ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022

ҚМГ АКЦИОНЕРЛЕРІ

87,42 %
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ)
9,58 %
«ҚР Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
3 %
KASE және AIX биржаларында еркін айналымда

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы.

ҚМГ «Ел экономикасының мұнай-газ секторында мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 248 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 ақпандағы № 811 қаулысына сәйкес құрылды. ҚМГ «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы», «Мұнай және газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарының және «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамының құқықтық мирасқоры болып табылады. ҚР Үкіметі атынан ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ҚМГ құрылтайшысы болып табылады.

ҚМГ компаниялар тобының құрамына дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ҚМГ-ға тиесілі 107 компания кіреді, оның ішінде 55 компания ҚР аумағында орналасқан. Қалған активтер Румыния, Грузия, Швейцария, Нидерланды, Канада, Болгария, Молдова, Ресей, Түркия, Ұлыбритания, БАӘ, Канада, Гибралтар, Британдық Виргин аралдары, Маршалл аралдары, Багамалар, Бермуд, Мэн аралдары сияқты елдерде орналасқан.

Орталық аппарат Астана қаласында орналасқан. 2022 жылдың 23 маусымында ҚМГ Ақтау қаласында өкілдігін ашты.

Топтағы заңды тұлғаларды қысқарту, оның ішінде қосалқы холдингтерді тарату/қайта ұйымдастыру есебінен қысқарту жекешелендіру бағдарламалары мен дивестициялар шеңберінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 523 қаулысымен Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ҚМГ жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған жаңартылған кешенді жоспары мыналарды қамтиды:

  • сатылатын 53 компания;
  • ҚМГ IPO периметріне енгізілген 94 компания;
  • өткізу және қайта ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы белгілейтін ҚМГ тобы бойынша 6 компания.

2022 жылғы 11 қарашада ҚМГ Директорлар кеңесі 2022 жылдан 2025 жылға дейін ҚМГ стратегиялық емес активтерінің жаңартылған тізбесін (бұдан әрі – СеАТ тізбесін) бекітті, онда 9 компанияны шығару көзделген.

2023 жылға СеАТ тізбесі шеңберінде 4 компанияны шығару жоспарланған, оның үшеуі тарату арқылы шығарылады және бір компания сатылады.

2022 жылы ҚМГ активтерінің құрылымында мынадай өзгерістер жүзеге асырылды:

  • 3 компания таратылды;
  • 1 компания сатылды;
  • 4 компания сатып алынды;
  • 1 компания Қор тобының ішінде тапсырылды.

Отандық мұнай өндіру тұңғышының ғасырлық күні – бұл барлық қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. Қазақстан мұнайының дәуірі 1899 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы Қарашеңгіл жеріндегі № 7 ұңғымада алғашқы мұнай фонтаны атқылаған кезде басталды.

1922 жылы Доссор мен Мақат кен орындарын игеру нәтижесінде бастау алған компания тарихы қазақстандық мұнай өнеркәсібінің пайда болуымен тұспа-тұс келді. Сонымен қатар жас сала үшін ұлттық кадрларды: жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерді даярлау басталды.

Геологиялық ізденістерге, барлау мен өндіруге басшылық жасау үшін «Ембімұнай» тресі құрылды. Ол өндіргіш күштердің негізгі орталығына айналды, оның міндеті қоғам мен мемлекетке жер астында жасырылған сарқылмас табиғи ресурстарды қызметке қою болды.

Сол кездегі мұнайшылар барлық ауыр сынақтарға қарамастан, барлық қиындықтарға төтеп бере отырып, жаңа кен орындарын сәтті игеріп, кез келген күрделі өндірістік міндеттерді орындады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында салаға тұрақтылық пен ғылыми-техникалық прогресс келді. Орал-Ембі бассейнінде неғұрлым жетілдірілген технологиялық деңгейде кен орындарын игеруді жалғастыра отырып, Ембі мұнайшылары бір мезгілде Маңғышылақ пен Ақтөбе облысында қара алтын кен орындарын игеруге кірісті, Теңіз кен орны ашылды.

«Ембімұнайгаз» бүгінде – өндіріс тиімділігін арттыруға және шығындарды азайтуға бағытталған инновациялық идеялар мен жаңа технологиялар. Мұнай өндіруші кәсіпорын тәуелсіз Қазақстанның экономикасына елеулі үлес қоса отырып, индустриялық саланың алдыңғы қатарында келеді. 2012–2022 жылдар аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ Ұлттық қорға, республикалық және жергілікті бюджеттерге салық төлеуге 1 трлн 472 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға – шамамен 5 млрд 640 млн теңге.

