ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Крис УОЛТОН
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Тұрақты бизнес
тепе-теңдігін сақтау

Құрметті оқырмандар,

Сіздердің назарларыңызға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2022 жылға арналған орнықты дамуы туралы есепті ұсынамын.

2022 жыл біз үшін мұнай өнеркәсібі тарихындағы мерейтойлық жыл ғана емес, сонымен бірге қызметкерлеріміз бен біз жұмыс істейтін қауымдастықтардың әл-ауқаты үшін жауапты шешім қабылдаудың маңыздылығын көрсеткен жыл болды.

Компания бірқатар ел ішіндегі және геосаяси сын-қатерлерге тап болғанына қарамастан, орнықты даму күн тәртібі біздің қызметімізде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біз өз жұмысымызды белгіленген стратегиялық бастамалар бойынша жалғастырдық және БҰҰ Жаһандық шартының он қағидатына, орнықты даму мақсаттарына, сондай-ақ БҰҰ-ның бизнес және адам құқықтары жөніндегі басшылық қағидаттарына адалдығымызды растаймыз.

Осы адалдығымызды растай отырып, Директорлар кеңесі орнықты даму саласындағы және адам құқықтары мен қоғаммен қарым-қатынас саласындағы жаңа Саясаттардағы басқарудың барлық деңгейлері үшін тиісті міндеттемелер қабылдады. Бұдан тыс, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері үшін «Өмірлік маңызды ережелер» қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы Энергетикалық саясат пен Корпоративтік стандарт бекітілді.

Жалпы, есепті жылы Директорлар кеңесі жанындағы Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитет бес отырыс өткізіп, онда орнықты дамуға қатысты қырық мәселе қаралды. ҚМГ орнықты даму мәселелері жөніндегі директорлар кеңесінің жыл сайынғы арнайы отырысында біз орнықты даму саласындағы жаһандық трендтерді, сондай-ақ Компаниядағы ESG-дамуды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру мәртебесін талқыладық.

ҚМГ Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігінің тәуелсіз бағалауынан өтті. Компания тәуекелдерді басқарудың орташа деңгейін 28,4 балл деңгейінде тұрақты ұстады. 2022 жылы біз 266 әлемдік мұнай-газ компаниялары арасында 19-шы орынға ие болдық. Атап кеткен жөн, ESG рейтингі Компанияның неғұрлым жауапты шешімдер қабылдауы қажет екенін көрсететін индикаторымыз болып табылады. Біз осы зерттеумен қамтылған барлық бағыттар бойынша жұмыс жасауды және барлық ҚМГ компаниялар тобының негізгі бизнес процестеріне ықтимал ESG тәуекелдерінің әсерін азайтуды жалғастырудамыз.

Климаттық күн тәртібінің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Компания көміртегі ізін азайтудың негізгі тәсілдері мен шараларын айқындайтын Төмен көміртекті дамытудың 2022–2031 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруда.

Біз 2019 жылмен салыстырғанда 2031 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15 % азайтуды мақсат етіп, Компанияның көміртегі ізін азайтуға ақылға салынған тәсілді қолданамыз. Серіктестерімізбен бірлесіп, біз 300/600 МВт энергия жинақтау жүйесімен жалпы қуаты кемінде 1 ГВт жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асырып жатырмыз.

Компания өзінің ESG көрсеткіштерін жақсартуға және ESG мақсаттарын басшылардың ҚНК стратегиялық және орта мерзімді тиімділік жүйесіне біріктіруге тырысады. ҚМГ қызметкерлермен және кәсіподақтармен серіктестік қағидаттарына негізделген жоғары әлеуметтік жауапкершілік нормаларына ұмтылады. 2022–2031 жылдарға арналған ҚМГ төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалған ҚМГ компаниялары тобы үшін парниктік газдар шығарындыларының болжамы негізінде көміртексіздендіру жөніндегі шараларды жүйелі іске асыру үшін өндірістің көміртегі сыйымдылығын төмендетуге және көміртексіздендіруге байланысты жыл сайын ҚНК белгіленетін болады.

Біз мүдделі тараптармен (стейкхолдер) белсенді диалог қағидатын іске асыра отырып, өз қызметіміздің ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тырысамыз. Жыл сайын өз есептерімізде, БАҚ-та, корпоративтік сайтта біз Компания жұмысының барлық маңызды аспектілері туралы ақпаратты жариялап отырамыз. Біздің қызметіміздің әртүрлі салаларында тұрақты бизнес тепе-теңдігін сақтауға көмектесетін барлық мүдделі тараптарымызға (стейкхолдер) алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.