ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Рустам Талғатұлы
ӘСІЛОВ
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің технологиялық қондырғылардың үздік операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

Компания Адам құқықтары жөніндегі халықаралық билде, еңбек саласындағы ХЕҰ стандарттарында бекітілген халықаралық танылған адам құқықтарын ұстанады және БҰҰ-ның бизнес және адам құқықтары жөніндегі нұсқаулықтарын іске асыруға ұмтылады.

ҚМГ ҚР еңбек заңнамасының талаптарын қатаң орындайды және оның нормаларын бұзбайды, яғни ешкім еңбек құқықтарын іске асыру кезінде тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатысы, сенімдері, тұрғылықты жері, жасы немесе жеке кемшіліктеір, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығы бойынша ешқандай кемсітушіліктерге ұшырамауы тиіс.

Біз балалар еңбегін пайдаланбаймыз, мәжбүрлі еңбекпен айналыспаймыз, нәсіліне, дініне және жынысына қарамастан барлық қызметкерлердің тең құқықтарын мойындаймыз.

Есепті кезеңде кемсітушілік фактілері тіркелмеген.

2022 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі Адам құқықтары және жұртшылықпен қарым-қатынас саласындағы саясатты бекітті. Саясат туралы толығырақ ақпарат ҚМГ веб-сайтында берілген: https://www.kmg.kz/sustainable-development/corporate-governance/corporate-documents/

Адам құқықтары саласында біз мынадай міндеттемелерді қабылдаймыз:

  • халықаралық нормаларға сәйкес адам құқықтарын құрметтеу;
  • ҚМГ мен ЕТҰ-ның жоғары басшылығы деңгейінде келісе отырып, саладағы адам құқықтарына әсер етуге байланысты мәселелерді шешу үшін бағдарламалар қабылдау;
  • адам құқықтарына әсерді бақылау және ол туралы хабарлау;
  • ҚМГ қабылдаған шағымдар мен кінәрат-талаптарды қарау тетіктерін сақтау;
  • теріс әсерді жою немесе азайту үшін өтемақы және құқықтық қорғау құралдарын ұсыну;
  • тиісті есептілікті жасай отырып, адам құқықтарына ықпалын бақылау арқылы адам құқықтарына қатысты тиісті байқампаздық таныту;
  • өз қызметкерлеріне жағымсыз әсерлерді жою үшін құқықтық қорғау құралдарын ұсыну;
  • ҚМГ-ның персоналдан және үшінші тараптардан адам құқықтарына қатысты күтулерін ашу.

Әдеп және адалдық

Құндылықтар, қағидаттар, стандарттар және мінез-құлық нормалары

Корпоративтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету Компания жұмысының маңызды қағидаты болып табылады. Корпоративтік жауапкершілік орнықты дамуға үлес қосатын және заңнама мен халықаралық мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін ашық және этикалық мінез-құлықты қамтиды. Компанияның осы саладағы қызметі жүйелі сипатқа ие, осыған байланысты 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясатқа және Құпия ақпараттандыру саясатына түзетулер енгізілді.

ҚМГ қызметі мынадай корпоративтік құндылықтарға негізделген:

  • Әділдік
  • Бейілділік
  • Даму
  • Қауіпсіздік
  • Жауапкершілік
  • ҚМГ-ның акционерлермен, қызметкерлермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, серіктестермен, өзге де мүдделі тұлғалармен іскерлік қарым-қатынастарының негізінде іскерлік шешімдер қабылдау кезінде де, күнделікті жағдайларда да мүдделердің үйлесуі, тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін өзара құрметтеу, сенім, жауапкершілік және сақтау жататындықтан, Компания осы Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) ережелеріне мүлтіксіз сүйенеді.

Кодекс ашық құжат болып табылады және ҚМГ іскер әріптестері мен басқа да мүдделі тұлғалар арасында еркін таратылады. Ол сондай-ақ Компанияның сайтында «Корпоративтік құжаттар» бөлімінде орналастырылған https://www.kmg.kz/sustainable-development/corporate-governance/corporate-documents/.

