ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұрат Бақытжанұлы
БАҒЛАНОВ
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің үздік техникалық қызмет көрсету операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын
10-қағидат. Іскерлік топтар бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына қарсы тұруға тиіс.

Компания орнықты экономикалық қызметті қамтамасыз етуге міндеттенеді. Компанияның қаржылық және операциялық көрсеткіштерге қол жеткізуі, стратегиялық және бизнес-жоспарлауы орнықты даму қағидаттары ескеріле отырып жүргізіледі. ҚМГ жыл сайын елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға және Компания қатысатын өңірлерді дамытуға елеулі үлес қосады.

ҚМГ-ның шоғырландырылған және жекелеген даму жоспары мен бюджетін қалыптастыру және бекіту «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Даму жоспарын қалыптастыру, бекіту, түзету және мониторингілеу қағидаларымен регламенттеледі. Шоғырландырылған Бизнес-жоспар ЕТҰ-ның 5 жылдық кезеңге арналған жоспарларын қамтиды және «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ ЕТҰ-ның бизнес-жоспарлары мен бюджеттерін әзірлеу, келісу, бекіту және мониторингілеу қағидаларымен регламенттеледі. ҚМГ-ның Даму жоспары мен бюджеті ҚМГ-ның бекітілген Корпоративтік есеп саясатының және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (ҚЕХС) талаптарына сәйкес жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесінде қалыптастырылады.

Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді талдау үшін ҚМГ ай сайынғы, тоқсандық және жылдық басқару есептері негізінде Бизнес-жоспарлардың орындалуына мониторинг жүргізеді.

ҚМГ бизнестің барлық бағыттары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдау мен өңдеуге дейінгі қаржылық және өндірістік көрсеткіштердің оң серпініне қол жеткізді. Есепті кезеңде Компанияның таза пайдасы 1 317 млрд теңгені құрады.

ҚМГ қатысу өңірлеріндегі ірі салық төлеушілердің бірі бола отырып, ел бюджетіне салықтар және басқа да төлемдер бойынша өз үлесін қосады. 2022 жылы 1 176 млрд теңге сомасында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленді.

Компания сонымен қатар тұрақты жалақы ғана емес, сонымен қатар жұмыскерлер мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсете отырып, елдегі 44 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Компания қызметкерлерге әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарына жіберген қаражат 2022 жылы 66 млрд теңгені құрады.

Отандық өндірушілерді қолдау бағдарламаларына қатысу және сатып алуда жергілікті қамтуды арттыру ҚМГ-ның басым міндеті болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялардан ҚМГ компаниялар тобы бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 1 700 млрд теңгені құрады. Сатып алудағы жергілікті қамту үлесі – 82 %.

Компанияның экономикалық тиімділігінің төмендегі көрсеткіштері ел экономикасына қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік береді.

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН МЫСАЛ

2022 жыл Компания үшін маңызды және жағымды оқиғаларға толы болды. Компания өз акцияларын тарихи бастапқы жария орналастырды және бұл KASE және AIX қазақстандық қор биржаларындағы ең ірі IPO болып табылады.

Құрылған және бөлінген экономикалық құн

Көрсеткіш

Өлш. бірл.

2020

202122

2022

Бөлінген экономикалық құн

Жиынтық кірістер

млрд теңге

5 202

7 628

9 821

Бөлінген экономикалық құн

Жиынтық шығыстар

млрд теңге

5 030

6 341

8 503

Бөлінбеген экономикалық құн

Пайда

млрд теңге

172

1 287

1 317

Жиынтық кірістер – жиынтық кіріс туралы есептегі кірістер мен басқа да табыстардың жиынтығы.

Жиынтық шығыстар – жиынтық кіріс туралы есептегі шығыстар мен шығындардың жиыны.

Көрсеткіш

Өлш. бірл.

2020

2021

2022

Басқа да салықтар мен төлемдер (КТС-сыз)

млрд теңге

1 068

1 453

1 764

Басқа да салықтар мен төлемдер (КТС-мен)

млрд теңге

1 156

1 565

1 908

Төленген табыс салығы

млрд теңге

88

111

144

Капитал өнім берушілеріне төлемдер

млрд теңге

331

309

701

Деректер 2022 жылғы ҚМГ ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есептен (тікелей әдіс) алынды.

Өлш. бірл.

2020

2021

2022

Күрделі салымдар (есептеу әдісі бойынша)

млрд теңге

454

472

535

ҚМГ есепті кезеңде мемлекеттен ақшалай түрде қаржылық көмек алған жоқ және мемлекеттік/саяси қажеттіліктерге қайырмалдықтарды жүзеге асырмайды.

22 ҚМГ-ның 2021 жылғы қаржылық көрсеткіштері ҚМГ Қашаған Б.В.-дегі үлесінің 100 %-ы ескеріле отырып, толық шоғырландыру әдісімен қайта есептелді. 2022 жылғы 15 қыркүйекте Компания ҚМГ Қашаған Б.В.-дегі өз үлесін 50 %-дан 100 %-ға дейін ұлғайтты.

Қызметкерлердің зейнетақы жоспарлары

Ұлттық заңнамаға сәйкес азаматтардың зейнетақы жинақтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында болады. Компания өз тарапынан ұйымдардың ұжымдық шарттарына сәйкес жұмыс істемейтін зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау бойынша қосымша міндеттемелерін орындайды, оған сәйкес қызметкерлер зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа шыққан кезде, сондай-ақ зейнеткерлікке шыққаннан кейін мерей жасына жетуіне байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне материалдық көмек түрінде, құнын ішінара өтей отырып, санаторий-курорттық емдеуге жолдамалар және т.б. түрінде әлеуметтік қолдау алады. 2022 жылы Компанияның жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді.

ҚМГ кәсіпорындарында тараптардың келісімі бойынша еңбек қатынастары бұзылған кезде өтемақы төлей отырып, зейнеткерлікке дейінгі жастағы қызметкерлерге ерте зейнетке шығу мүмкіндігін беру, зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлермен еңбек қатынастары бұзылған кезде өтемақы төлеу жобасы іске асырылуда.

Көрсеткіш

Өлш. бірл.

2020

2021

2022

Әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары

млрд теңге

53

54

66