Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Биоалуантүрлілікті сақтау

ҚМГ өндірістік қызмет аудандарында биологиялық әртүрлілікті сақтау маңыздылығын түсінеді.


Экологиялық саясат аясында компания:

- сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген және бағалы жануарлар түрлерінің тіршілік ету ортасы ретінде ерекше құндылығы бар, айрықша қорғалатын табиғи аумақтарда қызметті жүзеге асырмауға, экологиялық сезімтал аумақтарда жұмыстарды іске асыру кезінде қауіп-қатерлерді бағалауға;

- өндірістік қызметті жоспарлау және жүзеге асыру кезінде төрт негізгі іс-әрекет: елеулі ықтимал тікелей әсердің алдын алуды, барынша азайтуды, қалпына келтіру мен орнын толтыруды ескере отырып, биоалуантүрлілікке әсер ету салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар иерархиясын қолдануға;

- қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті қорғау саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеу және білімді одан әрі жинақтау үшін зерттеу бағдарламалары мен салалық серіктестіктерге қатысуға;

- келісімшарттық аумақтарда өз қызметкерлерінің, сондай-ақ мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз аң аулауға, балық аулауға және өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің басқа да пайдалануына жол бермеуге міндеттенеді.


Биоалуантүрліліктің негізгі аймақтарына қатысты өндірістік қызметтің орналасуы мен ауқымы
Учаске
Орналасқан жері
Биоалуантүрліліктің негізгі аймақтары (БНА)
БНА-ға қатысты орналасуы
Келісімшарттық аумақтың ауданы (шаршы км)
Әсерді төмендету жөніндегі жоспар
Өріктау
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы
Көкжиде-Құмжарған мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы
Аумақтың бір бөлігін қамтиды
239,9
Гидрогеологиялық мониторинг
Әлібекмола
мен Қожасай
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы
Көкжиде құмдары
Жақын орналасқан
156,5
Гидрогеологиялық мониторинг
Исатай
КТҚС Солтүстік-шығыс бөлігі, Маңғыстау облысы
Ерекше экологиялық сезімтал аймақ КТҚС
Қорық аймағында орналасқан
1343,0
Маусымдық аялық экологиялық зерттеулер, тұрақты экологиялық мониторинг
Абай
Атырау ауданы, КТҚС солтүстікбатыс бөлігі
КТҚС ерекше экологиялық сезімтал аймағы
Қорық аймағында орналасқан
1233,8
Маусымдық аялық экологиялық зерттеулер, тұрақты экологиялық мониторинг
Әл-Фараби
КТҚС оңтүстік бөлігі, Маңғыстау облысы
КТҚС экологиялық сезімтал аймағы
БНА-ға әсер етпейді
6046,6
Маусымдық аялық экологиялық зерттеулер, тұрақты экологиялық мониторинг

Құрлықта жұмыс істейтін ҚМГ ЕТҰ тұрақты негізде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне мониторинг жүргізеді. Табиғи объектілердің жай-күйі туралы материал жинау процесінде мынадай зерттеулер жүргізіледі:

  • флористикалық зерттеулер;

  • жерүсті сүтқоректілерді бақылау.

  • орнитологиялық зерттеулер;


Өсімдік жабынына мониторинг фитоценоздарды түрінің құрамы, молдығы, топырақтың өсімдіктермен жалпы және жеке проективтік жабындысы, түрлердің орналасуы, олардың фенологиялық дамуы және жалпы жай-күйі көрсетіле отырып, мерзімді сипаттау әдісімен жүзеге асырылады. Мыналар ерекше атап өтілген:

- өсімдіктердің сирек кездесетін, эндемикалық және реликті түрлері;

- дамуы шаруашылық қызметпен ынталандырылатын түрлердің болуы;

- өсімдік жабынының өзгеру және тозу белгілері.


Іс-шаралар

ҚМГ авариялық жағдайлар кезінде биоалуантүрлілікке теріс әсер етудің ықтимал тәуекелдерін басқарады және мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілуін жою жоспарларында жануарларды құтқару бойынша шараларды көздейді.