Әдепке жатпайтын мінез-құлық туралы консультацияларға жүгіну тетіктері

Қызметкерлердің құқықтарын сақтау мәселелерінің алдын алу мақсатында нақты уақыт режимінде қызметкерлер тарапынан да, үшінші тұлғалар тарапынан да жасалған құқыққа қайшы әрекеттердің барлық фактілері туралы құпия және қолжетімді ақпарат құралдары ұйымдастырылды.

Компания тобының кез келген қызметкері немесе өзге тұлға ҚМГ және оның ЕТҰ-мен өзара іс-қимыл жасайтын басқа қызметкерлердің, контрагенттердің немесе өзге де тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығына күмән туындаған жағдайда бұл туралы басшылыққа, өзінің тікелей басшысына және Комплаенс қызметіне хабарлай алады.

Бұл хабарламалар құпиялылықты қамтамасыз ететін мынадай арналар мен байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін:

Тәуелсіз оператор, KPMG компаниясы әкімшілендіретін бірыңғай орталықтандырылған «Жедел желі» арқылы Комплаенс қызметіне мінез-құлық кодексінің кез келген бұзылуы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және өзге де бұзушылықтар туралы:

  • егін қоңырау шалу телефоны: 8 (800) 080-47-47
  • WhatsApp: 8 (771) 191-88-16
  • Электрондық пошта:mail@sk-hotline.kz
  • Интернет-портал:www.sk-hotline.kz

«Жедел желі» байланыс телефондары ҚМГ корпоративтік сайтында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған. Осыған ұқсас мәліметтер ЕТҰ сайттарында бар.

Қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы және еңбек даулары мен жанжалды жағдайларды шешуге жәрдемдесу мәселелері бойынша:

Омбудсменге:

  • Телефон: 8 (7172) 78-65-60
  • Электрондық пошта: : ombudsman@kmg.kz

«Нысана» бірыңғай орталықтандырылған жедел желісі:

  • тегін қоңырау шалу телефоны: : 8 (800) 080-30-30
  • WhatssApp: 8 (702) 075-30-30
  • Интернет-портал: nysana.cscc.kz
  • Электрондық пошта:: nysana@cscc.kz

Құқық бұзушылықтар профилакткасы және алдын алу тиімділігін арттыру, Компания қызметкерлерімен және үшінші тараптармен (заңды және жеке тұлғалармен) өзара іс-қимылды жетілдіру және кері байланысты қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚМГ мен ЕТҰ-дағы заңды құқықтар мен мүдделерді қорғау мақсатында:

ҚМГ Ақпараттық сенім жүйесі (бұдан әрі – АСЖ):

Телефон: 8 (7172) 78-65-65

Электрондық пошта: : doverie@kmg.kz(2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жұмыс істеді)

«E-Otinish» (бұдан әрі – «e-Otinish») азаматтардың барлық өтініштері үшін бірыңғай ақпараттық жүйе 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады.

Компанияның барлық қызметкерлері, лауазымды адамдар және өзге де мүдделі тұлғалар Омбудсменге жүгінуге құқылы. Омбудсменнің негізгі функцияларының бірі – даулар мен жанжалдардың ертерек алдын алу, реттеу арқылы ҚМГ рейтингі мен беделін арттыру, жүйелі сипаттағы және тиісті шешімдер қабылдауды талап ететін проблемалық мәселелерді тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың қарауына шығару, сондай-ақ оларды шешу үшін ұсыныстар ұсыну. Директорлар кеңесі үшін омбудсмен қызметі туралы жыл сайынғы есепті дайындау кезінде ҚМГ омбудсмен қызметі жүйелі мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар/ұсынымдар түрінде ұсыныстар шығарады. Омбудсмен мынадай міндеттері бар жұмыстарды ұйымдастырды:

  • Жергілікті жерлердегі әлеуметтік ахуал туралы мәліметтерді жинау және талдау, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының ықтимал туындауына жол бермеу бойынша жүйелі алдын алу шараларын және жедел шаралар әзірлеу;
  • ҚМГ қатысатын өңірлердегі сыни жағдайдың дамуын бағалау және оның негізінде проблемалық мәселелер бойынша нақты шешімдер мен ұсынымдар әзірлеу.

