ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұрат Бақытжанұлы
БАҒЛАНОВ
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің үздік техникалық қызмет көрсету операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

ҚМГ компаниялар тобының сатып алу қызметінің негізгі қағидаттары сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау; өнім берушілердің коммерциялық құпияға құқықтарын және (немесе) заңды мүдделерін сақтай отырып (тендер қорытындысы шығарылғанға дейін), сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы; әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу; сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі; сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол бермеу; отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өнім берушілеріне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету; инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; сатып алынатын тауарлардағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау. Сонымен қатар ҚМГ отандық өндірушілерді қолдау мақсатында сатып алу қызметінде бірқатар бастамалар жүргізуде.

Тұрақты сатып алуға бейілділік

ҚМГ контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау кезінде орнықты даму қағидаттарын ұстанады, олар заңдылық пен ашықтыққа, шарттық талаптарды сақтауға, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға және адал болмаудың кез келген көріністерін қабылдамауға, сондай-ақ контрагентті ең жақсы баға, сапа және шарттар, іскерлік бедел факторларының жиынтығы негізінде іріктеуге негізделген.

Бұл ретте ҚМГ өз кезегінде контрагенттерге қолданылатын заңнама талаптарын сақтау, қызметкерлерге әділ қарау, балалар еңбегін пайдаланбау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және этикалық мінез-құлықтың өзге де қағидаттарын ұстану бойынша қарсы міндеттемелер ұсынады.

Осы шарттар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін еңбек құқықтарын сақтау және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, балалардың құқықтарын қорғау және экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ҚМГ контрагенттермен жасасатын шарттардың талаптарына енгізілген. Компанияның пікірінше, бұл шаралар ҚМГ-мен ынтымақтасатын компаниялардың заңсыз қызметінің санын азайтуға көмектеседі.

Тауарларды сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге ҚМГ сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификаттарын беру туралы талаптар қояды.

Сатып алудың жалпы көлемі

2022 жылы сатып алудың жалпы көлемі ҚҚС-сыз 1 085 234 млн теңгені құрады.

ҚМГ сатып алу қызметінің маңызды аспектілерінің бірі бір көзден сатып алуды қысқарту және бәсекелестік сатып алу үлесін ұлғайту болып табылады. Бәсекелестік сатып алу ашық тендер, баға ұсыныстарын сұрау, электронды дүкен және бәсекелестік келіссөздер арқылы жүзеге асырылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ компаниялар тобы бойынша жасалған жылдық сатып алу жоспарының шарттары бойынша бәсекелестік сатып алу сомасы 512 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар соңғы үш жылда бәсекелестік сатып алулардың үлесі 49 % құрады, бұл ҚМГ-ның адал бәсекелестікті және орнықты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге ұмтылысын білдіреді.

Бәсекелестік нарықты дамытуға ұмтылысына қарамастан, холдингішілік кооперация шеңберінде және (немесе) бір көз арқылы жүзеге асырылатын бәсекелестік емес сатып алулардың үлесі айтарлықтай басым.

Бәсекелестік сатып алулар: ҚҚС-сыз млрд теңгеде24

Жыл

Тауарлар

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

Жиыны

Сомасы

Үлес, %

Сомасы

Үлес, %

Сомасы

Үлес, %

2020

168

15

252

23

420

38

2021

162

15

285

27

447

42

2022

237

23

275

26

512

49

Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сомасы және жергілікті қамту үлесі25(млрд теңге)

Жыл

Тауарлар

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

Жиыны

 

Жалпы сомасы (млрд тг.)

Жергілікті қамту үлесі, %

Жалпы сомасы (млрд тг.)

Жергілікті қамту үлесі, %

Жалпы сомасы (млрд тг.)

Жергілікті қамту үлесі, %

2020

472

71

1 354

86

1 826

82

2021

273

57

943

85

1 216

78

2022

410

58

1 290

90

1 700

82

24 Бәсекелестік сатып алуларға ашық тендер, баға ұсыныстарын сұрау, электрондық дүкен және бәсекелестік келіссөздер арқылы сатып алу жатады.

25 Жергілікті қамту – жеткізушінің тауарлары, жұмыстары мен қызметтерінің (ТЖҚ) жалпы құнынан жергілікті шығарылған ТЖҚ құнының (қосалқы мердігерлік шарттарын қоса алғанда) пайыздық мөлшері, сондай-ақ жалпы еңбекақы қорынан шартты (жұмыстарды, қызметтерді) орындауға қатыстырылған қазақстандық кадрлардың үлесі.

Қазақстандық және халықаралық практика талаптары мен стандарттарын ескере отырып, сатып алу қызметін жетілдіру ҚМГ үшін басым міндеттердің бірі болып табылады.

Осы міндетті шешудің пәрменді құралдары әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеуді жүргізу тетігін іске асыру болып табылады.

Алдын ала біліктілік іріктеу (бұдан әрі – АБІ) – сауалнама және аудит арқылы жүзеге асырылатын, сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес айқындалған біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті өнім берушілерді бағалау процесі.

АБІ негізгі мақсаттары білікті, тиісті түрде іріктелген өнім берушілерді анықтау, Қордың портфельдік компанияларының қажеттіліктері үшін ТЖҚ сатып алу тиімділігін арттыру болып табылады.

Қордың Алдын ала біліктілік іріктеу мәселелері жөніндегі комиссиясы ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының сатып алуларын өткізу үшін АБІ рәсімінен өткен әлеуетті өнім берушілер арасында ашық тендер тәсілімен тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің 24 санатын бекітті.

Санаттық сатып алу

Сатып алу санаттарын басқару дегеніміз басым санаттарға енгізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қызметіне және пайдалануға байланысты шығындарды төмендетуге кешенді тәсілді әзірлеу процесі болып табылады.

Санаттау сатып алу нысанасының және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бірыңғай нарығының жалпы белгілері бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу санатына біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Санаттар тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бір немесе бірнеше атауларын қамтуы мүмкін. Басымдықтар ретінде шығындардың жоғары деңгейі, сыни, үнемдеу әлеуеті және басқарылатын санаттар айқындалады.

Санаттық басқару санаттық сатып алу стратегиясын әзірлеп, бекіту арқылы егжей-тегжейлі талдау есебінен үнемдеу әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл стратегия ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді перспективада пайданы барынша арттыруды көздей отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың оңтайлы тәсілін айқындайды. Санаттық сатып алу стратегияларында мақсаттар мен міндеттер, ішкі және сыртқы ортаны талдау, сатып алу санаттарын басқару тәсілдері, өнім берушілерді дамытуға қойылатын талаптар, пайданы есептеу және іске асыру жоспары болуы тиіс.

Санаттық басқару стратегиялық жоспарлауды қолдану, сатып алынатын тауарлар мен қызметтерді егжей-тегжейлі талдау және иеленудің жиынтық құнын есептеу, сондай-ақ бизнестің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерімен айқас-функционалдық өзара әрекеттесу арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мен пайдалану шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл жабдықтау әдісі сенімді өндірушілермен және өнім берушілермен жұмыс жасай отырып, сапаны да, ашық бағаны да қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сатып алу санаттарын басқару мыналарды қамтиды:

  • сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді санаттау және сатып алудың басым санаттарын айқындау;
  • басым санаттар бойынша санаттық сатып алу стратегияларын әзірлеу (өзектендіру) және бекіту;
  • санаттық сатып алу стратегияларын іске асыру;
  • санаттық сатып алу стратегияларын іске асыру мониторингі;
  • өнім берушілерді дамыту.

2022 жылы Қордың құзыреті орталығы атынан «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС тапсырмасы негізінде Қордың және Портфельдік компаниялардың санаттық сатып алу стратегияларын оңтайландыру бойынша өткізілетін іс-шараларға байланысты нысаналы көрсеткіштер белгіленбеді, бірақ «Самұрық-Қазына Келісімшарт» АҚ Құзыреттер орталығы мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі ұйымдар арасындағы Сатып алу санаттарын басқару жөніндегі өзара іс-қимыл регламентінің 7-бөлімінің 65 және 66-тармақтарына сәйкес Қордың Құзыреттер орталығының атына ҚМГ 2022 жыла арналған жылдық есебін 2023 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей жолдау жоспарлануда.

2020–2022 жылдардағы санаттық сатып алудың көлемі мен пайдасы

Көрсеткіш

2020

202126

2022

Санаттық сатып алу көлемі, млн теңге

49 716,04

109 447,54

93 618,92

Санаттық сатып алуды басқарудың пайдасы, млн теңге

7 011,23

13 109,53

8 435,32

26 2021 жылғы деректер 2021 жылға арналған Есепте ұсынылған деректерден өзгеше, себебі санатты сатып алудың көлемі мен пайдасы Есептің Директорлар кеңесінде бекітілгенінен кейін бекітілді.