ метан шығарындыларын азайту жөніндегі ҚМГ қызметі шеңберінде ҚМГ жобалық желісіне қосылды, бұл метан шығарындыларын азайту, сондай-ақ метанды қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі жобаларға мүдделі жеке сектор субъектілерінің, қаржы мекемелерінің және басқа да үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың ұлғайып келе жатқан қоғамдастығы болып табылады.

CDP Климаттық бағдарламасы

2022 жылы ҚМГ Румыния мен Грузиядағы еншілес ұйымдарды қоса алғанда, ҚМГ-ның барлық активтері бойынша парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының деректерін қамтитын CDP (Carbon Disclosure Project) Климаттық бағдарламасы шеңберінде 2021 жылдың қорытындылары бойынша Климаттық сауалнаманы жариялады. Сондай-ақ 2021 жылдың қорытындысы бойынша CDP су қауіпсіздігі бойынша сауалнама жарияланды.

Каспий өңірінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамасы (Caspian Environmental Protection Initiative «CEPI»)

2020 жылдың қыркүйегінде Баку қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы, BP Exploration (Caspian Sea) Limited, Equinor Apsheron as және TOTAL E&P Absheron B.V арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум Каспий өңірінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамасын құруды көздейді. Бастаманың негізгі мақсаттары қоршаған ортаны қорғау және өңірде жұмыс істеп тұрған халықаралық мұнай компанияларын бірлесіп зерттеу үшін алғашқы платформа құру болып жарияланды. Қатысушы компаниялардың қызметі Каспий өңірінің экологиялық орнықтылығына қауіп төндіретін климаттың өзгеру проблемасын шешу және қоршаған ортаға парниктік газдар мен зиянды заттардың шығарылуын болдырмау мақсатында белсенді бірлескен күш-жігерге бағытталатын болады.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

ҚМГ ESG АҚПАРАТЫН АШЫП КӨРСЕТУ ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША PWC KAZAKHSTAN 50 ҮЗДІГІНЕ КІРДІ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшінші жыл қатарынан корпоративтік есептердегі қаржылық емес ақпаратты ашып көрсету бойынша үздік 50 компанияның санына кіріп тұр. Рейтингті PwC Kazakhstan компаниясы 98 ұйым арасында жүргізді. Зерттеу шеңберінде 2021 жылы жарияланған қазақстандық компаниялардың жылдық есептері мен орнықты дамуы туралы есептеріндегі ESG ақпаратының сапасы мен қолжетімділігіне баға берілді. Рейтингпен мұнда танысуға болады: https://www.pwc.com/kz/en/assets/esg/esg-disclosure-rating.pdf

Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің рейтингі

Компания экологиялық жауапты бизнес жолын жалғастырады, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін дамытады, осы мәселе бойынша барлық мүдделі тараптармен диалог жүргізеді, осылайша Компанияның экологиялық саясатында көрсетілген өз міндеттемелерін орындайды.

Экологиялық көрсеткіштерді жақсарту және осы салада ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ҚМГ Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF), CREON Group және Талдамалық кредиттік рейтингтік агенттіктің тәуелсіз сарапшыларының бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпаратының ашықтығы рейтингінде алтыншы жыл қатарынан бірінші орында келеді.

2022 жылғы 1 желтоқсанда Мәскеу қаласында БҰҰ ақпараттық орталығында Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF), Creon Group және АКРА рейтингтік агенттігі Еуразиялық «Мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпаратының ашықтығы рейтингі» – 2022 қорытындысын ұсынды.

2022 жылғы рейтинг іріктемесіне Қазақстанның 14 мұнай-газ компаниясы кірді. Рейтинг тізімі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес мұнай, газ конденсаты және мұнай өнімдерін өндіру көлемімен айқындалады.

Сондай-ақ рейтингте Ресей Федерациясының 21 мұнай-газ компаниясы және Әзірбайжаннан 2 компания бар. Ресейлік мұнай-газ компанияларының арасында Татнефть компаниясы бірінші орында.

Vision Zero жаһандық бастамасы

2022 жылғы 1 наурызда ҚМГ «Нөлдік жарақаттану» –Vision Zero тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі жаһандық бастамаға ресми түрде қосылды.