2022 жылы ҚМГ Омбудсмен қызметі Іскерлік әдеп кодексінің талаптарымен, Омбудсменнің функциялары мен міндеттерімен танысу мақсатында ҚМГ ЕТҰ – «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС басшылығымен, құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және кәсіподақ өкілдерімен кездесулер өткізді.

ҚМГ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 19 қыркүйектегі шешімімен бекітілген Омбудсмен қызметі туралы ережеге сәйкес Омбудсмен қызметі өтініштерді қарау, есепке алу, оның ішінде Жедел желі бойынша жұмысты ұйымдастырды.

2022 жылы омбудсмен 5 өтінішті қарады.

Ауызша өтініштер бойынша (телефон байланысы, жеке қабылдаулар арқылы) Омбудсмен/Омбудсмен консультациялар беріп, ұсынымдар берді. Келіп түскен барлық өтініштерді Қызмет туындаған проблемалық мәселелерді ерте сатыда реттеу бойынша барынша мүмкін шараларды қабылдай отырып, ұсынымдық сипаттағы, оның ішінде бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдай отырып қарады. Сонымен қатар «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС ұжымдарындағы толқулар мен әлеуметтік шиеленістердің алдын алды.

2022 жылы «Нысана» колл-орталығын бастамашыл ақпараттандырудың «Жедел желісі» бойынша ҚМГ атына қауіпсіздік, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу, әлеуметтік-еңбек жанжалдары мәселелері бойынша 332 өтініш келіп түсті. ҚМГ Омбудсмен қызметі және Корпоративтік қауіпсіздік департаменті оларды тиісті құрылымдық бөлімшелердің уақтылы қарауын бақылайды.

Барлық хабарламаларды, оның ішінде анонимді хабарламаларды операторлар қабылдап өңдейді, әрі қарай олардың кәсіби және құпия қаралуын қамтамасыз ететін ҚМГ Комплаенс қызметіне береді. Комплаенс қызметі тоқсан сайын келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері туралы ақпаратты Аудит жөніндегі комитетке және ҚМГ Директорлар кеңесіне жеткізеді.

2022 жылы Жедел желісіне 109 өтініш келіп түсті. Компанияда 2021 жылмен салыстырғанда шағымдар санының 43,4 %-ға өскені байқалады. «Жедел желіге» келіп түскен хабарламалардың динамикасы мүдделі тараптар тарапынан осы құралға деген сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді.

Жедел желіге келіп түскен өтініштердің арқасында сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты емес мәселелерді де реттеуге мүмкіндік туды. Мәселен, мысалы, Жедел желіге іскерлік мінез-құлықты бұзуға, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға байланысты өтініштер келіп түсті. Келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіп пен мерзімдерде қаралды, болашақта осындай жағдайлардың қайталану ықтималдығын төмендететін тиісті шаралар қабылданып, өтініш берушілерге қарау нәтижелері туралы хабарланды.

2022 жылы ҚМГ компаниялар тобының АСЖ желісі бойынша 39 өтініш және хат келіп түсті(2021 – 65, 2020 – 210), 2022 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін «e-Otinish» арқылы 8 өтініш жолданды (4 – өтініш, 2 – шағым, 1 – сұрау салу, 1 – ұсыныс). Алынған өтініштер қызметкерлердің еңбек құқықтары, жалақы деңгейі, еңбек қауіпсіздігі шарттары, демалыс беру шарттары (оның ішінде зиянды еңбек жағдайларын ескеріліп), тендерлер мен сатып алудың өзге де рәсімдерін өткізу кезіндегі бұзушылықтар, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және кәсіпорын басшыларының әдепке жат мінез-құлқы жөніндегі мәселелермен байланысты.

Өтініштер мен хаттар, оның ішінде анонимді өтініштер белгіленген тәртіп пен мерзімдерде қаралады, шаралар қабылданып, олар туралы кейіннен өтініш берушілерге хабарланады.

