ОРНЫҚТЫ ДАМУ
ТУРАЛЫ ЕСЕП 2022
Мұратжан Бердіғалиұлы
ТЕҢІЗБАЕВ
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның мұнай және газ өндірудің үздік операторы
«Үздік маман – 2022» кәсіптік конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын

Есепті кезеңде индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым бойынша орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге, сондай-ақ өндірістің көміртегі сыйымдылығын біртіндеп төмендетуге бағыттал ған ҚМГ цифрлық жобаларын іске асыру жалғастырылды.

2022 жылғы 22 қазанда ҚМГ ғимаратында жаңа диспетчерлік-талдау орталығы (ДТО) ашылды. Жаңа ДТО-ның айырмашылығы «мұнай мен оны өңдеу өнімдерін өндіру, тасымалдау, өңдеу, маркетинг» толық циклінің бірыңғай цифрлық платформасын құру болып табылады. Осылайша, ДТО МГ қызметінің барлық бағыттары бойынша деректерді мониторингілеуді, бақылауды, талдауды, сақтауды, жинауды және өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ДТО аналитикалық жүйесі Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарында өндірісті басқарудың ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, бұл жабдықтың жай-күйіне онлайн технологиялық мониторинг жүргізуге, жедел-диспетчерлік басқаруға және өнімнің материалдық балансын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мұнай өндіруді цифрландыруда біз «ABAI ақпараттық жүйесін әзірлеу» ауқымды жобасы туралы айтып отырмыз. Бұл жүйе 17 тәуелсіз модульден тұрады, олардың әрқайсысы барлау, бұрғылау, кен орындарын пайдалану, экономикалық әсерді бағалау және т.б. бизнес-процестерді оңтайландыруға бағытталған. Бастапқы кезеңде 2021 жылы өз өнімділігін дәлелдеген жүйенің 5 пилоттық модулі іске қосылды – «ABAI деректер базасы», «Визуалдау орталығы», «Технологиялық режим», «Ұшығулар мониторингі», «Тереңдік-сорғы жабдықтарын (ТСЖ) іріктеу». Мысалы, «ТСЖ іріктеу» модулі жаңа және жұмыс істеп тұрған ұңғымалардың әлеуетін жедел бағалауды, пайдалану тәсілінің тиімділігін экономикалық талдауды, жабдықты автоматтандырылған іріктеуді, есепті, электронды наряд-тапсырысты және түсіруге арналған жұмыс жоспарын жүктеп алуды қамтамасыз етеді. Модульді енгізудің арқасында аталған операцияларға кететін уақыт 30 минуттан 5 минутқа дейін қысқарды, ал ТСЖ бойынша жөндеуаралық кезең 88 тәуліктен 144 тәулікке дейін ұлғайды.

2022 жылы жүйенің екі жаңа модуль іске қосылды: «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-да – «Қойнауқаттық флюидтер» және ҚМГ корпоративтік орталығында – «Экономика». Бірінші модуль мұнай қабаттарындағы сұйықтықтарды жинау, қасиеттерін түсіндіру және негіздеу процесін автоматтандыруға арналған.

«Экономика» модулі мұнай өндіруші компаниялар активтерінің құнын тұтастай және жұмыс істеп тұрған кен орындары бөлінісінде бағалауға, түрлі сценарийлерді қолдана отырып операциялық қызметті болжауға мүмкіндік береді.

2024 жылдың соңына дейін тағы ABAI АЖ 10 модулін іске қосу жоспарланған.

Мұнай өңдеу зауыттарында 2022 жылы кәсіпорындардың технологиялық қондырғыларында компьютерлік тренажер кешендерін (КТК) енгізу жобасы жалғасын тапты. КТК көмегімен қондырғы операторлары авариялық және штаттық жағдайларда өндірісті виртуалды режимде басқаруды пысықтайды. Осындай автоматтандырылған персоналды оқыту жүйесі (АПОЖ) адами фактормен байланысты ақауларды азайтуға, сондай-ақ қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба жоспары бойынша тренажерлер жиынтығында Атырау мұнай өңдеу зауытының 13 технологиялық қондырғысында, Павлодар мұнай-химия зауытының 9 қондырғысында және «ПетроКазахстан Ойл Продактс» 1 қондырғысында енгізілетін болады. Жыл бойы ПМХЗ бойынша ЭЛОУ-АТ, нафта гидротазарту, каталитикалық риформинг және ЛК-6У кешенінің МФҚ қондырғыларында КТК енгізілді. 2023 жылы мұнайды вакуумдық айдау, ТАжҚ гидротазарту, каталитикалық крекинг, КТ-1 кешенін сіңіру және газ фракциялау қондырғыларын қамту көзделген.

АМӨЗ бойынша, жоспарларға сәйкес, ЭЛОУ-АТ-2 және ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғыларында КТК енгізу аяқталуы тиіс. БДГ АҚ және БДГ ДО АҚ бензин гидротазарту қондырғыларын ДЖЖ-ға қосу мүмкіндігі нақтыланады.

Цифрландыруды ілгерілету бойынша неғұрлым жүйелі және орталықтандырылған жұмысты қамтамасыз ету үшін ҚМГ Корпоративтік орталығында құрылымдық өзгерістер жүзеге асырылды – ақпараттық технологиялар және трансформация және цифрландыру департаменттері бір цифрлық даму департаментіне (ЦДД) біріктірілді. Жаңа бөлімше Компанияның кейінгі цифрлық дамуы үшін негіз ретінде АТ архитектурасын әзірлеумен немесе өзектендірумен және деректерді басқарумен, сондай-ақ ҚМГ өндіру, тасымалдау және өңдеу бағыттарында озық салалық шешімдерді іздеумен айналысады.