ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Тұрлан Салауатұлы
МЕЛЕКЕЕВ
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның үздік жерасты ұңғымаларын жөндеу бригадасы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

Күкіртсіздендірудің негізгі шаралары стационарлық жану көздерінің энергия тиімділігін арттыру, газды алаулатып жағуды азайту және метанның жылыстауын бақылау бойынша жұмыстарды күшейту іс-шаралары арқылы және көлік құралдарының шығарындыларын азайтуға бағытталған іс-шаралар тобы арқылы тікелей шығарындыларды (Scope 1) азайтуға бағытталған.

Жанама шығарындыларды азайту (Scope 2) энергия тиімділігін арттыру, «таза» энергия көздерінен энергия тұтынуды арттыру арқылы жүзеге асырылады.

Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия тиімділігін арттыру

Компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметі «Энергетикалық менеджмент жүйесі» ISO 50001 халықаралық стандартының әдіснамасына негізделеді, ол осы қызметте жүйелі басқару бойынша ең үздік жалпы танылған халықаралық тәжірибе болып табылады.

ҚМГ Энергетикалық саясаты

ҚМГ 2022–2031 жылдар кезеңіне арналған ҚМГ Төмен көміртекті даму бағдарламасын орындау шеңберінде 2022 жылғы желтоқсанда ҚМГ-ның барлық еншілес тәуелді ұйымдарына, сондай-ақ мердігерлік ұйымдарға қолданылатын ҚМГ корпоративтік энергетикалық саясаты (бұдан әрі – Саясат) әзірленіп, бекітілді. Саясатпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.kmg.kz/sustainable-development/corporate-governance/corporate-documents/.

Саясат энергияны тұтыну тұрғысынан тиімді сатып алулар мен жобалау қызметіне қолдау көрсетеді, энергетикалық менеджмент бөлігіндегі жауапкершілікті айқындайды және экономикалық орындылыққа бағдарлана отырып, энергия үнемдеуге және энергетикалық тиімділікті арттыруға бағытталған ең үздік қолжетімді техникаларды, халықаралық практикаларды, стандарттар мен әкімшілік шешімдерді енгізеді және 2022–2031 жылдарға арналған ҚМГ Төмен көміртекті даму бағдарламасының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылып, мақсаттар мен энергетикалық міндеттерді белгілеу мен талдауға негіз жасайды.

Энергия ресурстарын тұтыну

ҚМГ Корпоративтік орталығы энергия тұтыну және энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша деректерді жинайды және талдайды, ілгерілеуді бақылайды және жақсарту мүмкіндіктерін сәйкестендіреді, өткен кезеңмен және саланың ұқсас компанияларының (IOGP) көрсеткіштерімен бенчмаркинг жүргізеді.

2022 жылы барлығы 132,11 млн ГДж (4 341,5 мың т.т.) отын-энергетикалық ресурс тұтынылды (2021 жылмен салыстырғанда 4 %-ға артық, энергия ресурстарын тұтынудың өсуі күрделі жөндеуден кейін «Қаламқас» ГТЭС номиналды режиміне шығумен, сондай-ақ ПКОП бойынша мұнай өңдеу көлемінің 20 %-ға ұлғаюымен байланысты), оның ішінде электр энергиясы – 13,23 млн ГДж, жылу энергиясы – 3,54 млн ГДж, мотор отыны – 1,56 млн ГДж және қазандық-пеш отыны – 113,78 млн ГДж. ұлғаюымен байланысты (бұл ретте энергия ресурстарын жалпы тұтынуда мұнай зауыты газы – 34 %, табиғи газ – 22 %, бензин газы – 14 % және ілеспе мұнай газы – 11 % құрайды). Энергия тұтыну көлемі «Мұнай және газ өндіру», «Мұнай тасымалдау» және «Мұнай және газ өңдеу» деген үш бизнес-бағыт арасында бөлінген.

2022 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша өндірілетін меншікті энергия көлемі 702 646 мың кВт электр энергиясын және 4 841 мың Гкал жылу энергиясын құрады.