Қазіргі уақытта өтініштер «E-Otinish» арқылы келіп түсуде (2022 жылдың шілдесінен бастап жедел желі мен e-mail жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды), бұл расталмаған ақпаратпен, көбінесе жеке ұнатпау немесе жанжал салдарынан белгілі бір адамның беделін түсіру мақсатында бағытталған анонимді өтініштерді барынша азайтуға мүмкіндік берді.

2022 жылы, алдыңғы жылдардағыдай, ұлттық, жыныстық, діни нанымдар мен саяси көзқарастар бойынша кемсітушілік фактілеріне қатысты шағымдар түскен жоқ. Мәжбүрлі және міндетті еңбекті пайдалану фактілері, сондай-ақ осындай бұзушылықтарға байланысты сот ісін жүргізу және қылмыстық қудалау фактілері тіркелмеген.

ҚМГ компаниялар тобында корпоративтік қауіпсіздік бөлімшелері қызметкерлер мен өзге де адамдардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жүргізеді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық нормативтік актілерді, сондай-ақ Қордың, ҚМГ мен ЕТҰ-ның жалпы корпоративтік және ішкі құжаттарын қатаң басшылыққа алады.

Жалпы, ҚМГ және ЕТҰ басшылығы адам құқықтарын сақтау мәселелеріне елеулі көңіл бөледі, қызметтің осы бағытын жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

ҚМГ өз бизнесін заңдылық, адалдық және әдептілік қағидаттарына негіздейді. Компания адам құқықтарын қатаң сақтайды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық мүмкін әрекеттерді жасайды, мінсіз беделге қамқорлық жасайды және этика саласында жоғары халықаралық стандарттарды енгізуге ұмтылады.

ҚМГ-да Комплаенс қызметі (бұдан әрі – Қызмет) жұмыс істейді. Қызметтің жауапкершілік аймағына қызметкерлердің еңбек қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар жасау мүмкіндігіне қатысты тәуекелдерді болдырмау кіреді. Компания қызметінің дербес бағыты болып қала отырып, Қызмет Компанияның барлық бизнес бөлімшелерімен интеграцияланған.

Әдепті мінез-құлық және бизнесті адал жүргізу стандарттарына сәйкес болу мақсатында ҚМГ-да комплаенс мәселелері бойынша қолданыстағы ішкі құжаттарды жаңарту және жаңа ішкі құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына және Құпия ақпараттандыру саясатына түзетулер енгізілді. Өзгерістер Басқарма төрағасы мен төраға орынбасарларының оларға тікелей бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін дербес жауапкершілігі бөлігінде және келіп түскен қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар өтініштер бойынша тексеру материалдарын уәкілетті құқық қорғау органдарына жіберу бөлігінде болды.

Корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, компания тұрақты негізде қолданыстағы корпоративтік стандарттарды жақсартуға ұмтылады. Мәселен, ҚМГ бағалы қағаздарымен мәмілелер жөніндегі саясат бекітілді.

Мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ қызметкерлердің мінез-құлқына қойылатын, жеке мүдделер мен байланыстардың ықпалымен шешімдер қабылдау тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін. сақталуы тиіс талаптарды айқындау шеңберінде 2020 жылдан бастап Компанияда ҚМГ компаниялар тобының барлық қызметкерлері бойынша мүдделер қақтығысын жалпыға бірдей декларацияланады.

2022 жылы ҚМГ 21 компаниясы арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік бойынша сауалнама жүргізілді, оның нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың елеулі тәуекелдері анықталып, тиісті іс-шаралар жоспарланды. Есепті кезеңде тиісті сот шешімі шығарылған бір сыбайлас жемқорлық оқиғасы расталды.

