ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Рустам Талғатұлы
ӘСІЛОВ
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің технологиялық қондырғылардың үздік операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

ҚМГ тобында бекітілген Кадр саясатына сәйкес персоналды оқыту мен дамытудың бірыңғай процесі енгізілді. Басшы қызметкерлерді, әкімшілік-басқарушылық және инженерлік-техникалық персоналды оқытуға қажеттіліктер персоналдың тиімділігін тұрақты кешенді бағалау нәтижелері бойынша жасалған Жеке даму жоспарларына және құрылымдық бөлімшенің мақсаттарына сүйене отырып, қызметкерлердің тікелей басшылары мәлімдеген қажеттіліктер негізінде қалыптастырылады.

Өндірістік персоналды оқыту кәсіптік білімді, дағдыларды және бизнестің қажеттіліктерін бағалау негізінде қалыптасады. Осылайша, қызметкерлерді оқытуды жоспарлау нақты регламенттелген және бизнестің нақты мақсаттары мен міндеттерімен өзара байланысты.

Жыл сайынғы негізде ҚМГ қызметкерлерді оқытуды және дамытуды қамтамасыз етеді, ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерін дамытудың жаңа тәсілдері мен бағдарламаларын қалыптастырады.

Қызметкерлерді міндетті бағдарламалар – өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт-техникалық минимум бойынша оқыту тұрақты негізде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта ҚМГ қызметкерлері үшін бұл бағдарламалар ҚМГ еншілес компаниясы – «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қашықтықтан оқыту жүйесі платформасында жүргізіледі. «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Құзыреттерді дамыту орталығының осы оқытуды жүргізуге және белгіленген үлгідегі сертификаттар беруге лицензиялық рұқсаты бар. Біздің компанияның қызметкерлерін ішкі ресурста оқыту бағдарламаларды компанияның ішкі сұраныстарына сәйкес бейімдеуге және оқыту ресурстарына үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бір қызметкерге орташа жылдық академиялық сағат саны 22 сағатты (2021 жылы – 16,7 сағат, 2020 жылы – 15 сағат) құрайды, оның ішінде бір ер адамға – 20 сағат (2021 жылы – 16,4 сағат, 2020 жылы – 14,6 сағат), бір әйелге – 31 сағат (2021 жылы – 18,6 сағат, 2020 жылы – 16,0 сағат).

Сонымен бірге қызметкерлерді оқыту және дамыту олардың жынысы мен лауазымына қарамастан жүзеге асырылатынын атап өтеміз.

Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі іске асырылатын бағдарламалардың негізгі тақырыптары
Жеке-іскерлік оқыту
Экономика және қаржы
Медиация, келіссөз процесі бағдарламалары бойынша оқыту
Персоналды басқару
Корпоративтік басқару. Жобаны басқару
Өндірістік бағыттар бойынша оқыту
Ішкі бақылау және аудит
Құжаттамалық қамтамасыз ету
Жұмысшы кәсіптерге оқыту
Экология, ЕҚжҚТ, АҚжТЖ
Ақпараттық технологиялар
Магистрлік бағдарламалар, шағын МВА
Сатып алу қызметі
Тіл үйрену
Тағылымдама
Санаттар бойынша бір қызметкерге орташа жылдық сағат саны, сағат

Сондай-ақ өндірістегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ROSPA (Ұлыбритания) халықаралық стандартына сәйкес «Қорғаныштық жүргізу» бағдарламасы бойынша ҚМГ компаниялар тобының жүргізушілерін оқыту іске қосылды. 2022 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС, «KMG-Security» ЖШС қызметкерлерін тасуды/тасымалдауды және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын 350-ден астам жүргізуші оқытылды. Алдағы жылдары ҚМГ компаниялар тобының барлық санаттарының жүргізушілері үшін «Қорғаныштық жүргізу» бағдарламасын іске асыру жоспарлануда.

Орнықты даму мәселелері, соның ішінде энергияға ауысу, парниктік газдар шығарындылары, күкіртсіздендіру және басқа аспектілер де компания үшін және оның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін маңызды және өзекті болып табылады. Қызметкерлер жыл сайын әлемдік стандарттар мен трендтерге сәйкес осы бағытта өз білімдері мен дағдыларын жетілдіреді.

2022 жылы «Жобаларды тұрақты басқару» (Green Project Management) бағдарламасы бойынша қызметкерлерді оқыту іске асырылды, оның шеңберінде корпоративтік орталық пен еншілес компаниялардың мамандары мен басшыларын қатыстыра отырып, жобаларда және «Энергокөшу» бағдарламасы бойынша орнықты даму тұжырымдамасын қолданудың үздік тәжірибелері зерделенді.

IPMA жобаларын басқарудың халықаралық стандарты бойынша стратегиялық маңызды жобаларды іске асырумен айналысатын негізгі қызметкерлеріне жыл сайын сертификаттау жүргізіледі.