ТЭР тұтыну, млн ГДж
Отын түрлері бойынша энергия ресурстарын тұтыну, %

2022 жылы ЖЭК қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес, АМӨЗ және ММГ «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-дан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген өз қажеттіліктеріне 11 929 мың кВт көлемінде электр энергиясын сатып алды. 2022 жылы ПКОП күн панельдерімен аумақтың көше жарығы үшін электр энергиясын өндіру 75 мың кВт сағатты құрады.

БИЗНЕС БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЭНЕРГИЯ РЕСУРСТАРЫН ТҰТЫНУ, %

Энергия тұтынуды қысқарту

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2017–2021 жылдар аралығында отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуден жиынтық әсер 101 478 т.ш.о. (шамамен 3 млн ГДж) құрады, бұл шығарындыларды 229 490 тонна СО2-ге төмендетумен бірдей. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың жалпы шығындары 2017–2021 жылдар аралығында 10 801 млн теңгені құрады.

ҚМГ компаниялар тобының энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары – технологиялық жабдықты жаңғырту, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ меншікті генерациялау көздерін, оның ішінде ІМГ-ны пайдалана отырып дамыту.

Ағымдағы жылы Төмен көміртекті даму жоспары бойынша 49 іс-шара орындалды, отын-энергетикалық ресурстарды есептік жылдық үнемдеу 2,057 млн ГДж құрады, заттай мәнінде – 33 448 мың кВт электр энергиясы, 1 531 Гкал жылу энергиясы, 25 292 т қазандық-пеш отыны және 21 732 мың м3 табиғи газ, бұл шығарындыларды 136 703 тонна СО2 азайтумен бірдей. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі іс-шараларды іске асырудың жалпы шығындары 10 355 млн теңгені құрады.

2022 жылы энергия тиімділігін арттыру бойынша мынадай негізгі іс-шаралар орындалды:

  1. «Павлодар» БМАС, «Екібастұз» МАС, «Степной» МАС және Б. Жұмағалиев атындағы БМАС-та 8 бірлік КТО сорғы агрегаттарын пайдалы әсер коэффициенті жоғары сорғы агрегаттарына ауыстыру. Аталған іс-шаралар «Павлодар – Атасу» және «Жұмағалиев – Атасу» технологиялық учаскелері арқылы мұнай айдауға электр энергиясының үлестік шығынын азайтуға мүмкіндік берді. Жалпы есептік үнемдеудің көлемдік мәні – жылына 6 694 мың кВт*сағ құрады;
  2. «Өзен» БМАС-а КТО-ға жиілікті-реттелетін жетекті енгізу, бұл ретте «Өзен – Атырау» технологиялық учаскесі бойынша мұнай айдауға электр энергиясының үлес шығысы – 11 %. Есептік үнемдеудің көлемдік мәні – жылына 2 071 мың кВт*сағ құрады;
  3. жазғы кезеңде мұнай қоспасының реологиясын жақсарту (Маңғышлақ мұнайын қайта бөлу) арқылы «Атырау – Самара» «ыстық» мұнай құбыры жұмысының температуралық режимін оңтайландыру 2022 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында осы мұнай құбырында мұнайды жылыту пештерін ажыратуға мүмкіндік берді. Есептік үнемдеудің көлемдік мәні – жылына 4 896 мың м3 құрады;
  4. саны 545 дана ҚБМ-да басқару панеліндегі басқару блоктарын тербелмелі білдектердегі жиілік түрлендіргіштерімен ауыстыру. Есептік үнемдеудің көлемдік мәні – жылына 1 774 мың кВт*сағ құрады;
  5. ММГ-да ҚТС тербелмелі білдектердің электр қозғалтқыштарын басқару және қорғау үшін жиілік түрлендіргіштері бар басқару станциясын енгізу. Есептік үнемдеудің көлемдік мәні – жылына 4 893 мың кВт*сағ құрады;
  6. ӨМГ-де қызмет ету мерзімі өткен ПТБ-5/40 (6 дана) пешінің мұнайды жылыту пештерін ПНЭ-2.7 пешіне ауыстыру. Есептік үнемдеудің көлемдік мәні – жылына 1 577 мың кВт*сағ және 15 738 мың м3 газды құрады;
  7. қосымша жабдықты орната отырып, ПИНЧ-талдау жүргізу нәтижелері бойынша АМӨЗ-де ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының жылу ағындарын оңтайландыру. Есептік үнемдеудің көлемдік мәні – жылына 10 200 тонна отын газын құрады;
  8. АМӨЗ-де К-8 ЭЛОУ-АВТ-3 колоннасына отын газын беру схемасын өзгерту. Есептік үнемдеудің көлемдік мәні – жылына 9 900 тонна технологиялық отынды құрады;
  9. ПМХЗ-да ЛК-6У қондырғысының С-100 секциясында ЭЛОУ блогының су жылыту жүйесін жаңғырту. Есептік үнемдеудің көлемдік мәні – жылына 1 060 тонна мазутты құрады.

