ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұрат Бақытжанұлы
БАҒЛАНОВ
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің үздік техникалық қызмет көрсету операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

ҚМГ, ҚМГ тобының компанияларында салықтық есепке алуды жүргізуді стандарттау мақсатында Корпоративтік салықтық есеп саясаты (бұдан әрі – Корпоративтік СЕС) әзірленіп енгізілді.

Корпоративтік СЕС Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен (ҚЕХС), «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III ҚРЗ Заңымен, ҚР өзге де заңнамалық актілерімен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен, сондай-ақ ҚМГ/ еншілес ұйымның қызметін реттейтін ішкі құжаттармен өзара байланыста ҚР салық заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленді. Корпоративтік СЕС ережелері ҚМГ компаниялар тобының коммерциялық және салықтық құпиясы болып табылады.

Корпоративтік СЕС ережелері мен ҚР салық заңнамасының нормалары не ҚР ратификациялаған халықаралық шарттар арасында қайшылықтар болған кезде салық заңнамасының не тиісті халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

Корпоративтік СЕС-ті ҚМГ және оның барлық еншілес ұйымдары басшылыққа алады, мынадай еншілес ұйымдарды қоспағанда:

  • ерекше тұрақты салық салу режимі көзделген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар;
  • ҚМГ бақылау акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 %-ынан аз пакетін иеленетін ұйымдар;
  • ҚР шегінен тыс тіркелген, сондай-ақ ҚМГ филиалдары мен оның еншілес ұйымдарының ҚР шегінен тыс тіркелген филиалдары.

Корпоративтік СЕС мақсаты ҚМГ мен оның еншілес ұйымдарының ұйымдық және салалық ерекшеліктерін ескере отырып, есептілікте барынша толық, объективті және шынайы ақпаратты қалыптастыру үшін салықтық есепке алудың біркелкілігіне қол жеткізу болып табылады.

Корпоративтік СЕС міндеті – салық заңнамасында мынадай талаптар болған жағдайларда ҚМГ компаниялар тобының салық есебін жүргізу ерекшелігін көрсету болып табылады:

  • ҚР Салық кодексінде көзделген бірнеше нұсқалардан не әдістерден таңдау жасауды талап ететін немесе жасауға мүмкіндік беретін нормалар болса;
  • тек жалпы нормаларды белгіленіп, салық есебін жүргізу тәсілдерінде, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібінде айқындылық пен нақтылық болмаса;
  • СЕС-те жекелеген шарттар мен ережелерді көрсетуді талап етілсе.

Корпоративтік СЕС ҚР Салық кодексінің мынадай қағидаттарына негізделеді:

  • салық салудың міндеттілік қағидаты – ҚМГ және оның еншілес ұйымдары салықтарды Қазақстан Республикасының бюджетіне толық көлемде уақтылы және дұрыс есептеуге, ұстап қалуға және төлеуге міндетті;
  • салық салудың әділдік қағидаты – ҚМГ және оның еншілес ұйымдарының операцияларына бір кезеңде бір салық салу объектісі бойынша салықтың және төлемнің бірдей түрімен қосарланған салық салынбайды;
  • ҚМГ және оның еншілес ұйымдарының адалдық қағидаты – салық үнемін алу және салық төлемдерін азайту мақсатында өздерінің заңсыз әрекеттерінен пайда алуға жол берілмейді.

Корпоративтік СЕС негізінде ҚМГ, сондай-ақ оның барлық еншілес компанияларында Салықтық есеп саясаты (бұдан әрі – ҚМГ СЕС) әзірленіп енгізілді.

Корпоративтік СЕС және ҚМГ СЕС бекіту, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар ҚМГ Басқармасының құзыретіне жатады.

Корпоративтік СЕС-ке және ҚМГ СЕС-ке өзгерістер мен толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:

  • корпоративтік СЕС ережелерінде белгіленген салықтық есепке алу тәртібін қозғайтын ҚР Салық кодексінің нормалары өзгерсе;
  • «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III ҚРЗ ҚР Заңының немесе Корпоративтік СЕС ережелерінде белгіленген салықтық есепке алу тәртібін қозғайтын ҚЕХС нормалары өзгерсе;
  • ҚМГ/еншілес ұйым қабылдаған шешімдер салық есебін жүргізу тәртібіне, салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді айқындауға әсер ететін ҚМГ компаниялар тобының бухгалтерлік есебін жүргізу әдістері мен қағидаттарын өзгертсе;
  • ҚМГ/еншілес ұйым қабылдаған шешімдер ҚМГ компаниялар тобының бөлек салық есебін жүргізу тәртібі мен қағидаттарының және оларға қатысты ҚР Салық кодексінде диспозитивті нормалар болатын өзге де ережелердің өзгеруіне әкеп соғатын болса.

Басқа жағдайларда Корпоративтік СЕС-ке және ҚМГ СЕС-ке өзгерістер, қажеттілігіне қарай, бірақ жылына 2 (екі) реттен жиі емес енгізіледі.