«ҚазТрансОйл» АҚ – ішкі нарыққа энергия ресурстарын тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуде және елдің экспорттық әлеуетін нығайтуда маңызды рөл атқаратын мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор. Компания жалпы ұзындығы шамамен 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының тармақталған желісіне ие. ҚМГ жобаларын іске асырудың энергетикалық қауіпсіздік үшін стратегиялық маңызы бар, бұл әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін сенімді база ретінде қызмет етеді, сондай-ақ адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Компания Қазақстан Республикасында «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде өз акцияларын орналастырған алғашқы компания болды. 2012 жылдың желтоқсанында KASE-де қайталама нарықта компанияның жай акцияларымен сауда-саттық басталды.

ҚТО елімізде өндірілетін барлық мұнайдың шамамен 36 %-ын тасымалдауды және отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілімдердің 90 %-нан астамын қамтамасыз етеді. Компания жұмыс істеген жылдар ішінде құбыр жүйесі арқылы мұнай тасымалдау көлемі екі еседен астам өсті.

Ширек ғасыр ішінде Кеңқияқ – Атырау, Әлібекмола – Кеңқияқ, Солтүстік Бозащы – Қаражанбас, Атасу – Алашаңқай жаңа мұнай құбырлары пайдалануға берілді, Кеңқияқ – Құмкөл құбыры салынды, Атырау – Самара мұнай құбырының өткізу қабілетін кеңейту бойынша іс-шаралар жүргізілді, Ақтау теңіз портының, бірқатар темір жол құю және құю терминалдарының қуаты кеңейтілді. «Аман» МАС-да жылыту пешін пайдалануға беру Батыс Қазақстан мұнайын «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбыры арқылы жылына 6 млн тоннаға дейінгі көлемде кері режимде тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

ҚТО Қазақстанның 11 облысындағы мұнай жүк ағынын тікелей Астанадан басқарады. Бұл 2006 жылы жүзеге асырылған SCADA диспетчерлік бақылау және жүк ағындарын басқару жүйесін енгізу жобасын іске асырудың қорытындысы болып табылады.

2008 жылы ҚТО «Batumi Industrial Holdings Limited» компаниясы акцияларының толық пакетін сатып алу мәмілесін аяқтады. Осы мәміленің арқасында алғаш рет Қара теңізде шетелдік мұнай тасымалдау активтері сатып алынды.

Қызметкерлер алдындағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, ҚТО бизнестің тұрақтылығына, қатысатын өңірлердің әлеуметтік тұрақтылығына және жұмыскерлердің еңбек жағдайларына қанағаттануына бағытталған салмақты және теңгерімді әлеуметтік саясатты жүргізеді. Әлеуметтік әл-ауқатты жақсарту және салауатты өмір салтын қолдау, сондай-ақ компанияның өндірістік объектілерінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің бос уақытын ұйымдастыру мақсатында ҚТО 2022 жылы 12 әмбебап спорт алаңын салу жобасын іске асыра бастады.

Жиырма жылдан астам уақыт бойы компания Маңғыстау және Атырау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғышлақ магистральдық су құбырымен тұщы су жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетіп келеді.

Үнемі өзгеріп отыратын нарықтық конъюнктура жағдайында компанияның басымдықтары инновациялар мен жаңа технологияларды қолдануға негізделген еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, экологиялық таза және тиімді бизнес болып қала береді.

Құн жасаудың өндірістік тізбегі

ҚМГ ресурстарынан өндірілген мұнай өнімдерін жеткізу үлесі мен бағыттары бойынша бөле отырып экспорттау

р/с №

Мұнай өнімдері

2022 жылдың 12 айындағы нақтысы

Көлемі, т

Елдер

Үлес, %

1

Мазут

585 152

Еуропа

100 %

2

ТАжҚ*

105 467

Еуропа

100 %

3

Тазалығы жоғары параксилол

33 763

Қытай

100 %

4

Бензол

1 684

Ресей

53 %

1 498

Африка

47 %

5

Жиынтық кокс

18 066

Қытай

30 %

42 978

Ресей

70 %

6

Қыздырылған кокс

780

Қытай

20 %

3 170

Ресей

80 %

7

Күкірт

8 041

Еуропа

59 %

5 577

Африка

41 %

8

Аи-92 К4 бензині

7 454

Еуропа

100 %

9

Техникалық көміртекті өндіруге арналған ауыр мұнай шикізаты

2 630

Ресей

100 %

 

Барлығы:

816 259

 

 

ҚМГ далалық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын тиеп жөнелтуді жүзеге асырады, сондай-ақ жылыту кезеңінде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерді мазутпен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ ҚМГ «ҚМГ-Аэро» ЖШС арқылы және биржалық сауда-саттық арқылы 2022 жылы жергілікті әуежай мен авиакомпанияға, сондай-ақ коммерциялық компанияға авиациялық отын өткізді. Мұнай өнімдерінің қалған көлемі сырттан сатып алушыларға ішкі нарықта және экспортқа сатылады.

