ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022

Есеп туралы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) орнықты даму саласындағы өз қызметі туралы есептілікті дайындауды 2008 жылдан бастап жыл сайынғы негізде жүргізіп, 2012 жылдан бастап есептілікті Жаһандық есептілік бастамасына (Global Reporting Initiative – GRI) сәйкес жариялап келеді.

Мүдделі тараптар алдында өз қызметінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ жыл сайын орнықты дамуға, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жауапкершілікке өзінің көзқарасын жариялайды.

Осы Есеп Global Reporting Initiative Sustainability Reporting Standards орнықты даму саласындағы есептілікті дайындау жөніндегі халықаралық стандарттарға, сондай-ақ GRI 11: Oil and Gas Sector 2021 мұнай-газ компанияларына арналған салалық қосымшаға сәйкес (in accordance) дайындалды.

ҚМГ есебінің сыртқы тексерушісін таңдау «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=39101813) және Конкурстық келіссөздер жүргізу арқылы тендерді сатып алу туралы шешімнің негізінде жүзеге асырылады. 2021 жылдың 12 мамырында өткізілген 2021–2025 жылдарға арналған қызметтерді сатып алуды іріктеу рәсімінің нәтижесінде ҚМГ мен «Эрнст Энд Янг – Кеңестемелік Қызметтер» ЖШС GRI халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған Есепті тексеру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасты. Тексеру қорытындысы осы Есептің 168-бетінде берілген.

Есепте 2022 күнтізбелік жылға арналған ҚМГ және оның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы шоғырландырылған ақпарат ұсынылған (есепте – ҚМГ, Компания, Компаниялар тобы деп аталады).

Есептің шекаралары дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында ҚМГ-ге тікелей немесе жанама түрде тиесілі ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарын, сондай-ақ ҚМГ қызметін бақылауға құқылы заңды тұлғаларды қамтиды (бөлімдер бойынша Есептілік шекараларының егжей-тегжейлі сипаттамасы есепке 1-қосымшада берілген).

Компания қызметінің қаржылық және өндірістік нәтижелері Компанияның тиісті блоктарының ұйымдастырушылық қолдауымен Компанияның шоғырландырылған деректері пайдаланыла отырып ұсынылған. Осы Есепті дайындау кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша жасалған ҚМГ басқарушылық және аудиттелген қаржылық есептілігі пайдаланылды.

Есепті дайындау процесі, маңызды тақырыптарды айқындау және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу туралы «Орнықты дамуды басқару» бөлімінде толығырақ айтылған.

Көрсеткіштер бойынша деректерді салыстыру және салыстырмалау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ақпарат бірнеше жыл ішіндегі динамикада ұсынылған.

ҚМГ Орнықты дамуы туралы есебі ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі және корпоративтік интернет-сайтта жариялау және баспа нұсқасын тарату арқылы мүдделі тараптардың назарына жеткізіледі.

ҚМГ-ның Орнықты дамуы туралы есептер электрондық форматта мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚМГ веб-сайтында қолжетімді: https://www.kmg.kz/ru/investors/reporting/.

БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттары

Адам құқықтары

1-қағидат

Іскерлік топтар халықаралық деңгейде жария етілген адам құқықтарын қорғауды қолдап, құрметтеуге тиіс.

2-қағидат

Іскерлік топтар адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс.

Еңбек қарым-қатынастары

3-қағидат

Іскерлік топтар бірігу еркіндігін және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауы тиіс.

4-қағидат

Іскерлік топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық нысандарын жою үшін әрекет етуге тиіс.

5-қағидат

Іскерлік топтар балалар еңбегін толық жоюды қолдауы тиіс.

6-қағидат

Іскерлік топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдауы тиіс.

Қоршаған орта

7-қағидат

Іскерлік топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдауы тиіс.

8-қағидат

Іскерлік топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.

9-қағидат

Іскерлік топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

10-қағидат

Іскерлік топтар бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы тұруға тиіс.

2006 жылдан бастап ҚМГ БҰҰ ЖШ мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады және БҰҰ ЖШ он қағидатына және 17 ОДМ-ға адалдығын қолдайды.

Компанияның орнықты дамуы туралы жыл сайынғы есеп БҰҰ Жаһандық шарты шеңберіндегі ілгерілеу туралы біздің хабарламамыз болып табылады https://www.unglobalcompact.org/what-is-gc/participants/6810