Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Апаттарды, эпидемияларды, ереуілдерді, кибер-шабуылдарды және ҚМГ-нің тұрақты қызметі мен беделіне қауіп төндіретін кез келген басқа да оқиғалар мен құбылыстарды қоса алғанда, кез келген табиғат пен сипаттағы дағдарыс жағдайларына жедел және тиімді ден қою мақсатында ҚМГ-де тұрақты жұмыс істейтін орган – Дағдарыс жағдайларын басқару командасы жұмыс істейді.

ҚМГ дағдарыс жағдайларын басқарудың үш деңгейлі моделін қолданады, бұл өндірістік объект және ЕТҰ деңгейінде оқиғаға ден қою жөніндегі іс-шаралардан (тактикалық деңгей) ҚМГ-нің корпоративтік орталығы тарапынан басқарудың корпоративтік деңгейіне (стратегиялық деңгей) біркелкі өтуді қамтамасыз етеді.

Дағдарыс жағдайларын басқару моделі
01 ден қою деңгейі
өндірістік объектідегі персонал қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, жоя алатын оқиғалар.
02 ден қою деңгейі
өндірістік объектіде бар ресурстарды пайдалана отырып жоюға болатын, бірақ бұл ретте ЕТҰ мен мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері тарапынан анағұрлым кең қолдауды талап ететін оқиғалар.
03 ден қою деңгейі
өндірістік объектіде немесе одан тыс жерлерде пайда болатын және республикалық мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар тарапынан қолдауды қоса алғанда, ҚМГ корпоративтік орталығының ресурстарын ауқымды тартуды талап ететін ірі оқиғалар.