2022 жылғы 29 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың 2027 жылға дейінгі бағдарламасын бекітті. ҚМГ компаниялар тобының ТКДБ іске асыру шеңберінде көзделген іс-шаралары аталған бағдарламаның энергия үнемдеу әлеуетіне қосылатын 55 %-дан астам үлесті қамтамасыз етеді. ҚМГ төмен көміртекті даму департаменті 2027 жылға дейінгі кезеңге барлық ЕТҰ үшін энергия тиімділігінің жыл сайынғы нысаналы индикаторларын айқындады.

2027 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Энергия және ресурс үнемдеу бағдарламасының энергия үнемдеу әлеуетінің құрылымы, т.ш.о.
2027 (2022–2027) ЖЫЛҒА ТКДБ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ҚМГ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ӘЛЕУЕТІ

Атап айтқанда, 2027 жылға арналған ТКДБ-да көзделген ҚМГ энергия үнемдеу әлеуеті – 400 мың тонна (шамамен 11,7 млн ГДж) немесе 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ жалпы энергия тұтынуының 10,2 %-ын құрайды. Бұл ретте осы әлеуеттің 83,5 %-ын ЕТҰ-да тікелей іске асырылатын энергия үнемдеу іс-шаралары құрайды, ал энергия үнемдеу әлеуетінің 16,4 %-ы цифрлық жобаларды іске асырумен байланысты.

Сонымен қатар ҚМГ-ның 2031 жылға дейінгі кезеңге арналған ТКДБ іске асыру жоспарында ЕТҰ-да тікелей іске асыруға 300-ге жуық іс-шара жоспарланған, оларды іске асырудан энергия үнемдеудің жиынтық әлеуеті 2031 жылға қарай 541 мың т.т. (15,85 млн ГДж) немесе 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ жалпы энергия тұтынуының 13,7 %-ын құрайды.

2031 (2022–2031) ЖЫЛҒА ТКДБ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ҚМГ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ӘЛЕУЕТІ

Энергия сыйымдылығы

2022 жылы көмірсутектерді өндіру бағыты бойынша үлестік энергия тұтыну ҚМГ компаниялар тобы бойынша өндірілген КСШ тоннасына шаққанда 2,78 ГДж құрады, бұл IOGP Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығының көрсеткішінен 85 % жоғары, ол 2021 жылы өндірілген көмірсутектердің тоннасына шаққанда 1,5 ГДж құрады21

21 Қаражанбас кен орнында мұнайды жер асты қабаттарынан бумен және ыстық сумен ығыстырып шығару жолымен ғана мүмкін болғандықтан, IOGP деректері бойынша, ҚБМ бір тонна көмірсутектерді өндіруге арналған энергия ресурстарының үлестік шығыны әлемдік орташа көрсеткіштерден 5,3 есе жоғары. IOGP деректері бойынша, ӨМГ бір тонна көмірсутектерді өндіруге арналған энергияның үлестік шығынының көрсеткіші әлемдік орташа көрсеткіштерден 2,2 еседен астам жоғары. Бұл еріген парафиндердің жоғары мөлшеріне және өндірілетін мұнайдың реологиялық қасиеттеріне байланысты, соның нәтижесінде мұнайды өндіру және тасымалдау үдерісінде оны тек қыста ғана емес, жазда да қыздыру қажет болады.