ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұратжан Бердіғалиұлы
ТЕҢІЗБАЕВ
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның мұнай және газ өндірудің үздік операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

Біз мүдделі тараптармен белсенді диалог қағидатын іске асыра отырып, өз қызметіміздің ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тырысамыз. Жыл сайын біз Компания жұмысының барлық маңызды аспектілері туралы ақпаратты ашамыз. Бұл біздің қызметіміздің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, Қазақстан ішінде де, шетелде де мұнай мен мұнай өнімдерін сатуға дейін толық өндірістік циклді жүзеге асырады және мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүддесін білдіреді. Қызметтің құрылымы мен түрлерінің күрделілігіне байланысты ҚМГ мүдделі тараптардың кең ауқымымен өзара іс-қимыл жасайды.

ҚМГ мүдделі тараптармен диалогты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою және қарым-қатынасты басқару бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдайды.

ҚМГ-да Мүдделі тараптардың картасы бекітілді, ол тәуелділік (тікелей немесе жанама), міндеттемелер, жағдай (жоғары тәуекел аймақтарына ерекше назар аудара отырып), әсер, әртүрлі (әр алуан) перспективалар ескеріле отырып, тәуекелдер мен ранжирлеу есепке алына отырып жасалды. Қойылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарлары жасалады.

ҚМГ мүдделі тараптарды айқындау және олармен өзара іс-қимыл кезінде AA1000SES Stakeholder Engagement Standard сияқты халықаралық стандарттарды қоса алғанда, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың ең үздік практикасын қолданады.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу тәсілдері

Мүдделі тараптардың негізгі топтары

Өзара әрекеттесу кезіндегі ақпараттық қажеттіліктер

Ақпаратты ашу әдістері және байланыс арналары

Акционерлер

  • Бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын Компания қызметі, корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат.
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
  • ҚМГ Директорлар кеңесінде акционерлер мүдделерінің өкілдігі
  • Корпоративтік сайтта жариялау
  • Қазақстан қор биржасының сайтында жариялау
  • Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты ашу

Инвестициялық қоғамдастық

  • Компанияның қызметі, инвесторлардың және жалпы инвестициялық қоғамдастықтың мүдделерін қозғайтын корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат.
  • Қызығушылық салынған инвестициялардың рентабельділігін, ҚМГ-ға инвестициялау үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуден көрініс табады.
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
  • Корпоративтік сайтта, оның ішінде «Инвесторларға» бөлімінде жариялау (www.kmg.kz)
  • Қазақстан қор биржасының сайтында жариялау
  • Инвесторлар үшін және басқа да қоғамдық іс-шаралар шеңберінде көшпелі презентациялар (роуд-шоу) ұйымдастыру
  • Кездесулер, конференц-қоңыраулар өткізу
  • Электрондық пошта арқылы сұраулармен жұмысты қамтамасыз ету (ir@kmg.kz), телефон консультациялары
  • Баспасөз хабарларын орналастыру
  • Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жариялау

Қауымдастықтар, жергілікті қоғамдастықтар, қоғамдық ұйымдар

  • ҚР заңнамасына және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес құпияға жатқызылатындарынан басқа кез келген ақпарат. Халықты жұмыспен қамту, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экологиялық қауіпсіздік және табиғат қорғау қызметі мәселелеріне қатысты ақпарат.
  • Қызығушылық қоғамды компанияның қызметі туралы ақпараттандыруға және ҚМГ ақпараттық ашықтық деңгейін арттыруға, сондай-ақ жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, компания қызметінің ашықтығына, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға деген ұмтылысынан көрініс табады.
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
  • Корпоративтік веб-сайтта жариялау
  • Халықпен кездесулер өткізу
  • Қоғамдық тыңдаулар
  • БАҚ-та жариялау
  • Азаматтарды қабылдау
  • Шағымдар мен өтініштермен жұмысты ұйымдастыру
  • Жергілікті органдардың жұмысына және жергілікті қоғамдастықтардың жобаларына қатысу
  • Жергілікті қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен қоғамдық іс-шаралар өткізу
  • Қауымдастықтарға мүшелік
  • Халықаралық бастамалар
  • Салалық форумдарға, конференцияларға қатысу
  • Әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша жұмыс топтарына мүшелік
  • Сауалнамалар мен зерттеулер
  • Сұраулармен жұмыс