2022 жылы IPMA Level C – 9 қызметкер, IPMA Level D – 12 қызметкер сертификатталды. Сондай-ақ ЕТҰ-ның 5 қызметкеріне Green Project Management бойынша сертификаттау жүргізілді.

Сонымен қатар ҚМГ жобалық басқару мамандары және сыртқы провайдерлер ҚМГ және ЕТҰ жобалық персоналы үшін Primavera, MS Project және Mind Manager қолдана отырып, жобаларды жоспарлау, жобалардағы жұмыстардың құрылымын қалыптастыру, құрылыс өндірісін ұйымдастыру, FIDIC келісімшарттарын қолдану бойынша курстар өткізді.

Жыл қорытындысы бойынша жобалық басқарудың әртүрлі пәндік салалары бойынша оқудан өткен қызметкерлердің жалпы саны 588 адамды құрады.

Ашықтық саясатын дамыту шеңберінде сатып алу қызметі мәселелеріне ерекше назар аударылады, осылайша сатып алу қызметі саласындағы мамандардың құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында Корпоративтік орталық пен ҚМГ тобының еншілес компанияларының сатып алу саласындағы мамандарына арналған «Самұрық-Қазына « АҚ сатып алуды жүзеге асырудың және сатып алу қызметін басқарудың жаңа тәртібібағдарламасы және «2.0» ЭСАЖ іске қосылды. Бағдарламаға ҚМГ тобының 37 компаниясының 450-ден астам қызметкері қатысады.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

2022 жылдың қазан айында ЕТҰ 7 ірі жобасының басшылары үшін Green Project Management Global әдіснамасына негізделген жобаларды орнықты басқару бойынша бейіндік оқыту өткізілді. Тренингке қатысушылар жобаларда, бағдарламаларда және портфельдерде орнықты даму тұжырымдамасын қолданудың үздік тәжірибелерін зерделеді, бағалаудың, тәуекелдерді азайтудың және жобалардың табыстылығын арттырудың практикалық құралдарын игерді. Тестілеу қорытындысы бойынша ЕТҰ-дағы бес жоба жетекшісі GPM-b жобаларын орнықты басқару бойынша халықаралық сертификат алды.

«МАНСАП» – ҚМГ компаниялары тобының негізгі позицияларына сабақтастық жоспарын қалыптастыру және дамыту жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.

СКОЛКОВО МШУ-мен бірлесіп «А» – «Көшбасшылық білім беру бағдарламасы» пулының ізбасарларын дамыту бағдарламасы іске асырылды. «А» пулының мүшелері стратегияны іске асыру және өзгерістерді басқару дағдыларын пысықтауға жауапты бағдарлама модульдерінен сәтті өтті.

«На пути к совершенствованию – Кемелдік жолында» – «Б» пулының ізбасарларын дамыту бағдарламасы әзірленіп, іске қосылды. Бағдарлама компанияның стратегиялық мақсаттарына, құзыреттер мен құндылықтар модельдеріне негізделген, олар бойынша дағдыларды зерделеу мен пысықтау орта буын көшбасшыларына компания стратегиясын табысты іске асыруға ықпал етеді.

Бағдарламаға мынадай негізгі бағыттар кірді:

  • Көшбасшылық және коммуникациялар;
  • Орнықтылық мәдениетін басқару;
  • Қауіпсіздік мәдениетін басқару;
  • Стратегиядағы көшбасшылық;
  • Жобаны басқару.

Көшбасшылық бағдарламалар жоғары басшылық үшін де, біздің компанияның инженерлік-техникалық құрамы үшін де өзекті, осылайша өндірістік қатынастарды дамытудың негізгі сын-тегеуріндерімен танысу, сондай-ақ өндірістік көшбасшылық дағдыларын және жергілікті жерлерде көшбасшының рөлдік моделін қалыптастыру мақсатында «Өзенмұнайгаз» АҚ-да жоғары және орта буын басшыларына арналған кешенді оқыту бағдарламасы іске асырылуда.

«Өзенмұнайгаз» АҚ. Бұл бағдарлама 2022 жылдың күзінде «Өндірістік қатынастар мектебі» деп аталатын 1-ші модульден басталды және бүгінгі күні ЕТҰ мен ҚМГ басшылары үшін корпоративтік мәдениетті, коммуникацияларды жақсарту мақсатында коммуникациялық және пікірталас алаңы болып табылады. «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 400-ден астам қызметкері оқудан өтті.

2022 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мемлекет атынан қатысатын компаниялардың басшы органдарында әйелдер үлесін кезең-кезеңімен 30 %-ға дейін арттыру жөніндегі ҚР Президентінің хаттамалық тапсырмасы шеңберінде «Қазақстанның әйелдер күштері альянсы» ЗТБ-мен бірлесіп «Гендерлік теңдік» портфельдік компанияларының әйелдерінің басқарушылық құзыреттерін дамыту бағдарламасын іске қосты.

Бағдарламаның мақсаты: 2023 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының директорлар кеңесінде, байқаушы кеңестерінде және атқарушы органдарында әйелдердің үлесін арттыру үшін ПК әйелдерін даярлау – кемінде 20 %; 2030 жылы – кемінде 30 %.

