ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұратжан Бердіғалиұлы
ТЕҢІЗБАЕВ
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның мұнай және газ өндірудің үздік операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

Компаниядағы тәуекелдерді басқару стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін қауіпті оқиғаларды болдырмауға және олардың пайда болу әсерін шектеуге мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару Компанияның стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару және қаржылық орнықтылықты сақтау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

ҚМГ бизнесті жүргізудің және Компанияны басқарудың негізгі процестеріне тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін (ТБКЖ) интеграциялады. ТБКЖ барлық елеулі тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға және мониторингілеуге, сондай-ақ тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша уақтылы және барабар шаралар қабылдауға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

ҚМГ және оның ЕТҰ ТБКЖ жөніндегі саясат Компания қызметінің барлық түрлеріне қолданылады.

Негізгі ESG тәуекелдері және тәуекелдерді басқару және азайту үшін қабылданатын шаралар:

Тренд (бір жыл ішінде)

Тәуекел мен ықтимал салдардың сипаттамасы

Тәуекелді азайту және тәуекелді басқару үшін қабылданатын шаралар

Өндірістік жарақат алу қаупі

Қызметкерлердің еңбекті қорғау саласында белгіленген ережелерді сақтамауы, өндірістік тәртіпті бұзу қызметкерлердің өміріне қауіп төндірудің және денсаулығына зиян келтірудің көзі болып табылады.

Әсері:

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу денсаулыққа зиян келтіруге, сондай-ақ өндірістің бұзылуына, қаржылық шығындарға және компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіруге әкелуі мүмкін.

2022 жылы еңбекке жарамсыздық орын алған 35 жазатайым оқиға тіркелді, 36 адам зардап шекті, оның ішінде бір адам қайтыс болды.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Компания мыналарды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүргізеді:

  • жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу;
  • оқытуды және білімді тексеруді уақтылы жүргізу;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ішкі бақылау;
  • еңбекті механикаландырудың жаңа технологиялары мен құралдарын енгізу;
  • өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру.

«Қорғау» картасын және жұмыс пен жүргізу мінез-құлқын бақылау карталарын пайдалану арқылы Near Miss салдарсыз оқиғалар бойынша есеп беру бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

ЕТҰ-да Жұмыс қауіпсіздігі бойынша мінез-құлықты бақылау бағдарламасын және Жүргізу қауіпсіздігі бойынша мінез-құлықты бақылау бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Экологияға теріс әсер ету қаупі

Компанияның қоршаған ортаға қолайсыз экологиялық әсер ету қаупіне және экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін міндеттемелерді қатаңдату қаупіне ұшырау мүмкіндігі бар.

Әсері:

Экологиялық тәуекелдің іске асуы айыппұлдар, нормативтен тыс төлемдер, қоршаған ортаны қалпына келтіру шығындары түріндегі қаржылық шығындарға, сондай-ақ заңды жауапкершілікке және әлеуметтік-экологиялық шиеленісті арттыруға әкелуі мүмкін.

Қоршаған ортаны қорғау саласында Компания үшін басым бағыттар:

  • атмосфералық ауаға шығарындыларды басқару және шикі газды алаулатып жағуды азайту;
  • су ресурстарын басқару;
  • өндіріс қалдықтарын басқару;
  • топырақ құнарлығын қалпына келтіру;
  • энергия тиімділігін арттыру.

Қоршаған ортаға қолайсыз экологиялық әсер ету қаупін азайту үшін Компания:

  • IOGP халықаралық есептілігі шеңберінде өндіруші секторда ілеспе мұнай газын (ІМГ) жағу қарқындылығын тоқсан сайын есептейді және талдайды;
  • экологиялық мәселелер бойынша мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасайды;
  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асырады;
  • және қоршаған ортаға қолайсыз әсер ету қаупін азайту жөніндегі басқа да іс-шараларды орындайды.

Компания Экологиялық кодекске заңға тәуелді актілерді әзірлеу жөніндегі уәкілетті органдармен жұмыс топтарына белсенді қатысып келеді.

Өндірістік объектілердегі авариялық жағдайлардың, техногендік апаттардың қаупі

Компанияның өндірістік қызметінің әлеуетті қаупі бар. Авариялық және штаттан тыс жағдайлар, өндірістік объектілердегі техногендік апаттар нәтижесінде мүлікке, үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупі бар.

Есепті кезеңде ірі авариялық жағдайлар тіркелмеген.

Өндірістік тәуекелдерді азайту мақсатында Компания:

  • жабдықтарды (техникалық құрылғыларды) қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқама жүргізеді;
  • персоналға біліктілік куәліктерін бере отырып, қауіпсіз пайдаланудың техникалық регламентінің талаптарын білуін тексереді (рұқсат береді);
  • нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • жабдықтардың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау жөніндегі басқа да іс-шараларды орындайды.

Жыл сайын сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде мүлікті залалдан (кездейсоқ жойылу, жоғалту немесе бүліну қаупінен) ерікті сақтандыру шарттары жасалады.

Климаттық қауіптер және төмен көміртекті даму

Компания өз қызметінде энергияға ауысу мен климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерге тап болады, олар мынадай қауіп факторларын қамтиды:

  1. Энергиякөшуге байланысты тәуекелдер.
  2. Компанияға климаттың физикалық әсері (өзгеруі).

Әсері:

Бұл тәуекелдер Компанияның қазба отындарының ірі өндірушісі және парниктік газдар эмитенті ретіндегі қызметіне шығындардың өсуі, кірістіліктің төмендеуі және одан әрі даму мүмкіндіктерін шектеу түрінде теріс әсер етуі мүмкін.

Кейбір контрагент елдерде жаңартылатын көздерден алынатын энергия өндірісің көлемінің өсуін күтуге болады, бұл Компания жеткізетін өнімді тұтынудың төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Климаттың өзгеруіне және оның салдарына байланысты тәуекелді азайту шеңберінде Компания тобында мынадай шаралар іске асырылады:

  1. төмен көміртекті дамытудың 2022–2031 жылдарға арналған бағдарламасы (ТКДБ) қабылданды және іске асырылуда;
  2. Шевронмен және ЕҚДБ-мен CCUS (Carbon capture, utilization and storage), табиғи шешімдерге негізделген жобаларды іске асыру, төмен көміртекті сутекті өндіру, корпоративтік көміртегі бағасын әзірлеу, энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды;
  3. тәжірибе алмасу үшін Шеврон компаниясының мамандарымен жұмыс топтары құрылды;
  4. Маңғыстау облысында ENI-мен бірлесіп гибридті станция жобасын іске асыру жалғасуда;
  5. орман-климаттық офсеттік жобаның ТТ әзірленді;
  6. көміртекті реттеу, төмен көміртекті экономиканы, сондай-ақ шығарындылары төмен энергетиканы дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасалады;
  7. Компания мен ЕҚДБ арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды;
  8. ҚМГ тобының энергия үнемдеу әлеуеті бойынша энергия аудитінің қорытындылары бойынша және ТКДБ бойынша ақпарат дайындалды;
  9. ішкі көміртекке баға белгілеу тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде;
  10. ҚМГ-дағы ПГ шығарындылары бойынша мониторинг және есептілік бойынша әдістеме дайындау жұмыстары жүргізіледі;
  11. Қордың 2022–2027 жылдарға арналған Энергия тиімділігі бағдарламасын әзірлеу шеңберінде энергия талдау орындалды;
  12. төмен көміртекті даму бағыты бойынша тәжірибе алмасу және көміртегі ізін азайту бойынша бірлескен практикалық жобаларды қалыптастыру үшін Шеврон компаниясының мамандарымен жұмыс топтары құрылды;
  13. I-REC (International Renewable Energy Certificate) жаңартылатын энергияның халықаралық сертификаттары арқылы 2022 жылы ҚМГ орталық аппараты тұтынған электр энергиясын 8,5 млн кВт*сағ-қа өтеу;
  14. жыл ішінде ішкі нормативтік құжаттар әзірленіп, қабылданды;
  15. меншікті энергия тұтыну бойынша мақсаттарды есептеу жүргізілді;
  16. CCUS пилоттық ғылыми жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде;
  17. «Nature First», «China Energy» қорымен ЖЭК саласындағы әлеуетті ынтымақтастық бойынша NDA жасалды;
  18. ЕМГ, АМӨЗ, KLPI үшін меншікті ЖЭК дамыту бойынша бизнес-кейстерді әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қатысу аймақтарындағы әлеуметтік жағдай

