ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұратжан Бердіғалиұлы
ТЕҢІЗБАЕВ
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның мұнай және газ өндірудің үздік операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

ҚМГ-ның орнықты даму мәселелеріне көзқарасы Компанияның мүдделері мен жоспарларының БҰҰ-ның негізгі қағидаттарымен, жалпыадамзаттық құндылықтармен, жаһандық үрдістермен және Қазақстанның даму басымдықтарымен үйлесуіне негізделген. Компания БҰҰ-ның орнықты дамудағы барлық 17 мақсатын ұстанады.

ҚМГ стратегиялық мақсаттарын назарға ала отырып, Компания БҰҰ-ның орнықты дамудағы басым 6 мақсатын және 14 міндетін айқындады. Мақсаттар мен міндеттер ҚМГ-да жүзеге асырылатын стратегиялық және бизнес бастамалармен ұштастырылады.

ҚМГ-да орнықты даму мақсаттарын іске асыру

Басым міндеттер

ҚМГ үлесі

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста әл-ауқатты болуға ықпал ету

3.6. Жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болғандар мен жарақаттар санын қысқарту

«Сапарларды басқару» жобасы

Көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру және қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сапарларды басқару» жобасын ҚМГ-ның басқа да еншілес тәуелді ұйымдарына кезең-кезеңімен тарату жоспарлануда.

Нәтижесі

«Ембімұнайгаз» АҚ-да «Сапарларды басқару» көлік құралдары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру аяқталды: жылдамдық режимі бойынша бұзушылықтар саны 62 %-ға қысқарды, ЕМГ өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің жолдарында жылдамдық режимін шектеу бойынша 591 жол белгісі орнатылды/жаңартылды, жүргізуші стилі бойынша балдық бағалау негізінде жүргізушілердің рейтингі енгізілді және тіркелген бұзушылықтар, кәсіптік және қара жолдардың өзекті электрондық картасы және ЕМГ кен орындары объектілерінің координаттары көрсетілді, жаңа функционал (жол парақтары, маршруттан ауытқулар, онлайн-хабарламалар) енгізілді.

3.8. Денсаулық сақтау қызметтерімен қамтуды, оның ішінде сапалы негізгі медициналық-санитарлық қызметтерге қол жеткізуді және қауіпсіз, тиімді, сапалы және арзан негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға қол жеткізуді қамтамасыз ету

Қызметкерлердің денсаулығын басқару

ҚМГ-да персоналдың денсаулығын басқару бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі бағыттары:

Кәсіптік аурулардың алдын алу.

Өндірістік объектілердің қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету мен және медициналық жәрдем көрсетудің ең төменгі стандарттарын әзірлеу.

ҚМГ тобы қызметкерлерінің денсаулығының жүйелі мониторингі.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және қызметкерлерді салауатты өмір салтына ынталандыру.

Денсаулықты медициналық сақтандыру.

Қызметкерлерді медициналық тексерулер мен вакцинациялау тұрақты негізде жүргізіледі.

«Сауықтыруға 10 қадам» бастамасы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерінің денсаулығы мен әл-ауқаты еңбек өнімділігі, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығы тұрғысынан маңызды басымдықтар болып табылады. «Сауықтырудың 10 қадамы» ең алдымен физикалық белсенділікті арттыруға және зиянды тамақтану әдеттерін жоюға бағытталған және жұмыскерлердің денсаулығына байланысты нәтижелерді жақсартуда тиімді.

Нәтижесі

ҚМГ қызметкерлерінің 100 %-ы денсаулықты сақтандыру бағдарламасымен қамтылған.

3.9. Қауіпті химиялық заттар мен ластанудың, ауаның, судың және топырақтың улануының салдарынан болатын өлім мен аурудың санын едәуір азайту

Көшбасшылық бастамалары

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау бойынша қызметкерлердің көшбасшылығы мен міндеттемелері кодексі енгізіліп, іске асырылуда.

«Қорғау» картасы

Қауіпті жағдайды/қауіпті мінез-құлықты/қауіпті әрекетті/қауіпті факторды анықтауға және хабарлауға бағытталған бағдарлама іске асырылады.

