ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Нұрбек Жексенбайұлы
ЖЕКСЕНБАЕВ
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның үздік электр газбен дәнекерлеуші
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

ҚМГ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі өндірістік қызмет нәтижелерінен басым болатын қағидатты ұстанады. Компания жүргізетін еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саясаты осы саладағы жоғары басшылықтың міндеттемелеріне негізделген және әрбір қызметкерді қауіпсіздік мәдениетін құруға тартуға бағытталған. Компания басшылығы жазатайым оқиғаларға, сондай-ақ алкогольді, есірткі мен психотроптық заттарды тұтынуға және жол-көлік оқиғаларына нөлдік төзімділік ұстануға ұмтылады. Компания ұлттық заңнаманы да, халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарын да сақтауға міндеттенеді. ҚМГ әлемдік стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес өндірістегі қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың саны өткен жылмен салыстырғанда 67 %-ға төмендеді (2021 жылы 3 жағдай – 2022 жылы 1 жағдай). Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 12,5 %-ға өсті (2021 жылғы 32 жағдайдан 2022 жылы 36 жағдайға дейін) 2022 жылғы жұмыс істеген уақыт 99,97 млн ​​адам-сағатты құрады (2021 жылы – 102,31 млн адам-сағат). Жазатайым оқиғалардың ең көп таралған түрлері: қозғалатын заттардың соғуы, зардап шеккендердің құлауы және жол-көлік оқиғалары болды.

2022 жылы еңбек қызметіне байланысты өліммен аяқталған бір жазатайым оқиға болды, бір қызметкер қайтыс болды (Маңғыстау облысы «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС, «Ақтау – Жетібай» су құбырының жарылуы нәтижесінде).

Жол-көлік оқиғаларының саны 9 %-ға өсті (2021 жылы 22 жағдайдан 2022 жылы 24 жағдайға дейін), өрттің саны 83 %-ға төмендеді (2021 жылы 6 жағдайдан 2022 жылы 1 жағдайға дейін).

ЕҚ және ӨҚ негізгі көрсеткіштері

Өлш. бірл.

2019

2020

2021

2022

Ауытқу 2022/2021

%

Жазатайым оқиғалар

Жағдай

41

30

28

35

+7

+25

Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер

Адам

48

32

32

36

+4

+12,5

Соның ішінде өлім

Адам

2

0

3

1

–2

–67

Жол-көлік оқиғалары

Оқиға

44

15

22

24

+2

+9

Өрт

Оқиға

10

6

6

1

–5

–83

Жазатайым оқиғалар мен өлім-жітім коэффициенті

Көрсеткіш

2019

2020

2021

2022

IOGP 1

1 миллион адам-сағатқа жұмыс уақыты жоғалатын жазатайым жағдайлардың коэффициенті (LTIR)

0,31

0,25

0,31

0,36

0,19

100 миллион адам-сағатқа өлім жағдайларының коэффициенті (FAR)

1,28

0,0

2,93

1,00

0,29

Компания ҚМГ тобы ішінде және мердігерлер бойынша есеп жүргізеді, мердігерлер бойынша деректер жазатайым оқиғалар мен өлім-жітім көрсеткіштеріне енгізілмеген.

Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару

ҚМГ компаниялар тобында Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жөніндегі корпоративтік стандартты енгізу және ҚМГ ЕТҰ-да өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру шеңберінде ҚМГ өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне жауапты ЕТҰ басшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлері (барлығы 128 қызметкер) үшін КО және ҚМГ ірі ЕТҰ («Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ) базасында семинарлар өткізді.

Осы семинарлар шеңберінде мұнай-газ саласындағы озық халықаралық тәжірибе (ТШО) және мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) ұсынымдары ескеріле отырып, өндірістік процестердің қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету/кедергілерді басқару бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар ҚМГ-ның әрбір бизнес бағыты үшін (олардың қызметінің ерекшелігі ескеріліп) өндірістік қауіпсіздіктің алдын алу кедергілерінің практикалық мысалдары қаралды.

Семинардың қорытынды бөлімінде ҚМГ ЕТҰ-дағы кедергілерді тексеру және бағалау жөніндегі негізгі құралдар (тәсілдер) талқыланды (қолданыстағы әдістерді, бағдарламалар мен тәжірибелерді негізге ала отырып), сондай-ақ ҚМГ және ЕТҰ персоналының өндірістік процестердің/кедергілердің қауіпсіздігін басқарудағы рөлі мен міндеттері айқындалды.

2023 жылы осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, ҚМГ ЕТҰ-да IOGP Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының «Өндірістік қауіпсіздік негіздері» (Process Safety Fundamentals) ұсынымдарын енгізуді бастау жоспарлануда.