«Vision Zero» немесе «Нөлдік жарақаттану» – бұл өндірістің барлық деңгейлерінде жұмыскерлердің қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы және әл-ауқаты сияқты үш бағытты біріктіретін профилактиканы ұйымдастырудың сапалы жаңа тәсілі. ХӘҚҚ әзірлеген «Vision Zero» тұжырымдамасы икемділігімен ерекшеленеді және оны жұмыскерлердің қауіпсіздігін, еңбек гигиенасын және әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін басым маңызы бар нақты алдын алу шараларына бейімдеуге болады.

Бұл тұжырымдама жұмыскерлерді барынша қорғау, оларға оңтайлы еңбек жағдайларын жасау үшін жұмыс берушінің іс-қимылдарының реттілігін болжайды. Ал қызметкер тарапынан – бұл қауіпсіз еңбек, тек өзі үшін ғана емес, әріптестері үшін де жауапкершілікті арттыру.

«Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігімен («МГКА» РҚБ) өзара іс-қимыл жасау бастамасы

«Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» РҚБ миссиясы – сала ардагерлерінің интерактивті қарым-қатынасы, мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға, олардың әлеуеті мен өндірістік саладағы тәжірибесін пайдалануға, қоғам өміріне белсенді қатысуға, мұнайшылардың жас ұрпағына өмірлік және кәсіби тәжірибелерін беруге бағытталған кәсіби және әуесқойлық мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау.

2021 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» РҚБ арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде мұнай-газ кешені ардагерлерінің практикалық тәжірибесін, ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетін пайдалану туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай-газ саласы ардагерлерінің сараптамалық кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі міндеттері: мұнай-газ саласын технологиялық және цифрлық дамыту саласында ҚМГ стратегиялық бағдарламаларын іске асыру, мұнай-газ саласын дамытуға байланысты қоғамдық бастамаларды талқылау, мұнай-газ саласын нормативтік-құқықтық реттеу үшін сараптамалық ұсынымдар әзірлеуге қатысу, ҚМГ-ның өндірістік қызметіне елеулі әсер ететін мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлеу, мұнай-газ саласын технологиялық және цифрлық дамыту саласында ҚМГ стратегиялық бағдарламаларын, ҚМГ өндірістік қызметін жүзеге асыруда сараптамалық, ақпараттық және консультациялық қолдау.

Мұнайдың авариялық төгілуін жоюға дайын болуды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бастама/Oil Spill Preparedness Regional Initiative (OSPRI)

Бастаманың мақсаты мұнай төгілуіне ден қою бойынша танылған, сенімді, интеграцияланған және орнықты ұлттық, өңірлік және халықаралық шешімдерді қабылдауға ықпал ететін бірлескен жұмыста мұнай өнеркәсібі мен өңір үкіметтеріне жәрдемдесу және қолдау болып табылады. Бастама IPIECA, Дүниежүзілік мұнай-газ өнеркәсібінің экологиялық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі қауымдастығы арқылы жүзеге асырылуда (www.ipieca.org). OSPRI/МАТЖӨД – IPIECA үшін халықаралық теңіз ұйымымен (IMO – www.imo.org) және басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта мұнай төгілуіне дайын болуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі халықаралық күш-жігерді іске асырудың өңірлік құралы болып табылады.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

KASE 2021 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТЕР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҰЙЫМДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылғы 17 ақпанда 2021 жылғы жылдық есептер конкурсының қорытындысы бойынша ұйымдарды марапаттау рәсімін өткізді. «2021 жылғы Орнықты даму туралы үздік есеп» номинациясы бойынша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жеңімпаз атанды: https://kase.kz/ru/news/show/1497148/

Мүшелік

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы

ҚМГ мен «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы арасында құқықтық мәселелер бойынша Ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Келісім Тараптардың заңнаманы жетілдіру, құқықтық мәдениетті арттыруға, Төрелік сотта коммерциялық дауларды шешуді кеңейтуге бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және т.б. сияқты құқықтық қызметтің маңызды бағыттарында өзара іс-қимылын көздейді.

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы

ҚМГ басшылығы Қауымдастықтың бірнеше комитеттері мен жұмыс топтарының жұмысына қатысады.

KAZENERGY Экология, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесіне төрағалық ету ҚМГ үшін Қазақстанның мұнай-газ саласындағы орнықты даму мәселелерін ілгерілетуге мүмкіндік болып табылады.