Компанияда рұқсат етілмеген ереуілдер қаупі бар.

Әсері:

Компанияның беделіне теріс әсер, өндірістік қызметтің бұзылуына және операциялық шығындардың жоғарылауына, сондай-ақ күрделі шығындар мен жобалар кестесіне әсер. Шикізат тауарларына бағаның өсуі, ел ішіндегі инфляцияның неғұрлым жоғары деңгейі немесе теңгенің әлсіреуі еңбекақы мөлшерінің өзгеруіне қатысты келіссөздерге әсер етуі мүмкін.

Есепті кезеңнің басында мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері мен ЕТҰ-ның кейбір қызметкерлері арасында рұқсат етілмеген ереуілдер толқыны өтті. Қаңтар оқиғалары аясында жағдай ушығып кетті (негізгі талаптар: штатқа қабылдау және жалақыны көтеру). Кәсіподақ комитеттерінің жетекшілерімен келіссөздер және еңбек ұжымдарымен кездесулер, сондай-ақ Компания қызметкерлері мен мердігерлер арасындағы жалақы алшақтығын азайту шаралары жүргізілді. Жағдай тұрақталды.

Әлеуметтік тәуекелдерді төмендету үшін Компанияда мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

  1. Маңғыстау облысы бойынша әлеуметтік-еңбек жанжалдарын уақтылы реттеу үшін ҚМГ 2022 жылғы 23 маусымда Ақтау қаласында өкілдігін ашты.
  2. ҚМГ Маңғыстау облысындағы жұмыссыздықты төмендетуге белсенді жәрдемдеседі. 2022 жылы ҚМГ ЕТҰ-да, сондай-ақ олардың мердігерлік ұйымдарында, оның ішінде мердігерлік ұйымдармен бірлесіп 1 742 адам жұмысқа орналастырылды: «Өзенмұнайгаз» АҚ-да – 1 273 адам, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да – 439 адам, «Қаражанбасмұнай» АҚ-да – 30 адам.
  3. ҚМГ Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу бойынша ведомствоаралық штабтың жұмысына қатысады. ҚМГ қабылдаған барлық шешімдер штабпен келісіледі.
  4. ЕТҰ жұмыскерлердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту бойынша 5 жылға арналған жол карталарын әзірледі, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілер (асханалар, әкімшілік-өндірістік корпустар, тұрғын қалашықтар) салу, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Қызметкерлермен кері байланысты қолдау мақсатында ҚМГ компаниялар тобы кәсіпорындарының басшылығы еңбек ұжымдарымен міндетті есеп беру кездесулерін өткізеді.

Әрбір кәсіпорында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша жоспарлар әзірленіп, орындалады.

Комплаенс-тәуекелдер

Жеке пайда мен мүліктік мүдделерді, оның ішінде оларды үшінші тұлғалар үшін алуға бағытталған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қасақана іс-әрекеттер. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің кез келген фактілері қаржылық залалдың мөлшеріне қарамастан Компания қызметіне мүлдем жат әрекет болып табылады.

Әсері:

Толығырақ ақпарат «Әдеп және адалдық» бөлімінде берілген.