Көлік қауіпсіздігі

Бүгінгі таңда Компанияда 5000-нан астам автокөлік пен арнайы техника бар, олар көбінесе ірі қалалар мен елді мекендерде қарқынды қалалық трафик жағдайында пайдаланылады, мұндайда үшінші тараптың кінәсінен болатын ЖКО туындау қаупі жоғары. Мәселен, 2022 жылы болған 24 ЖКО-ның 15-і жол қозғалысының басқа қатысушыларының кінәсінен болған.

Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автокөлікті пайдалану және қызмет көрсету барысында адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, ЖКО алдын алу, Компания қызметкерлерінің жарақаттануының ықтимал тәуекелдерін азайту шеңберінде көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде:

  • Компания қызметкерлерінің қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттілігі туралы хабардарлығын арттыру және ЖКО кезінде жарақаттануды азайту мақсатында автомобильдің фронтальды соқтығысуын имитациялайтын тренажерлер (Конвинсер) сатып алынды. Конвинсердің практикалық демонстрациясы Компания қызметкерлеріне қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді.
  • 2022 жылы Компанияның 1 345 қызметкері RoSPA (The Royal Society for the prevention of Accidents – Жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі корольдік қоғам – Британдық коммерциялық емес ұйым, 1916 жылы құрылған, мақсаты – өмірді құтқару және ауыр жарақаттардың алдын алу) халықаралық стандарттары бойынша – «қорғаныш жүргізу» (defensive driving) оқуынан өтті.
  • «Сапарларды басқару» жобасы аясында «Ембімұнайгаз» АҚ-да көлік құралдары мониторингінің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Мониторинг GPS терминалдарынан деректерді жинау мен өңдеу арқылы жүзеге асырылады және геолокацияны бақылау, маршруттан ауытқу, жылдамдық, күрт жеделдету және тежеу, қауіпсіздік белдігін пайдалану, күндізгі жарық шамдарын қосу және басқа көрсеткіштерді қамтиды.
  • ЖКО-ға жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Көлік қауіпсіздігінің жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленді, онда Көлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды арттыруға және Компанияда қауіпсіз жүргізу мәдениетін ілгерілетуге бағытталған алдын алу шараларының кешені қамтылған.
  • Күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде 2022 жылғы қыркүйекте күзгі-қысқы кезеңдегі қауіпсіз жол қозғалысы жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, ЕТҰ-ға орындауға жіберілді.
  • Көлік қауіпсіздігі бойынша семинарлар өткізілді, оған Компанияның ЕТҰ-ның басшы құрамы мен жауапты инженерлік-техникалық қызметкерлері қатысты. Семинарларда Компанияда және мердігерлік ұйымдарда болған жол-көлік оқиғаларының тікелей және жүйелі себептерін талдау, объектілерде көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ішкі және сыртқы бақылау нәтижелері туралы ақпарат ұсынылған.

Өрт қауіпсіздігі

2022 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша 1 өрт болды, зардап шеккендер жоқ (2021 жылы 6 өрт болды, оның ішінде 2 оқиға адам шығынымен (3 адам қаза тапқан және 1 адам зардап шеккен) және елеулі материалдық залалмен ірі өрт болды). Өрт салдарынан келтірілген залал 195 мың теңгені құрады.

Өрт жағдайлары мен себептерін тергеу нәтижелері бойынша мынадай негізгі жүйелік себептер айқындалды:

  • Өрт электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу себебінен орын алды.

ҚМГ компаниялар тобында өрттер мен жанулардың алдын алу және болдырмау үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мынадай алдын алу шаралары қабылданды:

2022 жылы ЕТҰ-да ҚМГ компаниялар тобы бойынша 2022–2024 жылдарға арналған Өрт қауіпсіздігі саласындағы іс-шаралардың кешенді жоспарының қысқа мерзімді және ұйымдық-техникалық іс-шаралары (тұрақты жүргізілетін) орындалды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі орта мерзімді және ұзақ мерзімді іс-шараларды орындауға қаражат көзделген.

ЕТҰ-ға объектілерді өртке қарсы қорғау деңгейін арттыру үшін әдістемелік ұсынымдар жолданды.

Жыл ішінде барлық ЕТҰ-да төтенше жағдайлар, энергетика министрліктері, «Самұрық-Қазына» АҚ және басқа да мүдделі ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар, сабақтар мен жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ ҚМГ КО-да оқу-жаттығулар өткізілді.

2022 жылғы мамырда 15 ЕТҰ объектісінің өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде өндірістік объектілердің өрт қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

2022 жылғы желтоқсанда ЕТҰ-да өрт қауіпсіздігі бойынша өңірлік семинарлар (Астана қаласы, Жаңаөзен қаласы, Ақтау қаласы, Атырау қаласы) болды, оған 203 қызметкер, оның ішінде басшы құрам мен инженерлік-техникалық персонал қатысты.