Жоғары этикалық нормаларды ұстану тиісті корпоративтік басқарудың негізі болып табылады және Компания мүдделерінің жеке басымдылығын қорғау мен қамтамасыз етуде кепіл болады. Бизнесті жүргізудің жоғары этикалық стандарттарын ілгерілету және кез келген көрінісінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамау шеңберінде және уәкілетті органмен (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) өзара іс-қимыл шеңберінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік стандарттар мен шаралар», «Қазақстанның бизнес-секторында іскерлік парасаттылықты арттыру» конференцияларына қатысты. Осындай іс-шаралар өңірлерде де өткізілді. Шілде және қазан айларында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу қызметі «Қазақтүрікмұнай» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Қараша айында «ПМХЗ» ЖШС қызметкерлері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысымен кездесу ұйымдастырылды. Қазан айында KPI және АМӨЗ Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырған мемлекеттік құрылымдар мен ірі компаниялардың іскерлік беделін қорғаудағы комплаенс-қызметтердің рөліне арналған форумға қатысты, форум соңында Атырау облысы бойынша АМӨЗ, С. Өтебаев атындағы Атырау МжГУ және Атырай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылары Атырау облысында комплаенс-қызметтерді жетілдіру бойынша өзара іс-қимыл туралы үшжақты келісімге қол қойды.

ҚМГ және оның ЕТҰ Комплаенс қызметіінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Компанияның бақылауларын және сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында 2022 жылы Комплаенс және іскерлік әдеп қауымдастығының қолдауымен ҚМГ компаниялар тобының комплаенс мамандарының үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» «Санкциялық комплаенс» тақырыбы бойынша вебинарлар өткізілді, Compliance and Security Forum (Комплаенс және қауіпсіздік бойынша форум) өткізілді.

Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын ажырату және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмау мақсатында ҚМГ қызметкерлері үшін «Инсайдерлік ақпарат: қоғамның және оның инсайдерлік қызметкерлерінің құқықтық реттеу және жауапкершілігі мәселелері» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Комплаенс қызметі ҚМГ компаниялар тобы мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытуды және біліктілігін арттыруды қолдайды. Бүгінгі таңда комплаенс командаларында Association of Certified Fraud Examiners (Жымқыруларды тергеп-тексеру жөніндегі сертификатталған мамандар қауымдастығы, ACFE) және International Compliance Association (Жымқыруларды тергеп-тексеру жөніндегі сертификатталған мамандар қауымдастығы, ICA) мамандандырылған халықаралық беделді сертификаттары бар мамандар бар және олардың саны үнемі өсіп келеді.

2023 жылы Компания комплаенс-жүйені одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысын жалғастырады. Жұмыстың негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:

  • тәуекелге бағытталған тәсілді ескере отырып, контрагенттерді тексеру;
  • бос лауазымдарға орналасуға үміткерді ол жұмысқа қабылданғанға дейін сенімділігі тұрғысынан тексеру;
  • кәсіпорындардағы комплаенс-жүйені дамыту;
  • меншікті АТ шешімдері негізінде мүдделер қақтығысын декларациялау бойынша комплаенс-рәсімдерді автоматтандыру;
  • комплаенс-бағдарлама бойынша оқыту және коммуникациялық материалдарды әзірлеу.

Сонымен қатар ҚМГ Комплаенс қызметінің командасы 2022 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс қызметінің басшысынан арнайы марапатқа ие болғанын атап өтеміз.

Әлеуметтік тұрақтылық

Компанияның әрбір қызметкерінің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда тең мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар Компания қызметкерлермен ұжымдық шартты жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздерге белсенді қатысады, келіссөздер жүргізу мерзімдерін қатаң сақтайды және тиісті бірлескен комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етеді, келіссөздер жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынады, ұжымдық шарт ережелерінің талаптарын қатаң орындайды.

Еңбек заңнамасына сәйкес кез келген қызметкер өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға құқылы.

Қауымдастықтар еркіндігіне құқықтарды қандай да бір шектеу және қызмет түрлері немесе аумақтық белгісі бойынша ұжымдық келіссөздер жүргізу Компанияның қызметінде көзделмеген. Біз, әлеуметтік жауапты компания ретінде, бұл құқықты толығымен қолдаймыз және қызметкерлердің бірлесу бостандығының құқығын іске асыруына қолайлы орта жасаймыз.

