Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Қызмет туралы

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ Комплаенс қызметі ҚМГ компаниялар тобында заңнаманы, корпоративтік стандарттарды және іскерлік этика қағидаттарын сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз етеді.

Комплаенс қызметінің негізгі міндеті - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, адалдық мәдениетін нығайту және бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету жолымен бизнесті орнықты және жауапты жүргізуге жәрдемдесу.

Комплаенс қызметі жұмысын атқарушы органға тәуелсіз жүзеге асырады және ҚМГ Директорлар кеңесіне есеп береді, бұл комплаенс-функцияны іске асыру кезінде объективтілік пен тәуелсіздікті қамтамасыз етеді.

Біздің миссиямыз

ҚМГ компаниялар тобында заңдылық, адалдық, ашықтық және іскерлік этика мен комплаенс-талаптардың кез келген бұзылуын қабылдамау қағидаттарына негізделген корпоративтік ортаны құру.

Қызметтің негізгі бағыттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды әзірлеу және мониторингтеу;
  • халықаралық стандарттар мен үздік комплаенс практикаларын енгізу.
Талаптардың сақталуын бақылау
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ҚМГ ішкі құжаттарының сақталуын мониторингтеу;
  • бизнес-процестердегі комплаенс-тәуекелдерді талдау;
  • ішкі рәсімдер мен бақылау тетіктерін жетілдіруге қатысу.
Корпоративтік мәдениетті дамыту
  • адалдық пен этикалық мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру;
  • жұмыскерлердің комплаенс мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру;
  • оқыту іс-шаралары мен консультациялар өткізу.
Компаниялар тобымен өзара іс-қимыл
  • еншілес және тәуелді ұйымдарда комплаенс-қызметті үйлестіру;
  • комплаенс-тәуекелдерді басқаруға бірыңғай тәсілдерді әзірлеу;
  • ҚМГ компаниялар тобының комплаенс-офицерлерін әдістемелік қолдау.
Қызметтің қағидаттары

Комплаенс қызметі өз жұмысында келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

  • заңнама мен корпоративтік стандарттарды сақтау;
  • сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
  • тәуелсіздік пен объективтілік;
  • ашықтық пен айқындылық;
  • жұмыскерлердің жұмысқа тартылуы;
  • басшылық тарапынан қолдау («tone from the top»);
  • комплаенс-жүйені үздіксіз жетілдіру;
  • жұмыскерлердің кәсіби құзыреттерін дамыту.
Неліктен бұл маңызды

Тиімді комплаенс-жүйе:

  • ҚМГ іскерлік беделін нығайтуға;
  • серіктестер, инвесторлар мен қоғам тарапынан сенімнің артуына;
  • құқықтық, қаржылық және беделдік тәуекелдердің төмендеуіне;
  • компанияның орнықты дамуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Ішкі нормативтік құжаттар

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ-да заңнаманың және іскерлік этика қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және комплаенс-тәуекелдерді тиімді басқаруға, сондай-ақ ҚМГ компаниялар тобында адалдық мәдениетін қалыптастыруға, бизнес-процестердің ашықтығын арттыру мен бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірқатар ішкі құжат бекітілді.

ЖАБЫҚ КЕЗЕҢ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Молдагалиева Гүлмира Жұмабайқызы
Комплаенс қызметінің басшысы

Байланыс үшін ақпарат

  • Мекенжай: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев к., 8, «Изумрудный квартал» әкімшілік ғимараты, «Б» блок
  • Телефон: +7 (7172) 786520
  • E-mail: compliance01@kmg.kz
ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ

ҚМГ-нің әрбір жұмыскері немесе кез келген үшінші тұлға кез келген жұмыскердің, мердігерлік ұйымның немесе қызметі ҚМГ-мен байланысты басқа да тұлғалардың ic-әрекеттерінің заңдылығына қатысты қандай да бір күмәні болған жағдайда ҚМГ-ге хабарлауға құқығы бар.

Бұл ақпарат этика және алаяқтыққа, ұрлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәуелсіз жедел желі арқылы берілуі мүмкін:

Құпия хабарлау телефоны: 8 800 080 47 47

WhatsApp нөмірі: +7 771 191 88 16

Электрондық пошта: mail@sk-hotline.kz

Интернет-портал: www.sk-hotline.kz