2022 жылдың сәуір айында ҚМГ АИ-92 (7 мың тонна) бензинін экспорттады. Ашық түсті мұнай өнімдері экспорты көлемінің 2021 жылмен салыстырғанда 85 %-ға төмендеуі ҚР ішкі нарығында тұтынудың өсуіне байланысты. 2022 жылы мұнай өнімдерін экспорттық жеткізу құрылымында қара мұнай өнімдерін Еуропаға жөнелту басым болды. Дизель отынының, мұнай химиясының, кокстың, күкірттің және бутанның көлемі Еуропаға, Қытайға, Нигерияға, Ресейге, Өзбекстан мен Тәжікстанға жеткізілді.

ҚМГ кейіннен үш мұнай өңдеу зауытында өңдеу үшін 2022 жылы Батыс Қазақстанда орналасқан төрт 100 % еншілес мұнай өндіруші компаниядан және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-дан (50 %) мұнай сатып алды.

Мұнай мен оны өңдеу бойынша қызметтердің жалпы құны 594 млрд теңгені құрады.

ҚР Энергетика министрлігі (бұдан әрі – ЭМ) бекітетін мұнайды жеткізу кестесіне сәйкес ҚМГ 2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында Павлодар қаласындағы «Павлодар ҰХЗ ЖШС-да (бұдан әрі – ПМХЗ) өңдеу және өндірілген мұнай өнімдерін өткізу үшін «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-дан мұнай сатып ала бастады. ПМХЗ-да 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС 58,5 мың тонна мұнайын өңдеді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2022 жылғы мамырдан бастап ЭМ бекітетін мұнай өнімдерін жеткізу жоспарлары бойынша жалпы өткізудің 10 % көлемінде жеңіл мұнай өнімдері мен битуммен биржалық сауда қайта басталды.

Қазақстан Республикасында өндірілген ҚМГ мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу, мың тонна

Өнім

2020

2021

2022

ішкі нарық

экспорт

барлығы

ішкі нарық

экспорт

барлығы

ішкі нарық

экспорт

барлығы

Бензин

647

163

810

1 195

0

1 195

1 333

7

1 340

Дизель отыны

930

115

1045

1 291

57

1 348

1 513

1 513

Авиациялық отын

65

0

65

120

0

120

161

161

Мазут

211

402

613

241

542

783

265

588

853

Вакуумдық газойль

0

155

155

0

166

166

105

105

Битум

87

0

87

83

0

83

125

125

Кокс

61

57

118

79

66

145

56

65

121

Күкірт

6

5

11

3

17

20

5

14

19

Бензол

0

19

19

0

4

4

3

3

Параксилол

0

90

90

0

25

25

34

34

Сұйытылған газ

133

1

134

162

1

163

204

204

Пеш отыны

6

0

6

4

0

4

Технологиялық отын

0

0

0

382

0

382

408

408

Басқалары

15

0

15

18

0

18

22

22

Барлығы

2 161

1 007

3 167

3 577

877

4 454

4 091

816

4 908

Кеден одағының 013/2011 «Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне (бұдан әрі – КО ТР) сәйкес шығарылатын отынның сапасы экологиялық кластарына сәйкес келеді.

К4, К5 (Еуро-4, Еуро-5)

КО ТР сәйкес автомобиль бензинінде және дизель отынында құрамында металл бар қосындыларды (құрамында марганец, қорғасын және темір бар қосындыларды) қолдануға жол берілмейді, күкірт мөлшері 50 мг/кг артық емес, бензол 1 % артық емес болып белгіленді.

ҚР МӨЗ-дерін жаңғыртудың мақсаты – шығарылатын мотор отындарының сапасын К5 класс деңгейіне дейін (Евро-5 стандарт аналогы) арттыру.

Бұл ретте, көлік құралдары қозғалтқыштарының жұмысы кезінде пайдаланылған газдардан адам денсаулығына антропогендік әсердің басым көзі болып табылатын шығарылатын мотор отындарында зиянды заттардың құрамы төмендеді:

  • күкірт бойынша 10 есе (күкірт тотығының түзілу көзі);
  • хош иісті заттар бойынша 1,5 есе (күйе түзілу көзі);
  • бензол бойынша 5 есе (бензопереннің пайда болу көзі – канцероген, 1-қауіптілік класына жатады).

2022 жылғы мұнай өңдеу жетістіктері

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында шығарылатын өнімнің сапасы туралы ақпарат МӨЗ-дің ресми сайттарында қолжетімді:
Компанияның өндірістік қызметі мен қаржылық нәтижелері туралы толығырақ 2022 жылғы жылдық есепте баяндалған