Бұқаралық ақпарат құралдары

  • ҚР заңнамасына және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес құпияға жатқызылатындарынан басқа кез келген ақпарат.
  • Қызығушылық қоғамды компанияның қызметі туралы ақпараттандыруға деген ұмтылысынан көрініс табады.
  • Корпоративтік веб-сайтта жариялау
  • БАҚ-та жариялау және БАҚ-тың сұрауларына жауап беру
  • Баспасөз хабарларын тарату
  • Баспасөз конференцияларын, брифингтерді, баспасөз турларын, форумдарды, ақпараттық сессияларды және басқа да медиа-іс-шараларды өткізу
  • Сұраулармен жұмыс

Үкімет, жергілікті мемлекеттік органдар

  • Мемлекеттің, халықтың мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және салалық сипаттағы ақпарат.
  • Қызығушылық ҚМГ қызметіне, заңнама талаптарына, салық түсімдеріне, экономикалық өсуге және әлеуметтік міндеттерді шешуге сәйкес келеді.
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
  • Корпоративтік веб-сайтта жариялау
  • Жиналыстар, кездесулер, конференц-қоңыраулар өткізу
  • БАҚ-та жариялау
  • Деректерді электрондық жүйеге енгізу
  • Байланыс құралдары арқылы хабарлау
  • ҚР заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс топтары

ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдары

  • Компанияның қызметі, оның стратегиялық даму жоспарлары, корпоративтік басқарудың енгізілетін тетіктері, өзара іс-қимыл әдістері, ЕТҰ мүдделерін қозғайтын корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат.
  • Қызығушылық орнықты дамуды, қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуді, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша көмек көрсетуден көрініс табады.
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
  • Корпоративтік веб-сайтта жариялау
  • Акционерлердің/қатысушылардың жалпы жиналыстарында, сондай-ақ Директорлар кеңестерінде/Байқаушы кеңестерінде акционердің мүдделерін білдіру
  • Кеңестер, консультациялық панельдер, конференц-қоңыраулар өткізу
  • Комитеттерге, жұмыс топтарына қатысу
  • Тренингтер, семинарлар ұйымдастыру

Клиенттер, өнім берушілер, серіктестер, басқа ұйымдар

  • Өзара тиімді ынтымақтастық шарттарына әсер етуі мүмкін басшылық шешімдері, серіктестердің, өнім берушілердің, клиенттердің мүдделерін қозғайтын корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат.
  • Қызығушылық-ынтымақтастық тараптарының құқықтарын сақтау, олардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуді білдіреді.
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
  • Корпоративтік веб-сайтта жариялау
  • Жиналыстар, кездесулер, конференц-қоңыраулар өткізу
  • Шағымдармен және өтініштермен жұмысты қамтамасыз ету
  • Серіктестер/өнім берушілер күндерін ұйымдастыру
  • Хабарламалар жіберу
  • Аудиттер

Кәсіподақтар, ҚМГ қызметкерлері

  • Компанияның даму жоспарлары, еңбек жағдайлары, мансаптық өсу, әлеуметтік-еңбек құқықтарының сақталуы, ҚМГ қызметкерлерінің мүдделерін қозғайтын корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат.
  • Қызығушылық үйлесімді және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуден, ҚР еңбек заңнамасына сәйкес құқықтар мен міндеттерді сақтаудан көрініс табады.
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
  • Корпоративтік веб-сайтта жариялау
  • Кеңестер, жиналыстар өткізу
  • Басшылықтың еңбек ұжымдарымен есептік кездесулері
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңестер мен комитеттер
  • Тренингтер, семинарлар ұйымдастыру
  • Ішкі хабарламалар жіберу
  • Ішкі байланыс арналары арқылы материалдарды тарату
  • Сауалнамалар, сауалдар
  • Конкурстар