Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Акционерлер

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл - ауқат қоры» акционерлік қоғамы - 67,42%, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – 20%, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – 9,58%,  миноритарлық акционерлер – 3%. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі акциялар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруында.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. Қор – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету миссиясысымен коммерциялық құрылым негізінде құрылған инвестициялық холдинг.

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін таныстырады. Ұлттық Банк өз құзыреті шегінде басқа елдердің орталық және өзге де банктерімен қарым-қатынас орнатуда, халықаралық банктерде және өзге де қаржы-кредит ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Толығырақ

Барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші тұлғаның немесе Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері

Кезең
2023 жылғы 6 сәуірде ««ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№1\2023 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші Ауғанов Ғибрат Қайратұлының және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры Хаирова  Әсел Әнуарқызының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2023 жылғы 6 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№1\2023 хаттама) Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші болып сайланды және Жұбаев Арманбай Сапарабайұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды.
2023 жылғы 6 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№1\2023 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы есеп комиссиясының сандық құрамы, өкілеттік мерзімі айқындалды, сондай-ақ мүшелері сайланды.
2022 жылғы 18 ақпанда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 12/22 хаттама) Ауғанов Ғибрат Қайратұлы және Жанәділ Ернар Бейсенұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері -  «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдірушілер болып сайланды.
2022 жылғы 7 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№21/22 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы,  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Алик Серікұлы Айдарбаевтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2022 жылғы 27 мамырда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№29/22 хаттама) Хаирова Әсел Әнуарқызы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды.
2022 жылғы 6 мамырда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№25/22 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2021 жылғы (шоғырландырылған және жеке) жылдық қаржылық есептілігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың таза табысын бөлудің тәртібі бекітілді.
2022 жылғы 14 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№22/22 хаттама) Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.