Теңіздегі операциялар кезінде біз келесі қағидаларды мүлтіксіз ұстанамыз:

* Жобалық шешімдерді қатаң сақтау;

* «Нөлдік төгу» қағидаты - барлық қалдықтар мен сарқынды сулар жағаға шығарылады;

* Барлық жүзу құралдарын балық қорғау құрылғыларымен және лас сулардың болмауымен қамтамасыз ету;

* Уылдырық шашу кезеңінде өндірістік операцияларды жүргізуге тыйым салу - 1 сәуірден 15 шілдеге дейін;

* Өндірістік кемелерден балық аулауға тыйым салу;

* Түнгі уақытта ұңғымаларды сынауға және көмірсутек шикізатын жағуға тыйым салу;

* Арнайы пайдалану режимін сақтау.

ҚМГ мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасайды және олардың үміттерін зерттейді.


Іс-шаралар мысалдары

«Ембімұнайгаз» АҚ құс қорғау құрылғыларын ВЛЭ тіректерінің оқшаулағыштарына орнату жұмыстарын жүргізді. «ҚазТрансОйл» АҚ Өмірзақ-СПН 112 км (30 км) және Жетібай-СПН 112 км объектілерінде 65-112 км (57 км) учаскесі өзін көтеруші оқшауланған сымдарды (ӨОС) қолдана отырып, 6 кВт ӘЖ күрделі жөндеу жүргізді, бұл құстар электр берудің әуе желілеріне қонғанда, олардың өлімінің алдын алады.

2022 жылы «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК-мен бірлесіп 1,4 млн теңге сомасына 28 123 дана көлемінде 1,5 гр салмақта бекіре құртшабақтарын өсіру жұмыстарын жүргізіп, оларды кейіннен Жайық өзеніне шығарды. Бұл жұмыс Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін толықтыру және балық ресурстарына келтірілген сөзсіз залалды өтеу мақсатында жүргізілді. Балық аулау орны, мерзімі, әдісі мен тәсілі Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының ғылыми ұсынымдарына сәйкес жүргізілді.

2022 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырларының объектілерінде электр берудің әуе желілерінде электр тогының соғуынан құстардың өлімін болдырмау үшін 12 581,930 мың теңге сомасына құс қорғау құрылғыларын (ҚҚҚ) орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл желілік ажыратқыштарға қону кезінде құстардың өлу ықтималдығын едәуір азайтты. Жалпы қоғам бойынша Жезқазған, Шымкент, Атырау мұнай құбыры басқармаларында 242 жиынтық орнатылды.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Әлібекмола» және «Қожасай» кен орындарының ӘЖ-6 кВ-да құстар электр тогымен зақымданбауы үшін екінші әлеуеттің («фаза», «жер») жанасуын болдырмайтын қосымша оқшаулағыштар орнатты. ӘЖ-35 кВ-да құстар кернеуге түспес үшін сымдар екінші әлеуетті жанасуына мүмкіндік бермейтін аспалы оқшаулағыштарға бекітілген.

2022 жылдың желтоқсан айында ҚМГ сарапшылары «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырған «Құстар мен энергетика: орнықты дамуды іздеуде» атты дөңгелек үстелге қатысты. Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша осындай өзекті тақырыптар, орнитофаунаны дамыту саласындағы заңнама, компаниялардың ақпараттық ашықтығына шолу, құстардың өлу себептері, әуе ЭБЖ мен қосалқы станциялардың құстарды қорғау құрылғылары талқыланды.

2023 жылдың қазан айында ҚМГ сарапшылары Алматы қаласында өткен "Палеарктика бүркіттері: зерттеу және қорғау" атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Құстардың қауіпсіздігін шешуде, ЖЭС-тің жыртқыш құстар популяциясына теріс әсерін азайту тетіктерінде тәжірибе алмасу мақсатында ЭБЖ және ЖЭС-те құстардың өлімі тақырыбы бойынша сессиялар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Жыл сайын табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарын іске асыру шеңберінде ҚМГ ЕТҰ аумақты және санитариялық-қорғау аймағын көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді.


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
  • НОВИНСКИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҒЫ
  • СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ҚОРЫҚТЫҚ АЙМАҒЫ
  • ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ
  • КЕНДІРЛІ-ҚАЯСАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҒЫ
  • «КӨКЖИДЕ-ҚҰМЖАРҒАН» МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ КЕШЕНДІ ҚАУМАЛЫ

Новинский мемлекеттік қаумалының алаңы – 45,0 мың га, 1967 жылы Қазақстан мен Ресейдің шекарасында Еділ атырауының шығыс бөлігінің сулы-батпақты жерлерін қорғау үшін аттас аралдар мен су айдынында құрылған. Қаумалда өсімдіктердің сирек түрлері қорғалады: су жаңғағы, жаңғақ тәрізді лотос, астрахандық желімбас, ақ су лалагүлі, сондай-ақ жануарлар әлемінің өкілдері: су тышқан, өзен құндызы, ұзын инелі кірпі, құстардың 27 түрі (қызғылт және бұйра бірқазан, фламинго, сұңқылдақ аққу, кішкене аққұтан, сарықұтан, жалбағай, алакөз қара ала үйрек және т.б.). Қазіргі уақытта қаумалдың аумағы теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты толығымен су астында жатыр деуге болады.

Солтүстік Каспий акваториясы ихтиофаунаның биологиялық және кәсіпшілік құндылығы, әсіресе, бекіре тұқымдас балық түрлері тұрғысынан құндылығы бірегей. Солтүстік және Орта Каспий бағалы аудандардың және суда жүзетін және су маңындағы миллиондаған құстар жыл сайын қоныс аударатын тораптық пункттердің бірі және итбалықтар қыстайтын және көбейетін орындары болып табылады. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңында Каспий теңізінің балық қорын сақтау және өсімін молайту мақсатында Солтүстік Каспийдің қорық аймағы бекітіліп, ұйымдастырылды.

Биоалуантүрлілікке әсер ету іздеу-барлау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты және шудың, дірілдің, көлік қозғалысының әсерінен, рельефтің өзгеруінен және жануарлар мекендей алатын жерлердің алынуынан тұрады.

Биоалуантүрлілікке тиетін әсерді төмендету үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бағдарламаларға сәйкес міндетті түрде экологиялық мониторинг жүргізіледі.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени құндылық болып табылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбесіне енгізілген. «Кендірлі бұлағы» республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының гидрогеологиялық объектілерінің тізбесіне кіреді. Үстірт қорығына бірегей геологиялық, палеонтологиялық және археологиялық объектілер кіреді, әртүрлі деңгейдегі Қызыл кітаптарға енгізілген бірқатар түрлердің (қарақұйрық, уриал, қарақал, ителгі, бүркіт, үкі, джек және т.б.) негізгі мекендейтін жері болып табылады. Бұдан басқа, осы аумаққа ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи мұра объектісі мәртебесін беру жоспарлануда. ҚР табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорық режимі шаруашылық қызметке толық тыйым салып, қорық режимін енгізуді көздейді.

Үстірт қорығына жақын жерде Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағы орналасқан, оның аумағында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға рұқсат етілген.

«Көкжиде-Құмжарған» қаумалының аумағында республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының 2 объектісі бар:
Көкжиде құмдары – ерекше экологиялық, ғылыми құндылығы бар республикалық маңызы бар геологиялық объект. Құмдар жерасты судың бірегей кен орнының резервуары;
Көкжиде кен орнының жерасты сулары – Батыс Қазақстандағы ең ірі және ауызсу сапасы бойынша бірегей жерасты суларының кен орны ретінде ерекше экологиялық, ғылыми құндылығы бар гидрогеологиялық объект.