ҚМГ тобына кіретін кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мақсатында Компания ЕТҰ қызметкерлері арасында наразылық пен шиеленістің туындауының алдын алуға бағытталған шаралар кешенін іске асыруда. Қабылданған шаралар кәсіпорындардағы жағдайды бақылауға және өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осылайша, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері еңбек ұжымдарының әлеуметтік тұрақтылығын қолдауға елеулі үлес қосуда.

ҚМГ тобы бойынша бүгінгі күні 24 өндірістік кәсіпорында ұжымдық шарттар жасалған. 2022 жылы ұжымдық шарттармен қамтылған ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің саны – шамамен 44 200 адам.

ҚМГ кәсіпорындарының барлық ұжымдық шарттарында қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ жұмыс істемейтін зейнеткерлер үшін әлеуметтік қолдаудың отыз бес негізгі түрі қарастырылған.

ҚМГ өз қызметкерлеріне әлеуметтік жәрдемақылардың, кепілдіктер мен өтемақылардың әртүрлі түрлерін қамтитын кепілді әлеуметтік топтама ұсынады: еңбек демалысы кезінде сауықтыруға материалдық көмек, жүктілікке және босануға байланысты төлемдер, 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста жүрген қызметкерлерге ай сайынғы төлемдер, басқа жұмысқа ауысу мүмкін болмай еңбек шарты бұзылған кезде өтемақы, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылуына, мүгедектік алуына байланысты еңбек шарты бұзылған кезде өтемақы, қызметкердің қайтыс болуына байланысты жерлеуді ұйымдастыруға біржолғы төлем, өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан қызметкердің отбасына біржолғы төлем. Компания қызметкерлер науқастанған жағдайда ерікті медициналық сақтандыруға және Қазақстанның балалар сауықтыру лагерлерінде қызметкерлердің балаларының демалысын ұйымдастыруға да әлеуметтік кепілдіктер береді.

Сонымен қатар қызметкерлерге әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлері ұсынылуы мүмкін. Әлеуметтік көмектің аталған түрлері ұжымдық шарттарда бекітілген немесе кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарында көзделген. Мұндай төлемдерге мерей жасына, зейнет жасына жетуіне байланысты, неке қиылуына байланысты төлемдер, некеге тұрған кездегі қысқа мерзімді демалыстар, нәрестелі болуына байланысты, туған-туыстарының қайтыс болуына байланысты жалақысы сақтала отырып берілетін төлемдер, егер емделуге жұмсалған шығындар сақтандыру бағдарламасында белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда, емделуге және медициналық операцияларға ақы төлеуге берілетін төлемдер, мүгедек қызметкерлерге, қызметкердің мүгедек балаларына, аса мұқтаж қызметкерлерге, бірінші қыркүйекке мектеп құралдарын сатып алу үшін берілетін төлемдер, аса мұқтаж қызметкерлерге көмек және т.б. жатады.

2022 жылы ҚМГ тобында барлық әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер сақталып, ұжымдық шарттарға сәйкес төленді. Жалпы, 2022 жылы қызметкерлер мен жұмыс істемейтін зейнеткерлерге 24 млрд теңгеден астам сомаға әлеуметтік қолдау көрсетілді. 2022 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС, «КеңҚұрылысСервис» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «АМӨЗ» ЖШС, «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС, «Маңғыстауэнергомунай» ЖШС, «Мұнайтелеком» ЖШС ұжымдық шарттарына жаңа редакцияда қол қойылды, бұл ретте ҚМГ тобы бойынша қолданыстағы нормалар ескеріле отырып, көптеген әлеуметтік төлемдердің өлшемі ұлғайтылды.

ҚМГ үшін ішкі әлеуметтік бағдарланған бағдарламаларды іске асыру ерекше маңызды. Осы бағдарламаларды ілгерілету кезінде, ең алдымен, Компания қызметкерлері үшін қолайлы жағдайлар жасауға баса назар аударылады. Бұл материалдық ынталандыру, кәсіби өсуді нығайту және арттыру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары. Ерекше назар аударатын тұстар – әлеуметтік шиеленістің алдын алу, еңбек даулары мен жанжалдар туындау мәселелері.

