ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Нұрбек Жексенбайұлы
ЖЕКСЕНБАЕВ
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның үздік электр газбен дәнекерлеуші
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

Қазақстан Республикасы заңнамасының және қызметкерлердің денсаулығын қорғау, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес Компанияда денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы мәселелерін басқару жүзеге асырылады. ҚМГ өндірістік процеске қарамастан өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және оларды сауықтыру жөнінде белсенді саясат жүргізеді.

ЕТҰ қызметкерлері арасында жарақаттанумен байланысты емес өлім-жітім саны 2021 жылмен салыстырғанда 5 жағдайға немесе 33 %-ға азайды. Негізінен бұл көрсеткіштердің өсуі қызметкерлерде жүрек-қан тамырлары ауруларының болуына байланысты болды.

Қызметкерлердің денсаулығын басқару жөніндегі ҚМГ бағдарламасы

24 «Персоналдың денсаулығын басқару» стратегиялық бастамасын орындау шеңберінде ҚМГ Басқармасының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен (№ 68 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында персоналдың денсаулығын басқару жөніндегі бағдарлама бекітілді. Бағдарламаның мақсаты – өндірістік объектілерде медициналық қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, ҚМГ компаниялар тобында қызметкерлерді сауықтыру жөніндегі іс-шараларды енгізу және іске асыру.

Қызметкерлердің денсаулығын басқару бойынша ҚМГ бағдарламасының негізгі міндеттері:

  • ҚМГ компаниялар тобының өндірістік объектілерінің қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету сапасын арттыру;
  • Қызметкерлерді салауатты өмір салтына тарту мен ынталандыруды күшейту тетіктерін әзірлеу;
  • ҚМГ компаниялар тобының өндірістік объектілерінің қызметкерлері үшін еңбек, демалыс және тұрмыс жағдайларын жақсарту.

2023 жылға ҚМГ компаниялар тобында персоналдың денсаулығын басқару жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту жоспарланған.

Электрондық медициналық тексеру жүйесі

2021 жылдан бастап ЕТҰ-да Электрондық медициналық тексеру жүйесі (ЭМТЖ) енгізілуде. Жүйе медициналық тексерулер жүргізу кезінде қызметкерлердің денсаулығын зерттеу процесін жеңілдетіп, автоматтандырады. 5 минут ішінде ЭМТЖ аппараттық кешені қызметкердің денсаулығының 10 негізгі параметрін талдап, қорытынды немесе жол парағын беруге мүмкіндік береді. ЭМТЖ аппараттық кешені қызметкердің денсаулық жағдайындағы қандай да бір ауытқуды тіркесе, онда ол дәрігерге қаралуға жіберіледі.

Қазіргі уақытта ЭМТЖ аппараттық кешендері ЕМГ, КТО, АМӨЗ және ПМХЗ-ға енгізілген.

Медициналық тексерулерді автоматтандыру бұл кемшіліктерді болдырмауға және медициналық тексеруден өту рәсімін және медициналық тексерудің бейтараптығын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Маңызды мәселелердің бірі өндіріс пен бірлескен әсер жағдайында зиянды өндірістік факторлардың (мысалы, микроклимат, шу, діріл, аэрозольдер, қызу еңбек және т.б.) біріктірілген әсерін зерттеу, олардың әсерінің салдарын болжау, сонымен қатар кәсіби патологияның дамуын зерттеу болып табылады.

Жарақаттанумен байланысты емес ӨЛІМ-ЖІТІМ жағдайларының саны

Сонымен қатар өндірістік орта факторларының әсерінен ұзақ уақыт дұрыс тамақтанбау патологиялық процестің дамуының қосымша себебі болып табылады. Сондықтан өндірістік ортаның зиянды факторларының ағзаға жағымсыз әсерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жалпы кешенінде сапалы тамақтануды ұйымдастыру маңызды рөл атқаруы тиіс.

Айта кету керек, ауыр физикалық еңбекпен айналысатын ЕТҰ қызметкерлері үшін энергия қажеттілігі кемінде 3 700–3 850 ккал болуы тиіс.

Тамақтану объектілерінде, ЕТҰ қызметкерлерін тамақтандыру қызметтерін көрсететін ұйымдарда тамақ өнімдерінің рационы мен ассортименті бойынша ұсынылған ЕТҰ деректерін талдау қорытындылары бойынша мынадай жақсарту шаралары жүргізіледі:

  1. диетаның ақуыздар, майлар, көмірсулар, сондай-ақ калориялар мен дәрумендердің құрамы бойынша сәйкестігі;
  2. өнімнің энергетикалық құндылығын (калориясын) дұрыс көрсету;
  3. келесі 2 күнтізбелік күнде де, 5 күн ішінде де аттас тағамдар ұсынылатын мәзірдің қайталануын болдырмау;
  4. диетаға балық, жануарлардың бауыры, жемістер мен жидектер, шөптер, жаңғақтар мен тұқымдар, кебек, өсімдік майлары, талшық сияқты тағамдарды қосу;
  5. тағамдық құндылығы бойынша теңдесімді тамақтандыру;
  6. мәзірде созылмалы аурулары бар қызметкерлер үшін профилактикалық тамақтануды көздеу.

Медициналық оқу жаттығулары

ҚМГ компаниялар тобында Шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі регламентке және ЕТҰ-дағы Шұғыл медициналық ден қою жоспарына сәйкес жыл сайын және тұрақты негізде әрбір өндірістік объектіде медициналық оқу жаттығуларын өтіізу арқылы тестілеу жүргізіледі. Мысалы, «АМӨЗ» ЖШС технологиялық объектілерінде 2022 жылы 12 медициналық оқу жаттығуы өткізілді, оның 6-уы зауыт аумағында орналасқан мердігерлік ұйымдардың қатысуымен өткізілді. Медициналық оқу дабылдары мынадай тақырыптар бойынша жүргізілді: биіктіктен құлау, есін жоғалту, улану, жүрек тоқтауы және т.б. Әрбір жүргізілген медициналық оқу дабыл жаттығуының нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер ескеріле отырып, есеп жасалды.

2022 жылы ҚМГ компаниялар тобында өнімдер мен қызметтердің қызметкерлердің денсаулығына және тұтынушының қауіпсіздігіне әсері саласында сәйкессіздік жағдайлары тіркелген жоқ.

ҚМГ компаниялар тобында кәсіптік аурулар тіркелген жоқ.