Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің
2023 жылы 6 сәуірде өтетін кезектен тыс жалпы жиналысы

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компания» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам» немесе «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ»), атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05Н9Е8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, осымен өз акционерлеріне 2023 жылғы 6 сәуірде сағат 15:00-де (жергілікті уақыты), Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, 2 қабат, мәжіліс залы мекенжайында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды (бұдан әрі –АКЖЖ).

Қоғамның ірі акционері – меншік құқығында Қоғамның 533 395 161 жай акцияларына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі Қоғамның сенімгерлік басқару құқығындағы 58 420 748 жай акцияларына иеленген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өтінішін ескере отырып (06.02.2023 ж. №13.1-12-05.1/661 хат), Қоғамның Директорлар кеңесі АКЖЖ шақырудың бастамашысы болып табылады.

Қоғамның ірі акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ (Қоғамның Ұлттық Банкке тиесілі 58 420 748 жай акциясын сенімгерлік басқару туралы № № хат) өтінішін ескере отырып, жалпы жиналысты шақырудың бастамашысы Қоғамның Директорлар кеңесі болып табылады. Қазақстан Республикасының

АКЖЖ ұсынылатын күн тәртібі:

  1. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
  2. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау және мүшелерін сайлау туралы.
  3. 2023 жылғы 6 сәуірдегі «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының Есеп комиссиясының функцияларын «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-на жүктеу туралы.

АКЖЖ өткізу күні – 2023 жылғы 6 сәуір.

АКЖЖ өткізу күні уақыты – 15 сағат 00, жергілікті уақыты бойынша.

АКЖЖ өткізу жері –Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, 2 қабат, мәжіліс залы.

АКЖЖ қатысу үшін акционерлерді тіркеу 2023 жылғы 6 сәуірде (егер кейінге қалдырылған болса, 7 сәуірде) жергілікті уақыты бойынша сағат 13:00-ден жергілікті уақыты бойынша 14:30-ға дейін жүргізіледі.

АКЖЖ қатысуды тіркеу үшін өзіңізбен бірге жеке куәлік, дауыс беру құқығымен АКЖЖ-ға қатысуға сенімхат (уәкілетті тұлғалар үшін) болуы керек.

АКЖЖ-ға қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2023 жылдың 6 наурызында жасалады.

АКЖЖ күн тәртібі бойынша материалдар АКЖЖ өткізілетін күнге дейін 10 күннен кешіктірмей Қоғамның ғимаратында Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі 8, «Б» блогы, 11-қабат, №1107 кабинет мекенжайы бойынша дайын және акционерлердің қарауына жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қолжетімді болады. Материалдар бойынша, сондай-ақ АКЖЖ өткізу мәселелері бойынша сұрақтарға жауаптарды Астана уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін көрсетілген телефондар арқылы немесе Қоғамға жазбаша сұрау жіберу арқылы алуға болады: +7 (7172) 78-65-76 (қазақ тілінде), +7 (7172) 78-65-25 (орыс және ағылшын тілдерінде). Қоғам акционерінің сұрау салуы болған жағдайда, АКЖЖ-ның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар мұндай акционерге сұрауды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде жіберіледі; құжаттардың көшірмелерін жасау және жеткізу шығыстарын акционер көтереді. Акционерлердің сұраулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамның орналасқан жері бойынша қабылданады.

Кворум болмаған жағдайда қайта АКЖЖ 2023 жылғы 7 сәуірде жергілікті уақыты бойынша сағат 15:00-де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі.

АКЖЖ-ның күн тәртібіне Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.

АКЖЖ Қоғамның кеңсесінде акционерлердің немесе олардың өкілдерінің, сондай-ақ Қоғамның кейбір қызметкерлері және Директорлар кеңесінің барлық немесе кейбір мүшелерінің қатысуымен бетпе-бет жиналыс (бірлескен қатысу) нысанында өткізіледі. АКЖЖ-ның Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешімдер дауыс беру арқылы қабылданады. АКЖЖ-ның қорытындысы акционерлер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдағаннан кейін шығарылады және белгіленген тәртіпте жарияланады.

АКЖЖ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

2023 жылғы 6 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламаға қосымша

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компания» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам» немесе «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ»), атқарушы органның орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05Н9Е8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2023 жылғы 6 сәуірде Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, 2-қабат, конференц-зал (бұдан әрі – «АКЖЖ») мекенжайы бойынша жергілікті уақытпен сағат 15:00-де өткізу туралы бұрын жарияланған хабарламаға қосымша, осымен мыналар туралы хабарлайды.

АКЖЖ-ға қатысуды тіркеу үшін жеке куәліктен және дауыс беру құқығымен (сенімді тұлғаларға) АКЖЖ-ға қатысуға сенімхаттан басқа, акционерлер өздерімен бірге акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты, атап айтқанда брокерлік ұйым берген жеке шоттан үзінді көшірмені алып жүруі керек.