Қызметкерлермен және олардың өкілдерімен тұрақты сындарлы байланыс орнатылды. Ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесі «кері байланыс» тиімділігін арттыруға арналған. Барлық кәсіпорындарда әлеуметтік, тұрмыстық, өндірістік мәселелерді талқылау бойынша басшылықтың еңбек ұжымдарымен міндетті жоспарлы кездесулері өткізіледі.

Ішкі коммуникациялар жүйесінің негізгі міндеті қызметкерлерді қызметтің мақсаттары мен міндеттері туралы уақтылы ақпараттандыру, ұйымдағы ағымдағы жағдайды қызметкерлерге жеткізу, сондай-ақ қызметкерлер көтеретін мәселелерді «тыңдау» мүмкіндігі болып табылады.

Еңбек жағдайлары өзгерген кезде Компания қызметкерді күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді. Компания қызметіндегі маңызды өзгерістер туралы ескертудің ең аз мерзімі 4 аптаны құрайды.

ҚМГ-ның барлық өндірістік кәсіпорындарында ішкі коммуникациялар құралдарын енгізу арқылы әрбір қызметкердің кәсіпорын басшылығына сұрақтармен жүгініп, уақтылы жауап алу мүмкіндігі регламенттелген, оған сәйкес бірінші басшылардың еңбек ұжымдарымен есептік кездесулері жылына екі рет жүйелі түрде өткізіледі. 2022 жылы 148 есептік кездесу өткізілді. Кездесулерге 26 мың адам қатысты. Қызметкерлерден келіп түскен 400-ге жуыққа тиісті жауаптар берілді, орындауға және бақылауға алынды.

Сондай-ақ ЕТҰ-дағы жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында тікелей коммуникацияның тиімді тетіктерін құру және қолдау, қызметкерлерді ЕТҰ-дағы қызметтің мақсаттары мен міндеттері туралы уақтылы ақпараттандыру, ұйымдағы ағымдағы жағдайды қызметкерлерге жеткізу, қызметкерлерде кәсіпорынның оң имиджін қалыптастыру, ЕТҰ-дағы еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік-психологиялық ахуал параметрлерін қадағалау мақсатында ЕТҰ бірінші басшылары қызметкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдайды, әрбір ЕТҰ-да бірінші басшының блогы, корпоративтік ақпараттық сайт құрылды, корпоративішілік ақпаратты еңбек ұжымдарына жеткізу үшін бейне хабарландырулар үшін мониторлар орнатылды. Қызметкерлерді жедел хабарландырулармен және хабарламалармен ақпараттандыру үшін ақпараттық стендтер қолданылады.

Тоқсанына бір рет ұжымдық шартты орындауға, еңбек тәртібінің жай-күйіне, еңбек ұжымының өтініштерін қарауға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне, әлеуметтік жеңілдіктер мен өтемақылар беруге және кәсіпорында басқа да әлеуметтік маңызды мәселелерге қатысты неғұрлым өзекті мәселелер бойынша ЕТҰ кәсіподағымен басшылықтың кездесуі өткізіледі.

Кәсіпорындарда әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мақсатында ҚМГ ЕТҰ-да 2022 жылға арналған әлеуметтік тұрақтылық деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылды.

Аталған жоспарды әзірлеу кезінде ҚМГ барлық ірі ЕТҰ-да «Самұрық-Қазына» АҚ Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы жүргізетін Samruk Research Services10 зерттеу нәтижелері пайдаланылды.

10 Samruk Research Services – жұмыскерлердің көңіл-күйін, олардың әлеуметтік сабырлығын және наразылық көңіл-күй деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әлеуметтанушылық зерттеу. Сондай-ақ нақты кәсіпорындар бойынша индекс қызметкерлерді алаңдататын проблемалық мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

ҚМГ-дағы Samruk Research Services интегралдық көрсеткіші бірінші жартыжылдықта, 2022 жылдың 9 айында және 2022 жылдың қорытындысы бойынша 74 % өзгеріссіз бірдей көрсеткішті құрады.