Компания ішкі бақылау жүйелерін енгізу және күшейту, үшінші тұлғалар тарапынан да, Компания қызметкерлері тарапынан да заңсыз және жосықсыз әрекеттердің алдын алудың бірыңғай саясатын белгілеу, қызметкерлер тарапынан құқыққа қайшы және жосықсыз әрекеттер жасау фактілері бойынша ішкі тергеулер жүргізу тәртібін белгілеу жөнінде дәйекті жұмыс жүргізеді.

Компанияда жетекші әлемдік тәжірибелер ескеріле отырып, саясаттар мен стандарттар, сондай-ақ ішкі және комплаенс-бақылау жүйелерін жетілдіру және күшейту жөніндегі міндеттемелер қолданылады.

Пандемия қаупі (COVID)

ҚР-да КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы, ауруға шалдығушылық деңгейі төмендегені байқалды. Алайда тұмаудың және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың жаңа эпидемиологиялық маусымының басталуына байланысты, құрама вирустық аурулардың айтарлықтай ауыр түрлеріне КВИ қабаттасуы жоққа шығарылмайды.

Әсері:

Толығырақ ақпарат «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау» бөлімінде берілген.

2022 жылдың ақпанында компаниялар тобында пневмониядан бір өлім тіркелді.

ҚМГ компаниялар тобындағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты мониторингі жалғасуда, ЕТҰ апта сайын ҚМГ ҚБО-ға КВИ ахуалы туралы есептерді ұсынады.

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша: ҚМГ компаниялар тобының 53,8 мыңнан астам қызметкері (жалпы санының 82 %-і) бірінші компонентпен вакцинаны алды. Оның ішінде 52,9 мыңнан астам қызметкер (81 %) вакцинацияның толық курсын алды. ҚМГ тобы бойынша 18,9 мың қызметкер немесе (29 %) қайта вакцинацияланды.

Sustainalytics халықаралық агенттігі ҚМГ ESG тәуекелдерін басқаруды 28,4 балл деңгейінде бағалады. Салыстырмалы рейтингте ҚМГ рейтингтің тұрақты деңгейін сақтай отырып, Sustainalytics агенттігі бағалаған 270 әлемдік мұнай-газ компанияы арасында топ-20-ға кірді. Рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша Компания үшін негізгі ESG сын-қатерлері: көміртекті қарқындылық тренді, жазатайым оқиғалар мен өлім-жітім коэффициенті, су қарқындылығы үрдісі.

ESG тәуекелдерінен туындаған салдарларды азайту үшін ҚМГ өз күш-жігерін өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмауға және алдын алуға, парниктік газдар шығарындыларын жоспарлы түрде төмендетуге, топырақ құнарлығын қалпына келтіру жөніндегі ішкі құжаттарды әзірлеп бекітуге, сондай-ақ өзі қатысатын өңірлерде су ресурстарын басқару және биоәртүрлілікті сақтау бағдарламаларын әзірлеуге бағыттайды.

Sustainalytics компанияларға ESG рейтингін беру кезінде олардың экология, әлеуметтік жауапкершілік және басқару тәуекелдерін және бәсекелестермен салыстырғанда осы тәуекелдерді басқару мүмкіндігін бағалайды. Sustainalytics рейтингі туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:

https://www.sustainalytics.com/esg-rating/kazmunaygas-nc-jsc/

Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігі (Амстердам, Нидерланды)

Sustainalytics компаниясы – бұл экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы жетекші тәуелсіз зерттеу компаниясы, бүкіл әлемдегі инвесторларға жауапты инвестициялық стратегияларды әзірлеуге және енгізуге көмектесетін рейтингтік және аналитикалық компания.

Анықтама ретінде

ESG рейтинг (Environmental, Social and Governance) – бизнестің экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін, сондай-ақ компаниядағы корпоративтік басқару тәуекелдерін бағалау.

ESG рейтингі инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде инвесторлар үшін стратегиялық құрал болып табылады және компанияның ұзақ мерзімді орнықтылығын айқындау үшін тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі.