ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұратжан Бердіғалиұлы
ТЕҢІЗБАЕВ
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның мұнай және газ өндірудің үздік операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын
1-қағидат. Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жария етілген адам құқықтарын қорғауды қолдап, құрметтеуге тиіс.
2-қағидат. Іскерлік топтар адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс.
4-қағидат. Іскерлік топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық нысандарын жою үшін әрекет етуге тиіс.
6-қағидат. Іскерлік топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдауы тиіс.
8-қағидат. Іскерлік топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.
10-қағидат. Іскерлік топтар бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы тұруға тиіс.

Біздің орнықты дамуды басқару тәсіліміз

Біздің орнықты даму аспектілерін басқаруға деген көзқарасымыз мынадай орнықты даму қағидаттарын енгізуге негізделеді:

ашықтық, есептілік, ашықтық, этикалық мінез-құлық, мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу, заңдылық, адам құқықтарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мүдделер қақтығысына жол бермеу, жеке үлгі.

ҚМГ орнықты даму саласында мынадай элементтерді қамтитын тиімді басқару жүйесін құруға ұмтылады:

  • Компанияның басқарудың барлық деңгейлерінде орнықты даму қағидаттарына бейілділігі;
  • орнықты дамудың үш аспектісі бойынша сыртқы және ішкі жағдайды талдау: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік;
  • әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда орнықты даму саласындағы тәуекелдерді айқындау;
  • мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және стейкхолдерлер картасын құру;
  • орнықты даму саласындағы мақсаттар мен ҚНК айқындау;
  • орнықты даму саласындағы басым бағыттарды (бастамаларды) іске асыру;
  • орнықты дамуды негізгі бизнес-процестерге интеграциялау;
  • Компания қызметкерлерінің орнықты даму саласындағы біліктілігін арттыру;
  • орнықты даму бойынша жыл сайынғы есептілік процесін ұйымдастыру;
  • орнықты даму саласындағы нәтижелілікті өлшеу;
  • орнықты даму процесін жетілдіру.

ҚМГ-дағы орнықты дамуды басқару

ҚМГ Директорлар кеңесі орнықты даму және ОДМ-ға қол жеткізу қағидаттарының енгізілуіне стратегиялық басшылықты және бақылауды жүзеге асырады. Компанияның орнықты дамуы туралы жыл сайынғы шоғырландырылған есепті бекітеді.

ҚМГ ДК ҚЕҚҚОҚОДК орнықты даму мәселелерін қарауды және ұйымдастыруды, ОДМ-ға қол жеткізу мәртебесін, орнықты даму саласындағы саясатты, ҚМГ орнықты даму туралы жыл сайынғы есебін, орнықты даму саласындағы іс-шаралар жоспарларын және бекітілуі ДК құзыретіне жататынөзге де ішкі құжаттарды, орнықты дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық компоненттерін енгізу, орнықты даму саласындағы басқару жүйесін қалыптастыруды, орнықты даму саласындағы мақсаттар мен ҚНК айқындауды, ҚМГ-да орнықты дамудың енгізілуін, ҚМГ-ның негізгі процестеріне орнықты дамуды интеграциялауды бақылауды жүзеге асырады.

ҚМГ Басқармасы орнықты даму саласындағы қағидаттарды, саясаттарды, стандарттарды және Компаниядағы іс-шаралар жоспарын тиісінше іске асыруды және енгізуді жүзеге асырады. Орнықты даму саласындағы қызметтің мониторингін, орнықты даму және ОДМ-ға қол жеткізу саласындағы мақсаттар мен ҚНК орындалуын бағалауды жүзеге асырады.

Орнықты даму мәселелеріне жетекшілік ететін ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары орнықты даму саласындағы бастамалар бойынша мақсаттар мен ҚНК-ға қол жеткізу тәсілдерін үйлестіруді және орнықты даму саласындағы корпоративтік стандарттардың іске асырылуын бақылауды, орнықты даму саласындағы есептің дайындалуына және ОДМ-ға қол жеткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.

ҚМГ Стратегия және нвестициялар портфелін басқару департаментінің орнықты даму секторы орнықты дамуды және ОДМ-ға қол жеткізуді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімше орнықты дамуды басқару жүйесінің бастамашылығына, үйлестірілуіне және енгізілуіне, оны Компанияның бизнес-қызметіне интеграциялауға жәрдем көрсетуге, орнықты даму мәселелері бойынша әдіснамалық қолдауға, орнықты даму саласындағы есепті жыл сайын дайындауға және бекітуге жауап береді, жауапты құрылымдық бөлімшелерге орнықты даму саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіру мен басқаруға, мүдделі тараптардың картасын және өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеуге, сондай-ақ орнықты даму саласындағы оқыту мәселелеріне жауапты болады.

ҚМГ құрылымдық бөлімшелері орнықты даму саласындағы жүйені енгізуді, ОДМ-ға қол жеткізу бойынша бстамаларды іске асыруды, ішкі және сыртқы жағдайды талдауды, орнықты даму саласындағы тәуекелдерді айқындауды, мүдделі тараптардың/стейкхолдерлердің картасын және өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеуді, орнықты даму саласындағы бастамаларды іске асыруды, халықаралық стандарттарға сәйкес орнықты даму саласындағы есеп үшін ақпарат дайындауды жүзеге асырады.

ҚМГ барлық қызметкерлері, әркім өз деңгейінде жеке мінез-құлқын таныту және тиісті саясат пен стандарттарды сақтау арқылы орнықты даму және ОДМ-ға қол жеткізу саласындағы қағидаттар мен іс-шараларды енгізеді.

2022 жылы Компанияның қызметіне ESG қағидаттарын енгізуге кешенді жүйелі тәсіл бойынша ілгерілеуге мынадай іс-шаралар бойынша қол жеткізілді:

  • ҚМГ Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігінің тәуелсіз бағалауынан өтті. Компания тәуекелдерді басқарудың орташа деңгейін 28,4 балл деңгейінде сақтап қалды.
  • 2022 жылға арналған орнықты даму көрсеткіштері бойынша Компания қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен корпоративтік ҚНК – ESG рейтингі бекітілді. Бекітілген ҚНК нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізілді.
  • 2022 жылы ҚМГ Басқарма мүшелеріне 2022–2031 жылдарға арналған ҚМГ Төмен көміртекті даму бағдарламасының іс-шараларын орындаумен байланысты корпоративтік ҚНК белгіленді. Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру периметріне кіретін ЕТҰ үшін белгіленген көлемде көміртегі ізін азайту бойынша ҚНК белгіленген.
  • 2022 жылдың қыркүйек айында ҚМГ Директорлар кеңесінің жыл сайынғы Орнықты даму отырысы өткізілді. Онда орнықты даму саласындағы басым мәселелер: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Төмен көміртекті даму бағдарламасының жоспарлары мен міндеттері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Орнықты дамудың басым мақсаттарын енгізу мәртебесі, орнықты даму саласындағы жыл сайынғы есептілік қаралды.
  • Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитетінде орнықты даму жүйесін енгізуге тұрақты негізде шолу жүргізіледі. Жалпы, 2022 жылы Комитеттің 5 отырысы өткізіліп, онда 40 мәселе қаралды. 2022 жылы Комитеттің басты назары еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, ESG (Environmental, Social, Governance) аспектілерін стратегиялық басқару, сондай-ақ орнықты даму жүйесін енгізу мәселелерінде болды.
  • Өзінің орнықты даму қағидаттарын іске асыруға бейілділігін растай отырып:
    • Орнықты даму саласындағы саясат бекітілді;
    • Адам құқықтары және жұртшылықпен қарым-қатынас саясаты бекітілді;
    • ҚМГ ESG рейтингін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жүргізілуде;
    • – күкіртсіздендіру саласында ҚМГ-ның өзіндік тәсілдерін әзірлеу мақсатында Төмен көміртекті даму департаменті құрылды;
    • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2022–2031 жылдар кезеңіне арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді;
    • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында Персоналдың денсаулығын басқару бағдарламасы бекітілді.

Орнықты даму мәдениетін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Корпоративтік орталық пен ЕТҰ қызметкерлері үшін орнықты даму бойынша оқыту курстары тұрақты негізде өткізіледі.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ESG МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРАДЫ

2022 жылдың қыркүйегінде Ақтау қаласында PWC Kazakhstan сарапшылары ҚМГ Корпоративтік орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, экономика және адам ресурстарын басқару мәселелеріне жетекшілік ететін ЕТҰ қызметкерлері үшін орнықты даму саласындағы ақпаратты ашу бойынша практикалық тренинг өткізді.

Оқыту барысында ЕТҰ-ның жүзден астам қызметкері орнықты даму саласындағы жаһандық трендтермен, БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарымен және ESG рейтингтерінің ҚМГ қызметіне әсерімен танысты. Тренингке қатысушылар теориядан басқа Орнықты даму саласындағы халықаралық стандарттарды практикалық қолдануды да игерді. GRI орнықты даму саласындағы х стандарттар.

Есептің маңызды тақырыптары

Есептің маңызды тақырыптары экономикаға, қоршаған ортаға және адамдарға, соның ішінде адам құқықтарына өзінің айтарлықтай әсері туралы және осы әсерді қалай басқаратыны туралы ақпаратты ашады. Маңызды тақырыптарды айқындау процесі ҚМГ-ның Орнықты дамуы туралы есепте ашылатын маңызды тақырыптар туралы ҚЕҚҚОҚОДК мүшелерін ақпараттандыру кезінде тиісті мүдделі тараптармен әсерді үнемі айқындап отыру мен бағалауға негізделеді

Есептегі маңызды тақырыптарды бағалау және ашу үшін сыртқы және ішкі мүдделі тараптардың (стейкхолдерлердің) деректері талданды. Онлайн сауалнама Google Forms платформасы негізінде дайындалды. Сауалнамаға 100-ден астам респондент қатысты. Өткізілген рәсімдердің нәтижелері бойынша 27 әлеуетті тақырыптан тұратын маңыздылық кестесі жасалды.

Барлық қаралатыны: GRI 11: Oil and Gas Sector 2021 салалық 22 тақырып, оның ішінде 13 тақырып маңызды деп айқындалды. 2022 жылға арналған Орнықты даму туралы есепте 27 GRI стандарты маңыздылар ретінде ашылған. 2021 жылы Есепте 24 тақырып ашылды: https://www.kmg.kz/ru/sustainable-development/

Елеулі тақырыптар тізімі

Маңызды тақырыптар

1

11.1 Парниктік газдар шығарындылары

2

11.3 Атмосфераға шығарындылар

3

11.4 Биоалуантүрлілік

4

11.5 Қалдықтар

5

11.6 Су және ақаба сулар

6

11.7 Жабу және оңалту

7

11.9 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

8

11.10 Жұмысқа орналасу тәжірибесі

9

11.11 Кемсітушіліктің болмауы және тең мүмкіндіктер

10

11.13 Қауымдастық және ұжымдық келіссөздер бостандығы

11

11.14 Экономикалық салдар

12

11.15 Жергілікті қоғамдастықтар

13

11.21 Мемлекет пайдасына төлемдер