ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Нұрбек Жексенбайұлы
ЖЕКСЕНБАЕВ
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның үздік электр газбен дәнекерлеуші
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

Компания ҚМГ компаниялар тобының өндірістік объектілерінде мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың жұмыстарды орындауы мен қызметтер көрсетуінің барлық кезеңдерінде тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және төмендетуге негізделген ӨБ, ЕҚОҚ саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл процестерін жақсартуға ұмтылады.

2022 жылы ЕТҰ-дағы процестерді жақсарту шеңберінде ӨБ, ЕҚОҚ саласындағы мердігерлік ұйымдардың нәтижелілігін бағалау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді, бұл әрбір ЕТҰ-ға жағдайды жақсартуға бағытталған мақсаттар қою үшін мердігерлерді басқару жүйелеріндегі ықтимал олқылықтарды айқындауға мүмкіндік берді.

2022 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 455 мердігерлік ұйым Компания қызметінің барлық бизнес-бағыттары бойынша ЕТҰ үшін қызметтер көрсетті және жұмыстар жүргізді. Қызметтер мен жұмыстардың жалпы көлеміндегі едәуір үлесті «Көлік және логистика» – 22,02 %, «Жабдықтарды өндіру және қызмет көрсету» – 15,73 %, «Құрылыс-монтаждау жұмыстары» – 9,89 % және «Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету» – 9,44 % құрайды, бұл ретте мұнай сервистік қызметтердің жалпы көлемі 31,71 % құрайды.

Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көлем құрылымы

2022 жылы ӨБ, ЕҚОҚ саласындағы мердігерлік ұйымдардың нәтижелілігін бағалау өндіріске байланысты оқиғалардың ең көп саны «Ұңғымаларды бұрғылау және қызмет көрсету» – 38,5 %, «Ұңғымаларды жөндеу (ҰКЖ, ҰЖАЖ)» – 28,2 % және «Тамақтану және тазарту» – 12,8 % бағыттарында болғанын көрсетті.

Мердігерлік ұйымдардың, ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің қатысуымен осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында 2022 жылғы желтоқсанда ЕТҰ-ның қауіпті өндірістік объектілерінде, оның ішінде мердігерлік ұйымдармен өзара әрекеттестікте өнеркәсіптік, өрт және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік семинарлар (Астана, Ақтау, Жаңаөзен, Атырау қалаларында) өтті. Атап айтқанда, мердігерлік ұйымдарда болған оқиғалардың (жазатайым оқиғалар, өрттер, ЖКО) жүйелік себептеріне талдау жүргізілді, мердігерлік ұйымдардың ӨБ, ЕҚОҚ саласындағы шарттық міндеттемелеріне талдау жүргізілді, жағдайды жақсартуға ұсыныстар берілді.

Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша оқиғалардың пайызы

Компания мердігерлік ұйымдардан қызмет көрсетуге және жұмыстарды орындауға шарттар жасасу кезінде ескерілетін ҚР заңнамалық талаптарын, Компанияның ӨБ, ЕҚОҚ саласындағы саясаттары мен стандарттарының талаптарын мүлтіксіз сақталуы мен орындалуын талап етеді.

ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы Компанияның негізгі талаптары жұмыс басталғанға дейін аудит және техника мен жабдықтардың, мердігер персоналының сәйкестігі, жұмыстарды орындау барысында мердігердің ӨҚ, ЕҚОҚ жоспарын әзірлеу мен орындау және жұмыс аяқталғаннан кейін мердігердің нәтижелілігін бағалау болып табылады.

2022 жылы мердігерлік ұйымдардың қатысуымен 1 млн адам-сағатқа жұмыс уақыты жоғалатын жарақат алу коэффициенті – LTIR (LOST time INJURY RATE) – 0,52 құрады.

Мердігерлік ұйымдардың қатысуымен 100 млн адамға/сағатқа өлім-жітім коэффициенті – FAR (FATALITY ACCIDENT RATE) – 1,28 құрады, 2022 жылы өрт салдарынан болған мердігерлік ұйымның 1 қызметкерінің қайтыс болуына байланысты.

2022 жылы мердігерлік ұйымдар арасында барлығы 41 жазатайым оқиға орын алды. Жарақаттардың ең көп тараған түрлері аяқ-қолдың сынуы мен жарақаттануы болды. 2022 жылы мердігерлік ұйымдардың жұмыс істеген жұмыс уақыты 78,26 млн адам-сағат құрады (2021 жылы – 77,1 млн адам-сағат), адам-сағат есептеу жолымен алынды.

2022 жылы мердігерлік ұйымдардың қатысуымен өткен миллион км – MVCR (MOTOR VEHICLE CRASH RATE) жол-көлік оқиғаларының коэффициенті 0,17 құрады.

Мердігерлік ұйымдардың қатысуымен болатын жазатайым және өлім жағдайларының, жол-көлік оқиғаларының коэффициенттері

Көрсеткіш

202011

202112

2022

IOGP13

1 миллион адам-сағатқа жұмыс уақыты жоғалатын жарақаттану жағдайларының коэффициенті (LTIR)

0,00

0,27

0,52

0,24

100 миллион адам-сағатқа өлім жағдайларының коэффициенті (FAR)

0,00

0,00

1,28

0,90

Жүріп өткен 1 млн километрге жол-көлік оқиғаларының коэффициенті

0,00

0,24

0,17

0,058

11 Деректер жоқ.

12 ҚТГ және оның құрылымдық бөлімшелерін есепке алмағандағы деректер.

13 2021 жылға арналған қолжетімді IOGP көрсеткіштері (https://www.iogp.org/).

ЕТҰ жүргізген GAP-талдау деректерін растау және оларды верификациялау үшін 2023 жылы ЕТҰ-дағы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл процестерінің сәйкестігіне, ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы корпоративтік саясаттар мен стандарттардың талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізу жоспарланған, оның ішінде: саясат пен стандарттарды енгізуді бақылау және мониторинг жүргізу, тәуекелдерді сараптау, талдау және бағалау, ЕТҰ-дағы ӨҚБ, ЕҚОҚ саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша тежегіш факторларды (жүйелік себептерді) жою.