ҚМГ салық салуға өзінің көзқарасында салықтық жоспарлау кезінде ҚМГ-ның коммерциялық қызметінің ерекшеліктерін және ҚМГ-ның 2022–2031 жылдарға арналған Даму стратегиясына толық сәйкес келетін осындай тәсілдің әлеуметтік әсерін ескереді.

ҚМГ-ның 2022–2031 жылдарға арналған стратегиялық мақсаттары

Салық салу тәсілінің стратегиялық мақсаттармен байланысы

ҚМГ-ның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база

Мемлекеттік органдар тарапынан фискалдық ынталандыру

ҚМГ құн тізбегінің тиімділігін арттыру

Осындай кен орындарында өндіруді ұлғайту мақсатында жетілген кен орындары бойынша салық ауыртпалығын одан әрі оңтайландыру туралы мемлекетпен келіссөздер жүргізу

Бизнесті әртараптандыру және өнімдер портфелін кеңейту

Салық ортасындағы өзгерістер және салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды алу/ұзарту мүмкіндігі

Орнықты даму және өндірістің көміртекті сыйымдылығын үдемелі төмендету

Салық органдарының түсіндірмелерін алу және қажет болған жағдайда салық заңнамасына өзгерістер енгізу арқылы салық салу тәртібін реттеу

Компанияның салықтары туралы толығырақ (207-4) 2022 жылғы Мемлекеттердің пайдасына төлемдер туралы есепте көрсетілген: https://www.kmg.kz/ru/investors/reporting/

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – «МКК») қазіргі уақытта салық төлеушілердің көлденең мониторингін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Пилоттық жобаны жүргізудің негізгі артықшылықтары: салықтық бақылау іс-шараларының санын азайту, ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібі, ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру, салық төлеушілер мен МКК арасында Бірыңғай ІТ кеңістігін қалыптастыру және т.б. «Ембімұнайгаз» АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ пилоттық жобаға қатысатын кәсіпорындар тізбесіне енгізілген. Қазіргі уақытта «Ембімұнайгаз» АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ бизнес-процестерді зерделеу, сондай-ақ тарихи деректерді зерделеу үшін МКК-ға өздерінің есепке алу жүйелеріне қолжетімділік берді. МКК-ның барлық іс-шаралары Өзара іс-қимыл туралы келісімге бекітілген Жол карталарына сәйкес жүргізіледі. Әлемнің 25-ке жуық елі сенім, ашықтық және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделген көлденең мониторинг тұжырымдамасын табысты қолданады.

Салықтық әкімшілендіру және бақылау, тәуекелдерді басқару

Тәуекелдерді, оның ішінде салықтық тәуекелдерді басқару тәсілін Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (ТБКЖ) белгілейді.

Тәуекелдерді басқару процесі туралы толығырақ «ESG тәуекелдерді басқару» бөлімінде.

Шағым беру механизмі туралы толығырақ ақпарат «Әдепсіз мінез-құлық бойынша кеңес алу механизмдері» бөлімінде.

Салық есептілігі туралы ақпарат мұнда берілген: https://www.kmg.kz/investors/.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу және салыққа байланысты мәселелерді басқару

ҚМГ салық заңнамасына сәйкес салық мониторингіне жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген.

ҚМГ-да тұрақты негізде ҚМГ тобының компанияларында туындайтын салық заңнамасын қолданудың проблемалық мәселелерін талдау бойынша жұмыс жүргізіледі, кейіннен заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді, сондай-ақ ҚМГ тобы компанияларының қызметіне салық салуға қолайлы жағдайлар жасау, салық заңнамасын, Кеден одағы мен ҚР кеден заңнамасын, трансферттік баға белгілеу туралы ҚР заңнамасын жүйелі жетілдіру, сондай-ақ операциялық тиімділікті арттыру және тұтастай алғанда ҚМГ құнын ұлғайту мақсатында ҚР заңнамасына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасалады.

Мемлекеттік органдармен қарым-қатынастар мен өзара іс-қимылдар ҚР Салық кодексінің нормалары шеңберінде салық саясатының дұрыстығын айқындау, мемлекеттік органдар, сондай-ақ акционер, салалық қауымдастықтар ұйымдастыратын кездесулерге, талқылауларға қатысу мақсатында іскерлік хат алмасу арқылы құрылады.

Заңнаманы жетілдіру арқылы ҚМГ компаниялар тобының мүдделерін қорғау мыналарды қамтиды:

  • салық салу бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар (оның ішінде негіздемелер, презентациялар мен есептеулер) әзірлеу;
  • салық заңнамасын және жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы орындау бөлігінде тиісті мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қорытындыларды қарау және ұсыну;
  • ҚМГ компаниялар тобының заңнамалық бастамаларын салалық қауымдастықтар (Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы (ҚХА), KAZENERGY қауымдастығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (ҰКП) жанынан жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына тікелей қатысу арқылы, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ҚР Парламентінің қатысуымен жұмыс топтарында сүйемелдеу.