Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Стратегия
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын компанияның Директорлар кеңесі 2021 жылы қарашада бекітті. 

Компания стратегиясының негізгі басымдықтарының бірі орнықты даму қағидаттарының негізгі бизнес-процестерге интеграциясы болып қала береді, өйткені Компания өзінің экономикаға, экология мен қоғамға тигізетін әсерін түсінеді. Алдағы он жылда Компанияның дамуы ресурстық базаның өсуі, ағымдағы өндірістің тиімділігі, құн тізбегін ұзарту, заманауи технологияларды енгізу мен көміртек ізін қысқарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Миссиясы

Біз, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дамуы мен өркендеуі үшін табиғи ресурстарды болашақ ұрпаққа деген қамқорлықпен тиімді әрі рационалды түрде игереміз.

Көзқарас

Қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына және орнықты даму қағидаттарына жауап беретін, қаржылық нәтижені барынша арттыруға бағдарланған тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы.

Стратегиялық мақсаттар
01

Компанияның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база.

02

Компанияның құн тізбегінің тиімділігін арттыру.

03

Бизнесті әртараптандыру және өнім портфелін кеңейту.

04

Тұрақты даму және өндірістің көміртекті сыйымдылығын біртіндеп төмендету.