ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Нұрбек Жексенбайұлы
ЖЕКСЕНБАЕВ
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның үздік электр газбен дәнекерлеуші
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын
7-қағидат. Іскерлік топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдауы тиіс.
8-қағидат. Іскерлік топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.
9-қағидат. Іскерлік топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс.

Біз өз қызметіміздің сипаты мен әсер ету ауқымын жақсы түсінеміз, оларды табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың, Компания қызметінің барлық бизнес-бағыттарында жұмыс істейтін персоналдың және өзіміз қатысатын аймақтарда тұратын халықтың денсаулығын қорғаудың, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығымен байланыстырамыз.

Компания өз қызметінің экологиялық қауіпсіздігін арттыруда айтарлықтай ілгеріледі. Бұл тиімді ішкі стандарттардың, экологиялық мәдениеттің енгізілуіне және менеджмент жүйесінің үнемі жетілдіріп отырумен байланысты. Компания теріс экологиялық әсерлерді болдырмауға бағытталған «нөлдік нәтиже» мақсатын қояды.

Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ӨБ, ЕҚОҚ) мәселелерін басқару жөніндегі мақсаттар ҚМГ компаниялар тобының 2031 жылға дейінгі Даму стратегиясымен (бұдан әрі – Стратегия) тікелей байланысты. Стратегия экологиялық жауапкершілікті арттыру бойынша стратегиялық бастамаларды көздейді. Қоршаған ортаны қорғау бөлігінде ҚМГ компаниялар тобы үшін басым бағыттарға атмосфералық ауаға шығарындыларды басқару, шикі газды алаулатып жағуды қысқарту, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқару және топырақ құнарлығын қалпына келтіру, биоәртүрлілікті сақтау жатады.

ҚМГ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығы қоршаған ортаның ластануына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Жаңа Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес, өз қызметінде экологиялық ақпаратты жинауды, жинақтауды, сақтауды, талдауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында Компания ҚМГ Экологиялық саясатын басшылыққа алады.

Компания сегіз негізгі қағидаттан тұратын Шығарындыларды басқару саясатын бекітті, олардың алтауы климаттың өзгеруіне тікелей қатысты, тұрақты алаулатып жағуды толығымен тоқтатуға бағытталған.

Шикі газды тұрақты жағу көлемін барынша азайту мақсатында Компания 2015 жылы Дүниежүзілік банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын толық кәдеге жарату» бастамасын қолдады. Атмосфералық ауаға шығарындылардын азайту жөніндегі ең маңызды міндеттердің бірі ілеспе мұнай газын тиімді пайдалануды және кәдеге жаратуды арттыру, газды алаулатып жағуды барынша азайту болып табылады. Осы бастама шеңберінде шикі газды жағу көлемі бойынша есептілік жыл сайынғы негізде Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы өкілдігіне тапсырылады.

2018 жылы Су ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандарт қабылданды, ол ҚМГ-ның су ресурстарын пайдалану бөлігіндегі басты қағидаттарын – 8 «Су» қағидатын тұжырымдайды және су ресурстарын басқару тәсілін жүйелейді. Біз су ресурстарын пайдаланудың қатаң қағидаттарын ұстанамыз. Қазір біз халықтың пайдасына тұщы су көлемін босату үшін, өндірістік қажеттіліктерге арналған ақаба сулар мен тұзды суларды тазарту бойынша бірнеше ауқымды жобаларды жүзеге асыруға кірістік. 2023 жылы ҚМГ компаниялар тобында Су ресурстарын басқару бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны (ДҚ, ӨҚ және ҚОҚ) қорғау жөніндегі менеджмент жүйесі

Денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі менеджмент жүйесі (МЖ) үздік әлемдік тәжірибелер мен тәсілдер, Халықаралық Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) ұсынымдары пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының, ISO 14001 және ISO 45001 салалық және халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленген және көшбасшылық, мақсатқа жету, тәуекелдерді басқару және ұдайы жетілдіру сияқты іргелі қағидаттарға негізделетін 10 негізгі элементті қамтиды.

2006 жылдан бастап ҚМГ ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 талаптарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы интеграцияланған басқару жүйесін (ИБЖ) енгізді. Энергияны едәуір деңгейі тұтынатын ЕТҰ ISO 50001 стандартына сәйкес сертификатталған. ИБЖ тиімділігін тәуелсіз аудиторлар үнемі растап отырады. Менеджмент жүйесін жетілдіру мақсатында ҚМГ Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі бойынша ISO 45001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификатталады.

Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны (ӨҚ, ЕҚОҚ) басқару саласындағы озық және үздік тәжірибелер ескеріле отырып, барлық деңгейдегі басшылар мен қызметкерлерді ӨҚ, ЕҚОҚ басқару процестеріне тарту және бейілділік дәрежесін арттыру үшін Компанияда комитеттердің үш деңгейлі жүйесі енгізіліп, жұмыс істейді:

  • бірінші деңгей – Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитеті  (ҚЕҚҚОҚОДК);
  • екінші деңгей – ҚМГ деңгейіндегі ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ жөніндегі комитет;
  • үшінші деңгей – ЕТҰ ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ жөніндегі комитеттері.

