Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың жоғары басқару органы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің 2023 жылы 6 қарашада өтетін кезектен тыс жалпы жиналысы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің 2023 жылы 14 тамызда өтетін кезектен тыс жалпы жиналысы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің 2023 жылы 27 маусымда өтетін кезектен тыс жалпы жиналысы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің 2023 жылы 30 мамырда өтетін жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің 2023 жылы 6 сәуірде өтетін кезектен тыс жалпы жиналысы

Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді. ҚМГ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын ҚМГ Директорлар кеңесі шақырады. ҚМГ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы ҚМГ Директорлар кеңесінің немесе ҚМГ акционерлерінің кез келгенінің бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін Директорлар кеңесі қалыптастырады және талқылауға шығарылатын нақты тұжырымдалған мәселелердің толық тізбесін қамтуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыреті мәселелері
Толығырақ
Барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші тұлғаның немесе Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері
Кезең
2023 жылғы 6 сәуірде ««ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№1\2023 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші Ауғанов Ғибрат Қайратұлының және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры Хаирова  Әсел Әнуарқызының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2023 жылғы 6 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№1\2023 хаттама) Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші болып сайланды және Жұбаев Арманбай Сапарабайұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды.
2023 жылғы 6 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№1\2023 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы есеп комиссиясының сандық құрамы, өкілеттік мерзімі айқындалды, сондай-ақ мүшелері сайланды.
2022 жылғы 18 ақпанда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№ 12/22 хаттама) Ауғанов Ғибрат Қайратұлы және Жанәділ Ернар Бейсенұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері -  «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдірушілер болып сайланды.
2022 жылғы 7 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№21/22 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы,  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Алик Серікұлы Айдарбаевтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2022 жылғы 27 мамырда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№29/22 хаттама) Хаирова Әсел Әнуарқызы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды.
2022 жылғы 6 мамырда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№25/22 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2021 жылғы (шоғырландырылған және жеке) жылдық қаржылық есептілігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың таза табысын бөлудің тәртібі бекітілді.
2022 жылғы 14 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (№22/22 хаттама) Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.