Арзан, сенімді, орнықты және заманауи энергия көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету Өндірістің энергия тиімділігін арттыру Қол жетімді таза энергия үлесін арттыру

7.1. Арзан, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға қол жеткізуді қамтамасыз ету

Топтың энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары – технологиялық жабдықты жаңғырту, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ меншікті генерациялау көздерін, оның ішінде ЖЭК-ні пайдалана отырып дамыту. Төмен көміртекті дамытудың 2031 жылға дейінгі бағдарламасы бекітіліп, қызметтің басым бағыттары айқындалды.

7.b. Заманауи және орнықты энергиямен жабдықтау үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту

ЖЭК жобаларын дамыту:

1 ГВт ЖЭС – Total Open-мен бірлесіп,

120 МВт гибридті электр станциясы – Eni-мен бірге,

Астана қаласында 50 МВт ЖЭС – Eni-мен бірлесіп,

ЕТҰ-да аз қуатты, жалпы қуаты 6,9 МВт СЭС,

2031 жылға қарай «жасыл» электр энергиясын кемінде 15 % мөлшерінде сатып алу,

ЖЭК генерациялау көздерінен электр энергиясын тұтынуды растау үшін I-REC халықаралық стандартының жасыл сертификаттарын сатып алу.

Нәтижесі

2031 жыл:

15 % – ҚМГ электр тұтыну балансындағы ЖЭК үлесі,

кемінде 300 МВт ЖЭК жобаларын іске асыру,

ЕТҰ-ны энергоменеджмент қызметтерімен 100 % қамту.

Қосымша ақпарат «Төмен көміртекті даму бағдарламасы» бөлімінде берілген.

Үдемелі, толық қамтылған және орнықты экономикалық өсуге, толық және нәтижелі жұмыспен қамтуға және лайықты жұмысқа жәрдемдесу

8.5. Әйелдер мен ерлер, соның ішінде жастар мен мүгедектер үшін толық және нәтижелі жұмыспен және лайықты еңбекпен және бірдей еңбекақымен қамтамасыз ету

Өндірісте жас мамандарды дамыту және тарту бағдарламалары

Жас маман – АМӨЗ және ПМХЗ-ға жас мамандарды тарту және дамыту бағдарламасы. 2019–2021 жылдар аралығында АМӨЗ-де оқып, жұмыс істеген 23 адамның 9-ы жұмысқа орналастырылды, ПМХЗ-да – 14 адамның 10-ы жұмысқа орналастырылды.

Нәтижесі

ҚМГ 44 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, оның ішінде 82 % ерлер мен 18 % әйелдер.

8.6. Жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дағдыларды игермейтін жастардың үлесін айтарлықтай азайту

Дуальды оқыту – ҚМГ компаниялар тобына оқытуды, тағылымдамадан өтуді және одан әрі жұмысқа орналастыруды қамтитын бағдарлама. Мәселен, 2019–2021 жылдар аралығында ЕМГ-да осы бағдарлама бойынша оқитын 114 адамнан 2 адам жұмысқа орналастырылды; АМӨЗ 56 адамнан 7 адам жұмысқа орналастырылды, ПМХЗ 57 адамнан 41 адам жұмысқа орналастырылды.

Нәтижесі

Өндіріске жас мамандарды тарту және дамыту бағдарламалары: Жас Маман, Дуальды оқыту.

8.8. Еңбек құқықтарын қорғау және барлық жұмысшылар үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Әлеуметтік қолдау көрсетудің үлгілік қағидалары

ҚМГ ЕТҰ жұмыскерлерін әлеуметтік қолдау олардың ұжымдық шарттарында және әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларында айқындалады. ҚМГ компаниялар тобының барлық кәсіпорындары бойынша әлеуметтік қолдау түрлері мен нормаларын біріздендіру мақсатында ҚМГ ЕТҰ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің үлгілік қағидалары қабылданды.

Тұрақты инфрақұрылым құру, орнықты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу

9.1. Адамдардың экономикалық дамуы мен әл-ауқатын қолдау мақсатында өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, орнықты және тұрақты инфрақұрылымды негіздеу

ҚМГ Цифрлық трансформациялау бағдарламасы ғылыми зерттеулерді кеңейтуге, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық мүмкіндіктерін жетілдіруге ықпал етеді. ҚМГ ғылыми зерттеулерге және осы саладағы жергілікті әлеуетті арттыруға қомақты қаражат салады. Өнеркәсіптік әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін отандық технологиялық қуаттарды дамыту елдегі климаттық жағдайға да оң әсерін тигізеді.

«ABAI» АЖ әзірлеу» жобасы

ҚМГ тобының барлық өндірістік ақпаратын Big Data платформасындағы бірыңғай деректер базасында орталықтандыруды, сондай-ақ оны жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдана отырып өңдеу мен талдауды көздейді.

ABAI ақпараттық жүйесі – әрқайсысы нақты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған 17 дербес модуль.

Нәтижесі

5 ABAI модулі енгізілді («Деректер базасы», «Визуалдау орталығы», «Ушығулар мониторингі», «Технологиялық режим», «Тереңдік сорғы жабдықтарын таңдау»). Қол жеткізілген әсерлер:

Қазгермұнайда неғұрлым тиімді технологиялық режим есебінен қосымша өндіру көлемі алынды;

Маңғыстаумұнайгазда тереңдік-сорғы жабдықтарының істен шығуын қысқарту есебінен ұңғымаларды жерасты жөндеу саны азайды;

Өзенмұнайгаздағы коррозияның нақты жылдамдығы ескеріле отырып, химиялық реагенттердің дозалау дәлдігі арттырылды;

Есептіліктің 12 түрі автоматтандырылды (мұнай өндіруді өлшеу, ұңғымалар бойынша өндіру көрсеткіштерінің динамикасы және т.б.).

9.4. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза және экологиялық таза технологиялар мен өндірістік процестерді кеңінен қолдану арқылы оларды орнықты ете отырып, инфрақұрылымды жаңарту және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау

Төмен көміртекті дамытудың 2031 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметтің мынадай басым бағыттары айқындалды: энергия менеджментін оңтайландыру және энергия менеджменті қызметтерін құру,

ОЭР есепке алу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу, нақты ЕТҰ активтерінде серпінді жобалардың қолданылуын айқындау, ең үздік қолжетімді технологияларды (ҮҚТ) енгізу,

механикалық қорды жаңғыртуды жүзеге асыру,

көлік техникасының құрамын оңтайландыру және жаңғырту.

Нәтижесі

2031:

ЕТҰ-ны энергоменеджмент қызметтерімен 100 % қамту;

энергия сыйымдылығының 2019 жылғы деңгейден 10 %-ға төмендеуі.

Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы шұғыл шаралар қабылдау

13.2. Климаттың өзгеруіне ден қою шараларын саясатқа, стратегияларға және жоспарлауға енгізу

Парниктік газдар шығарындыларын сандық бағалаудың корпоративтік әдіс­темесі

Парниктік газдар шығарындылары бойынша түгендеу, мониторинг жүргізу және есептілікті тапсыру кезіндегі тәсілдерді стандарттау және парниктік газдар шығарындыларын есептеу үшін бірыңғай әдіснамалық негізді қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта парниктік газдар шығарындыларын сандық бағалаудың корпоративтік әдістемесі әзірленіп жатыр.

Ішкі көміртекке баға белгілеу тұжырымдамасы

ЕТҰ парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін қосымша ынталандыру жасау, сондай-ақ көміртекті реттеудің қаржы-экономикалық көрсеткіштерге әсерін жан-жақты есепке алу мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының ішкі көміртекке баға белгілеу тұжырымдамасы әзірленуде.

Жасыл кеңсе

Корпоративтік «жасыл» бағыт белсенді дамып келеді және «жасыл кеңсе» қағидаттары кезең-кезеңімен енгізілуде, мысалы, қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, кеңсе үй-жайларында су және энергия үнемдеу және т.б.

Нәтижесі

2022–2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді;

ҚМГ-2 парниктік газдарын қысқарту әлеуеті 2 893 460 тонна СО2, оның ішінде 2 189 483 тонна СО2 тікелей шығарынды және 703 977 тонна СО2-блм жанама шығарынды, бұл 2019 жылғы шығарындылар деңгейінің 27 %-ын құрайды.

13.3. Климаттың өзгеруінің ауырлығын азайту және әлсірету және адамдар мен мекемелерді оларға бейімдеу және ерте алдын алу бойынша ағарту жұмыстарын жақсарту, ол туралы ақпарат тарату

Carbon Disclosure Project

Компания көміртегі ізін есептейді және Carbon Disclosure Project алаңына климаттық сауалнаманы орналастырады.

Task Force on Climate-related Financial Disclosures (TCFD)

Климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі жұмыс тобы – TCFD ұсыныстарына сәйкес климаттық тәуекелдерді ашу.

Нәтижесі

Төмен көміртекті даму департаменті құрылды.

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС базасында сутегі энергетикасы бойынша Құзыреттер орталығы құрылды.

Көміртек қостотығын (CCUS) ұстау және сақтау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және өндірілген мұнай қабаттарының мұнай беруін ұлғайту үшін СО2 айдау әлеуетін айқындау шеңберінде СО2 шығарындыларының көздеріне скрининг жүргізілді, қазіргі уақытта СО2 айдау үшін қолайлы резервуарды таңдау мақсатында кен орындарына скрининг жүргізіліп жатыр.

Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері қайтару және биологиялық әртүрліліктің жоғалу процесін тоқтату

15.3. Шөлейттенуге қарсы күрес жүргізу, тозуға ұшыраған жерлер мен топырақты, соның ішінде шөлейттену, құрғақшылық және су тасқынынан зардап шеккен жерлерді қалпына келтіру және жердің жағдайын нашарлатпауға тырысу

ҚМГ ластаушы заттардың төгінділерін азайтуға және табиғи көздерден су алуды азайтуға бағытталған жобалар мен іс-шараларды іске асыруда:

Carbon Disclosure Project

Компания су ізін есептейді және Carbon Disclosure Project алаңында Су қауіпсіздігі сауалнамасын орналастырады.

TAZALYQ

АМӨЗ ауқымды TAZALYQ экологиялық жобасын белсенді іске асыруда, ол Атырау қаласының қоршаған ортасының жағдайын жақсартуға арналған.

Тұщыландыру зауыттарын салу

Қаттық суды тұщыландыру зауыты Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешудегі бірегей жоба болып табылады. Зауыт өңірді дамыту үшін жылына кемінде 6,2 млн м3 көлемінде Еділ суын босатады. Маңғыстау облысының Кендірлі демалыс аймағы ауданындағы тұщыландыру зауыты. Болжалды қуаты тәулігіне 50 мың м3 суды құрайды.

Жерлерді қалпына келтіру

Компанияда «тарихи» мұнай қалдықтарын қалпына келтіру және мұнаймен лас­танған жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесі

TAZALYQ: Жайық өзенінен су алудың 10 %-ға азайту, зауытта тазартылған зауыттық сарқындарды қайта пайдалану – 15 %. 2021 жылы 1 және 2-секциялардың ақаба сулары алып жатқан булану алқаптарының учаскелері құрғатылды.

2024 жыл: Компанияның тарихи қалдықтарын толық жою – 2019–2022 жылдары 2,1 млн тонна мұнай қалдықтары тазартылды.

15.5. Табиғи мекендеу орындарының тозуын тежеу, биологиялық әртүрліліктің жоғалуын тоқтату және жойылып кету қаупі төнген түрлердің сақталуын және жойылып кетуін болдырмау үшін маңызды шаралар қабылдау

Орман-климаттық жобалар

ҚМГ-ның 2031 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму бағдарламасы шеңберінде құрлық экожүйелерін сақтауға қолайлы әсер ететін орман-климаттық жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Биоәртүрлілікке әсерді азайту шараларының иерархиясы

Компанияда өндірістік қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде мынадай төрт негізгі әрекет ескеріле отырып, биоәртүрлілікке әсер етудің салдарын азайту шараларының иерархиясы қолданылады: ықтимал елеулі тікелей әсерлердің алдын алу, азайту, қалпына келтіру және өтеу.

Нәтижесі

2031 жыл: 2 000 га алаңда орман-климаттық жобаларды іске асыру.