Жалпы, ҚМГ кәсіпорындарындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейі қанағаттанарлық. Әлеуметтік әл-ауқат бойынша қызметкерлердің жалақы деңгейіне қанағаттануының төмендегені байқалады. Бұл өткен жылы қажетті азық-түлік пен тауар бағасының өсуіне тікелей байланысты.

Зерттеу қорытындысы бойынша әрбір кәсіпорын бойынша айқындалған барлық беймаза аймақтар бойынша әлеуметтік тұрақтылық көрсеткіштерін айқындау барысында анықталған беймаза аймақтарды азайту және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленетін болады, олар жұмыскерлердің әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететін кәсіпорындар қызметі саласында анықталған проблемаларды (ішкі коммуникациялар, тамақтану сапасы, тұрмыстық жағдайлар, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, оқыту, мансаптық өсу және т.б.) қамтиды.

2022 жылдың бірінші тоқсанында ҚМГ ЕТҰ қызметкерлері тарапынан наразылықтың 11 фактісі орын алды. Жағдайды тұрақтандыру үшін кәсіподақ комитеттерінің жетекшілерімен келіссөздер және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша жағдайды тұрақтандыру, кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек жанжалының одан әрі өршуіне жол бермеу мақсатында жалақыны 30 пайызға ұлғайту туралы шешім қабылданды, 2021 жылға қатысты жағдай тұрақталды.

ҚМГ біздің қызметкерлер мен мердігер компаниялардың қызметкерлері арасындағы жалақыдағы алшақтықты қысқарту шараларын қабылдады, тапсырыс берушілерге ұқсас сыйлықақы беру жүйесі және кепілдендірілген әлеуметтік топтама енгізілді. Нәтижесінде мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30-35 %-ға ұлғайтылды. Осы мақсатта 90 мердігерлік ұйыммен 156 қосымша келісім жасалды, бұл шамамен 35 млрд теңге көлемінде қосымша шығындарды талап етті.

Еңбекке ақы төлеуден, әлеуметтік қолдаудан басқа, еңбек жағдайын жасау, соның ішінде әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жұмыскерлердің әлеуметтік хал-жағдайының маңызды факторларының бірі болып табылады. Әсіресе вахталық жұмыс әдісі қолданылатын кен орындарында лайықты өмір сүру жағдайлары, санитарлық-гигиеналық үй-жайлар, асханалар, демалатын және бос уақыт өткізетін орындар, спорт орындары қамтамасыз етілген.

Кәсіподақ

Компанияның кәсіподақтармен өзара іс-қимылы салалық және өңірлік деңгейлерде еңбек заңнамасымен белгіленген әлеуметтік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылады. Салалық деңгейде өзара іс-қимылдың негізгі параметрлері (әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті ұйымдастыру мәселелері, еңбекақы төлеу, жұмыспен қамту, гендерлік және жастар саясаты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек жанжалдарының алдын алу және шешу және т.б.) ҚР Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімде айқындалған, оны әзірлеуге ҚМГ мен оның кәсіпорындарының өкілдері белсенді қатысты.

ҚМГ тобында 37 мыңнан астам қызметкердің мүдделерін қорғайтын 36 кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді.

Өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық комиссиялар жұмыс істейді, олардың шеңберінде жұмыспен қамту және еңбекті қорғаудың өңірлік мәселелерінен басқа, нақты ұжымдық еңбек даулары да қарастырылады. ҚМГ-ның барлық компанияларында келісім комиссиялары құрылып, жұмыс істейді.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

Қазан айында Ақмола облысы Зеренді аулында Жаңаөзен кәсіподақ жетекшілерінің ҚМГ басшылығымен кездесуі өтті. Тренингте ҚМГ даму келешектері мен аймақтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жолдары талқыланды. ҚМГ басшылығымен кәсіподақтардың мұндай кездесулерін жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.