ҚМГ мен «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандум ҚР заңнамасын жетілдіру, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, заңтану саласындағы өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар өткізу және т.б. сияқты құқықтық қызметтің маңызды бағыттарында бірлескен қызметті көздейді.

БҰҰ Жаһандық шарты

Орнықты даму қағидаттарына біздің ұстанушылығымыздың көрінісі БҰҰ Жаһандық шартына мүшелік, сондай-ақ Жаһандық шарт қағидаттарын ілгерілету бойынша ҚМГ-нің қол жеткізген ілгерілеуі және Орнықты даму саласындағы 17 жаһандық мақсат туралы хабарлама ретінде БҰҰ ЖШ сайтында Орнықты даму саласындағы есепті жыл сайын орналастыру болып табылады.

IOGP Халықаралық Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығы

2018 жылдан бастап ҚМГ осы ұйымның толық құқылы мүшесі ретінде Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына (бұдан әрі – IOGP) кіру туралы шешім қабылдады.

IOGP-ге мүше болған жылдары ҚМГ IOGP халықаралық озық ұсынымдары мен тәжірибелерін зерделеп, пайдаланды, бұл ҚМГ-ның ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы көрсеткіштерін және жалпы менеджмент жүйесін жақсартуға көмектесті, сондай-ақ ҚМГ-ның халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктері мен рейтингін арттырды.

2022 жылдан бастап ҚМГ барлық IOGP мүшелері үшін бірыңғай «Өмірлік маңызды ережелерге» (Life-Saving Rules) көшті, олар компаниялар тобы бойынша бұрын қолданыста болған «Алтын ережелерді» алмастырды.

IOGP 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін IOGP-ге мүше жүзге жуық кәсіпорында екі мың өлімге әкелген жазатайым оқиғаларға талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде қауымдастық қауіпсіздіктің жиі қайталанатын бұзылыстарын анықтады.

Осы бұзушылықтардың алдын алу үшін өмірді сақтаудың 9 маңызды ережесі әзірленді. Бұл ережелер жұмыскерлерге өздерін және әріптестерін өлімнен қорғау үшін жасай алатын әрекеттері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Ұлттық ESG клубы

2022 жылы ҚМГ Ұлттық ESG-клубына кірді, оның басым мақсаттары мынадай бағыттар бойынша ұсынымдар мен сараптамалық бағалаулар әзірлеу болып табылады: Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға әсерді азайту, жаңа деңгейде тұрақты қаржыландыруды дамыту, экономиканы және әлеуметтік жобаларды күкіртсіздендіруге инвестициялар тарту, ESG-трансформацияда қазақстандық бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау.

«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы

Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚМГ өзінің ЖЭК жобаларын іске асырғысы келеді, ол үшін жаңартылатын энергетика саласындағы өз құзыреттерін дамытады және заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң шығару жұмысына белсенді қатысады. Осы мақсатта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2022 жылдың басында «жасыл» экономика қағидаттарын ілгерілету және Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін құрылған «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығына» кірді. Қауымдастықтың негізгі міндеттерінің қатарында – мемлекеттік органдарда қауымдастық мүшелерінің мүдделерін білдіру және қорғау, норма шығару процесіне қатысу, Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша қолайлы жағдайлар жасау үшін мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар енгізу.

«Ecojer» қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы

ҚМГ компаниялар тобы 2021 жылы «Ecojer» қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығына қосылды. Қауымдастықтың мақсаты – қоршаған ортаны қорғау саласындағы ортақ мүдделерді қорғау үшін кәсіпкерлік қоғамдастық пен азаматтық қоғамды шоғырландыру. Қауымдастық мемлекеттік саясат бағыттары, қоғамдық мүдделер мен экономикалық даму қажеттіліктері арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге тырысады.

Oil Spill Response Limited (OSRL) мұнайдың апаттық төгілуін жоюды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық қауымдастық

Oil Spill Response Limited (OSRL) – 1985 жылы құрылған, мұнай төгілуін жоюға маманданған және бүкіл әлем бойынша өз қызметтерін көрсететін британдық компания. Жүзден астам әлемдік компания OSRL мүшелері болып табылады. Компания мұнайдың ластануын тек ашық теңізде және жағалау суларында ғана емес, болдырмауға және жоюға баса назар аударады.