2019 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ деңгейінде Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті жұмыс істейді. 2022 жылы ҚМГ осы Комитеттің және Комитет жанындағы Сараптамалық топтың жұмысына белсенді қатысты. Комитет пен Сараптама тобының жұмысы шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары белсенді түрде тәжірибе алмасады, ӨБ, ЕҚОҚ қамтамасыз ету саласында бірыңғай тәсілдер әзірлейді және басқа портфельдік компаниялардың айқас аудиттеріне қатысады. ҚМГ-ның көптеген тәсілдері мен ӨҚ, ЕҚОҚ қамтамасыз ету саласындағы басшылық құжаттарын басқа портфельдік компаниялар үздік тәжірибелер ретінде қабылдады.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған орта мәселелері жөніндегі есептер ай сайын ҚМГ Директорлар кеңесінің отырыстарында, егжей-тегжейлі ақпараттық есептер – ҚМГ Директорлар кеңесінің ҚЕҚҚОҚОДК-да қаралады. 2022 жылы ҚЕҚҚОҚОДК отырыстарында мынадай негізгі тақырыптар егжей-тегжейлі талқыланды:

  • ҚМГ компаниялар тобындағы дағдарыстық және төтенше жағдайларды басқару туралы;
  • Қалдықтарды басқару, Тарихи қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі меморандумның орындалу мәртебесі;
  • Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі жобалар туралы;
  • ҚМГ компаниялар тобында өртке қарсы қауіпсіздікті арттыру жөніндегі шаралар туралы;
  • ҚМГ экологиялық жобалары туралы.

ҚМГ қызметінің үздіксіздігі мен экологиялық тиімділігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі міндеттерді орындау үшін Комитет 2022 жылы ЕҚОҚ қамтамасыз етудің мынадай мәселелері бойынша ақпаратты тыңдады:

  • Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі есеп (Комитеттің әрбір отырысында);
  • ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері үшін «Өмірлік маңызды ережелер» еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы корпоративтік стандартын бекіту туралы;
  • Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы бойынша басқару жүйесі туралы;
  • ҚМГ мердігерлік ұйымдарын басқару туралы;
  • ҚМГ-дағы COVID-19 бойынша жағдай туралы есеп (Комитеттің әрбір отырысында).

Экологиялық тәуекелдерді, климаттың өзгеруіне және су ресурстарының тапшылығына байланысты тәуекелдерді қоса алғанда, ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы тәуекелдерге тоқсан сайынғы негізде мониторинг жүргізіледі. ҚМГ қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштерді үнемі талдайды, мұнай-газ саласының жетекші халықаралық қауымдастықтарының (IOGP, CDP) ұқсас көрсеткіштерімен бенчмаркинг жүргізеді. Компания экологиялық аспектілерге және экологиялық тәуекелдерді бағалауға баса назар аударады.

Жыл сайын ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті ҚМГ компаниялар тобының бас директорларының ӨҚ, ЕҚОҚ саласындағы форумын өткізеді.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

2022 жылғы 8 қыркүйекте «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық. Жаңа өр мақсаттар мен тәсілдер» тақырыбында Жетінші жыл сайынғы форум өтті. Форумға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері мен басшылығы, 30-дан астам еншілес және тәуелді ұйымның бас директорлары, мемлекеттік органдардың және ҚМГ-ның бірқатар шетелдік әріптестерінің өкілдері шақырылды.

Форумға қатысушыларды құттықтай отырып, ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «адамдар – компанияның ең жоғары құндылығы, бұл ретте біздің басты мақсатымыз – барлық қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау. ҚМГ-ның барлық қызметкерлері үшін еңбек және өндірістік тәртіп талаптарын дәл ұстану, қауіпсіз өндіріс мәдениетін қамтамасыз ету жоғары басымдыққа айналуға тиіс».

ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Джон Уолтон да өз сөзінде жеке үлгінің және жарақаттану мен өндірістік апаттардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу мақсатына басшылықтың көзқарасының аса маңыздылығын атап өтті.

ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов жыл қорытындысын шығарды, өз бағыты бойынша табысты және артта қалған кәсіпорындарды атады, сондай-ақ ҚМГ-ның «HSE тиімділік дөңгелегі» корпоративтік моделін көрсетті, онда оқиғалардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу үшін ЕТҰ жүйелі түрде жұмыс істеуі тиіс 12 бағыт көзбен шоларлықтай жинақы ұсынылды.

Форумда сондай-ақ пікірталас сессиясы өткізілді, онда бірқатар кәсіпорындардың бірінші басшылары өндірістегі қауіпсіздік мәдениеті саласындағы әзірлемелер мен кейстермен бөлісіп, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы түрлі жобалар туралы айтып берді.

Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктері үшін марапаттау рәсімінде форумның барлық қатысушыларын бірыңғай мақсат – жүйелі корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін құру біріктіретіні айтылды. Марапатталғандар арасында: «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі корпоративтік бастамаларды тиімді енгізгені үшін), «Ембімұнайгаз» АҚ (көлік қауіпсіздігі саласындағы жобаны сәтті енгізгені үшін), «Қаражанбасмұнай» АҚ (қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін), «ҚазТрансОйл» АҚ (төтенше және дағдарыстық жағдайларды басқару бойынша озық тәжірибелерді тиімді енгізгені үшін), «Caspi Bitum» БК» ЖШС (өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көшбасшылығы мен міндеттемесі үшін) және «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құралдарды тиімді енгізгені үшін).