Бұл бағдарламаға ҚМГ компаниялар тобының 6 әйел басшысы қатысады. Бағдарлама 2022–2023 жылдарға арналған.

Сонымен қатар өндірістік компаниялар мен кәсіби бірлестіктердің желілік басшыларын дамыту мақсатында коммуникацияларды дамыту, тайм-менеджмент, қаржылық сауаттылық бойынша бағдарламалар жүргізілуде.

ҚМГ компаниялар тобында коммуникацияларды құруға және ішкі мәдениетті дамытуға, басшылық пен персонал арасында диалог құруға аса көңіл бөлінеді.

Осылайша, басшылық пен қызметкерлер өкілдері арасында сындарлы диалог құру мақсатында ҚМГ Басқарма төрағасы М.М. Мырзағалиев пен компания басшыларының еншілес компаниялар «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіподақтарының басшыларымен және көшбасшыларымен кездесулері өткізілді.

Кездесуге еншілес компаниялардың басшылары мен кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Кездесулер фасилитация және командалық коучинг құралдары қолданыла отырып, командалық білім беру элементтерімен тренингтік сессия форматында өтті.

Студенттермен және жас мамандармен жұмыс

ҚМГ компаниялар тобына және студенттермен және жас мамандармен жұмыс істеуге көңіл бөлінеді. Саланың даму үрдісі мен заманауи технологиялық талаптар ескеріле отырып, өндірістік объектілеріміз бар өңірлердегі оқу орындарымен белсенді жұмыс жүргізіледі.

Осылайша «Ембімұнайгаз» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС компаниялары базасында, сондай-ақ Ақтау қаласындағы «Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіпорнында дуальды оқыту бағдарламасы тұрақты негізде іске асырылуда. 2022 жылы осы бағдарламаның 26 түлегі ҚМГ өндірістік объектілеріне жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетімен бірлесіп, өз базасында одан әрі жұмысқа орналастыру үшін кіші мамандықтар бойынша жас мамандарды даярлау бағдарламасын белсенді іске асырады, осы бағдарлама бойынша осы ЖОО-ның 10 студенті қазір оқытудың тереңдетілген бағдарламасынан, сондай-ақ «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС базасында практикадан өтуде.

Сонымен қатар әлеуметтік, еңбек және экономикалық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Орнықты даму саласындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, атап айтқанда Маңғыстау облысындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігіне байланысты 2022 жылы ҚМГ «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-мен бірлесіп Ш. Есенов атындағы Мемлекеттік Инженерлік-технологиялық университетінің базасында Маңғыстау облысының жұмыссыз азаматтары қатарынан жас мамандарды даярлау жөніндегі бірегей жобаны іске асырды.

Жұмыссыз азаматтарды одан әрі жұмысқа орналастыруға дайындау үшін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ базасында «Білім беру қарқындылығы» бағдарламасы дайындалды, бұл оларға жұмыс орнында жұмысқа орналасу және бейімделу үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге көмектесті. Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша 223 азамат «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға жұмысқа орналастырылды, олардың көпшілігі үшін бұл бірінші жұмыс орны.

Бұдан басқа, ҚМГ компаниялар тобы бойынша тұрақты негізде Қазақстанның жоғары оқу орындарымен және ТжКБ-мен студенттердің өндірістік және диплом алдындағы практикасын ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіледі.

«Жарқын болашақ» жобасы

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Жаңаөзен қаласының оқушыларын дамыту мақсатында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының" қолдауымен «Жарқын болашақ» жобасы іске асырылуда.

«Жарқын болашақ» жобасының мақсаты – Жаңаөзендегі дарынды балаларға еліміздің үздік колледждері мен мектептерінде тегін сапалы білім алуға мүмкіндік беру.

Осы жоба аясында 2022 жылы 227 бала бүкіл Қазақстан бойынша оқу орындарына оқуға түсті.

Оның ішінде:

  • 2022–2023 оқу жылына 10 сынып базасында IQanat High School of Burabay мектеп-интернатында оқу үшін 50 бала іріктелді;
  • 149 оқушы Қазақстанның 11 қаласында мұнай-газ саласына қатысы жоқ мамандықтар бойынша 44 колледжге түсті;
  • 12 оқушы өнер колледждеріне түсті;
  • 6 оқушы спорт мектеп-интернатына түсті;
  • Алматы қаласындағы РФММ-ге 10 оқушы іріктелді.

Еліміздің үздік оқу орындарында тегін білім алуға қол жеткізуден басқа, оқушылар қосымша стипендияға қол жеткізду, жылына екі рет тұрғылықты жерінен оқу орнына дейін жол жүру шығындарын жабу, тамақтану шығындарын жабу мүмкіндіктерін алды. Жобаға қатысушыларға кәсіби педагог-психологтар мен жоба үйлестірушілері үнемі консультация береді, олар оқушылардың жаңа жерге бейімделуін қадағалайды және қажет болған жағдайда қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмектеседі.