ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Рустам Талғатұлы
ӘСІЛОВ
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің технологиялық қондырғылардың үздік операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

Қызметкерлерді ынталандырудағы біздің тәсіліміз еңбек ақы төлеудің лайықты деңгейін қамтамасыз ету, ашықтық және барлық қызметкерлердің құқықтарын сақтау қағидаттарында құрылады. Еңбекақы төлеу жүйесіне барлық өзгерістер мүдделі тараптардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып енгізіледі.

ҚМГ компаниялар тобында гендерлік айырмашылықтарға қарай базалық жалақыда және сыйақы төлеу жүйесінде айырмашылықтар жоқ. ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарындағы жалақы деңгейі лауазымға байланысты, яғни бір лауазымда жұмыс істейтін ерлер мен әйелдер бірдей жалақы алады және ұйымдағы еңбекақы төлеу қағидаларында көзделген өзге де төлемдерді алады.

Жоғары басқару органы мен басшы құрам үшін жалақыны есептеу жүйесі нәтижелілікке, уәждемеге, еңбек өнімділігін арттыруға және қызметтің тиімділігіне бағытталған және ҚНК-ге қол жеткізу қорытындылары бойынша қысқа мерзімді сыйақы элементтерін қамтиды. Үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес басшы қызметкерлердің нәтижелілік көрсеткіштері Топтың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерін көрсетеді.

«Барлау және Өндіру» бизнес-бағытындағы компанияларда еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі (ЕАТБЖ) енгізілді, оның мақсаты барлық бөлімшелерде еңбекақы төлеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек нәтижелеріне мүдделілігін күшейту болып табылады. Бұл жүйеде қызметкерлерге өтемақы төлемдері, үстеме ақылар мен қосымша ақылар берілетін бірқатар шарттар көзделген; мұндай өлшемдердің бірі өңірлік коэффициент болып табылады – жұмысты ауыр климаттық жағдайлары бар өңірлерде орындаумен байланысты қосымша шығыстар мен жоғары еңбек шығындарын өтеу мақсатында жалақының салыстырмалы түрде ұлғаю көрсеткіші. Бұл коэффициенттің ең жоғары мәні Маңғыстау және Атырау облыстарына тиесілі.

Топтағы бастапқы деңгейдегі жалақының 2022 жылғы ұлттық заңнамада белгіленген ең төменгі жалақыға қатынасы 5,8:1 (2021 5:1, 2020 және 2019 жылдары 6:1) шегінде.

2022 жылы ҚР аумағында инфляцияның жоғарылауына байланысты ҚМГ тобының өндірістік ЕТҰ қызметкерлері үшін жалақы 2021 жылғы деңгейге қарағанда 30 %-ға, ал ҚМГ корпоративтік орталығы мен ҚМГ тобының қалған компаниялары үшін 10 %-ға көтерілді.

Жергілікті халық өкілдері (ҚР азаматтары) арасынан жұмысқа қабылданған жоғары лауазымды басшылардың (Жоғары лауазымды басшы – бірінші басшы және оның орынбасарлары) болу аймақтарындағы (болу аймағы – операциялық қызметті жүргізу аймағы (облысы, ауданы) үлесі 78 % құрайды (2021 ж. – 87 %, 2020 ж. – 87 %).

Басшылық құрамына кіретін қызметкерлердің үлесі қызметкерлердің жалпы санының 10 %-ын құрайды. Оның ішінде әйелдер – 18 % (2021 жылы – 18 %, 2020 жылы – 18 %), ерлер – 82 % (2021 жылы – 82 %, 2020 жылы – 82 %).

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

«Кәсіпкерлік қызметтегі адам құқықтары саласындағы тиісті абайлаушылық рәсімі» тренингі

Қызметкерлер арасында ESG мәдениетін арттыруды жалғастыра отырып, ҚМГ және оның еншілес компаниялары адам құқықтары саласында бизнестің сақтық таныту мәселелері бойынша оқыту тренингтеріне қатысты. Оқыту барысында ҚМГ ЕТҰ-ның 25-тен астам қызметкері адам құқықтары саласындағы өз әлеуетін арттырды.